cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

Адамзат ғасырлар бойы күткен Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның Алтыншы Сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары туралы

Show more
Advertising posts
5 086
Subscribers
+524 hours
+37 days
+16930 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

ҚАЙТА ТУУ АЗАБЫ Ақ Сарбаздың екінші мәрте туған күніне орай ұйымдастырылған білік сайысының финалындағы оқырмандарға «қиын» болған сұрақтардың соңғысы апостол Павелдің сөзі еді. Павел Галаттарға жолдаған жолдауының 4-тарауында: «19. Перзенттерім, өздеріңде Христос айқындалмайынша, сендер үшін қайта туу азабын кеше беремін!» («Ақ Сарбаз» кітабы, 137-бет) дейді. Енді осы сөздің астарына тереңірек үңілейікші. «Христостың айқындалуы» дегеніміз не? Елдің бәрінің христандық болуы ма? Әлде басқа ма? Меніңше бұл сөздің мағынасы тым тереңде жатыр. Ең әуелі Иса біздің дүниемізге келгенде Өзін қандай қырынан көрсетті? Соны айқындап алайық. Иса – Құдайды Әкесі санаған, өзін Тәңір-Әкенің Ұлы секілді сезініп өмір сүрген, дүниеге байланбаған нағыз қазақ секілді жан болды. Оның көпшіл, мейірбан жүрегі, дархан көңілі ешкімді жатсынған жоқ. Адамдардың бәрін бауыры секілді қабылдап, сүйді. Сол сүйіспеншілігі Оны адамзаттың қара кармасын көтеріп Голгофта Өзіне лайық емес азапты өлімді бастан кешуге алып келді. Ол өзін шегелеп жатқан кезде: – Иә, Тәңірі-Әке! Мынау адамдарды кешіре гөр! Олар өздерінің не істеп жатқандарын білмейді! – деп дұға жасаған еді. – Ол санасын сайтан билеп алған адамдарды аяғандықтан осылай істеді. Өзіне жасалған қылмысты кешірді! Егер: «кешпеймін!» дегенде, Жер ғаламшары сол мезетте жарылып, ұсақ молекулаларға ыдырап кететін еді – дейді Ақ Сарбаз. Исаның Тәңірі-Әкеге деген махаббатында шек болған жоқ. Арына дақ түсірмей, жанына кір жұқтырмай мына жалғаннан жарқырап өте алған, және Тәңірі Әкенің Құдыретімен қайта тіріліп, 40 күн шәкірттерінің ортасында өмір сүрген пайғамбар һәм Құтқарушы ретінде елдің жадында қалды. Иса – Тәңірге берілгендіктің, тазалықтың, риясыз сүйіспеншіліктің символы. Оның қалауы: адамдар да өзі сияқты болып, Тәңір-Иені Әкесі секілді қабылдап, Ғарышты тығырықтан құтқару, һәм дамыту жолына түсуі! Христостың айқындалуы дегеніміз – осы! Ақ Сарбаз осы планетада 49 рет өмірге келгенде Өз Ұстазының осы ниетін жүзеге асыру жолында жұмыс істеді, күресті, құрбан болды. Біздің бойымызда Тәңірі-Әкеге деген шын берілгендік пен сүйіспеншілік, айнымас адалдық қасиеттер әбден қалыптасқанша Ол біздің ортамызда қайта туу азабын кеше береді! Келесі қайта туулар Жерұйық ғаламшарында жүзеге аспақ
Show all...
👍 88 40🔥 11❤‍🔥 8🥰 4🎉 3
Photo unavailableShow in Telegram
.
Show all...
👍 45 16❤‍🔥 9🥰 8
Show all...
TikTok · aksarbaz

Лайки: 60. Комментарии: 9. «#ақсарбаз »

52👍 12🔥 7❤‍🔥 3🥰 1
АДАЛДЫҚ Осы каналға тіркелушілердің ішінде түрлі мамандық иелері бар. Әрқайсымыз түрлі мінез бен қасиетке иеміз. Бұл ерекшеліктер көбіміздің бойымызда рух эволюциясы кезінде қалыптасқан. Оған Жер ғаламшарындағы қиын замандар мен өмірлер себепші. «Ел мен туралы не ойлайды?!» деп қорықпай, ақиқатын айтып қасқиып жүруге кез-келгеніміздің жүрегіміз дауалай бермейді. Көбіміз: «аш құлақтан тыныш құлақ» принципін ұстанамыз. Канал тазалығын сақтау үшін кім-көрінгенмен жүз шайысуға әзір Гүлшетай оқырман, осы қылығымен Ұстазға жаққан адам. Байқап отырсам осы канал оқырмандары да Гүлшетайды жек көрушілер мен қолдайтындар болып екіге бөлініп алыпты. Егер Гүлшетай ұнамай жүргендер, Ақ Сарбазға берілген шәкірттерінің бірі Аниса апайдың қандай екенін көрсеңіздер, Гүлшетаймен жылап көріскен болар едіңіздер. Мен Аниса апайдың қаһарын қол созым жерден көріп, сезінген адаммын. Мен көрген мінезі жаман адамдардың ішінен де ондай шатақ мінез адамды кездестірмеппін. Апамыз күйеуі Жомарт аға (үндемейтін өте сабырлы жан) екеуі Ұстаздың алғашқы кітабы шығып түрлі жолдағы адамдар Ұстазды іздеп келе бастағанда табысқан мен секілді алғашқы шәкірттерінің бірі болатын. «Ақ Сарбазға тек қана мен арқылы өтесіңдер!» дегенді Аниса апай қабағымен ұқтырып отыратын. Аяқ астынан көздері ақиып, шаштары тікірейіп, адамға ақырып жіберуші еді. Бір күні тіпті Бекжан екеуміз енді барып отыра бергенде Бекең мұрнын пыш еткізіп тартып қалып еді: – Ағаға тұмау әкеліп жұқтырғалы жүрмісің? Бұл жерден тайып тұр! – деп Бекжанға дүрсе қоя бергені бар. Бір қызығы Аниса апайдың көз алдында қонақтың жағасынан алып қырылып жатқанына Ұстаз күле қарайтын. Дәп бір ерке, шолжаң немересінің қылығына сүйсініп отырған атасы сияқты көрінетін. Сол апамыз Ұстазға келуші барлық өнер адамдарымен (профессор ма, жұлдыз ба, апайға бәрібір) ұрсысып жүз шайысып шыққан. Аниса апайдан сөз естіп «зәбір» көргендер бір күні апай жоқта Ақ Сарбазға келіп отырып: – Мынандай мінезі жаман адамды жаныңызға қалай жолатып жүрсіз? Апайдың кесірінен бара-бара жалғыз қаласыз ғой?! Біз секілді зиялы қауым өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін Анисадан құтылыңыз! – деген секілді әңгіме айта бастайды. Сонда Ұстаздың оларға не дегенін білесіздер ме? – Сендердің мінездерің жақсы, түрлерің жақсы. Адамға ұнауды, әдемі сөйлеуді білесіңдер. Бірақ бір нәрсеге жан-тәніңмен беріле білмейсіңдер! Сендерде адалдық аз, екіжүзділік көп! Егер «қасыңызда кім қалатынын таңдаңыз» десеңдер, онда өздерің кете беріңіздер! Ал, Аниса мен Жомарт қандай жағдайда да менен бас тартпайтын адамдар – әрқашан менімен қала береді! – деген екен. Ғұмырының ақырына дейін Ақ Сарбаз Іліміне адал боп қалу – екінің біріне бұйырмайтыны рас қой.
Show all...
👍 153 35🔥 9❤‍🔥 8😁 7🤔 2🥰 1
Photo unavailableShow in Telegram
77👍 22❤‍🔥 8🔥 7🥰 2
00:57
Video unavailableShow in Telegram
19-сәуір күні дәл Атаның өмірге екінші мәрте келген күнінде Маңғыстау телеарнасы "Төрлетіңіз" бағдарламасында "Зиянды әдеттерден қалай құтыламыз?" тақырыбында психолог-маман Бимағанбетова Алтынгүл Кенжебекқызынан сұхбат алған екен. Сөзінің соңында Алтынгүл ханым "Ақ Сарбаз" кітабын халыққа көрсетіп: "зиянды әдеттерден құтылып, дұрыс рухани даму жолына түсу үшін осы кітапты оқыңыздар" деп кеңес береді. Қарындасымның осы мәлімдемесі мен оны эфирге шығарған телеарна қызметкерлерінің қадамын үлкен ерлік деп бағалаймын. Осылайша Маңғыстаулық бауырларым 30 жылға созылған ақпараттық өлім үкімін қиратып, Ақ Сарбаз Ілімін жақсы қырынан халыққа насихаттауға алғашқы қадамды жасады. Сіздерге АЛҒЫС!!!
Show all...
👍 156❤‍🔥 35👏 21🔥 12😍 4
03:01
Video unavailableShow in Telegram
👍 70 37❤‍🔥 5🥰 4
БІР ДЕНЕДЕ ДҮНИЕГЕ ЕКІНШІ МӘРТЕ КЕЛУШІ Бүгін 28 жастағы Еділхан есімді жігіттің тағдырдың жазуымен клиникалық өлімге ұшырап ауруханада ес-түссіз жататын алғашқы күні еді. Бұл хал үш күнге созылды. Физикалық дүниедегі үш күн астрал, ментал дүниесінде жылға жуық уақытты алуы мүмкін. Осы уақыт ішінде ол астралдың төменгі қабаттарынан бастап көтеріліп өте ауыр сыннан өтті. Оның ізгілік пен зұлымдық жолының қайсысын өз еркімен таңдайтыны сынға түсті. Оны Түнек Күштері өздеріне көсем болуға азғырды. Алайда тәтті үгіт пен қисапсыз азапқа сыр бермей шыдаған Оны көндіре алмайтынына көздері жеткен соң бауыздап өлтірді. Ол ментал дүниесіне өтіп, азапты сапарын әрі қарай жалғастырды. Ментал денесінің сыртқы қабықтары сыпырылып, жасылдау шар түрінде қалғанда денесі жеңілдеп ұша жөнелді. Ол түрмелер мен жезөкшелер үйіндегі дүниеге байланған адамдар шеккен азапты көрді. «Дүниеге байланбаса, өлімнің жоқ екенін білсе, адамдар мұнша азап шекпес еді-ау» деп ойлады. Ол СССР халықтарын рухани аштыққа ұрындырған темір пердені көрді. Бұл коммунизм идеясымен уланған құдайсыздар қоғамы еді. Ментал Дүниесінің жоғарғы қабатында оның алдынан күн секілді шуақ шашқан алып шар ұшырасты. Әлгі шардан шыққан Үн ырғағынан бүкіл Ғарыш тебіреніп, толқып тұрғандай көрінді. Бұл оның өз Ұстазымен Павел ғұмырынан кейін кездесіп тұрған сәті еді. Оған жазмышы туралы, алда күтіп тұрған Ғарышта бұрын-соңды болмаған алапат Шайқас туралы баян етілді. Пайда болған Ғарыштың барлық үміті мен сенімі Бір Өзіне артылатын Ұлы Күннің уақыты мен, сол мерзімге дейін ДАЙЫН болуы қажеттігі ескертілді. Сөйтіп жаңа ментал, астрал дене беріп бұрынғы физикалық денесіне қайтарды. Осылайша 1970 жылы 19-сәуірде ойы мен сезімі мүлде жаңа Адам – болашақ Ғарыш Сарбазы Дүниеге келді!
Show all...
👍 110 67🔥 17❤‍🔥 6🎉 6🥰 5😱 3😁 2
Photo unavailableShow in Telegram
69👍 25❤‍🔥 7
Photo unavailableShow in Telegram
109👍 29❤‍🔥 7👏 3