Tagylym
Open in Telegram
Үлгермейміз түсініп те, Байқап та, Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін... ©Қадыр Мырза Әли.
Show more203
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Posts Archive
203
Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдім,
Еттің ащы болғанын тұздан көрдім
Жас күнімде қыз бала-деп менсінбеп ем,
Қартайғанда рахатын қыздан көрдім.
203
Дүние бір қисық жол бұралаңдаған,
Бақ тайса басқа дәулет құралмаған.
Күнімен мың бір пәле көрсеңдағы,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
203
Өлшеніп берген өмірдің өлшеулі күнін босқа өткізу – қайғының ең үлкені.
© Абай Құнанбайұлы!
203
Қотыр қолға жараспас сақинадай,
Жұп болады сараң мен сақи қалай?
Фатиханы білмейтін кей жігіттер,
Жар алғысы келеді Фатимадай.
203
Малыңды жауға, басыңды дауға қор қылма, арынды ұрыға, намысыңды жорыға қор қылма!
© Абай, Он тоғызыншы қара сөзінен.
203
Сабыр – жеңістің кілті.
Кейде бәрін тезірек болсын дейсің. Нәтиже көрмеген сайын жүрек шыдамсыздана бастайды. Бірақ ұмытпа — гүл де бір күнде бүр жармайды. Алла әр істі белгілі өлшеммен жасайды. Сенің кешігіп жатқан ісің – кешігіп жатқан жоқ, ол дәл уақыты келгенде болады. Сабыр – жай күту емес, әрекетпен күту. Сен жалғастыр, сеніміңді жоғалтпа, жүрегіңді тыныштандыр. Раббыңның әр сәті — хикметке толы.
203
Намаз оқы, құлшылық қыл. Намазыңды мақтан тұт, құлшылығыңнан ұялма. Сонда ғана ұлық боласың.
203
Біреудің жетістігін көріп қуана білмейтін жүрек — өз бақытын кешіктіреді.
Көре алмаушылық – басқаның нұрын өшірмейді, тек өз ішіңді тоздырады.
Біреуге берілген – сенен алынған емес.
Әркімнің несібесі өз уақытында келеді.
Сен өз жолыңда болсаң – сенімен жарысатын ешкім жоқ.
203
Ішті бұлқан-талқан ететін сезімдерден
Бір уақыт демалар едім.
Ештеңені уайымдамау қандай екенін
Көргім келер еді…
Болашақтан басымды алып,
Қазіргі сәтте тынығар едім.
Жай ғана… демалар едім.
203
Егер әр нәрсені жүрекке тым жақын қабылдай берсең, өзіңе ауыр болады. Кейде үнсіз қалу — әлсіздік емес, даналықтың белгісі. Өз уақытың мен ішкі тыныштығың бәрінен қымбат екенін ұмытпа.
