Möltyl/Мөлтіл
Open in Telegram
Мөлтіл... Ай сәулесінің теңіз бетіне түсіп, әдемі жарқыл шашқаны қазақшада “мөлтіл” деп аталады. Түріктер “yakamoz” дейді.Жақында әлемдегі ең көркем сөз ретінде бағаланды. Мұнда жан мөлтілі: сезім, сана, махаббат, мораль жайлы жазамын. ©️ @dasten777
Show more363
Subscribers
+324 hours
+77 days
+830 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
December '24
December '24
+16
in 1 channels
November '24
+26
in 2 channels
Get PRO
October '24
+75
in 0 channels
Get PRO
September '24
+54
in 1 channels
Get PRO
August '24
+122
in 0 channels
Get PRO
July '240
in 2 channels
Get PRO
June '240
in 0 channels
Get PRO
May '240
in 1 channels
Get PRO
April '240
in 0 channels
Get PRO
March '24
+21
in 1 channels
Get PRO
February '24
+5
in 0 channels
Get PRO
January '24
+4
in 0 channels
Get PRO
December '23
+10
in 1 channels
Get PRO
November '23
+21
in 1 channels
Get PRO
October '23
+375
in 2 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 21 December | +5 | |||
| 20 December | 0 | |||
| 19 December | +1 | |||
| 18 December | +1 | |||
| 17 December | 0 | |||
| 16 December | 0 | |||
| 15 December | +1 | |||
| 14 December | 0 | |||
| 13 December | 0 | |||
| 12 December | +3 | |||
| 11 December | 0 | |||
| 10 December | 0 | |||
| 09 December | +1 | |||
| 08 December | 0 | |||
| 07 December | 0 | |||
| 06 December | 0 | |||
| 05 December | 0 | |||
| 04 December | +2 | |||
| 03 December | 0 | |||
| 02 December | +2 | |||
| 01 December | 0 |
Channel Posts
20 ғасырдың басында Әлихан баба Бөкейхан: “Әлхамдулиллах, халқымыздың саны 6 млн-ға жетті” деген еді. Ұлттық еңбек нарығы үшін, ұлттану үшін, ұлттық саясат үшін қуаныш арқалаған жаңалық естідік.
“Әлхамдулиллах, халқымыздың бүгңнгі саны 20 млн-ға жетті”. Көбейсек, әлем бізбен санасады. Ел іргесі нығайып, ұлттану үрдесі жеделдейді. Көбейген қазақ - аймақ қорғаны, елдік мақтаны.
Қуаныш құтты болсын!
| 2 | Осыдан 2 жыл бұрын жазған едім. Бәрі қазір әйел, перзент қауіпсіздігін елеп-ескеруге көшіпті. Мүмкін азық болар.
ЖАРЫҢ МЕН ПЕРЗЕНТІҢЕ САЯ БОЛ, ҚАЗАҚ ЖІГІТ!..
Несін айтасыз, Түркияға қоныс тепкелі 5 айдың жүзі болды ғой. Өскен өңір, туған жер сағындырмай қоймайды. Алыстағы ағайынның әрбір қам-қарекетіне көз күзіп, құлақ түріп отырсың. Қызық қуғаннан емес, қам жегеннен… Онсыз да қазіргі тұтас кеңістік - бүтін ақпари әлем даланында ізін суытқан іс, бетін көрбілтелеген кілтипан аңдаусыз қалмайды. Әшкерелеуші - масс медиа… жедеғабыл желілер… Тұс-тұстан ағылған ақпаратты қырнап, сырлап оқуға тырыссақ та елден жеткен кілең негатив жаңалықтардан кейде көз аша алмай қаласың. Жарылыс. Ішіп-жеу. Өлім-жітім. Қымбатшылық. тағысын тағылар…
Ілкі себеп, көңіліңізге тимесін, бірақ батыс ғалымдары болжамымен келіспеске болмайды. Өз алдына мемлекет болуда осы уақытқа дейінгі Орта Азияда өскен, санасы артқан қоғамның тәжірибесін жойып алдық. Елдің бұлай дал болуы, алдымен, өз алдына мемлекет болу тақырыбындағы тәжірибесіздіктен. Алғашында байқалмады. Кейіннен арасы айшықтала бастады. Сондықтан да дәл қазіргі қоғам сілкіністі қажет етіп тұрғандай. Бірақ қандай сілкініс? Елді ақылдылардың билеп, қазақ санасының шынымен жаңғыру көшіне бет түзейтін сілкініс.
Екінші себеп… “Тұтас қазақ қоғамы торығып тұрғандай…” деп жазыпты бір ағамыз. Онысы рас. Мен кінәмшілікдікті ұнатпаймын. Бірақ, Біздің әрбірімізге, ең алдымен, адамияттық қабілет-қасиеттерді сіңіру керек. Мен бес айда бір кезекке таласып, автобустағы орын үшін ұрсысқан, бірінің бетін бірі тырнаған түрікті көрмедім. Бәрі жайдары. Жайбарақат. Ешкім ашу шақырмайды. Қоғамдық мекемелерге кірерде мінезін қалтасына салып кіреді. Бірде “Бір-біріңе тым суықсыңдар. Аз күлесіңдер”,- деп еді қытай досым… Күлген былай тұрсын, біз бір-бірімізге қамқор да бола алмай қалдық. Қазақ қазаққа жат жамағиеттың адамы секілді қарайды.
3. Жауапсыздық. Кез келген істі жүрдім-бардым жасауға, беткөбігін сүзіп өтуге бейімделіп алдық. Түбегейлі, тандырымды іс атқаратындар қазір аааааз, шынымен бас алмай оқитындар - сссссиииииреееек. Атқа теріс мінген телпекбай, шалағай шолақбелсендінің даңқы озған заман…
Істегі, шаруашылықтағы бұл “кесір дағды” күшейіп, ендігі тұрмыс-тіршілігімізге, отбасымызға ойысты. Сөйлескен, араласқан, достасқан, тіпті, сөз байласқан адамының өмірін, оның тағдырын жауапкершілікпен өз мойнымызға алатынымызды қабылдамақ түгілі, түсінбейміз. Бір жанды жар ретінде алу - жыныстық әжетіңді өтеу емес, оның тұтас өмірін, болашағын, құндылықтарын жауапкершілікпен қабылдау деген сөз.
4. Экономика, саяси себептер өздігінен-ақ менмұндалап тұр…
Жалпы, жақсылық жасау, ізгілікке бас бұру, қамқорлық таныту азайған қоғамды торығу мен депрессия басады. Күні кеше биіктен құлаған жандардың басынан сипап, шерменде көңілін басатын бір жанның табылмағанына нақ сенімдімін. Әйтпесе…
(Жалпы, әйтпесе-мен өмір сүруді доғарып, жетеміз, боламын, өсеміз-бен өмір сүретін кез жетті)…
Қазақ азаматы, алған жарың мен туған перзентіңе сая бол! Үйлегенде, не ұсынысыңды қабыл алғанда жарың бүтін өмірін саған аманаттап, соңыңнан ереді. От пен суды қатар кешуге бел байласады… Сенеді… Келісімін алдың ба, жауапкершілігін де мойныңа ал… Біз айналамыздағы әрбір жанның тағдырына жауаптымыз… Қолыңнан келмей ме, үйленбе!! | 171 |
| 3 | Махаббаат! Адами ортадан алыстап кеткен жұмбақ сезім. Адамдар қазір махаббат емес, қарым-қатынас іздейтін болып алған.
Сезім менеждментіне жетік жанның қарым-қатынас құруы - өзгеден “сүйгені” үшін көп дүние “дәм етумен” тең.
“Өз адамым жолықпай жүр” дедің бір кеште... Өз адамың?.. - Иә, оның шашы бурыл емес, қайратты болғаны дұрыс. Шайды қантсыз ішкені жөн. Тырыстырып шалбар кимесін. Қоңқа мұрындысын тіптен атама! Быртық бойлы… Оооо, ұзын-сонар шимай-шатпақ.
“Өз адамым жолықпай жүр” - бақай есеппен қарым-қатынас құрудың басты шарты ғана.
Шын махаббат ережесінде “міндет қамытын мойынға кигізу заңы” жүрмейді, жарығым. Шын махаббат - бар болғаны үшін сүюді үйретеді.
Оған да солай…
Бір ғасыр,
бір дәурен,
бір уақыт. Жай ғана тіршілік тынысын қатар жұтқаның үшін жақсы көреді. Жүрек жалауыңды жан дәргейіне тікпесең де, таңдауыңа құрметпен қарайды. “Кешір, менің адамым басқа….” Бас тартсаң, байыппен қарсы алады.
Шын сезімде үлкен стратегия болмайды, досым. Мейлің, сүй. Қуан. Кейі… Мейлі, ойыңа оралған сайын жүрісіңнен жаңыл. Тағдыр алакөлеңкесіне суықтаған кіді жаныңмен кідіріс жаса. Жад құрсауына түсіру үшін көмескі тартқан естеліктердің шаңын үрле. Жаздың тымырсық кешінде екеуара теріс айналған көшеңнің шамын қайта сәулелендір. Бір шақтарда қос көңіл қатар саялаған сезім бөлмесінің жарығын соңғы болып сөндір. Есікті жап. Кілтте…
Мейлі, досым, мейлі….
Қуан, қауыш, сүй, сезін.
Әйеншек адам ғана махаббаттан біржақты маржан сүзеді. Сен махаббаттың азабына да дайын бол.
“Маған қамқор болуы тиіс…”
Маған салсаң, күтпе.
Ешкімнен.
Ештеңе.
Білесің бе, жан рахатыңның негізгі дауасы - ешкімнен ештеңе күтпей өмір сүру.
Есіңде болсын, дүкендегі сартылдаған кәнігі есепшот - махаббаттың өлшемі емес.
Бәрі “өз адамын” іздеп жүрген символды ғасырда - “сүй”.
Шынайы сүй.
Мен саған қашан да тілектеспін!
(С) Дастин
https://t.me/dasten_kastay | 216 |
| 4 | Жалғастыр. Өсіп-өркендеуді. Жарқырауды. Жандануды...
Қараңғылық қамытын киіп, түнек түбіріне түскендерге сәуле бол. Бір үзік сәуле. Білесіз бе? Жұмыр басты пенденің тыныстауы дем шығарып, дем алумен ғана шектелмейді. Сіздің бүтін болмысыңызбен тыныстайтындар бар.
Әрекетіңіз.
Бағытыңыз.
Бағдарыңыз.
Кісілік сүйкіміңіз. Одағай ойларыңыз... Бәрі - теңіз толқыны таңсәрімен жағажайға лақтыра салған шұрайлы оттегі сияқы. Көңіл-көкіректің шуағын қоректендіретін қанық оттегі дерсіз.
Сіз өз болмысыңызды ашқан сайын дүние дидары кеңеймек. Адамдар ой-армандарыңыз, қиял-руяларыңыздан тыныс таба бастамақ. Жүрегіне бедерленген өз Шахристанын шарламақ.
Жалғастыр. Шегініс жасаудан қаймықпастан тағдыр тізбегін жалға. Күнтізбеңдегі “құс белгісіне” қанат бітір. Шегін. Кідір. Қайтара алға бас.
Шегіністің өзі - шалағайлану емес, досым... Қозғалыс бар жерде - “өмір” бар. Бақыт бар. Береке бар.
(С) Дастин
https://t.me/dasten_kastay | 175 |
| 5 | Бүгін Танагөз Толқынқызының туған күні. Танагөз әпке кезінде “өздеріне ұқсамағаным” үшін ҚазҰУ-да маған қарсы күрес жүріп жатқанда қолдау танытқан азаматтық үні айқын ақын.
Танакөз әпке, сізге мың алғыс. Көз алдымда күресіп келесіз... Күрескен сайын рухыңыз күшейіп, бекзада болмысыңыз зорайып келеді.
Шын мықтының ғана болмысы зораяды. Қолдан жасалған болмыс - үрлеген сайын кеңейе беретін шар емес…
Ашығын айтайын, сізді студенттерім сүйіп оқиды. Мен сүйіп оқимын. Олар сіздің шығармашылығыңыз хақында сағатаааап жырлауға даяр.
Білем, Бізге көп нәрсе айтуға болады. Онсыз да он сегіз мың ғаламның кереметі жайлы әңгімеміз таусылған емес… Көп нәрсе жазуға болады. Бақсам, сіз де мен де Адамдық пен сезім жайлы жиі жазыппыз… Іздеген одан да жамандық тауып, қиыстана, қарулана жатар. Ұғынғанға, Бақыт ол емес. Бақыт - өз ұстанымыңа адалдық…
Сіз өз ұстанымына адал ақынсыз. Өз ұстанымына адал болу, адал қалу - бақыт. Шексіз Бақыт тілеймін! | 221 |
| 6 | Бүгін Танагөз Толқынқызының туған күні. Танагөз әпке кезінде “өздеріне ұқсамағаным” үшін ҚазҰУ-да маған қарсы күрес жүріп жатқанда қолдау танытқан азаматтық үні айқын ақын.
Қолдау жазбасын осында салуды ұйғардым:
“Dastan Kastay , не айтуға болады саған?
Көп нәрсе айтуға болады.
Көп нәрсе жазуға болады.
Бірақ ешнәрсе айтқым келмейді. Еш нәрсе жазғым келмейді.
Себебі әділетсіздіктен, екі жүзділіктен, жағымпаздықтан, арсыздықтан, жемқор арандардан, табанының бүрі жоқ тайғанақтықтан, қорқақтықтан, жалпақшешейліктен, сатқындықтан, құл боп өмір сүруді саналы түрде таңдаған тобырдан, киллерлерден жеңілдім.
Олар күшті болады екен.
Саған айтарым, егер Алаш арыстарының тағдырын қаласаң, онда КазГУ-де қал да соңына дейін күрес.
Егер Алаш арыстарының принциптерімен өмір сүремін десең, онда КазГУ-де қалмасаң да, соңына дейін күрес.
Бұл постты түйеқұс сияқты басымды құмға тығып отыра алмаған соң жаздым.
Сені қос қолымды көтеріп қолдаймын.
Сенің болмысың - көркем, нәтің - дара, затың - әділетсүйгіш.
Сен өте талантты жігітсің!
Егер біздің қоғам сау болғанда сендей білімді, креативті, ұлтжанды азаматтың КазГУ-де тұрақтап қалуы үшін ең жоғарғы жалақы төлеп, барлық жағдайды жасар еді. Сенің басқа жаққа жұмысқа ауысып кетуіңнен қорқар еді. Сені сақтап қалуы үшін сенің талаптарыңмен келісер еді.
Солай Дастан! Қазақстанның ескісіне де, жаңасына да талантты, білімді, профессионал, ар кодексімен өмір сүретін адамдар қажеті жоқ!
Шынымды айтсам, Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қалатынына күн өткен сайын күмәнім тек ұлғаятын болыпты”.
(С) Танагөз ақын | 1 |
| 7 | Мемлекеттік механизм дұрыс жұмыс істемейді. Ағаштар кесілсе де, “Қалаулым” жабылмаса да, боксер ақша ала алмаса да, оқытушы қудаланса да, президент жауап қатып отырады. Ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық деңгейде шешілетін мәселелердің барлығын Тоқаевсіз елестету - мұңға айналды. Мұндай сынық механизм - өлім мен тірінің басына түскен барлық проблеманың тегершігі.
Демек, елде біртұтас, салауатты қоғамдық механизм жоқ. Басқарушы элементтер - елден алшақ. Әділет құрылымдары - әлжуаз. Хатшының өзі біздің қоғамда “әулие”. Есігін қағып кіруің мұң… Проблема мұндай қатынастарда еш шешімін таппайды.
Ұлтты ойлайтын ұлтшыл-кәсібилер басшылыққа келмей, - бәрі бекер. (Онда да ұлтшылдықты бетперде тұтқандар емес). Ай сайын, тіпті күнара “қараптан қарап” ажал құшып жатқан - өз қазағың: кіші іні, жақын замандас, ардақты аға. Жаңаөзен. Семей. Аягөз. Қарағанды…Бала улауға, әйел зорлауға, адам өлтіруге шебер “шеңбер ішінде” ғұмыр кешіп жатырмыз. Бәріміз…
Қоғамда адам құны жоқ. Адам өзінің “адам екенін” тойдағы тост сөйлеуге шыққанда ғана сезінетін болған. Бар мақтанышы - тойдағы әлептапырақ би мен ішіп-жегені. Басқа бағыттарда бағаланбайтынын әрбір саналы адам жақсы біледі). Жалпы, Саналы, потенциалы биік адамдарға мұндай қоғамда өмір сүру қиын.. Қай есікті ашсаң да, “кәсібисіздік”. Кез келген саладағы қызметке “жүрдім-бардым қарау синдромы” байқалады.
Қазақтың көз жасы құрғамайтын болды.
Негізі, заңсыздыққа барарда, ұлтқа, адамға қиянат жасарда бесікте ұйықтап жатқан балаңның жүзіне бір қарап қойған дұрыс шығар. Ертең балаң, баламыз осы қоғамда жасамай ма?..
Бәріміз де қоғамдық тәртіп пен адам өмірінің қауіпсіздігіне жауаптымыз. Адам өмірінің қауіпсіздігі - мемлекеттің мемлекет болуындағы негізгі шарттың бірі.
Жауапты қызметке жағымпаздықпен емес, ақыл-ойының қуатымен жететіндерді көтермелейтін кез жетті. Тым құрыса, адам өлімін тоқтатқымыз келсе…
https://t.me/dasten_kastay | 233 |
| 8 | Белгілі бір жасқа келгеніңізде
Кейбір заттардың мән-мағынаға толы екенін ұғынарсыз.
Кейіннен бәз баяғыдай тұрмыс құрдымына жұтылғаныңыздың парқына бойларсыз.
Өмір.
Миссия.
Мақсат.
Өткеніңе есеп беру...
Өміріңіздің сәулелі сәттері мен күңгірт тұстары ешқашан түйіспес...
Әрбірінің жеке айтары бар...
(с) Дастин
https://t.me/dasten_kastay | 225 |
| 9 | Кейде көп дүниені көпіргенше, бар болмыс-бітіміңмен ақтарылғанша құлаққа ұрған танадай тыныштықта, үрсіздікке тұрақтау қажет болады. Үнсіздік те Ұлы жауап… | 213 |
| 10 | Баршаңызға мың алғыс, достар! Кейде көшеде, концертте, кештерде танып жатасыздар. Ондайда риза боламын. Өз эстетикам қалыптасып келе жатыр🙌✅ | 231 |
| 11 | Табиғатынан “айғайға сараң” адамдар болады. Иә, кей шақтарда олар “Сені сүйем” деп ашық айта алмас, ішкі батылдығын баптауда қиналыс табар. Көзіңе тік қарауға қымсынар. Түсін, айналамызда ондай адамдар - сансыз. Бірақ, өзің ойлашы…
Оның орнына:
Ізгі жаның жамандық көрмесін, деп хат жазар;
Жаныңды қинама, бұл да өтер, деп тұрмыс өртінен күйік шалған жан-желкеніңді самалдатар;
Күн суытты, бүгін сандықтағы биялайыңды шығар, деп қар құрсанған әлеміңді көңілімен қымтар;
Жылдамдықты асырма, жолда қаза көп, деп талай ортақ сапарға куә болған көліктің кілтін табыстар;
Жеткенде хабарлас, алаңдаймын, деп ұзақ бөгелуге болмайтын жолайрықта жылы қабақ танытар;
Таңғы мұнар бүркеген әсем көкжиекке жұтылғаныңа дейін саған ғана көз тігіп, сәт сапар тілер;
Шаруа шырмаған қою кештерде “Жай жатпа, ертең ерте тұрасың”, деп қысқа дыбыс хабарамасын жолдар…
…Көп дүние айтар, досым. Олар Көп дүние айтар... Мұның бәрі Бір ауыз “сені ұнатам” деген сөздің тостағанын толтыру үшін ғана жасалған әнтек әрекеттер екенін байқайсың ба?
(с) Дастан
https://t.me/dasten_kastay | 284 |
| 12 | Таңдау?.. “Ғажаптардың ғажабын” таңдауға ұмтылу - көңілдегі әлі есеймеген балалықтың қалауы. Ең жақсы болғанды емес, сізді ең жақсы сезімге бөлегенді таңдаған ләзім. | 199 |
| 13 | Тәтті армандар!.. Таянышы - табандылық. Тірегі - тұрақтылық. Жалқаулықтың жауыр қамыты күнделікті қанша жанның көкірегіндегі тәтті армандарды жерлеп жатыр. Қаншама тәтті армандардың балаңғаз бөбегі қоғамның көнтерісінде семіп қалды? Есебін мен де шамалай алмас едім. (Шынтуайтында, сансыз екенін білем…) Жалқаулық желемігі ескенде қанша жанның көкірегіне дән салған тәтті армандар желге жұтылды... Оның да пошымын бажайлау қиын.
Бірақ жұмыр басты пендеге бір күн келерін білем. Бір күні жұмыр басты пенде серігімен, сүйгенімен, сағынышымен қош айтысады. Қалыпты жағдай. Өйткені Өмір құрылысы да “Сәлем” мен “Сау бол”-дың арасындағы қатқыл пропорция сияқты.
Дегенмен адамдар тәтті армандарынан айырыла алмайды екен, досым. Ерекшелігі сол, жұмыр жүрегіңе жерленген “қияңқы қиялдар” бір күні қайта көктеп, қырмызы бүр ашады.
Тәтті армандарға адал болыңдар, адамдар! Олар сенің еншілі байлығың.
https://t.me/dasten_kastay | 222 |
| 14 | Бәлкім біздің аңсарымыз бір ғана нәрсе шығар…Ерекше ықыласымызды төккен сайын өзгеріп шыға келмейтін, таныған күнгі бастапқы қалпынан танбайтын адамдар? | 231 |
| 15 | Мейірімді адамдар… Соңғы кездері олар жайлы көп ойланам… Көлік жуу орталығында, сауда пунктерінде, әуежай бекеттері… Метрода… Мен оларды көп жолықтырдым. Өмірім күңгірт тарта бастаған пәс шақтарда Құдай мейірімді адамдармен тағдыр-тізгінімді иектетіп отырды.
Білесіз бе? Сүюдің сүрлеуіне түсе алмай жүрсеңіз, “шіміркпестен” Мейірімі адамдарға ғашық болыңыз. Мейірімге бай жанды іздеңіз. Мейірімді адамдармен жұлдыз жарастырыңыз. Олардың көңілінен төгілген бір үзік сәуле сіздің бар тағдырыңызды алтыншапақ күндей тұтастырып жіберуге қауқарлы. Тоң болып қатқан сезім-сеңіңізді солғын тартпастай сейілтуге жарамды.
…Иығыңызға күзгі күні төгілген саршын жапырақ? Басыңызды тауға да тасқа соққан шақтардағы сарсаң? - Оларға бәрібір. Мейірімділер күй талғамайды. Өміріңізде жай бар болғанымен шуақ шашып, қараңғы кешіңізді ала таңдай нұрландырып жібереді.
Мейірімге бай жүректерді сүйіңіз, достым. Мына Ғапыл дүние мейірімді адамдардың арқасында ғана ауып кетпей тұр.
https://t.me/dasten_kastay | 236 |
| 16 | Қалауыңыз білсін. Қанша жерден жақсы жан болам десеңіз, болыңыз. Задында, жаңылыс жерде “жақсы адам” болғаннан мән бар ма?.. Бәрібір қадіріңізге жетпес. | 206 |
| 17 | Ең Ұлы қолдау - сенім беру. Сенім бере білгеннің бағасын білу - адасудың алдын алғанмен тең. | 206 |
| 18 | Өзіңді қажет көрмеген жүрекке ұя салу үшін күресу… Қажетсіз екеніңді ұғындырған жандар үшін жан алып-жан берісу?.. Өзің үшін күресті биік қояр кез келген сияқты. | 52 |
| 19 | Батылдық, бүгін сені көп адамның бойынан іздемеу керек екенін түсіндім. Көп адамның бойынан іздеу керек екенін де. Ұлы әрекеттерді - ұсақ пенделерден күткен қаншалықты әділ?
Нар тұлғаға “тышқан” образын ойнату ше?
Сенің ірілігің - бассүйегіңнің ішінде екен: Санаңның азаттығы. Әрі Коммерциялық құл-құтанның өлген, өшкен рухын кеудеңде тасымау.
Өз принципіңнен алыстамау. Ұстанымыңмен үйлесу. Табиғатыңмен табысу…
Ірілік - сирек құбылыс. Сирек дүние қашан да құнды, қадірлі.
https://t.me/dasten_kastay | 312 |
