Бір өмірлік. ♥️🖇
Open in Telegram
Солай ботам, күзде гүлдер солады, Киіп жүрген киімдерде оңады, Бұл жалғанда өкпелеуің бекер ғой, Біз уақытша қара жердің-қонағы...🍀🌾
Show more435
Subscribers
-124 hours
-27 days
-1030 days
Posts Archive
Қазіргі уақытта менің уақытым:
Ертелеп ұйқыдан ерте тұрып жұмысқа, жұмыстан шығып үйге келем дегенше 21:30, 22:00 болады, сосын үйде тағы жұмыс істеу түнгі...
Бәрі бір уақытқа тығылып қалған...
Жұмысқа тек дем алу үшін барам екі ай енді...
😍😍😍
Өзбекше түсінесіздер білемін.
Мына әжені қараңыз, өз шалыны қалай атап шақырып тұрғанын.😍
БІР ӨМІРЛІК ✨
Әйелсіз үй әйелсіз күн бекер ғой,
Әйелменен әлем сұлу екен ғой.
Адам біткен аңсап жүрген жылылық,
әйелдердің қабағында екен ғой.
Сөйлеңдерші әйелге ашу көтермей,
Бүгін,міне, мерекесі екен ғой.
Әйел кім деп ақылсыз сөз бастама,
Бірі қызың, бірі жарың, ал біреуі шешең ғой.
- Мұқағали Мақатаев
БІР ӨМІРЛІК ✨
Өмірдің мәні бәріне үлгеру емес. Кейде асықпай өмір сүріп, қасыңдағы нәрсенің қадірін сезіну маңызды. Өйткені өмір өтіп жатқанын біз артқа қарағанда түсінеміз.
БІР ӨМІРЛІК ✨
Бүгіннен үйді ремонт бастадым.
Өзің күш қуат бер Алла Тағала!
Жұмыстан келіп, түнімен тағы жұмыс істейді екенмін....
Дүниемен өлшенбейтін ең бағалы сезім;
Ол сен деп тұратын адамның болуы.✨
- Дінмұхамед Қонаев
БІР ӨМІРЛІК
Жастығым өтті деп не керек уайым ғып,
Жігіттік дегенің – қартыққа дайындық.
Жылама, о, досым, жігіттік тәмәм деп,
Жыла сен қарттыққа дайындық жаман деп!
-Қадыр мырза Әли
БІР ӨМІРЛІК 🍂
Ең жабайы, ең қатігез жаратылыс бұл адамзат болады.
Мүмкіндігі шектеулі әрі ақыл-есі кем қыздың жағдайын пайдаланып, оны алдап, ар-намысына тию — осы дүниедегі ең сұмдық, ең жиіркенішті іс шығар.
Алла осындай жиіркенішті адамдарға өз сабағын бере ме екен деген сұрақ мені жиі мазалайды.
#Жұмыста
Адамда жұмыс көп болғаныда жақсы екен, сол жұмыс себеб сен өзіңді жеке өміріндегі оқиғаларды ұмытып, барлық энергияңды жұмысқа бағыштап жересін. Жұмыспен болып өзіңді қинап тұрған сұрақтарды ұмытады екенсің.
Ойың тек жұмыс да болғаны өте күшті болады.
Артықша қиялға берілмейсін.
Ташкент, Зангиота районы
04.09.2026 00:55
#Жұмыста
Aйтуларынша, қияметте ер-азаматтар әпке-қарындастарынан хабар алмағаны үшін сұралады екен. Ата-анадан кейін әпке-қарындастың жағдайын білу — аға-інілердің міндеті.
🌱 Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабалармен бірге зираттың қасынан өтіп бара жатып, бір қабірге ағаштың жас бұтағын қадап қойды.
«Осы қабірдегі адам азап тартып жатыр, мына бұтақ солығанша оның азабы жеңілдей тұрады», – деді.
Сахабалар Пайғамбарымыздан: «Бұл адам қандай күнә жасаған еді?» – деп сұрады.
«Бұл жігіттің бүкіл денесі өртеніп жатыр, тек оң қолы ғана жанбай тұр» десті.
Себебі: ол әпке-қарындастарынан хабар алмаған. Бірде бір досымен бара жатып, «Осы көшеде менің әпкем тұрады» деп оң қолымен нұсқап көрсеткені үшін оң қолы оттан аман қалған. Тек көрсетіп қойғаны үшін Алла оның оң қолын азаптан құтқарды.
Егер екі бірлік нан алып барып көңілін сұрағанда, бүкіл денесі азаптан құтылар еді деді.
Ал біз әпке-қарындастарымыздың жағдайын сұрап тұрмыз ба?
БІР ӨМІРЛІК 🍂
Тор құрмаңыз.
Адамның өзі «болмайды», «қолымнан келмейді», «рұқсат етілмейді» деген сөздерден өз айналасына берік тор құрып алады.
Кейін осы тордың артынан қарап, бостандықта өмір сүріп жатқандарға қызыға қарайды.
- Александр Свияш
P.S. Өмірге шынайы қараңыз. Шешім мен жетістік тек әрекетте болады...
#ҚайырлыТаң
БІР ӨМІРЛІК 🍂
Жақындарыңызды сақтаңыз, аялаңыз, ешқашан себепсіз ренжітпеңіз.
Сондай күн келеді, тіпті оларды көруге де, бір ауыз сөзін естуге де ынтық болып қаласыз.
#ҚайырлыТаң
02.09.2026
БІР ӨМІРЛІК ✨
Қазір, мектептің бір ханасында жатыр едім, бір нәрсе "қытыр, қытыр етіп ұйқымды бұзды" орнымнан тұрсам ешкім жоқ.
Тағы көзімді жұмып енді ұйықтайын десем тағы сол дыбыс келеді.
Серігім телефон етіп шақырмағанда жата береді екем.
Сосын сыртқа шығып охранадан "мектеп ішінде аруақ жоқпа" десем "көбісі айтады сөйтіп маған, бірақ көрмегем" дейді...
Қазір есе отырмын сыртта суықта...
Үш күннен бері түнде үйде ыстық көрпеде емес, жұмыста және бүгін мектепте стулда жатырмын.
Стулдарды ұзын қатар етіп теріп алғам. Домалап кетпей деп оянып қоямын аңда саңда.
Ойлап қалдым...
Біз еркек кісілер үй үшін, ақша табу үшін барлық қиын жағдайларды басымыздан өткізеді екенміз, көнеді екеніміз.
Себебі үйде бізді қолымызға қарап отыратын жандар бар, біз оларды сақтау үшін дүниеге келген міз.
Жақсы адаммын ба жоқ па білмеймін, бірақ жан дүниемнің шаршағанын анық білемін... Үнсіз отырып та басылмайды, сөйлеп те жеткізе алмаймын.
"жоғары білімім бар, төрт кітап жаздым, жүздеген мақала шығардым, бірақ әліде қатемен оқиды екенмін. Сен маған жәй ғана "қайырлы таң" деп жаздың, ал мен "мен сені сүйемін" деп оқыппын"
Палестиналық ақын жазушы Махмуд Дарвиш
#МузТайм
Sadraddin - Kuz | Official [2024 year] [2405]...Жүрегімнің емдемей жарасын Қайда барасың, барасың? Қоштасқың да келмесе, кездескің де келмесе Сен бара бер Хат жазып тұр алғашқы махаббатым...🍂 Хат жазып тұр алғашқы махаббатым...🍂 БІР ӨМІРЛІК ✨🍂
Күздің әрбір күні сізге жылулық, береке мен тыныштық сыйласын!
Сары алтынға боянған осы ғажап мезгілде үйіңіз бен көңіліңіз шаттыққа толып, жоспарлаған барлық істеріңіз бен ойларыңыз жемісін берсін. Табиғатпен бірге ішкі дүниеңіз де үйлесім тауып, жаныңызға жақын адамдардың ыстық ықыласы сізді салқын желден қорғап жүрсін. Күзіңіз жайлы әрі берекелі болсын!
01.09.2026
Ташкент, Зангиота районы
БІР ӨМІРЛІК ✨
