404
Subscribers
No data24 hours
-67 days
+230 days
Posts Archive
404
Repost from N/a
+5
Қаншама жазушылар уақыт машинасы жайлы кітап жазды, режиссерлар фильм түсірді, ғалымдар прототипін сызды. Бәрінің арманы болашақты көру, білу. Мен де білгім келетін.
Бірақ дәл қазір менің бір білерім болашақтың бөлшегі, Қазақстан тарихының бір бөлігі осы ортада жазылып жатыр.
404
Бар ғой, қазір менің толерантностым покинул чат болады.
Автобуста орындықта кілең ер адамдар отырып алған. Біреуі тұрып үлкен адамдарға орын бермейді ғой. Жарайды, оны қойшы. Екіқабат әйелдерге де орын бермейді ғой. Бәрі телефонға кіріп кеткен. Музыканы бақыртып.
Қарапайым дүние сияқты. Ешкім ешкімге міндетті емес сияқты. Бірақ осы тұста қыз балалар жанашыр. Тұрып, орын беріп.
404
Repost from N/a
Ең бірінші әдеп керек . Ғалым болам десең де әдеп керек. Кәсіпте жүрсең де басты ұстаным осы . Үйленген болсаң да, жар іздеп жүрсең де сенен екі елі қалмауы керек болған нәрсе-әдеп. Тіпті Құдайдан ең көп нені сұрау керек деп сұраса, оның жауабы тағы да - әдеп .
Басталған кез-келген іс әдеппен жасалмаса, ол соңына дейін бармайды. Себебі табандылық- әдептің ғана қасында жүреді. Ғылым жолы, қарым-қатынас жолы, дін жолы , махаббат жолы, қызмет жолы. Жолдың түрі көп. Қай жолға түссең де әдепті серік етпесең ол жолдың рақатынан азабы жақын дей бер.
Әдеп деген не? Ол аса бір қиын нәрсе емес. Ата-анаңа үйден шығарда аяқ-киімін реттеп бергенің де , олардан бұрын кеп есікті ашып бергенің де әдеп. Ғылымда үйренген бір теорияңды болсын аяқ-қолыңа дарытып амал қылғаның әдеп. Құдай көріп тұр ғой деген махаббатпен аузыңа келген түкірікті көшеге түкірмегенің әдеп. Жексенбі күні артыңнан қуып тұрған ештеңе жоқ болса да ертерек тұрғаның әдеп. Дей берсең көп, қайбірін айтсаң да қараңғыдан шығаратын алып күш бұл.
404
Түсінгенім әр адамның өзінің деңгейі болады. Бірақ бұл сіз ойлаған деңгей емес. Оны жоғары, төмен деп бөлмейміз. Бәлкім оған деңгей деген атау беру қате шығар.
Мысалы аялдамада ұйықтап жатқан адамды көрдім. Біз сырттай “неғып жатыр? ой, бақытсыз, бишара!” дерміз. Бірақ ол сол жерде алаңсыз ұйықтап жатқанына шексіз бақытты шығар. Себебі оған күннің көзі тікелей түсіп, өзінің шуағымен жылытып тұр. Былай қарап тұрсаң біз бәріміз бір күн шуағының астындамыз. Бірақ шүкіршілік деңгейіміз әртүрлі болып тұр. Мүмкін оның уайым-қайғысы бізден аз шығар. Сырт келбетке қарап пәтуа шығару қате екен.
404
Осындай сәтте 28-ші орында жатқан relator-ым оянып кетеді. Мен үшін осы 2 дүние артық шусыз, артық шығынсыз, әдемі, қарапайым өтуі керек сияқты.
404
Тұрмысқа шықсам пышный көйлек кигім келмейді. Менің арманым өз той көйлегімді өзіме ыңғайлы етіп, өзім тігіп алсам және ол қарапайым болса деген. Сәйкесінше сәнді, салтанатты тойды да қаламаймын. Маған шағын, тек жақындардың арасында өткен той ұнайды. 1045 тілектің орнына көбірек ән айтып, би билеп.
Қыз ұзату дегеннің өзін тойханада жасағым келмейді. Мен елестететін ұзату тек жақын адамдарды жинап, әдемі тілек пен ақ батаны алып, өз үйімнен ұзатылып шығу.
Осы 2 дүниеге мен сияқты қарапайым қарайтын жанмен тоғысқым келеді. Тойдың басында осындай келіспеушіліктер болса, ары қарай тіптен болады.
404
Кейде жан-жағыңа зер салып тұрған жөн екен. Жанымда жүрген мамық, жұмсақ деген адамдарың шын мәнісінде ондай емес болып шығады…
404
Осы болашақ жарларыңды сағынасыңдар ма?
Бүгін қадір түні болуы ықтимал. Арасында еміс-еміс бж есіме түсіп, әлі жоқ адамды сағынамын. Мүмкін ол дәл қазір біздің жолығуымыз үшін дұға етіп отырғандықтан сағынып жатқан шығармын.
