cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Dauletten.kz

Өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттар📰 Жарнама немесе ұсыныстар бойынша: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін👉🏻 https://t.me/+xkxeg3id2fQ0NzUy

Show more
Advertising posts
109 797Subscribers
-10124 hours
-8507 days
-3 66230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

‼️ 29 сәуірден бастап Атырау қаласындағы мектептер офлайн оқыту форматына көшеді Егер балалар Атырау қаласынан тыс жерде болса, оқуды онлайн форматта жалғастыра алады. Дегенмен өңірде қауіп сейілген жоқ. Бүгін су деңгейі 431 см-ге жетті. Атырау облысында су тасқынына қатысты ахуал нашарлаған жағдайда іс-қимыл алгоритмі алдын ала жарияланады.
Show all...
7👍 1
❗️Абай облысындағы орман өрті оқшауланды Өрт туралы ақпарат 26 сәуірде сағат 13:21-де келген. Өрт сөндірушілер өртті толық сөндіріп апаттың алдын алды.
Show all...
😱 29👍 14 4🙏 2
‼️ Есірткі тұтынған ұшқыш қызметінен шеттетілді «Air Astana» әуе компаниясының екінші ұшқышы 2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшу кезінде ұсталды», – деп хабарлады компания. Компания мәліметіне сәйкес, қауіпсіздік органдары Air Astana қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Air Astana компаниясы өз қызметкерінің алкоголь немесе есірткіні тұтынуына қатаң көзқараспен қарайды, өйткені біз ұшу қауіпсіздігіне басымдылық береміз», – делінген хабарламада.
Show all...
👍 34 7
Repost from Dauletten
🏠Бүгіннен бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталды. 💻«Отбасы банк» ресми парақшасы Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) «Наурыз» бағдарламасына қатысуға қалай өтінім беру керектігі жөнінде нұсқаулығын жария етті. Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады. «Наурыз» бағдарламасының шарттары: ➡️бастапқы жарна 20%; ➡️тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-7% (ЖЭС 7,3% - дан 8,9% - ға дейін); ➡️азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-9% (ЖТПМ 9,3% - дан 11,8% - ға дейін); ➡️несие мерзімі 19 жылға дейін. 🌇Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Моноқалалар мен ауылдарда жылына бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 30% - нан аспайтын қайталама тұрғын үй сатып алуға болады. 📆Бағдарлама 8 жылға бағытталған. Жыл сайын «Наурыз» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінеді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның 68 000 азаматын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биылғы жылы қоныс тойын 12 мың қазақстандық тойлай алады. 📌Естеріңізге сала кетсек: өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес. Банк салымшыларының «Наурыз» бағдарламасына қатысуға өтінім беруіне екі ай уақыт болады. Dauletten
Show all...
👍 45 8
🖥️ Қазақстан халқы Ассамблеяның XXXIIІ сессиясы онлайн-режимде өтеді Бұл туралы Президент Қ.Тоқаев Ассамблея Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты қабылдауда айтты. «Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта. ❌ Су тасқынына байланысты тағы да бір ауқымды шара өткізілмейді. Бюджетті үнемдеу жалғасуда…
Show all...
12👍 9
‼️ ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 24 сәуірде сағат 11:19-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): ШҚО Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.
Show all...
👍 16 1
‼️ «Қызылорда – Жезқазған» автожолы қайта жаңартылуда Қызылорда облысында 12-216 км «Қызылорда – Жезқазған» Республикалық маңызы бар автомобиль жолының бес учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жүргізіліп жатқан учаскелердің жалпы ұзындығы 192 км құрайды, оның ішінде 2023 жылы 80 км-ден астам асфальтбетон жабыны төселген. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған. Жобаны іске асыру барысында 420 бірлік техника мен 748 адам жұмылдырылды, оның 698-і жергілікті тұрғындар.
Show all...
👍 46 4😁 1🤔 1🍌 1
‼️ Ақтөбенің Ырғыз ауданындағы Нұра, Белшер және Құйылыс ауылдарында тасқын қаупі әлі сейілмеді Осы себепті 1300-ге жуық тұрғын үйлеріне орала алмай отыр. Су тасу қаупі бар ауылдардан көшірілген тұрғындар 12 сәуірден бері аудан орталығы Ырғыздағы эвакуация орталығы мен туыстарының үйінде. Топан судан Ырғыздың Нұра ауылы көп зардап шеккен. Нұрада 67 үйді су басқан. Мамыр ауылында 10 үй, Белшерде 4 үй су астында қалды. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тасқын қаупі бар ауылдардың айналасына ұзындығы 15 шақырым болатын бөгет салынған. Ол үшін 62 мың тоннадан астам құм мен 80 мыңға жуық құм толы қапшық қойылған.
Show all...
😢 24👍 11 7🤨 1
🔻 «Отбасы банк» 1 мамырдан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қоспақ. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. «Баспана әлеуметтік жағынан осал азаматтар үшін жылдық 7% және басқа санаттағы азаматтар үшін 9% мөлшермен 20% бастапқы жарнамен беріледі», – деді ол. Мұның шеңберінде 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие, одан кейін жыл сайын 200 миллиард теңгеден 8 мың несие беру жоспарлануда.Ал кезекте тұрған азаматтарға 2 және 5% мөлшерлемен 81 млрд теңгеге 7 мың ипотекалық несие беріледі. «Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9% 150 млрд теңгеге 8 мың ипотекалық несие беру көзделген.Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңнан астам ипотекалық несие беріледі.
Show all...
👍 44 15
😁 25 мамырға дайындық басталды… 💭 Кешкі чат Биыл қаншадан жинап жатырсыздар? Лентаға заказ беруді, суретке түсуді ұмытпадыңыздар ма? Биыл кімге неше жыл? Қанда атап өтуді жоспарлаудасыздар? Бір қыздырынып алайық ⤵️
Show all...
👍 34😍 31 6🎉 3🔥 2👏 1🐳 1