cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

ХАЛЫҚ ҮНІ

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді. Жарнама бойынша: +7777 859 44 66 Кері байналыс: @halyqadmin @halyquni_bot Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Show more
Advertising posts
8 456
Subscribers
-324 hours
-287 days
-16030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.
Show all...
👍 5 2🤡 2😁 1
⚡️Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Show all...
👍 17 6🕊 2
Әйелі зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған қазақстандық дипломат шұғыл елге қайтарылады – СІМ БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұраған видео жариялаған. Оның айтуынша, күйеуі – Қазақстанның БАӘ-дегі төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты жауап беріп, қазақстандық дипломаттың шұғыл түрде елге қайтарылатынын айтты. «Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», - деп хабарлады СІМ.
Show all...
👍 11🤯 5😢 2🤣 1
Жаңа Цифрлық даму министрі жайлы не белгілі? Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған. 2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары. 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды. 2017-2018 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті. 2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі. 2020 жылғы қазаннан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Show all...
👍 4🤔 4 1🤬 1
Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұған дейін министрлікті Бағдат Мусин басқарған.
Show all...
👍 7👎 2 1
🗣Қазақстан Орталық Азиядағы ең бай мемлекет атанды Global Finance кедей елдер рейтингінде Қазақстан Орталық Азиядағы көрші елдердің арасында ең төменгі орынға ие болды – 128. ЖІӨ-ПОҚ көрсеткіші бойынша еліміздегі әрбір тұрғынға 34 534 доллардан келеді. Осылайша, еліміз рейтингте Орталық Азия республикалары арасында ең бай мемлекет атанды. Тізімде Түрікменстан 101-орында, Өзбекстан 67-орында, Қырғызстан 48-орында тұр. Орталық Азиядағы ең кедей мемлекет – Тәжікстан. Ол 43-орынға ие болды. Әлемдегі ең кедей елдер рейтингінде Қазақстан Әзербайжан (98-орын) мен Қытайдың (113-орын) алдында тұр, ал Түркия біздің алдымызда – 140-орын. Жаһандағы ең кедей мемлекет тізімінде Оңтүстік Судан, Бурунди және Орталық Африка Республикасы көшбасында. ТОП-10 тізімге Конго Демократиялық Республикасы, Мозамбик, Нигер, Малави, Либерия, Мадагаскар және Йемен енді.
Show all...
🤔 10👍 8😁 6🥱 1
Алматы облысында жер сілкінді ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 9 сағат 12 мин 44 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай, Қазақстан мен Қырғыстан шекарасында 194 шақырым жерде орналасқан. Сезілгені туралы мәлімет: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында – 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.
Show all...
👍 7
Екі айға қамалған экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың қайда екені айтылды Сот санкциясымен екі айға қамауға алынған бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Астанадағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл туралы Бас прокуратура Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында айтты. Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылықты жасады деген күдікке ілінген. Бұл бапта қызметтік міндетін орындау кезінде билiктi немесе лауазымдық өкiлетін асыра пайдалану әрекеті көрсетілген. 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталғаны хабарланды. Бас прокуратура 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Show all...
👍 15🤯 3 1
Су тасқыны: 48750 адам өз үйлеріне оралды ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны бойынша сағат 11:00-дегі ақпаратты жариялады. Республика бойынша 48 750 адам өз үйлеріне оралды. 8 378 жеке тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 14,6 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылып жатыр. Соңғы 5 күнде Құлсарыда 176 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр.
Show all...
👍 5 1
Жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Жаңа өзгеріс төмендегідей: ▫️Куәліктің беткі жағында «ЖЫНЫСЫ» деп жазылады. ▫️Ал құжаттың артқы жағына штрих-код түрінде кодталған ЖСН және азаматтығы туралы деректер болады. Жоба 21 мамырға дейін талқылауға ұсынылды. Фото: «Ашық НҚА» порталы
Show all...
🤮 10👍 6🤯 2😁 1