𝐃𝐈𝐃𝐀𝐑-дан жаңа хат…✉️
Open in Telegram
Өзіңе емес الله - ға сен! Instagram: https://www.instagram.com/yes.didar/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==
Show more923
Subscribers
No data24 hours
-97 days
-3330 days
Posts Archive
Мәні — егер ата-ана баласына Алланы, иманды, дұрыс тәлім-тәрбиені үйретпесе, онда бала теріс жолға түсіп, ақырында ата-анасы соның зардабын көруі мүмкін дегенді білдіреді. Яғни, Алла оны тәрбиелемегені үшін сынақ ретінде баласы арқылы қиындық береді деген мағына жатыр.
Әйел – ердің ең үлкен намысы. Әйеліңді әлеуметтік-желіге шығарып, бөтен еркектердің көзіне көрсетуің, намыссыздығыңнан хабар береді. Өкінішке қарай, қазір намыссыз намыстылар көп…
Жұма қабыл болсын!
Сағындырған Рамазан айына да 8-күн қалды Алланың қалауымен :) 💚
Дайындықтарыңыз қалай?
РАМАЗАН – КЕШІРІМ ЖӘНЕ МОЛ МҮМКІНДІК АЙЫ❤️
Адам қайтыс болар шағында қатты шөлдеп жатады екен. Сол кезде жанына шайтан су толы кесе әкеліп, көрсетеді екен де : “менің артымнан ерсең, мына суды берем”,- дейді. Сондықтан қайтыс болар адамның жанында аузына қасықпен су тамызар жақыны болуы керек. Әрі сол жақын адамы кәлима шаһаданы ( Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі) қайталатып, айтқызып отыруы жөн екен.
Айтқым келгені, Құдайдан шайтан уақыт сұрап, берген уәдесін орындауға соңына дейін күреседі. Адамзатқа да белгілі бір мерзім берілген, соған дейін ол да берген уәдесін орындауы тиіс. Алланың лағінетіне ұшыраған, Тозаққа апаратынын біле тұра шайтан өз мақсатының жолында ақырғы мүмкіндікке де жармаса, жанталасады. Ал біз Алланың разылығына, Жәннәтқа апаратынын біле тұра, қаншалықты ізгі амалдарды орындап, өлшеулі ғұмырымызды адам деген атқа лайықты түрде өткізіп жатырмыз?
✅ «Жұма күні сондай бір уақыт бар, егер мұсылман адам дәл сол уақыт ішінде намаз оқып, Алладан бір нәрсені тілеген болса, Құдай Тағала міндетті түрде оның дұғасын қабыл етеді»
(Бұхари мен Муслимде келген хадис)
Фурқан сүресі, 70-аят:
إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ عَمَلًا صَالِحًا فَأُولَٰئِكَ يُبَدِّلُ اللَّهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
«Тек кім тәубе етіп, иман келтіріп, ізгі амал істесе, міне, солардың жамандықтарын Алла жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.»
