en
Feedback
SAGAT YESSENGELDI 🍃

SAGAT YESSENGELDI 🍃

Open in Telegram

✅Сенің өміріңе өзіңе керек! ✅Басқаның өмірімен емес, өзіндікін сүр! ✅Әр адам өз өмірінің суретшісі! ✅Кім қалай әрекет жасайды, соған сәйкес нәтижесін алады

Show more
330
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Есектің еңбегі адал, өзі харам…

Жалғасы… 3 🔺Маңызды емес, бірақ шұғыл шаруалар.Бұл жерге Эйзенхауэр тиімді жұмыс жасауға кедергі келтіретін шаруаларды жазуғ
Жалғасы… 3 🔺Маңызды емес, бірақ шұғыл шаруалар.Бұл жерге Эйзенхауэр тиімді жұмыс жасауға кедергі келтіретін шаруаларды жазуға кеңес береді. Мысалы, компьютерді жөндеу, керек-жарақты сатып алу дегендей. ⠀ 🔺Маңызды да, шұғыл да емес шаруалар. Кейде бір жұмысқа кіріспес үшін өзімізді алдаусыратып жасайтын шаруаларды Эйзенхауэр осы бөлікке жатқызған. Мысалы, телефонмен ұзақ әңгімелесу, телехикаяларды қарау, хат-хабарлама жазу, әлеуметтік желі жаңалықтарын тексеру жұмыстары. Мұның бәрі шұғыл шаруа емес. Сонымен қатар маңызды да емес. Алайда адам уақытты жұтып қоятын осы шаруалармен айналысқанды жақсы көреді. ⠀

Жалғасы… 2 Қалай жұмыс жасаймыз👇? 🔺Маңызды шұғыл шаруалар.Қанша шұғыл және маңызды шаруаларды осы бөлікке кіргізер едіңіз?
Жалғасы… 2 Қалай жұмыс жасаймыз👇? 🔺Маңызды шұғыл шаруалар.Қанша шұғыл және маңызды шаруаларды осы бөлікке кіргізер едіңіз? Алғашында бұл тізімде ұзақ болуы ықтимал. Уақыт өте ешнәрсе қалмаса, сіз Эйзенхауэр әдісімен дұрыс жұмыс жасап жатырсыз деген сөз. Ал, егер керісінше бұл бөлікте жасалуы керек шұғыл шаруалар шаш-етектен болса, онда бір кедергі бары анық. Ол еріншектік, енжарлық болуы мүмкін. Жалпы, маңызды шұғыл шаруалардың атқарылмай, жиналып қалуы адамды психикалық, физикалық тұрғыдан шаршатып жіберуі мүмкін. ⠀ 🔺Маңызды, бірақ шұғыл емес шаруалар.Эйзенхауэр өзінің тайм-менеджмент жүйесін құрастырғанда дәл осы категорияға басымдық берген. Себебі осы бөлікке шаруаны жазып, оны атқарып тастау – жоспарды мүлтіксіз орындау дегенді білдіреді. Мысалы, уақытылы дәрігерге көріну көптеген аурулардың алдын-алуға негіз бола алады. Сонымен қатар студенттік диплом жұмысын жазуға ертерек кірісу қателерді түзеп шығуға мүмкіндік береді. ⠀

Эйзенхауэрдің матрицасы деген не?🤔 ⠀ АҚШ-тың 34-і президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэр бүкіл шаруаға үлгеріп, 24 сағаттың қадір
Эйзенхауэрдің матрицасы деген не?🤔 ⠀ АҚШ-тың 34-і президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэр бүкіл шаруаға үлгеріп, 24 сағаттың қадіріне жету үшін өзінің уақыт басқару үлгісін ойлап тапқан. Бүгінде ол Эйзенхауэрдың матрицасы немесе приоритеттер матрицасы деп аталады. ⠀ Эйзенхауэр матрицасында жоспарлаған дүниенің шұғыл немесе шұғыл емес болуына байланысты категорияларға үлестіру қажет. Ол үшін қағазға төрт 🔲 бұрыш салып, төрт бөлікке бөлеміз: ⠀ ▪️Маңызды шұғыл шаруалар ▪️Маңызды, бірақ аса шұғыл емес шаруалар ▪️Маңызды емес, бірақ шұғыл шаруалар ▪️Маңызды да, шұғыл да емес шаруалар ⠀

Жалғасы Ақымақ адамды қалай анықтауға болады?😱 ⠀ Қанша жерден күлкілі болса да, ақымақ адам — адамдар ішіндегі ең қауіптісі.
Жалғасы Ақымақ адамды қалай анықтауға болады?😱 ⠀ Қанша жерден күлкілі болса да, ақымақ адам — адамдар ішіндегі ең қауіптісі. Олар қарақшылармен бірге теріс мәнді аймақта болғанымен, қарақшының ойын түсінуге болады. Ол тек өзінің игілігін ойлап, басқаларды ойламайды. Соған байланысты оның не істейтінін жорамалдап білуге, оған қарсы қорғаныс құруға мүмкіндік бар. Ақымақтың не істеп-не қоятынын болжап білу мүмкін емес, ол сізге еш себепсіз, еш мақсатсыз, еш ойламаған жерде, ең бір қолайсыз кезде кесірін тигізеді. Нақұрыстың қашан келіп килігетінін күні бұрын жорамалдай алатын еш амалыңыз жоқ. Тіпті оның шабуылдап жатқанына көзіңіз жетіп тұрса да, одан қорғану қиын, өйткені оның шабуылының миға қонымды ештеңесі жоқ. ⠀ Сонымен, ақымақты қалай айқындаймыз? Оның қам-қарекетіне көз салыңыз. Егер оның бар әрекеті басқа адамға немесе адамдар тобына зиян келтіріп, ал өзіне еш пайда келтірмей, немесе өзіне зияны тиіп жатса, алдыңызда тұрған адам — ақымақ. ⠀ Міне, осылай...😉

Ақымақ адамды қалай анықтауға болады?😱 ⠀ Әңгіме адамның нені қанша айтатыны немесе қандай телешоуларды көретіні жайында емес
Ақымақ адамды қалай анықтауға болады?😱 ⠀ Әңгіме адамның нені қанша айтатыны немесе қандай телешоуларды көретіні жайында емес, бұл жерде адамның не істейтіні маңызды. ⠀ Өткен ғасырдың өзінде италиялық тарихшы-экономист 🗣Карло Манлио Чиполла ақымақ адамның қам-қарекетінің қарапайым формуласын түзіп шығарды. Енді сол мәселенің жай-жапсарына үңіліп көрейік. ⠀ Адамдардың әр түрлі топтарын зерттеп көру арқылы К. Чиполла бүкіл адам төрт топқа бөлінеді деген ой түйді, олар аңқаулар, ақылдылар, қарақшылар және ақымақтар. Егер Дастан өзіне пайдасы тиіп, Арманға зияны бар бірнәрсе істесе, онда Дастан — қарақшы адам, ал Арман — ашықауыз аңқау. Егер Дастан өзінің әрекеті арқылы өзіне де, Арманға да пайдалы нәрсе істесе, онда ол ақылды адам. Егер де, Арман ақымақ болса, ол өзіне де, Дастанға да зиян келтіретін нәрселерді істейді. ⠀

Жұрттың сіз және сіздің іс әрекетіңіз туралы пікірі емес, өзіңіздің жүрек қалауыңыз пікір болсын ✨

БОЛАШАҚ ТІС ДӘРІГЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНДА НЕГЕ АДАСЫП ЖҮР??? Ия, осы сұрақты маған қоятындардың қатары көп. Кейде өзіме де қоямын. Екеуін қалай ұштастыра алмақшысыз? Екі кеме ұстаған нетіп кетеді? и так далее осындай сөздерден құлағым жауыр болды. Қарап отсам осы білім саласында жүргеніме биыл 5 жылға жуықтайды. Аз уақыт емес. Соның 4 жыл шамасы басқарушы қызметтерде болдым Еще өзімінің бала арманым дәрігерлік оқуымды да жалғастырып жүрмін. Өзіме ең бастысы ұнайды. Балалармен жұмыс менің хоббиім іспетті. Жұмыс жасаған сайын рахаттанамын. Ал мамандығым - болашағым. Түбі өзімді ақ халатты дәрігер ретінде көремін. Мүмкіндік болса болашақта да дәріс беруімді жалғастыра беремін…

«Біліктілігі төмен адамдар нашар пайымдаулар мен шешімдер қабылдайды, өкінішке орай біліктілік деңгейі төмен болғандықтан қателіктерін мойындай алмайды»

Қазақтың жігіттері

Қанша сәнді әрі қымбат киінсең де, қандай көлікпен жүрсең де, сені жұрт сыртыңа қарап емес, ішкі жан дүниеңе қарап бағалайды. Сондықтан ақшаны басқалардың алдында жақсы көрінуге жұмсаудың қажеті жоқ деп санаймын.

After-Dark-x-Sweater-Weather-slowed-and-reverb.m4a5.52 MB

INSTASAMKA_Лолита_На_Титанике_prod_realmoneyken.m4a2.36 MB

ETOLUBOV-Attraction-Pritiazhenie-Remix-Visualiser.m4a2.51 MB

Uzi-Umrumda-Değil-Official-Video.m4a2.97 MB

Tchami-Ft-Marshall-Jefferson-Vs-Eliza-Rose-Move-Your-Body-Vs.m4a3.39 MB

Ойлану шешім қабылдауға келмесе, үмітсіздікпен бітеді. Ойлансаң, тек шешім қабылдау ниетімен ойлан. Әйтпесе, шатасып құрисың... Табиғат Қаутай

🍃Ақылды адам өзін үнемі АҚЫМАҚ сезінуі керек Өйткені ол көп үйренуге, білуге тырысады. Сонда оның алдынан білімнің есігі ашы
🍃Ақылды адам өзін үнемі АҚЫМАҚ сезінуі керек Өйткені ол көп үйренуге, білуге тырысады. Сонда оның алдынан білімнің есігі ашыла береді. 🍂Ақымақ өзін ешқашан АҚЫМАҚПЫН демейді. Дүниеде ең жаман адам - мен бәрін білем деген адад

Үш Ғайып бар: -Дидар ғайып -Қонақ ғайып -Ажал ғайып Ғайып деген - мистика. Оның қашан болары, келері белгісіз.

Ғұламалар сөйлейді №19 ~ Білмегенді сұрап үйренген - ғалым, Арланып сұрамаған өзіне залым. Әлішер Науаи