SAGAT YESSENGELDI 🍃
Open in Telegram
✅Сенің өміріңе өзіңе керек! ✅Басқаның өмірімен емес, өзіндікін сүр! ✅Әр адам өз өмірінің суретшісі! ✅Кім қалай әрекет жасайды, соған сәйкес нәтижесін алады
Show more330
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Абай Құнанбайұлы
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Менімен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі — ол баяғы.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
Соңғы 3 күнді Түркияның ең үлкен қалаларының бірі Кайсери қаласында өткіздім
Ол жерде өзіміздің Қазақстандағы группаластарымызға қонаққа бардық(Яғни оларда қазір Түркияда білім алып жатыр).
Кайсери қаласы адам саны 2 миллионға жуық, әсем қала екен. Қаншама эмоция, қаншама көрікті жерлер😍😍
Достарымызға керемет демалыс үшін АЛҒЫС!!!!❤️
Есіңде болсын, өмір ешкімнің ақысын жемейді. Бір жамандықтың бір жақсылығы бар. Қыс артынан жаз келеді қашанда. Соны күт. Өзіңді дарқан ұста. Жүрегіңнен мейірім нұры төгіліп тұрсын. Адам үшін ең асыл қасиет сол. Зауал шағыңда көңіліңе талшық етер бір ғана медеу - сол адастырмас адамшылық шырағы. Жалғанда оңай бақытқа, әсіре қызыл тәттіге үйір болма... Бақыт дегеннің өзі де салыстырмалы нәрсе. Табиғат пендесіне болымсыз өмір, тойымсыз көңіл берген. Екі аяғы бірдей жоқ адамнан гөрі, бір аяғы бар кісі бақыттырақ...
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ
Жан қиналмай, белес
бағынбайды . Мақсатыңа жетер жолда пенделердің көзі мен сөзі саған тосқауыл болмауы тиіс.
Сылтаулардың ортасында көміліп отыратын адам әдемі өмірдің иісін де иіскемейді. Қазірден кітаппен дос бала бастаған әрбір адам өзін
интеллигент бола бастадым деп санаса болады. Себебі білім мен еңбектің көтерер жалауы жоғары,
арқаны ұзын. Ал арманың осы екеуімен ұштасса оқталған жебедей
көздегеніңе ұшып келе жатырмын деп ойла.
Неғұрлым көп тер төксең,
соғұрлым нысанаңдағы мақсатыңа тезірек жетесің.
Барлықтарыңа
зекет беретіндей , білім мен игі жолда жұмсайтын кемел азамат болуларыңды тілеймін! Осы бастан өздеріңізді жан-жақты дамытуды қолға алыңыздар!❤️
МАМА
Ең әсерлі сахнасы. Викторияның сіңлісі Лилиді МАМА өзімен алып кетпекші.
Бірінші ол неден бұлай елеске айналды. Себебі ол жүздеген жыл бұрын жауыздардан кішкентай шақалақ сәбиімен қашып келе жатқанда, дәл осы құздан секіреді. Өзі суға түсіп өледі. Ал баласы ағашқа ілініп сол жерде өледі. Содан баласын іздеп, елес күйінде қалады.
Осы бір сәтті кішкентай Лилидің анасындай қараған елес МАМА ға деген махаббаты, апалы-сіңлілердің айырылуы, Лидидің дүниеден өтуі өте әсерлі әрі аянышты еді…
🎥 CinemaTime №5
“Астрал 5. Қызыл есік”
(Insidious 5. The red door) 2023
Жанр: ужастик
Дальтон есейіп, өнер мектебіне барады, онда мұғалімнің нұсқауларын орындай отырып, ол өзінің ішкі санасына енуге тырысады. Жігіт ешнәрсе есінде жоқ балалық шағымен байланысты жұмбақ есікті суретін сала бастайды.
Дальтонды қызыл жүзді жын ұстап алады, ал жын адамның өзі шынайы әлемдегі денесін иемденді.
Ары қарай толық білу үшін фильмді көруге кеңес беріледі🧏🏻♂️
Баға: 10/8
🎥 CinemaTime №4
“Апа”
(Mama) 2012
Жанр: ужастик
Фильм өте әсерлі түсірілген. Жол апатынан соң, әкесі 2 қызын алып орманда бос үйде тұрақтайды. Әкесі белгісіз елестен қаза табады. Бейкүнә екі қыз бес жыл сол үйде тұруға мәжбүр болады. Оларды сол үйдегі елес МАМА шие мен асырайды, қамқор болады.
Кейіннен оны қыздардың туыстары жас отбасы тауып қамқор болуға тырысады. Бірақ қыздар өте жабайы кейіпте еді. Үлкен қыз ғана біртіндеп тани бастайды.
Бірақ балалар үшін бұл бақыт болмайды, олар елес МАМАны сағынады. Ол күнде келіп олармен ойнайды. Қорқып отырып жыладым десемде болады😭
Ары қарай толық білу үшін фильмді көруге кеңес беріледі🧏🏻♂️
Баға: 10/10
🎥 CinemaTime №3
“Екі, үш! Бері кел Жын!”
(Два, три! Демон приди!)
Жанр: ужастик
Фильм өлілерді шақыратын ежелгі ритуал жайында болады. Жастар оны ойын сауыққа айналдырып қызық үшін сынар көреді.
Ережесі қарапайым: мумиланған қолды ұстап , жынды шақырады. Бұд рәсім 1 минут ішінде ғана болу кк. Одан асып кетсе, портал жабылып арты жан шошырлық қайғылы оқиғаларға апаратын болады.
Ары қарай толық білу үшін фильмді көруге кеңес беріледі🧏🏻♂️
Баға: 10/5 (аяқсыз біткендей болды)
Ешқашан❗️❗️❗️
Менің қолымнан келмейді,мен жасай алмаймын деген сөздерді айтпаңыз,тіпті ойламаңыз да.
Арманыңыз,мақсатыңыз айқын болсын,сол жолда тынбай әрекет етіңіз.Ізденіңіз,талпыныңыз. Мейлі ол арманға жету жолыңыз қиын болар,бірақ “мен біттім,енді жасай алмаспын” деп өзіңіздің жігеріңізді құлатпаңыз. Қандай қиындық келсе де,барлық әлем сізге қарсы тұрса да,өзіңіздің қалауыңыздан көз жазып қалмаңыз.Мына шексіз әлемде өзіңізді шектемеңіз(шектеу тек миымызда ғана)🫶🏻✨
Ізгі ниетпен: Erke_XS❤️
Қателесіп басқа самолетке мініп кетсең, онда ешқандай түсіп кетудің қажеті жоқ.
Себебі жоғарылаған сайын түсіп кетсең, жаман құлауың мүмкін
Консерватор, реформатор, новатор дегеніміз не?
Халық арасында ең үлкен мөлшерді иеленетін топ өкілдері консерватор деп аталады. Аталған топ өкілдері "Сен тимесең мен тиме" принципімен өмір сүреді. Консерваторлар көбіне салт-дәстүрді құрметтеп, ескі заңдар бойынша жүргенді дұрыс деп табады. Айта кету керек консерваторлар "бағынушы" рөліне үйренген жандар. Сондықтан да олар мамандық таңдауда көп қиналмай, көпке белгілі дәрігер, мұғалім, заңгер, аспаз сияқты
тексерілген дәстүрлі мамандықтарды меңгеруді жөн көреді. Олар жұмысқа кешікпей барып, уақытында қайтады. Олардың басты мақсаты отбасы берекесін сақтап, бірқалыпты, тыныш өмір сүру. Олар өмірге реалистік көзбен қарағанды ұнатады. Ғажайыпқа сенбейді. Тағдырдан тосын сыйлар күтіп, алпауыт дүниелерді армандамайды.
Өмірлерін өзгертуге көп күш
жұмсамайды. Пешенеге жазылған өмірді сүріп жүре беруге дайын.
Консерваторлар көп оқығанды, ізденгенді ұнатпайды. Олар үшін оқу ауыр жұмыспен тең. Консерватор-балалар өз ата-аналарына қатты бауыр басқан болып келеді. Және тек ата-анасының шешімімен күн кешеді. Бұл топ қоғамдағы ең төмен саты ретінде саналады.
Реформаторлар - бұл қоғам үшін дүниеге келген адамдар. Олардың басты мақсаттары әлемнің жағдайын жақсартып, әділеттілікке қол жеткізіп, барлық адамдардың өмірін жақсарту. Олар ең бастысы қоғамда елеулі орын алып, басқарушылық қызметтер атқарып, қоғам қайраткері болуды армандайды. Олар бұйрық беріп, өз дегенін орындатқанды жақсы көреді. Олардың жұмыс кестелері өз
қолдарында. Олар бала кезден көзге түсіп, басқа балалардан өзгеше болуды көздейді. Оқуға келгенде еріншектік танытпайды. Адамдар арасындағы айырмашылықты білім
қалыптастыратынын жақсы біледі және жарқын болашақ үшін күні түні еңбек етуден аянбайды. Өзін дамыту үшін түрлі үйірмелерге барып, дарынын шыңдайды. Өздерін ақылдылықтың, көрегенділіктің көрінісі санайды. Өмірлерін қоғамда жақсы атты болу үшін жұмсайды.
Новатор - адамдар арасындағы ең аз мөлшерде құрайтын топ. Тап осы адамдар барлық адамзаттың алға жылжуының басты себепкерлері. Олардың басты қалауы - тәуелсіздік. Жанның, тәннің тәуелсіздігі. Олар ешқандай жағдайда ешкімге бағынғанды ұнатпайды. Көптің бірі болғысы келмейді. Өзі қызығушылық танытқан нәрсені тез үйреніп, тез меңгеріп алады. Новатор қай ортада болмасын ерекшелігімен көзге түседі. Реформаторлар ойлап тапқан заңдармен жүру олар үшін қызықсыз. Новаторлар кез келген ортада кездеседі. Алайда олар басшылыққа ұмтылмайды.
Ұмтылыса да оларды ешкім басқарушы етіп тағайындамайды. Себебі олар тым әділетті, тым білімді. Қоғамның барлық олқы тұстарын бес саусақтай біледі. Сондықтан өтірік көлгірсу олар үшін жат қылық. Новатор әрдайым жалғыз. Себебі оны түсінетіндер мыңнан біреу ғана. Олар білім құмар. Олар жаңа идеялардың генераторы. Барлық нәрсе бірінші ойда, одан кейін өмірде пайда болатынын олар жақсы біледі. Нағыз новатор өзі үшін жан емшісіне айналып, кейіннен басқа адамдардың емшісіне айналады.
Міне, адам көзқарасыңыз үш түрі. Оқып, саралап, өзгергіңіз келсе қадам жасап көріңіз. Бәрі де өз қолдарыңызда!
П/А: Жамиля Қайыпберді
Жалғасы
Бұдан ертеректе атадан қалған жалғыз тұяқ, атамның қысқаша өмірбаянын өзімнің жеке кітапшама түртіп қойған едім. Атамның өзі бастан кешкендерін әңгімелеп беретін. Соны қағазға түсірдімде, оқып бердім. Көзіне жас алды… Ол кезде онша түсінбедім. Мүмкін, ол кезде сана сезімім әлі толық дамымады ма, қайдам. Содан басымнан сипап , бетімнен сүйді. Сол жылы бейнесі көз алдымнан кетпейді...
Жазу үлгім дәрігер болатынымды сездімбе сәл-пәл(сәл-пәл деуге ұялып тұрғанымм) нашар еді. Сол атасының баласының жазбасымен танысып көріңіздер. 5-6 сыныпта жазғамғой қатесі болса, сөге көрмеңіздер🙏
Аташым жаныңыз жәннатта болсын!🤲🏻
Атамның мына бір әркез санама құйып отыратын өсиеті
"Балам, дүниедегі ең жаман қарғыстан абай бол. Ол - өзің білме , білгеннің тілін алма деген. Қарғыстың ең жаманы. Біреудің ала жібін аттама. Ешқашан өтірік айтпа, тіпті ажал алқымыңнан алып бара жатырса да айтпа." Осы өсиеті санамда әркез жаңғырып тұр.
Жалпы мен үйдің тұңғышы болғандықтан атамның баласы болдым. Әкем де , анамда атам дейтінмін. Сондықтанда болар еркелеу болып өстім. Ешкім тұңғыш деп ойламайды. Атам қайтқалы да 5-6 жылдан асты...
Кеңес үкіметінде бірнеше қызметтер адал және еңбекқорлықпен атқарды. Атамның сөзі де , айтқан сөзі де өзіме идеал. Әрқашан құрмет тұтып, жадымда мәңгі сақтаймын.
