cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Кел балалар оқылық

Қарапайым, түсінікті тілдегі канал. 1.Түрік тілі курсы 2.Араб тілі грамматикасы дәрістері 3. Құран оқып үйрену(тегін) 4.Түркиядан оптом кітап заказ беру. Анонимді кері байланыс http://t.me/anonaskbot?start=plldy1fjo9rt9

Show more
Advertising posts
495
Subscribers
-224 hours
-57 days
-2030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Repost from Beisenali Olzhas
Айтпақшы, ертең Мухаррамның тоғызы (тасуға) Ал сейсенбі 10-ы, яғни Ашура. Сүннет бойынша Тасуға мен Ашураны бірге ұстаған жөн. Тасуға күні ораза ұстай алмасаң, онда Ашурадан кейінгі 11-күні (Сәрсенбі) ораза ұстаған жөн. Олай да ұстай алмасаң, онда ең болмағанда Ашура күнін өзің ұстаса болады
Show all...
Қазақ тілінде қысқаша түсіндіре кетейін. Бұл жерде Уахабилердің 3 танымал шейхтары араб тіліндегі иәдән сөзінің күш, құдірет мағынасында келуі "мүмкін емес" деп, ант-су ішіп жатыр былайша айтқанда. Ал дәл осы иәдән сөзі Сахих Муслимде күш, құдірет мағынасында келген. Аты айтып тұрғандай Сахих Муслимдегі барлық хадис сахих. Видеода басқа да дәлелдерді көре аласыздар.
Show all...
Қатты шаршап, ешкімге жауап бермей, ештеңеге желаниям болмай тұрса да, бірнеше тілде және әртүрлі бағытта диспут, муназара, родд тыңдаудан шаршамаймын, жалықпаймын)) Сыртқа шыққанда подкасть тыңдаймын деп ниет етемін де, бір қарасам көлікте диспут тыңдап отырамын)) Негізі сол мәліметтердің барлығы қазақ тіліне аударылуы керек. Алдында айтқанымдай Қазақстанға да уже нешетүрлі ағымдар, ұстанымдар, діндер келе бастады. Әйел имам бола алады деген виедоны көрген шығарсыздар ?) Уахабиттер, Сәләфиттер Арабиядағы шейхтар мықты білімді, арабшаны жақсы біледі дейді. Енді мына араб тіліндегі видеода Уахабилердің араб шейхтарының Құраннан кейінгі кітаптардан деп саналтын сахих Муслим хадис кітабының өзін дұрыс оқымағанын көре аласыздар. Құран түскен, пайғамбарымыз ﷺ сөйлеген араб тілін жетік білмейтіндігіне көре аласыздар. Ал бұндай адамдардан үкім алу, оларды барлығынан білімді деп есептеуді не деп атауға болады ? Оны өздеріңізге қалдырдым. #ақида
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін жеткізу қызметі тапсырыс берген кітаптарымды әкеліп берді. Соның ішінде осы кітап бар. Бұл кітап Имам Әбу Ханифаның Уасия кітабына жазылған үш шархты қамтиды. Келе сала аздап оқып көріп едім, тахқиқы да жақсы сияқты көрінді. Уасия кітабының қазақша аудармасын пдф күйінде жоғарыда салған болатынмын. Оқып көріңіздер. Алайда ютубта бұл кітаптан қазақ тілінде дәріс жоқ сияқты, өкінішке орай(
Show all...
14 ғасыр бұрын Батыс былыққа батып жатқанда пайғамбарымыз ﷺ "Әйел құқығы, хақы бар" екенін айтып кеткен. Жәй ғана айтып қоймай белгілеп, мөлшерлеп, практика жүзінде іске асырып кеткен. Ал енді Алланың елшісі болған пайғамбардан артық әйелдерге құқық бере алатын біреу бар ма ? Алла ﷻ елшісінің сөзіне тоқтамай, адамдардың қысқа ақылынан шыққан құқықтың артына түсу - Алланың ﷻ әділдігіне күмән келтіру. Барша әлемді жаратқан Алладан артық қамқоршы іздеудің соңы жақсылыққа апармайтыны анық. Шешімі: тәубе етіп Аллаға қайту, дінді ең азы керекті мөлшерде үйренуге күш жұмсау.
Show all...
Соңғы уақытта біраз шаршап жүрмін( Анонимкада немесе жекеде жауап қайтпаса ренжімеңіздер)
Show all...
Алла ﷻ Тағаланың Әл-Хаким (Дана, хикмет иесі) деген сипаты бар. Мұғжиза болып түсірілген құран және пайғамбарымыздан ﷺ жеткен хадистер - дұрыс, сау ақылға қайшы болуы мүмкін емес. Себебі бұл Алланың жоғарыда айтылған сипатына қайшы болады. #ақида
Show all...
🍿КИНО Негізі кино байкот өнімдер арасында болмаса да қарамаған абзал. Не үшін ? Ең бірінші кино көбіне шариғатқа сай түсірілмейді. Қыздар түгілі ер адамдар да ашық-шашық жүреді. Онымен қоймай нешетүрлі шариғатқа қайшы істер жасайды. Екіншіден кинодағы киімдер нормально болса да, көбіне Исламға жат идеологияны насихаттайды. Телевизор, интернет арқылы адамдардың санасын улау жүріп жатқанын барлығымыз білетін шығармыз. Адамға көре берген ,ести берген нәрсесі үйреншікті жағдай(норма) болып қалады. Бұл Психологиялық тұрғыдан дәлелденген. Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде(мағынасы) айтылған "Зинаны жолдан әрі жасаңдар" дейтін заман келуі де осыған нұсқайтындай. Қайтсін енді, күнделікті барлық жерден көре берген соң сондай хәлге жетеді ғой. ЛГБТ-ға норма деп қарау да, отбасы арасындағы жанжал да осыдан басталып жатқанын көзіміз көріп жүр. Кішкентай баланың көргенін жасап, еліктейтінін де жақсы білеміз ғой, сондықтан интернет тақырыбында өте сақ болуымыз керек. #интернет #кино
Show all...
"Kızıl goncalar" немесе "Красные бутоны" киносы. Көрсетілімге шыға сала танымал болған Түрік дизиі(сериалы). Бірінші сезоны біткен болатын. Екінші сезоны жақында басталады деп хабарлады кино түсірушілер. Бұл кино туралы сұрақтар көп болды. Тек Түркия ғана емес, басқа елдер ішінде, соның ішінде Қазақстанда да біраз шу тудырды. Себебі бұл кинода мұсылмандар туралы жаңсақ ақпараттар береді. Ақида, фиқһ, сопылық тұрғысынан өте үлкен қателіктер бар. -Неге бұлай ? Түріктер мұсылман емес пе ? Түркияның мақсаты не ? - деген сұрақтар маған да келген болатын. Жауабы әрине оңай. Түркияның барлығы діндар емес әрі мұсылман емес. Тіпті әлемде қандай дін, ұстаным, ағым болса барлығы Түркияда бар десе болады. Оған қоса олар өте білімді сөйлейді(антивирусы болмаған адамдар сеніп қалады). Сондықтан Роза коучтың "Түркия әйелдерінің барлығы жабық киінеді" деген сияқты білімсіздікпен айтылған сөздеріне сенбеңіздер. Қысқасы Түркиядан мұсылмандардың да, кәпірлердің де өнімдері шығуы заңдылық. Ал бұл киноны шығарған компания немесе компания басшылары Яһудилер (Еврейлер). Бұл дегеніміз "бұл кино байкот тізімінде" деген сөз. Сол себепті бұл кино Исламға қарсы бағытталған саяси ойын болу ықтималдылығы жоғары. Арықарай өздеріңіз ойлана беріңіздер.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Имам Биркауи өз кітабында: «Әйелдерге тән үзірлі күндердің үкімін әйелдерге және күйеулері мен уәлилеріне білу уәжіп» дейді. Бұл сөзді түсіндіре келе Имам Ибн Абидин: Әйел адамға бұл үкімдерді үйрену міндет және күйеуі де білгенің үйретуі міндет. Егер күйеуі білмесе, онда әйеліне осы ілімді үйрену үшін шығуға рұқсат беруі керек. Ал рұқсат бермесе әйелі оның рұқсатынсыз шыға береді- дейді. Бұл жерден түсінетініміз: бұл ілімнің маңыздылығы соншалықты, тіпті бұл ілімді үйрену үшін шариғат күйеуін тыңдамауға рұқсат берген. Оған қоса бұл ілімді үйрену ер адамдар үшін де міндеттелген.
Show all...
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.