en
Feedback
Бағдат Оралов

Бағдат Оралов

Open in Telegram

Бұл каналда өзімнің жеке ойларыммен, пайдалы дүниелермен және қызықты оқиғалармен бөлісетін боламын...

Show more
616
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Repost from Erbolat.Qynabay
Кімнің нені не үшін істеп жатқанын жүз пайыз білмейміз. Біле алмаймыз. Белгілі бір әрекетті жасап жатқан адамның ішкі ниеті қалай болғанын Алладан басқа ешкім білмейді. Сол себепті кейде “неге олай жасады?” деген сұрақтың жауабын іздемеген дұрыс. Өйткені, біз ешқашан біле алмайтын, жасаған адамның өзі ғана түсінетін бір ішкі себебі бар. Неге? деп жауап іздеп кетпейміз. Тек қана қабылдаймыз. Болды. Түсіністікпен қарау әлемді құтқарады!

Repost from Erbolat.Qynabay
Соғыс - жәй ғана зұлымдықтың үлкен форматтағы көрінісі. Иығын байқаусызда қағып кетсе, жұдырығын ала жүгіретін жігіт болашақта әлемнің мазасын алатын жауыз болады. Ол қазір соғысқа қарап жүрегі ауырғандай болуы мүмкін. Бірақ, ол өз деңгейінде, өз форматында соғыс шығаратын адам болып саналады. Кешіре алмау, жек көру, кек сақтау т.б осыған ұқсас қасиеттер кімнің бойында болса, олар болашақ залымдар. Әлемді махаббат құтқарады…

Repost from өшпес із
Бұрынғыдай жаза алмай қалғанмын. Қазір сол кездердегідей айына екі-үш кітап оқымаймын. Кітап оқығанда жазатын ой да көп болушы еді.

Раббың өзіңе адал қамқоршы болғандай, сен де оған адал құл бол...

Біз үшін Алладан артық қамқоршы, Алладан артық адал ешкім жоқ. Алла Тағала бізді сүйгендей ешкім де сүйе алмайды, Алла Тағала бізге жақсылықтарды тілегендей, жақсылықтарды ешкім бізге сондай дәрежеде тілей алмайды және Алла Тағала бізді жамандықтардан сақтағандай, бізді жамандықтардан ешкім олай сақтай алмайды. Біздің айналамызды қоршаған жақсылықтардың барлығы, Оның бізге берген нығметтері...

Алла Тағала осылай айтып тұрғанда, неге қиналасың? Раббыңның үкімі жүзеге асқанша сабыр ет. Шүбәсіз, сен біздің назарымызда hәм қорғауымыздасың.(52:48)

Нәсіп етпесе, Алла не тіліңе не жүрегіңе салмас еді.Үмітіңді үзбе...

Repost from N/a
«Тек хайырлысын сұрау жеткіліксіз. Жеңілдігін қоса сұра. Себебі, хайырлысы сондай ауыр келеді, тіпті одан бас тартып қаласың». Алланың құдіреті жетпейтін нәрсе жоқ, сұрағаныңызды 1-ақ сәтте бере алады. Дұғаңызды шектемеңіз.

Құрметті оқырмандарым! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Сіздерге бақ-береке, зор денсаулық, жүрек тыныштығын тілеймін! Қуанышты күндеріңіз көп болсын! Алла сіздердің дұға-тілектеріңізді қабыл етіп, бағыңызды арттырып, туған-туыс, жақын жандарыңыздың өмір жасын ұзақ етсін! Иманыңыз шексіз, өмір жолыңыз тура, әрі адал болсын. Махаббат пен мейірім орнап, құт дарысын! Мейрамдарыңызбен!

Бұл дүние сондай қысқа ғана. Тірі адамға бітпестей боп көрінеді. Кейде жолда жаназа көліктерінің кетіп бара жатқанын көресің. "Иннә лилләhи, уә иннә иләйhи роджиун" — дейміз. Алайда, біз бұны басқа біреулер үшін айтып жатқандаймыз. Меніңше, біз бұл сөздің мағынасын әлі де сезіне алмай жатырмыз. Бірақ, бір қарасаң сол табыттың ішінде өзіміз жататын боламыз. Раббымыз иманнан айырмасын...

Бәлкім сендер бірнәрсені ұнатпайсыңдар, Алайда ол сендер үшін хайырлы... Ал, енді сендер бірнәрсені ұнатасыңдар, сүйесіңдер... Алайда, ол сендер үшін хайырсыз дейді. Өйткені Алла Тағала біледі, Ал сендер білмейсіңдер...

Бетпе-бет жүздесу жеккөрушілікті жояды. Өйткені көздер бір-біріне қараған уақытта жүректер жұмсарады...

- Сіздердің тату-тәтті жанұя болуларыңыздың сыры неде? - Біз ұрысты жек көреміз. - Ұрысты қалай жеңесіздер? - Біз ұрыс кезінде екі жаққа қашпай, бірге отырып сөйлесіп, ренішімізді ашып айтып, сол проблемаларымызды реттеуге уақыт жұмсаймыз. Қарым-қатынасты сақтап қалу - мәміле арқылы жүзеге асады. Ашусыз, ызасыз. Жәй ғана сөйлесу... #ләйлімен 🌙

Абдулла ибн Мубәрәк (рахимаһулла) былай дейді: «Алланың жәрдемі – пенденің ниетіне байланысты. Кімнің ниеті кәміл болса, Алланың оған деген жәрдемі де толық болады. Ал кімнің ниеті әлсіз олса, сол деңгейде оған Алланың жәрдемі де азаяды». [“Ниет” кітапшасынан үзінді]

Қара түнді құдіретті қаламымен күнге бояған, қоңыр түсті ағаштан жасыл ағаштар шығарған Алла сіздің де сұрағаныңызды шүбәсіз береді. Сұраңыз да сабырмен күтіңіз...

Өміріңізде жолықтырған әрбір адам, әрбір оқиға сіз үшін бір емтихан. Хазіреті Мәуләнә айтқандай: "Егер болып жатса бір хайыр, болмай жатса мың хайыр ізде."

Сделал(-а) вас администратором

Исключил(-а) вас из канала