YerlanGo - 44+
Closed channel
688
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Меніңше, қазақ уикиін толтыратындар жасырын RAND Corp-қа жұмыс істейді. Ұлтты онлайн аздыруға тапсырыс алған.
#Пси
ӘКЕ
Қоңбай бір шыны кофе алып, ноутын ашып, жайғаса беріп еді, даяшы жетіп келді.
— Бір шыны кофені сораптааааап, созғылаааап отырайын деп тұрсың ғой? — деді.
Қоңбай түк түсінбеді.
— Иә, жұмыс істемекпін, — деді.
— Мынау бетіме айтып тастап тұр ғой ше! — деді даяшы ар жақтағы әлдекімге.
Ар жақтан бетінде сананың нышаны жоқ, әжімнен жұрдай дәуғара шықты. Келді де, Қоңбайды басын қайырып ұстап тұрды. Ал даяшы Қоңбайды қарақұстан шанышқымен пісіп-пісіп алды.
Қазір ноутты даяшының баласы ұстап жүр. Кейде бумалардың ішінен әлдебір уорд құжаттар, фотолар кездесіп қалып жатады. Дүкеннен алдым дегенмен, қолдан сатып алғанын түсінеді баласы. Әкесінің қолдан келгенше жоқшылық көрсеткісі келмейтінін біледі.
Баяғыда жас күнінде жыланның ордасын бұзған Қамаш ата ауданнан келе жатқанда, кеудесіне оқ жылан атылыпты. Төс қалтасындағы еңбек кітапшасын, паспортын, жарты бөтелке чекушка коньягын тесіп өткен жыланның басы "Баян сұлудың" плиткасына келгенде тіреліп қалыпты.
— Бапбдбпа, идеологбда дәбдстүрімібзд көрініс табдбм ба?
— Бір жерге жүзіп жетейік, әңгімені сосын айтармыз. Бұқ, көпірдің бетоны келе жатыр!!!
Бір қуыстарда жалға берілетін Жапониядағы мына пәтердің тарлығына бет шымшып жатыр. Меніңше, өзінше тартымы бар пәтер, неменеге ішегін тартады жұрт.
1-4 сыныптарға арналған логикалық есеп дейді. Дереу балалармен Канада елшілігінен саяси баспана сұрауға барлық алғышарттар қалыптасып бітті деп ойлаймын.
"Атасы арзан жел сөзден
Бас басыңа жетектеп
Еншіңді неге бермейін!" Базар жырау.
Менің бала күнімде Шыңғыс хан Есігейұлы сонша керемет кісі болмады. Фильмдер бар, кітаптар бар - Шыңғыс бабаларың қабағы салыңқы, қайтсем бір жеріңді шауып алсам деп аңсаған қаныпезер болатын. Ау, сабақтан бес алу керек, емтихан тапсыруға қалып қоймау керек - Шыңғыс Есігейұлын елмен бірге "оңбаған!" демей, не дейін?!
Сөйтіп жүргенде еркімнен тыс есейіп кетіп, "жасөспірім" деген санаттың өкілі бола қалдым. Бұл жасымда Есігейдің баласы қатал бірақ әділ болған деген әңгіме шықты. Мен де дереу - Қайыр ханның трагедиясы Шыңғыстан гөрі Хорезм шахтың кесірі болар деп, Есігейұлына жұмсақтау қарауға тырыстым. "Көзқарасымды өзгертем!" деп шешкенде өзгеріп кете қойса жақсы ғой. Қайдағы. Көрмеген Отырар кітапханасы үшін өкпем сол қара қазан көлемінде қалып қойды.
Жігіт шығып, азаматтық алған тұстарда жаңа дискурс пайда болды. Шыңғысты ақтайтын жөні жоқ. Кәдімгі билікқұмар жауыз. Бүйтіп кете берсек, бір күні жүрегімізден Гитлерге де орын табылар десті халық. Шынымен-ау дедім мен де, қан шыққан жерде ненің парасаты деп, Есігейұлының кемеңгер обрызы көмескі тарта бастады.
Енді міне, кісі шыққан шағымда Есігейдің баласын әулие десіп жатыр жұрт. Әнебіреулер Бұрқан Қалдун қалқа жұртында емес, біздің үйдің қасында деп те жүр. Мен ше? Мен не дейін! Жақсы, ай бәсе, Шыңғыстың біздің бетте өлгенін бала кезден сезуші едім! Тұспалды аямасаңдар, тұжырымдарыңа үндеместен қосыла кетем! Дұрыс айтасыңдар, Шыңғысхан біздің бабамыз!
https://absurdopedia.wiki/%D0%A7%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B8%D1%81%D1%85%D0%B0%D0%BD,_%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%83%D1%87%D0%B8%D0%BD_%D0%95%D1%81%D1%83%D0%BD%D0%B3%D0%B5%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87
"...Әлгі, сендердің ентерлеттеріңе тоқталсақ..." © Джордж Уокер кіші Буш
Мен бала күнімде:
Жиырма сегіз батырды,
Жиырма сегіз батырды
Армияға шақырды, — деп, мектеп хорында ән салдым.
Жасөспірім кезімде, "олар кілең алқаш, соғыста болмаған, қолдан жасалған батырлар" деген қауесет шықты. Бәсе, дедім мен де, 50 танкі мен 320 пәшісті қырып салу қиын шығар, тіпті киногерлер саны мұндай қатынастағы тараптарды соғыстыруға ұялады (мысалы, Пенза туралы фильм).
Мұрт тебіндеп, жігіт шыққан шағымда, "панфиловшылардың бәрі алқаш емес, тірі қалған екеуі бүкіл жасақты жаманатты қылды" деді.
— Әй бәсе, солай шығар, — дедім мен де кенет, — бүкіл советтер отағы әнге қосып, ескерткіш қойған адамдар бекер емес шығар!
Кісі шығып қалған шағымда: "тірі қалғандар бойынша прокурордың тергеуі жарияланды. Өтірікті соғып едік деп ағынан жарылған екен" деп гу етті жұрт.
— Сірә солай шығар, — деп қосыла кеттім мен де, — әйтпесе соғыс туралы неміс деректері де ашылып жатыр. Мұндай қаһармандар туралы бір ауыз сөз болмауы мүмкін емес қой!
Қазір жасым, сайттар айтпақшы, "толық" қырық бесте. Тарихтың кез келген нұсқасына дайынмын. Кеше өзім пір тұтқан Елбасымды тарихтың қоқысына апарысып таста дейсіз бе? Құп болады! Тіпті айыптайтын сөз де сөйлеуге дайынмын.
Әлде Елбасым алысты ойлаған саясаткер болып шықты дейсіз бе? Сөз боп па: машина жібер, барып сөз сөйлеп берем.
Жалпы, тарихшы ағайын, сонша ұялмаңдар, менің тарапымнан қолдан келетін қолдауға үміттен гейсіз. Кім жаман, кім жақсы — тек тақырыбын айтсаңдар болды!
Шебер шенеуніктер болады иә. Төрт телефоннан керек нөмірді жадыдан шығарып алып, бірінің даусын зорайтып, бірінің дауысын бәсеңдетіп; менің көзімше сөйлесіңдерші деп, екі телефонды айқайлатып қойып.
Шебер болып кетеді енді. Жүніс-мнемоник олардың қасында олақ көрінеді.
Қазір тарихты оқу — жұрттың не айтып жүргенін түсіну үшін ғана керек сияқты. Ботайды зерттейтін сұмдық білімді аламдар кеше көз алдымызда не болғанын айта алмайды.
Менің бала кезімде Sony керосин примус пен үтік шығарудан бастады деуші еді.
Қазір күріш басқыштан бастады деп жазып жүр.
Мен орнымда тұрған сияқтымын. Өзінен өзі құбылып, болып жүрген тарихтың өзі сияқты.
Жер-жерден, Google Map -тағы қазақ қалаларының фотолары керемет боп кеткен, тіпті ұсақ қалаларды да стритвюмен түсіріпті деген әңгіме шығып жатыр.
