en
Feedback
YerlanGo - 44+

YerlanGo - 44+

Closed channel

Ескерту! 44+ контент! Хабарласуға: erekepost@proton.me

Show more
688
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Өзбек бауырлар Ташкент универін айти жағынан жынды қылып жатыр екен. Біраз ұстаздарының есімдерін айтиден салалық мықты кітаптардан кездестірдім.

Анау шведтің бе, әміркеннің бе, Соғыстарды зерттеу енсіссуты (ISW) деген ұйымы бар емес пе. Біләд ас-судан*, Украинадағы басқыншылық соғыс туралы жазады емес пе. Екі жылдан бері айтқандары бір рет те келген емес. Жынды практика тауып алған. Олар мысалы, соғыс барысына... жаңалықтар шыққаннан кейін шолу жасайды. Ол былай. Айталық, бүгін жаңалық шықты делік. Ресей Харьковты атқылады деген. ISW ертеңіне "Ресей Харьков бағытындағы шабуылды үдете түседі" дейді! Оның үстіне, мұны барлау қауымдастықтарының (әміркенде мұндай ұйымдар шіріп жатыр), армия генералдарының пікірі деп береді. Рақат енді. Әуелі оқиға болады, сосын оны дәл болжайсың. Одан да сорақысы, журлар соларға сілтеме жасайды! Олардан біздің кісі ме, КИСИ ме — солар жақсы ма дедім.

"Семиз деманг мени" дегенді өзбектер көп іздейді екен.

Осындай тілекшің болмағасын бәрі бекер.
Осындай тілекшің болмағасын бәрі бекер.

Бір қыс етік, екі жаз аяқ киім.

Меніңше, есі дұрыс адамда 351 оқырман, бір кесе мен бір тәрелкеден артық болуы мүмкін емес.

#кларисссс Бірде ыдыс көрмесіне айналған серванттың етбетінен құлағанын көрдім. Ыдыстың қираған дауысы сондай жағымды болатынын сонда түсіндім, кіххіхіхіхіхі...

Біздің жақтың Өзбекстандағы зауыттарда таныстары болды ма, әйтеуір жасаулар ыдыстан көрінбейтін. Кейде ойлайтынмын, біздің әулеттің қыздарын сірә ыдыс-аяқ үшін алады деп.

тәліБ, баяғыда апа-тәтелеріміз күйеуге шыққан кезде ше? Жасауын тиеу, тасу🥺 Мә саған — тоқсан бес кесе! Мә саған — дүзжиырма тәрелке. Мә саған — қырық графин! Ал жездесымағың көпқабатты үйде тұратын болса — саған тойдың сәні қалған жоқ.

Қазір кесемен шай ішетіндер бар ма, ас әбзел ретінде әлі бар ма?

Германияда каннабис өсіруге рұқсат берді. Ескерту: отандық өнім болуы тиіс. Нидерландтан әкелсең — сотталасың.

Қосулы қалған телевизор/смартфондағы дауыстар түсіңе, ұйқылы-ояу кезіңдегі образдарға әсер ете ме?
Anonymous voting

Арнаға жазылғандардың ішінен португал (әлде бразил) қатынды көрдім. Және сондайлар көп. Бұл кішкентай ғана арнада. Ал пәленмыңдық арналарда кімдер жүргенін құдай білсін. Есі дұрыс адамда әрі кеткенде 351 оқырман болуы мүмкін.

Экзорцистер туралы сериал ұнаған. Екі жігіт Сатан Малғұнбайды әлем бойынша қуалайды. Керемет сериал, ақыры Папаның өзі шайтанға қызмет қылатыны анық болады. Соңғы серияларының бірінде екеуі кенет ал кеп сүйіссін. "Кешіріңдер, ұмытып кетіппіз" деген ишара сияқты. О баста сценарийде болмағаны, аяқ асты қосқаны кәдімгідей көрініп тұр. Тіпті не дерімді білмедім.

ЛГБТК+ тақырыбын көрсетуді басынан ұмытып кеткен сериалдар қорқынышты: аяқ жағында бір серияның ішіне лақ еткізеді. Кәдімгідей, "білә, көрсетуді ұмытып кетіпсің ғой!" деп, біреулер тиісіп кеткен сияқты көрінеді.

"Совещание" деген сөздің өзі қандай жиіркенішті осындайда. Дым жоғына, импровизацияға меңзейді.

Бір бастығым айтатын: арамызда қанша мықты адамдар, данышпандар мен батырлар бола берсін, бірақ бір күні шаруаны ерлікпен, қаһармандықпен бітірудің лимиті таусылады. Ерлік шын мәнінде жоспардың болмауының көрінісі дейтін. Сол сөзіне дәлелдерді артығымен көріп келем. Су тасқыны да сол. Орталықтан аппараттық ешкібақыл ғана естіледі. X күніне жоспары жоқ болып шықты, қорқынышты.

Өткен аптада қазақша уики толтыратындардың бірімін деп әлдекім хабарласты. Маңызды хабарым бар, бірақ ашық кездесе алмаймын д
Өткен аптада қазақша уики толтыратындардың бірімін деп әлдекім хабарласты. Маңызды хабарым бар, бірақ ашық кездесе алмаймын деді. Менің аттракционға баруымды сұрады. Карусель адамға толып, айнала берген кезде жақынырақ тұр, қалтаңа флеш салып жіберемін деді. Жанр шарттылығына сәйкес, адамым көк пониді құшақтаған күйі өлі келді. Сөйтіп, уикиге байланысты сұрақ керісінше, көбейіп кетті.

Түпкі қожайындары Pharmakom болып шықса...

Ар жағынан Umbrella Corp-тың құлағы қылтиып тұрса да таң қалмаймын.