YerlanGo - 44+
Closed channel
688
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
#Пси
СТИЛЬ
— Стиль деген болады, — деді редактор шал қазымырланып.
Шайынан ұрттап-ұрттап алып, сол ырғағымен жалғастырды:
— Қолтаңба дейміз бе яки. Мысалы Қазықан ағаларың сөйлем "бірі..." деп аяқталса, қасына "тіпті бірегейі" деп жаздырады. Қазықанның кезекшілігі болған-ау дейсің, оқып отырып. Ал мына менің енді, хе-хе...
Шал жорта ұялған болып мүләйімсіді де, әңгімесін ырғағынан жаңылмай жалғастырды:
— ..."алмағайып" деген сөзге махаббатым ерекше. Соғыс, төңкеріс-аударыс, өтпелі кезең дегендерді дәл суреттейтін сөз ғой, шіркін!
— Сіз Қазықан аға сияқты мәттақан емес боларсыз, — деді, анау кісімсіп сөйлегенге шәкірт кейпіне еніп отырған тыңдарманы.
— Неғып Қазықан ағаңнан кем екем? — деді редактор шал езуін жимастан.
— Мінеки бүгінгі нөмір. Мынабір мақала "тұралатқан тоқсаныншы жылдары..." деп басталыпты.
— Қалайша?!!! — деп саңқ еткен редактор аузын жаппастан ауа жұтпаққа қармана берді. Бір кезде қолымен итеріп кіргізбек болып па, ауаны алақандарымен аузына қаратып оса берді. Барған сайын қолдары әлсіреп, көздері жұмылып, ақыры орындықтан сұлап түсті.
— Былай қарасаң джап-джас сияқты, бірақ ажал айтып келмейді, — деді өткен аптада Тараздан көшіп келген жедел жәрдем медбикесі, — но, бывает.
#Пси
ҚАРҒЫС
Клиент қайта келді. Ашулы. Өзіне қызмет қылған дизайнердің үстеліне барып, көзіне көк шыбын үймелетті.
— Неғылған адамсыңдар осы? "Абылай-хан" деп, дефиспен жазуды қашан қоясыңдар? Осы не әдет, не індет??? Дефиспен жазбасаңдар өліп қаласыңдар ма! Айтшы деймін, мүмкін өліп қалатын шығарсыңдар???
— Қайдағыны айтпаңыз аға, — деді дизайнер бұртиып, — өлгені несі. Қазір, түзетіп басып беремін.
Дизайнер Иллюстраторды ашып жіберіп, манағы жасаған буклетіне үңілді. Парақтың етегіндегі мәтінге курсорын апарып, кескінді алты есе үлкейтті. "Абылай-хан" деген сөзді тауып, курсорын дефистен кейін қойып, Backspace пернесін баса бергенде...
Әуелі омыртқасынан ток жүріп өткендей болды. Сосын қолдары тартылып, қанатын бауырына алмақ болған жарғанаттың кейпіне енді. Одан кейін аяқтары бейберекет қалтырай бастады да, ақыры орындықтан етбетінен сүлап түсті. Клиент қарақұсына бармағын тигізіп көріп еді — жүріп кетіпті.
725 адам қалды. Азайған сайын бір күш сезем. Энергетикалық баланс тіктеліп келеді. 351 жазылман қалғанда нирвана арнасына қосылатынымды сезіп тұрмын.
Ертең мен керемет болып кеткесін, басқа арналар да отай бастайды, іххіхіхіхіхі.
— Сендер Асадтың орнында болсаңдар, шындарыңды айтыңдар — биліктен өз еріктеріңмен кетесіңдер ме?
Кеше Таяу шығыс бойынша маман осылай дегенде, студия қонақтары аузын ашпады.
Маман келтірген мәлімет:
Асад — алавиттердің өкілі. Алавиттер бұл аймақта кісінің қоры болған. Оларды сүнниттер де, парсы шиғылар да, христиандар да иттің етінен жек көреді. Олар бұл билікке билік үшін жармасып отырған жоқ. Жай, ертеңіне бәрін бауыздап тастайды, соған ғана жармасып отыр. Бұл ахуалды батыс елдері түріктер арқылы жақсы біледі, бірақ, біле тұра тығырыққа тықты. Аттап шықса Гаагадан бір шығатын болса, биліктен кетсе сол күні әулетімен бауыздалатын болса — адам не істейді?Гуманизм тұрғысынан міңгірлеп отырғандар үндемей қалды, мәз болдым.
Шшс, жігіттер маған ешкім білмейтін құпия айтып жүр деп мәз болып жүрсем, аноним арналардан оқығандарын айтып жүр екен ғой.
"Ошар" агенттігі, Трэшбай Кринжбала хабарлайды:
Тайдың Лопбури қаласы маймылдар қақтығысының алаңына айналды. Маймылдардан тұратын бандылар қаланы өздері билік жүргізетін секторларға қайта бөліп алуға ақтық шайқасқа шықты. Әсіресе туристік аудандар үшін соғыс қатты жүріп жатыр: майсөк жер екенін маймылдар да тамаша біледі. Соның арасында адамдарға пысқырып та жатқан жоқ. "Сендер төлеп келдіңдер және төлей бересіңдер!" деп, адамдарды әлдеқашан орнына қойып, чёрт қылып жіберді. Полиция банды серкелерін дәрімен атып ұйықтатып аулап жүр. Бірақ банды қатары толассыз толу үстінде. Қос бандының мүшелер саны шамамен 3 500 маймылға жетті.
Отарда қашып кеткен маймылдарды тездетіп ұстау керек!
"Ошар" агенттігі, Трэшбай Кринжбала хабарлайды:
Ресейдің Златоуст қаласында сайлау кезінде лотерея ойнатыпты. Ғажабы сол: автомобильді ұйымдастырушының енесі ұтып алыпты. Ал әйеліне тұрмыстық техника бұйырыпты.
Полиция тексеру бастапты дейді, ал ұйымдастырушы мәдениет үйі директоры қызметінен сыйбалсы болыпты.
О шшс, самокаттар шығады екен ғой енді. Біреулер шошайып зымырап бара жатады, күлкілі көрінеді. Биыл түйіп кетсе боқтап қалам деп шештім.
Көшеге шықсам — бәрі менің Сузукиімді мініп алған, оларға "саған жараспайды!" деп айтатын бір адам жоқ🥺 (псиқтің өксіген дауысы)
Менің бала кезімдегі дін — өзіңді бақылау ілімі болатын. Қалай біреуді бақылайтын ілімге айналып кеткенін байқап үлгермедім.
Қызды-қыздымен "мен Зеленскийге былай ақыл айтқан болар едім..." деп қалатын сәттері🙈
Осы қатынның мысалында журналистің ентерлет-медиаға шығып, деградацияға ұшырауын көруге болады.
Юлия мықты жазба журналист еді. Ютіпке шықты да, бәрі құрыды. Журналистігі темекі шегіп, бір бұрышта қала берді.
Көп журналист эксперимент жасап көрмей, бірден стримге шығып кететіні жаман. Қазірде онша емес деп айтатын да дос-жаран жоқ қой, алапат сыйластық заманы.
Есі дұрыс адамда ютіп арна болмауы керек.
Қиын емес, ағайын. Сайтына кіресің, шығасың, кіресің, шығасың, ақыры маркетологиялық иірімге алуды шешіп, осылай сүйек лақтырады.
Зайып алын шығарып фрибет алдым. 30000 КЭФ-ке қойып, аяқ астынан байып кетем, ал сендер қаласыңдар елде, іххіхіхіхіхі.
