en
Feedback
YerlanGo - 44+

YerlanGo - 44+

Closed channel

Ескерту! 44+ контент! Хабарласуға: erekepost@proton.me

Show more
688
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Советтер отағының аяқ кезінде сыртқы істер министрлігі КГБ, ГРУ және т.б. арамтамақ шпиондық ұйымдардың ықпалынан шығуға бет бұрды. 1992 жылы сыртқы істер министрлігі чекистер мен басқа да тоңмойындардың ықпалынан біржола құтылды деуге болады. Алайда 2000 жылдары шпионсымақтар сыртқы істер министрлігін қайтадан басына бастады, ал қазір тіпті совет кезіндегіден де жаман болып кетіпті. Қазақстанның да дипломатиялық корпустарының тым көптігі, қарны қампайған штаты — Ресейдің моделін алғанын көрсетеді дейді қысқақұлақ конспирологтар.

Бұл бес мекенде әлемдегі агентуралардың 80% шоғырланған дейді қысқақұлақ мамандар.

Шпиондар ордаларының рейтингі: 1-орын. Ыстамбұл. 2. Белград. 3. Касабланка. 4. Астана. 5. Мальме. Белград Еуроодақ елдерінен қуылған Ресей дипломаттарының/агенттерінің уақытша аялдау ошағына айналыпты-мыс. Астана да Ресейдің Азия бағытындағы маңызды штабына айналыпты дейді өсектер.

Қатындар "қаралармен бір партада отырмаймыз" деп жатыр. 1963 жыл.
Қатындар "қаралармен бір партада отырмаймыз" деп жатыр. 1963 жыл.

"Ошар" агенттігі, Трэшбай Кринжбала хабарлайды: Wildberries-те тауар сататын бір қатын клиентке тауардың орнына өзінің тыққан-пыққан ақшасын салып жіберіпті. Тауарды жарты жолда ұстап алып үлгеріпті деп жатыр.

#Пси ШҰЛЫҚ Шұлық қат болмаса да қымбаттау заман еді. Тесілгенше киетіндер, тіпті, баяғыша — бөтелкеге кигізіп жамайтындар әлі бар еді. Сол заманда маған кластасым Г. ханым мұңын шақты: — Негізі шұлық жақсы өтеді ше, халық қазір көшеден ала салатын болған. Соған ауысайын десем... — Ие? — Сағитжанның қызы шұлық сатып жүр деп айта ма деп. И, күлмеші, әне, сен де күліп отырсың тіптен, қазақ сол ғой, туууу, күлмеші! — Сонда комбинация, лифчик сатып жүр деген саған қазір жеңіл ме, соған күліп жатырмын. — Енді тұра тұр. Комбинация, лифчик жаққа еркектер кірмейді ғой. Өсек тарататын еркектер емес пе, міне әңгіме қайда жатыр. Не дерімді білмедім. Бірақ, "шұлық сатып жүр" деген шынымен күлкілі, түсінесіз бе?

#Пси СЫПЫРА ЖЫРАУ Толық анархия, бәрі бәрін ұрғаны бар шарада болып көрмесең, Құс жолында бекер не істепжүрсің? Бір оқу орнына әлдекімнің есімі берілетін болып, біздің бастықты шақырыпты. "тәліБ, мен араққа, өмірге, бәріне тойдым, менің орныма сен барасың, біздің атымыздан мына бүркітті апара сал" деп, сервантының қуысында ұмыт жатқан бүркіттің қола мүсінін берді. Шараға барсам — ығы-жығы, айқай-шу, жырқ-жырқ күлкі, келдің-кеттің деп жатқан ешкім жоқ. Қолында қағазы бар бір әйел үстелдерді аралап, сөйлейтін адамдарды әрең тауып алып, микрофон ұсынып жүр. Кезек маған да келді. Мына жердің ботқа болып жатқанын алдымен өзіме дәлелдеу үшін, сандырақ айтып көрмек болдым. — Кешегі Сыпыра жыраулар... — деп бастап едім, залда тыңдап жатқан ешкім жоқ, дым өзгермеді. — ...Одан қалды Ғазиза Жұбановалар, Махамбеттей батырлар... — деп жалғастырдым, бір адамның да жүзінде "причём тут Жубанова, Махамбет, Сыпыра жыйрау?" деген сұрақтың нышаны білінбеді. Себебі есім иесі металлург болған ба, сондай бірдеңе еді. Және жалпы, оқу орны техникалық болатын. Тағы да нағыз сандырақтан жіберейін деп едім, микрофон ұстатып жүрген әйел аяқтай сал, адам көп деген емеурін білдірді. Айтпақшы, бүркітті өзіммен ала кеткенімді үйге жеткенде байқадым.

#Пси ЫРЫМ Шөткені бояуға батырып-батырып алып, штакеттерді бояуды бастай беріп едім, терезеден қарап отырған құдағай: — Иии, сары краскі болмайды, сары деген — сары уайым! — дейд! Оған ана біздікілер, "еее, солай ма?" деп, ауыздарының суы құрып отыр. "Өздеріңнің "жигулиің" неге сары онда?" деп едім, "ол үкіметтен боялып келген, есептелмейд" дейд! Сол жерде рухани банкроттық сезіндім, бірақ коучтардың шығуына әлі 33 жылдай бар еді, сондықтан өз қайғымды өзім көтердім. Коучтар шыққан соң олардың да қайғысын қосып алдым.

#Пси ҚАБЫРҒА Спирт пе, шарап па, әйтеуір канистрге құйып сататын бір бәле алуға барғанда мынадай қызық көрдім. Үй иесі бағаннан келіп тұрған сымды сырықпен салып-салып жібереді де, тың тыңдап тұра қалады. Бірдеңе пытырлаған кезде сарайына қарай жүгіріп барып, қабырғасын алақанымен сабалай бастайды. Сосын сарай ішінде дайындалып тұрған әйеліне: — Бүкілчатіл, бүкілчатіл! — деп жекіреді. Әйелі бірдеңені тықылдата бастайды, бүкілчатілді шығар сол. Бір кезде гүр еткен мотордың дыбысы шығып, канистраға спирт әлде шарап лақылдай бастайды. Мұндай көріністі Дулат Исабеков те ойлап шығара алмас еді.

#Пси ПИРАТТАР Пираттың психологиясын түсініп қалатындай бір оқиға болды. Әуелі біреу: "Алақозы жақта поляктардан қалған үлкен скважина бар. Темір-терсегі ойланбастан отыз тонна шығады, бірақ сексен процентін мен алам, машина иесі жиырма процентін алады" деді. Машинаның иесі шамалы сөйлету үшін: — Қой, өтірік, мен Алақозыны беске білем, — деп еді. Анау: — Бос әңгіме айтып нем бар, міне, — деді де, есеп дәптердің парағын шығарды. Өзінше картаға түсірген екен. Шоқан Уәлиханов көрсе атып тастар еді: бірдеңелерді өзінше ашып жазбай, "С.", "Р.", "Б." деп қойған. Мазаққа, шын айтамын, мазаққа: — Өй, түсіндім, "С." деген сай ғой, жарды жағалап жүре берсек табамыз ғой, — дей салып едім. — Э-э-э, жоғал, бұл менің темірім, менсіз барған адамның үйін өртеп кетем! — деп бақ етті. Сөйтіп, экспедиция жасақтап, төрт пират аттанып кетіп еді. Арал жағынан келген олардан өткен перілер соңғы қалдығын тасып жатқанда жетіпті. Осы жерде атып кетейік пе, әлде қалған темір орнында тұра ма деп, мылтық кезеніпті аралдық пираттар. Пираттықты былай қойғанда, вестерн элементтері де болған сияқты. Шопыр ағайда Клинттен бірдеңе бар да сияқты еді.

Швейцарлар — сандарының орны ауысып кеткен, бірақ сонда да дұрыс жүретін сағат шығарып, сағатсоққан сәнқойлар қауымдастықтары үздігіп, бітіп отыр.

Аутсорсер оңбағандардың істеп жүргені деп... порно көрсетсе. Панельден қарап көрмеппін, қандай болады екен.

#Пси ҰЙҚАС Шарт сонша қиын емес еді. Аулада отырған кемпірге: — Әже-ау! — дейсің. — Ау? — десе: — Дамбалбау! — деп айқайлайсың да, шегің қатып қашасың. Кезекпен айтасың, бата алмай қалсаң — қатын боласың. Жуас әжелер азайып, ойын қиындай берді. Нұрымның кезегі келді. Иттермен сөйлеседі, құс тістеген шөптерден дәрі қайнатады деген ең қорқынышты кемпір соған тап келді. Нұрым бірдеңе күбірлеп дұға қылып алды. — Ә... Әже, — деді дауысы дірілдеп. — Ие?! — деді адуын кемпір. Ұйқасын ойластырмаппыз. Барлық әже тек ау дейді деппіз. Бірақ Нұрым тосылмады. — Же! — деп салды! — Әкел, жей қояйын онда, — деп, тұрқы мыстан кемпірге келетін әже бешпетінің қалтасынан шаппа шығарып, түрегеле бергенде, тым-тырақай қаштық. Қанша жүгіргеніміз есімде жоқ. Тек, ешкім қатын емес, бәріміз мықтымыз деп шешіп, ымырт үйіріле үйге бөлек-бөлек, тығылып қайтқанымыз есімде қалыпты.

#Пси ГАРМОНИЯ Ырғыз тозақбусына отырдым, дәлірегі, отыруға кіргеніммен, тұрдым. Тақырып — қымбатшылық екен. — Удай бағалары, у, у! — деді бір тәте, чили тістеп қойған кісінің кіжінген кейпімен. — Айтпа! Төрт түйірін өлшетсем — екі жүз теңге деп, қарааап тұр! — Мынаны қараңдар сендер одан да! — деді бір әже хабарландыруға сапталған дауыспен, — мына үш метр шүберекті алты жүзге алып келе жатырмын, ал сендерге керек болса! Мәңгіріп тұрғаныммен, мұның рөлдік ойын екенін аңғардым. Себебі, еркектің әңгімеге араласуы әлі де ерсі заман болса да, сөмкелерінен сондай бір еппен отырғыш жасап алып отырған шал да араласып кетті: — Қараңдаршы мынаны! Алдында, төрт мың теңгеге мына қорапты бетіне дейін сықитып алатынмын! Қадір ортасынан сәл асып тұр! Астапыралла, халық қалай күн көреді-ей! — Шырпы... — дедім мен де имене. Бекер айттым: бәрі аузыма қарап қалыпты. — Шырпы да екі теңге қазір... — дедім зорлана. — Иә, бір теңгеге түк келмейді қазір! — деп қостады жаңағы шал, — бала, сен ыңғайын тауып, менің қасыма сыйысып отырып алсайшы! Тозақбуста енді гармония орнады, бәріміз бір толқында екенімізді сезіп келе жаттық. Бірақ шырпы бес жылдан бері екі теңге болатын.

Жүз жылдан кейін ентерлет-археолог мұны: "еее, жан-жағына қарап тұрған кезде су астынан шыққан екен ғой" дейді.
Жүз жылдан кейін ентерлет-археолог мұны: "еее, жан-жағына қарап тұрған кезде су астынан шыққан екен ғой" дейді.

#Пси #Kafka ПІЛЕШ Саусақ сыймайтын жерге қолыңды тықсаң әлегі көп. Оңдап-жөндеуді армандауды қойып, қолыңды аман-есен алып шығуды ғана ойлайсың. Қақпағын ашуға әлде ерініп, әлде уақыт болмай, әлдебір жабдықтың ішінде бір қуыста қаңғып жүрген кәбілді аламын деп тыққан қолымның енді өзін шығару мұң болып жатқан. - Әлгі, пілешті таптың ба... - деді біреу артымнан. Шошып кеттім. Гүлмайдан апай екен. - Не пілеш? Ееее! Алыс-беріспен шауып жүргенде, менде екі гигалық флэші кетіп қалған еді. Үш жыл бұрын. Содан басталған сага бұл. Алғашқы аптада сұрағанында, үйде бір жерде жатқанына сенімді болып, әкеліп беремін дедім. Ішінде әлдеқандай бір құжатыңыз бар ма еді, таксимен үйге барып келейін онда дедім. Жоқ деді. Келесі айда сұраған кезінде жоғалтқанымды, дәлірегі үстелімнен қолды болғанын түсіндім. Сатып алып берейін жаңасын дедім. Жоқ, табылса әкеліп берерсің деді. Жарынның бірінші жарты жылдығында сұрағанда - ол жоқ, жоғалды, бітті дедім. Кесемін десеңіз міне айлық - я жаңасына ақы ұстап қалыңыз, я өзім әкеліп берейін дедім. Сонда барып нақ сол флештің неге ыстығын түсіндіргендей болды. - Литвадағы қызымның әкеліп бергені ғой, - деді. Сұрастырып білсем, ол қызы тірі болып шықты, қуандым. Әйтпесе қалған жалғыз естелігін құрттым ба деп қорыққам. - Жаңасын сатып алып берейін, - дедім, - біреудің затын жоғалтпаушы едім, мынауым енді, кәдімгідей ұят болды. Алдына бастау, артына қосағымен берсем өкпелемейді ғой деп ойлаймын да баяғы. - Жоқ, табылса дегенім ғой, табылса деймін, - деді. Келесі жарты жылдықта сұраған кезде ақталуды да құп көрмедім. Таппадым деп едім, үндемей кетіп қалды. Содан арада жылдан астам уақыт өткен. Бірде, алқаш әріптесімнің (сәйкесінше, ол да өзін мөлшерімен ішемін деп есептеп, керісінше мені алқаш дейді) үйінде сыралатып отырып, кәкір-шүкір қорабынан екі гигалық флэш көріп қалдым да, қолды қылдым (сұрауға да болмас па еді деген кісілік парасат бүгіндері ғой туып жатқаны). Енді сұраса деп, әлгі тобық ойнайтындар сияқты жан қалтамнан тастамай жүрдім. ...- Ееее! Қазір апай! Бос қолыммен жан қалтамнан ұрлық флэшті алып бере қойдым. - Сол пілеш пе, - деді апай селсоқ қана. - Дәл өзі. Пеналдың ішінде жүр екен. Неғып қарамағанымды... - Ол пілеш емес, - деді сонда апай! Сонда басымның істеп кеткені. - Дәл өзі апай! Бұл заманда 8 гигадан төмен флэш жоқ. Дұрыстап қараңыз! - Сол пілеш екен, - деді апай. ...Әлі күнге дейін бірдеңені беріліп кетіп шұқып жатқан кезде, артымда сол тұрған жоқ па деп дір ете қалам...

photo content

#Пси ҚЫРСЫҚ - Мен білсем - "і" әрпі керек емес, - деді Замат көке төмендегі жұмысшыға. - Зама, сен бірдеңе білсең алпыс жасқа дейін осы жұмыста жүресің бе, айтшы? - деп кекетті төмендегі. Пластиктен ойылған "і" әрпін Заматқа тез алшы дегендей сұққылай берді. - Не болды? - деді Замат көке "і" әрпін алып жатып, - жай айтып жатырмын. Жоқ, тұра тұршы... - Не болды? - деді енді жұмысшы. - Кім болсам да қазақтығымды ешкім алып қоймаған болар? Дұрыс емес бұлай! "Дүкені" емес, тек "дүкен" болады, бітті! Неге ілмедіңдер десе, Замат көке айтты де! Қолыммен істемегенімді мойныммен көтеремін! Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден! Ілмеймін, бітті! Кенеттен рухтану жақсы-ау. Әйтеуір фильмдерде абырой әкеліп жатады ғой. Өткен-кеткенді бір айтып өтіп, ақырған кезде өзіңнен он есе көп жау тым-тырақай қашып жатады. Бірақ Заматтың рухтануы - ем қонып, жазылып кетті деп жүрген ертедегі демікпесін қайта оятқандай болды. Аузын балықша ашып-жапқанға бірдеңе айтады екен деп қарап тұрған жұмысшы жағдайды кеш түсінді. Замат көке "і" әрпін құшақтаған күйі теңселіп тұрды да, баспалдақтан бетон табалдырықты баспен сүзе құлады. - Джап-джас кісі, өлді де қалды - деді Тараздан өткен айда көшіп келген жедел жәрдем медбикесі, - каска, каска қайда, блин. Но, бывает.

Герман азық-түлік министрі Джем Өздемір дұрыс тамақтың құрамын жариялапты. Өздемір - жасылдардан. Ендеше, ет бұрынғыдан да азайып кеткен. Христиан-демократтар "ақыры тамақты өзінің саяси көзқарасына келтіргені көрініп тұр" дейді. Экологтар жақсылап бір таяқ жейін деп жүр қай жерде де.

#Пси КЕСІР Жаңадан келгенде білгірлікпен бір тұқыртып алмасаң болмайды бұл жастарды. Алғашқы екі күнде олардан артық білетінің анық екенін көрсетуің керек; сенің қасыңда қоңыз, тіпті құмырсқа екенін сезіндіруің керек. Сонда барып — жыл бойы тыпыршымай отыратын, аузыңды баққан оқушыларға жарисың. Әйтпесе үш тоқсан да салғыласумен өтеді. Өмір бойы сағат сияқты жұмыс істеп келе жатқан бұл ережені, тағдырдың айдауымен Сайлент Хилл орта мектебіне мұғалім болып келіп жатқан Нәзипа апай еш ұмытқан емес. Сосын ба, құраған сөйлемдерін тақтаға жазып жатқан оқушының қатесі көп болуын тілеп отырды. Ал оқушы сөйлемді "айту керекпіз" деп аяқтағанда, құдайы берді. Дереу тақтаға жетіп барып: — Түүүу, неткен сауатсыз сынып едіңдер! Дөрекі қате! "Айту керекпіз" емес, "айтуымыз керек"! Үстемдігін нықтау ниетімен қате сөзді қызғылт борымен айқыштап тұрып осып-осып жіберді. Сосын салтанатпен балаларға бұрылып еді. — Апай, не істедіңіз сіз???!!! Апай, бұл Сайлент Хилл ғой, апай, не істегеніңізді білесіз бе!!! Дереу күн бұзылып, дауыл басталды да, бөлменің желдеткіші ашылып кетті. Әлдебір қара бұлт тура терезенің алдына үйіріліп, Нәзипа апайды сора бастады. Ыдырауы аяқ жағынан басталды. Денесі алдымен елеске, сосын қара түтінге айналып, азынаған бұлтқа барып қосылып, Нәзипа апай сыныптың көз алдында азайып бара жатты. — Секси болғасын ақылды деп ойлағам, — деді бұйрабас зәңгі бала, — өкінішті. Сыныптастары мырс етті де, ұлдар мен қыздар жаппай сүйісуге кірісіп кетті...