en
Feedback
YerlanGo - 44+

YerlanGo - 44+

Closed channel

Ескерту! 44+ контент! Хабарласуға: erekepost@proton.me

Show more
688
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Тоғызқұмалақтың төртқұмалақ түрі бар екен, бұл — ойын жеңілірек болады деген сөз бе?

Мәтінді жастарға бейімдеу туралы не ойлайсыңдар? Әңгімені жастардың тіліне бейімдеу керек пе, әлде жастар өздері түсінуі тиіс пе?

Сомерсет Моэмнің аудиокітабын тыңдап, ішім пысып өліп қала жаздадым. Ескерту: бағам емес, маған әсері ғана. Тиви жоқ замандағы шығармалар бәрібір біздің заманға, әсіресе зумерлерге келмейтін сияқты. Ескерту: тек сияқты.

Кеше, саусақ ізінің сонша ерекше болатыны күмәнді деген ақпар шықты. Түнімен жазықсыз дарға тартылғандар мен атылғандардың елестері маза бермей шықты. Жайлы жатып, шошып ояныңдар.

Тоғызқұмалақта да біреулердің ойынын қарап отырып эстетикалық ләззат алу бар ма?

Тоғызқұмалақта да Гата Камский сияқты үйсіз-күйсіз шетелде қаңғып жүрген тұлғалар бар ма?

Тоғызқұмалақта да Боб Фишер сияқты сыйыспайтын тұлғалар бар ма, мысалы, қызығы кетті, реформа жасау керек деп жүрген?

Тоғызқұмалақта қарау жасау, мысалы құмалақ жеп қою сияқты

"Саяси болжам" дегенге бала кезден күлкім келеді. Мен оқығандардан дәл болжам жасаған тек осы Фердинанд Фош екен. Ол 1919 жыл
"Саяси болжам" дегенге бала кезден күлкім келеді. Мен оқығандардан дәл болжам жасаған тек осы Фердинанд Фош екен. Ол 1919 жылы Версаль бейбіт келісіміне қол қойып шыққасын: Қой шшс, бұл еш бейбіт келісім емес, жиырма жылдан кейін тағы соғысамыз деген екен. 1939 жылы екінші дүниежүзілік басталды (қытайлар 1937-ден, тітпі 35-тен бастай ма деймін). Әне, көрегендік сондай болуы керек. Тәжірибеден қасқыр түйсік қалыптасқан жандар ғой, қазір ондайлар жоқ.

Бұл — болгар халқының ғасыры. Осы сөзді бір жерге сақтап қой.

Тоғызқұмалақ ойнау білесің бе?
Anonymous voting

704 жазылушы қалды. Кәдімгідей жақсы болып келе жатырмын. Ас бойға тарап, күш-қуат сезетін болдым. Кейде көзілдірігімді тастап жүре беретінді шығарғанмын ба. 351 жазылушы қалса келіншектерге ұстатпай кететінімді сезіп отырмын.

Кейде қуыс-қуыста "баяғы емендер тірі болғанда Ресейдің соғысын қолдар ма еді?" деген — абырой бермегенмен қызық сұрақ қойылып жатады. Таң қалғаным, Высоцкий мен Цойды мақтабас болып кетуі мүмкін деушілер баршылық.

Чёрттың фильмдері жақсы еді, амал не.

Әмір Кустурица чёрт болып шықты.

#СуЖаңаТарих Бұрын біз әнді нашар салған адамға қарағым, қораңа қайт деп айта беретінбіз. Біз олай зұлымдықтан айтпайтынбыз, әнші де түк ренжімейтін. Өзінің талантының барар жерін біліп, әрі кеткенде өзіне қайым тауықтардың ортасында ғана қыт-қыттайтын. Сосын 1996 жыл келді. Шерр деген қатын "Белив бірбәле" деген әнін шығарды. Шығарғанда, бұқаралық құсық әнге алғаш рет автотюн технологиясын қолданды! Енді електроника ешкібақылды жоғары нотаға өзі апарып тастайтын болды! Сол-ақ екен, эстрадаға жын-жыпыр лап қойды! Екранның шаршы миллиметріне қырық нұртас пердешовтен келетін заман туды! Содан, өлмей жүрміз әлі. Менің кәрі сүйектерімді салдырлатып әңгіме сұрағанды қашан қоясыңдар осы?! https://youtu.be/nZXRV4MezEw?si=ZJ7NALLQXYEc_AzT

Тәжік бауырларға қиын болып тұр. Ресей "тәжік-террорист" деген дискурсты біржола дәріптеуге көшсе, бүгін Түркияда, Иранда дәйіш содыры деген күдікпен тағы да тәжіктер ұсталды.

Су тасқынының рухани аспектілері.
Су тасқынының рухани аспектілері.

Ертең, "алғашқы неке түндерің көз алдымызда өтсін" дейтін болады қоғам. Жақсы ма, жаман ба, білмеймін. Біздің жағдайда жақсы шығар.

Лайв-сот халыққа ұнады. Медиа өмірдің барлық саласын жеміріп барады.