303
Subscribers
No data24 hours
-27 days
-530 days
Data loading in progress...
Similar Channels
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
July '26
July '26
+1
in 0 channels
June '26
+2
in 0 channels
Get PRO
May '26
+197
in 0 channels
Get PRO
April '260
in 0 channels
Get PRO
March '26
+117
in 3 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 16 July | 0 | |||
| 15 July | 0 | |||
| 14 July | 0 | |||
| 13 July | 0 | |||
| 12 July | 0 | |||
| 11 July | 0 | |||
| 10 July | 0 | |||
| 09 July | 0 | |||
| 08 July | 0 | |||
| 07 July | +1 | |||
| 06 July | 0 | |||
| 05 July | 0 | |||
| 04 July | 0 | |||
| 03 July | 0 | |||
| 02 July | 0 | |||
| 01 July | 0 |
Channel Posts
Сіздерге Ислами қаржы және экономикасы бойынша қандай тақырыптар қызық?
Немесе басқа қандай сұрақтарыңыз бар? Сұрақ/жауап айдарын өтейік пе?
| 2 | WAQF
Ислам тарихында мектептер, ауруханалар мен кітапханалардың қалай салынғанын білесіз бе? Олардың басым бөлігі Уақып жүйесі арқылы жұмыс істеген. Бүгінде бұл жүйе заманауи Ислам экономикасында қайта жаңғырып келеді.
Уақып деген не?
Уақып — бұл жеке мүлікті (ғимарат, жер, ақша немесе акция) иеліктен шығарып, оны қайтарып алу немесе сату құқығынсыз, мәңгілікке қоғам игілігіне арнау.
Қысқаша айтқанда: Мүлік — Алланың иелігінде, ал оның жемісі мен пайдасы — адамдардың игілігінде.
Уақып қалай жұмыс істейді?
Елестетіңіз, кәсіпкер өзінің бизнес-орталығын Уақып ретінде қалдырды:
Ғимарат сатылмайды және мұраға қалмайды.
Оны жалға беруден түскен барлық пайда жетімдерге, білім беруге немесе мешіттерді ұстап тұруға жұмсалады.
Кәсіпкер дүниеден өтсе де, сол ғимарат тұрғанша оған үздіксіз сауап барып тұрады.
Заманауи Уақып түрлері:
🟡Ақшалай уақып (Cash Waqf): Қаржы жиналып, инвестицияланады, ал одан түскен пайда әлеуметтік жобаларға жұмсалады.
🟡Корпоративтік уақып: Компанияның акцияларын уақыпқа беру.
🟡Интеллектуалдық уақып: Тегін білім беру платформалары мен технологиялар.
Неліктен бұл маңызды?
✅ Тұрақтылық: Бұл бір реттік көмек емес, өзін-өзі қаржыландыратын жүйе.
✅ Қоғамдық әділдік: Байлықтың тек бір топтың қолында шоғырланбай, халыққа қызмет етуін қамтамасыз етеді.
✅ Садақа-и жария: Адам өлгеннен кейін де тоқтамайтын «үздіксіз садақа». | 0 |
| 3 | Бизнесте зекетті қалай есептейді? (Кәсіпкерлерге нұсқаулық)
Бизнес — бұл тек пайда табу емес, сонымен қатар үлкен әлеуметтік жауапкершілік. Кәсіп иесі үшін зекет есептеудің жеке тұлғаларға қарағанда өз ерекшеліктері бар.
Егер сіздің бизнесіңіз болса, зекетті төмендегі «Зекет формуласы» бойынша есептеңіз:
1️⃣Неден зекет есептеледі? (Активтер)
🟡Айналымдағы тауарлар: Қоймадағы және сөредегі сатуға арналған барлық тауардың көтерме (оптовый) бағасы.
🟡Кассадағы және шоттағы ақша: Бизнестің операциялық шығындарына арналған және жиналып тұрған қаражаты.
🟡Дебиторлық қарыздар: Клиенттеріңіздің сізге қайтаруы тиіс (сенімді) қарыздары.
2️⃣Неден зекет есептелмейді? (Негізгі құралдар)
🟡Бизнесті жүргізуге арналған жылжымайтын мүлік (кеңсе, қойма, зауыт ғимараты).
🟡Құрал-жабдықтар, станоктар, техникалар.
🟡Бизнеске қызмет ететін автокөліктер.
🟡Кеңсе жиһаздары мен кеңсе техникасы.
3️⃣Шығындарды шегеру (Міндеттемелер)
Жалпы активтерден мыналарды алып тастайсыз:
🟡Өнім берушілерге (поставщиктерге) төленуі тиіс қарыздар.
🟡Жұмысшылардың жалақысы (егер төлеу мерзімі келсе).
🟡Жалдау ақысы және коммуналдық төлемдер.
🟡Салықтар.
📝Практикалық мысал:
Сіздің киім дүкеніңіз бар делік:
Қоймадағы тауардың көтерме құны: 10 000 000 тг.
Банк шотындағы ақша: 2 000 000 тг.
Жеткізушілерге қарыз: 1 500 000 тг.
Есептеу:
(10,000,000 + 2,000,000 - 1,500,000) * 2.5% = 262,500тг
ЕСКЕРТУ
📍 Таза пайда емес: Зекет тек таза пайдадан емес, айналымдағы тауар мен ақшаның қосындысынан есептеледі.
📍 Бағалау: Тауардың бағасы ол сатып алынған бағамен емес, зекет есептеген күнгі нарықтағы көтерме құнымен бағаланады.
📍 Ортақ бизнес: Егер бизнесте серіктестер болса, әркім өз үлесіне қарай зекет төлейді. | 0 |
| 4 | Зекетті қалай есептейді?
Көпшілігіміз «Зекет беруім керек пе, жоқ па?» және «Қанша сома шығаруым қажет?» деген сұрақтардың алдында қаламыз. Келіңіздер, мұны бірге есептеп көрейік.
Зекет есептеудің 3 негізгі қадамы бар:
1️⃣Нисап мөлшерін анықтау
Нисап — зекет беруді парыз ететін ең төменгі байлық мөлшері. Бұл мөлшер 85 грамм алтынның нарықтағы құнымен есептеледі.
Мысалы: Егер 1 грамм алтын 42 300тг болса, онда Нисап мөлшері:
85гр * 42,300 ≈ 3,600,000тг
Егер сіздің жинаған ақшаңыз осы сомадан асса және ол сізде бір жыл бойы сақталса — сізге зекет беру парыз.
2️⃣Зекетке жататын активтерді қосу
Төмендегі мүліктердің құнын қосыңыз:
🟡Қолма-қол ақша (үйдегі және банктегі, соның ішінде карточкадағы ақша).
🟡Алтын мен күміс (сәндік бұйымдар немесе құймалар).
🟡Инвестициялар (сату үшін алынған акциялар, криптоактивтер).
🟡Қайтарылуына сенімді қарыздар (біреуге қарыз берсеңіз және ол жақын арада қайтаратыны анық болса).
❌ Назар аударыңыз: Өзіңіз тұратын үй, мінетін көлік, күнделікті пайдаланатын құрал-саймандар мен киім-кешектен зекет есептелмейді.
3️⃣Қарыздарды шегеру және 2.5% есептеу
Жинаған сомаңыздан дәл қазіргі уақытта қайтаруыңыз тиіс қарыздарды (мысалы, осы айдағы несие төлемі немесе біреуден алған қарыз) алып тастайсыз. Қалған соманы 0.025-ке көбейтесіз (немесе 40-қа бөлесіз).
📝Нақты мысал:
Сіздің жағдайыңыз:
Жинақ ақша: 4 000 000 тг
Алтын бұйымдар: 500 000 тг
Қайтаруыңыз тиіс қарыз: 200 000 тг
Барлығы: 4,300,000 тг.
Есептеу:
4,300,000 * 2.5% = 107,500 тг
Сіздің биылғы зекетіңіз — 107 500 тг.
Зекетті қашан беру керек?
Зекет беру үшін Рамазан айын күту міндетті емес. Сіздің байлығыңыз Нисап мөлшеріне жеткен күннен бастап тура 1 жыл (ай күнтізбесімен 354 күн) өткенде зекет беру уақыты келеді. | 0 |
| 5 | Зекет — байлықтың салығы емес, берекесінің кілті!
Исламның бес парызының бірі — Зекет. Көбіне біз оны жай ғана «мұқтаждарға берілетін көмек» деп түсінеміз, бірақ зекеттің экономикалық және рухани маңызы бұдан әлдеқайда терең.
Зекет деген не?
Сөзбе-сөз мағынасы «тазарту» және «өсу» дегенді білдіреді. Демек, зекет беру арқылы сіз:
Өз малыңызды (табысыңызды) күмәнді нәрселерден тазартасыз.
Қалған дүниеңіздің өсуіне және берекесіне жол ашасыз.
Экономикада ақша бір қолда жиналып қалса, нарық тоқырайды. Зекет — капиталды қозғалысқа келтіретін құрал. Ол бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты азайтып, қоғамда ақша айналымын жақсартады. Бұл — мемлекеттік салық емес, бұл — әлеуметтік әділдік.
Зекетті кім береді? (Негізгі талаптар):
🟡Мұсылман болуы: Зекет — құлшылықтың бір түрі.
🟡Нисап мөлшері: Адамның негізгі қажеттіліктерінен (үй, киім, тамақ, көлік) артық, белгілі бір мөлшердегі байлығының болуы.
🟡Толық иелік ету: Мал-мүлік өз иелігіңізде және еркін қолданыста болуы тиіс.
Бір жыл толуы: Сол байлықтың сіздің қолыңызда тұрғанына ай күнтізбесі бойынша бір жыл толуы керек.
Зекеттің пайдасы:
✅ Сараңдықтан құтқарады: Адамның дүниеге деген тым қатты құмарлығын тежейді.
✅ Қоғамды сауықтырады: Кедейлік пен қылмыстың азаюына тікелей әсер етеді.
✅ Табысты еселейді: «Зекет берумен мал азаймайды» деген хадис — әрбір мұсылман кәсіпкердің басты ұстанымы.
Зекет — бұл біздің мұқтаждарға жасаған жақсылығымыз емес, бұл — мұқтаждардың біздің мал-мүлкіміздегі ақысы. | 0 |
| 6 | 5. Серіктестік келісімшарттарында пайда қалай бөлінуі тиіс? | 0 |
| 7 | 4. Кемитін Мушарака (Diminishing Musharakah) көбіне қай салада қолданылады? | 0 |
| 8 | 3. Мудараба келісімшартында кәсіпкер (Мудариб) өз үлесін немен қосады? | 0 |
| 9 | 2. Мушарака келісімшартының Мударабадан басты айырмашылығы неде? | 0 |
| 10 | 1. Мудараба келісімшартында шығын (зиян) болған жағдайда, қаржылық шығынды кім көтереді? | 0 |
| 11 | Мудараба: Капитал мен еңбектің одағы
Мудараба — бір тараптың капитал (ақша) беруімен, ал екінші тараптың сол капиталды басқарып, кәсіп жүргізуімен сипатталатын сенімгерлік серіктестік.
Тараптардың рөлі:
1️⃣Рабб-үл-Маль (Инвестор): Қаржыландыруды толық өз мойнына алады. Ол бизнестің ішкі жұмысына араласпайды, тек нәтижені бақылайды.
2️⃣Мудариб (Кәсіпкер/Басқарушы): Өз білімін, уақытын және еңбегін салады. Бизнесті толық басқарады.
Пайда мен шығын қалай бөлінеді?
🟢Пайда: Таза табыс алдын ала келісілген пропорция бойынша бөлінеді (мысалы, 70/30 немесе 60/40). Бұл жерде пайыз ақшаға емес, нақты пайдаға негізделеді.
🟢Шығын: Егер бизнес шығынға ұшыраса, қаржылық зиянды тек Инвестор көтереді (себебі ол капитал иесі). Ал Кәсіпкер өз еңбегінің жанбағанымен, уақытының босқа кеткенімен тәуекел етеді (егер оның тарапынан салғырттық немесе келісімшартты бұзу болмаса).
Бұл қай жерде қолданылады?
🟢Исламдық депозиттер: Сіз банкке ақша саласыз (Инвестор), банк ол ақшаны кәсіпке салады (Мудариб). Түскен пайданы екеуіңіз бөлісесіздер.
🟢Венчурлік инвестициялар: Стартаптар мен жаңа жобаларды қаржыландыруда таптырмас құрал.
Неге бұл әділ?
Дәстүрлі жүйеде банк ақша берген соң, бизнесіңіз жүрсе де, жүрмесе де өз пайызын талап етеді. Ал Мударабада инвестор мен кәсіпкер бір қайықта. Бұл жүйе инвесторды тек сенімді әрі пайдалы жобаларды таңдауға, ал кәсіпкерді барын салып жұмыс істеуге ынталандырады.
Мудараба — бұл тек қана пайданы емес, жауапкершілікті де бөлісе білетін, адамдар арасындағы сенімге негізделген нағыз исламдық серіктестік үлгісі. | 0 |
| 12 | Мушарака: Бірлескен табыс пен ортақ тәуекел
Мушарака — екі немесе одан да көп тараптың (мысалы, кәсіпкер мен банктің) капиталмен бірігіп, жаңа бизнес ашуы немесе жұмыс істеп тұрған жобаны дамытуы туралы келісімшарт. Мұнда тараптар тек пайданы ғана емес, тәуекелді де бірге бөліседі.
Ол қалай жұмыс істейді?
1️⃣Капитал: Әрбір серіктес жобаға ақшалай немесе активтер түрінде үлес қосады.
2️⃣Басқару: Серіктестер бизнесті бірге басқара алады немесе бұл міндетті біреуіне сеніп тапсырады.
3️⃣Пайда: Түскен таза пайда алдын ала келісілген пропорция бойынша бөлінеді (міндетті түрде капитал үлесіне тең болуы шарт емес).
4️⃣Шығын: Егер бизнес зиян шексе, шығын тараптардың қосқан капитал үлесіне қарай қатаң бөлінеді. Бұл — әділдіктің басты шарты.
Мушараканың түрлері:
🟢Тұрақты Мушарака: Серіктестік жоба аяқталғанша немесе компания тарағанша өз үлестерін сақтайды.
🟢Кемитін Мушарака (Diminishing Musharakah): Көбіне үй алуда қолданылады. Клиент банктің үлесін біртіндеп сатып алады, соңында мүлік толықтай клиенттің иелігіне өтеді.
Неге бұл кәсіпкерлер үшін тиімді?
Дәстүрлі несиеде банкке сіздің бизнесіңіздің табысты болуы маңызды емес — сіз бәрібір пайыз төлеуге міндеттісіз. Ал Мушаракада банк сіздің серіктесіңіз. Ол бизнестің өркендеуіне тікелей мүдделі, себебі ол тек нақты пайда болғанда ғана табыс табады.
Мушарака — бұл "ақша беріп, пайыз күту" емес, бұл — жауапкершілік пен табысты ортақ бөлісу. Бұл жүйе нақты экономиканы дамытуға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. | 0 |
| 13 | 5. Салам келісімшарты дұрыс болуы үшін қай шарт міндетті түрде орындалуы тиіс? | 0 |
| 14 | 4. Ислам банктерінде Мурабаха келісімшарты бойынша төлем кешіктірілсе, неге өсім (несие пайызы сияқты) қосылмайды? | 0 |
| 15 | 3. Құрылысы басталмаған нысандарды немесе жасалуы керек арнайы техниканы қаржыландыруда қай келісімшарт түрі қолданылады? | 0 |
| 16 | 2. Салам келісімшартының Мурабахадан басты айырмашылығы неде? | 0 |
| 17 | 1. Мурабаха келісімшартының негізгі мағынасы қандай? | 0 |
| 18 | Сәләм: Ауыл шаруашылығы мен өндірісті қолдау құралы 🌾
Сәләм — тауардың ақысы келісімшарт жасалған сәтте толық алдын ала төленіп, тауардың өзі нақты белгіленген болашақ мерзімде жеткізілетін сауда түрі.
Ол кімге тиімді?
🟢Сатушыға (Кәсіпкерге/Диқанға): Өз жұмысын бастау үшін (тұқым алу, жанармай, жұмысшылар ақысы) жедел айналым қаражатына ие болады.
🟢Сатып алушыға (Инвесторға): Тауарды алдын ала төлем жасағаны үшін нарықтық бағадан арзанырақ бағамен алу мүмкіндігіне ие болады.
Саламның маңызды шарттары:
1️⃣Толық төлем: Сатып алушы ақшаны келісімшартқа қол қойғанда бірден, толық көлемде төлеуі тиіс.
2️⃣Нақты сипаттама: Тауардың сапасы, саны, салмағы мен түрі ешқандай белгісіздік (гарар) болмайтындай етіп нақты жазылуы керек.
3️⃣Нақты мерзім: Тауардың қай күні және қай жерде жеткізілетіні алдын ала белгілі болуы шарт.
Бұл құрал қайда қолданылады?
Негізінен ауыл шаруашылығында (егін жинауға дейін қаржы алу) және стандартталған тауарларды жаппай өндіру саласында кеңінен қолданылады.
Дәстүрлі жүйеде диқандар көбіне пайыздық несиеге байланады. Ал Сәләм келісімшарты кәсіпкерге қарызға батпай, өз өнімін алдын ала сатып, шаруасын дөңгелетуге мүмкіндік беретін әділ балама болып табылады. | 0 |
| 19 | Истисна: Болашақтағы затты бүгін қаржыландыру
Истисна — тапсырыс бойынша бір затты дайындау немесе құрылыс жүргізу туралы келісімшарт. Сіз сатушыға (өндірушіге) нақты сипаттамалар бойынша тауар жасап беруді тапсырасыз, ал ол оны белгілі бір мерзімде дайындап беруге міндеттенеді.
Бұл құрал қай жерде қолданылады?
🟢Құрылыс: Салынып жатқан үйден пәтер сатып алу (ЖК).
🟢Өндіріс: Арнайы техника, зауыт жабдықтарын немесе жиһаз жасату.
🟢Инфрақұрылым: Жол, көпір немесе ғимараттар салу жобалары.
Истиснаның негізгі шарттары:
1️⃣Нақты сипаттама: Жасалатын заттың материалы, көлемі, сапасы мен ерекшеліктері бүге-шігесіне дейін жазылуы тиіс.
2️⃣Мерзімі: Тауардың қашан дайын болатыны нақты белгіленуі керек.
3️⃣Төлем икемділігі: Мурабахадан (тауарды бірден сатып алу) айырмашылығы — мұнда ақысын алдын ала толық төлеуге, бөліп төлеуге немесе тауар біткенде төлеуге болады.
Неге бұл маңызды?
Дәстүрлі жүйеде «жоқ затты сату» қауіпті деп саналса, Ислам құқығында Истисна өндірісті дамыту және құрылыс саласын қаржыландыру үшін ерекше рұқсат етілген құрал болып табылады. Бұл кәсіпкерлерге капитал табуға, ал сатып алушыларға қажетті мүлікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. | 0 |
| 20 | Мурабаха
Бұл — тауарды үстеме ақымен (маржамен) бөліп төлеуге сату-сатып алу келісімшарты. Мұнда банк ақша бермейді, ол сізге қажетті нақты тауарды сатып алып береді.
Ол қалай жұмыс істейді?
🟡Сіз өзіңізге қажетті тауарды таңдайсыз (көлік, пәтер немесе техника).
🟡Банк бұл тауарды сатушыдан (автосалон немесе дүкеннен) өзі сатып алады.
🟡Банк тауардың үстіне өз пайдасын (үстеме ақысын) қосады.
🟡Сіз тауарды банктен бөліп төлеуге сатып аласыз.
Кредиттен басты айырмашылықтары:
✅ Ақша емес, тауар. Несиеде банк сізге ақша береді және ол ақшаны пайызбен қайтаруды талап етеді (бұл — риба). Мурабахада банк сауда жасап, тауар сатады.
✅ Баға өзгермейді. Келісімшартқа қол қойылған сәтте тауардың соңғы құны бекітіледі. Егер сіз төлемді кешіктірсеңіз, қарыз соммасы үстіне пайыз қосылып өсе бермейді.
✅ Нақты актив. Мурабаха тек нақты, шариғатқа қайшы келмейтін тауарларға ғана жасалады. "Ауадан" ақша жасау мүмкін емес.
Неге бұл маңызды?
Ислам дінінде ақшадан ақша жасау (пайыз алу) — харам, ал сауда жасап пайда табу — халал. Мурабаха — бұл банктің сізге жасаған қызметі (тауарды сатып алу, жеткізу, тәуекелді бөлісу) үшін алған әділ пайдасы. | 0 |
