Asaiyn Baikhanov
Open in Telegram
Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі Асаин Куандыкович Байханов Аким Павлодарской области
Show more1 255
Subscribers
-224 hours
+37 days
+830 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+10
in 0 channels
August '26
+51
in 0 channels
Get PRO
July '26
+54
in 0 channels
Get PRO
June '26
+53
in 0 channels
Get PRO
May '26
+52
in 0 channels
Get PRO
April '26
+35
in 0 channels
Get PRO
March '26
+58
in 0 channels
Get PRO
February '26
+35
in 0 channels
Get PRO
January '26
+61
in 1 channels
Get PRO
December '25
+61
in 0 channels
Get PRO
November '25
+61
in 0 channels
Get PRO
October '25
+36
in 0 channels
Get PRO
September '25
+33
in 0 channels
Get PRO
August '25
+45
in 1 channels
Get PRO
July '25
+41
in 1 channels
Get PRO
June '25
+30
in 0 channels
Get PRO
May '25
+39
in 0 channels
Get PRO
April '25
+31
in 0 channels
Get PRO
March '25
+22
in 0 channels
Get PRO
February '25
+17
in 0 channels
Get PRO
January '25
+36
in 0 channels
Get PRO
December '24
+59
in 1 channels
Get PRO
November '24
+32
in 0 channels
Get PRO
October '24
+70
in 3 channels
Get PRO
September '24
+56
in 0 channels
Get PRO
August '24
+34
in 0 channels
Get PRO
July '24
+52
in 1 channels
Get PRO
June '24
+53
in 1 channels
Get PRO
May '24
+35
in 0 channels
Get PRO
April '24
+157
in 7 channels
Get PRO
March '24
+70
in 0 channels
Get PRO
February '24
+670
in 2 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 09 September | +2 | |||
| 08 September | +1 | |||
| 07 September | +1 | |||
| 06 September | 0 | |||
| 05 September | +1 | |||
| 04 September | +3 | |||
| 03 September | +2 | |||
| 02 September | 0 | |||
| 01 September | 0 |
Channel Posts
Ақсу қаласына бардым. Келер жылы қаланың жағалауын абаттандыруды көздедік. Бұған дейін жоба әзірлеуді тапсырған едім, бүгін нысанға барып, жобаны тағы бір рет жан-жақты талқыладық.
Бұл заманауи қоғамдық кеңістік болады. Мұнда сахна, food-зона, спорт алаңдары және абаттандырылған жағажай қарастырылған. Жобаны қазан айының соңына дейін пысықтап, бюджет комиссиясының қарауына ұсынуды тапсырдым.
Одан кейін Дөнентаев, 44 көшесіндегі үйдің құрылысын тексердім. Жосықсыз мердігер ауысқаннан кейін жұмыстар қайта жанданды. Құрылысты 2027 жылдың көктемінде аяқтау көзделген. Тұрғындар пәтерлерін ұзақ уақыт күтуде. Сондықтан жұмыстың сапалы әрі уақтылы орындалуын тапсырдым.
Ақсуда инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жалғасуда. 1969 жылдан бері жаңартылмаған 5,9 км кәріз желісін жаңғырту аяқталуда. Жалпы ұзындығы 1,8 км болатын 2 жылу магистралін қайта жаңғырту толық аяқталды. 1,3 км жылу желі және РОК-2 қазандығының жабдықтары жөнделді.
Сапар қорытындысы бойынша қаланың одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырдым.
_
Побывал в Аксу. В следующем году мы планируем благоустроить городскую набережную. Ранее поручал разработать проект, сегодня на месте еще раз внимательно его разобрали со специалистами.
Это будет современное общественное пространство со сценой, food-зоной, спортивными площадками и обустроенным пляжем. Поручил до конца октября доработать проект и представить его на рассмотрение бюджетной комиссии.
После проверил строительство многоквартирного дома по ул. Донентаева, 44, где работы возобновлены после смены недобросовестного подрядчика. Завершить строительство планируется весной 2027 года. Очередники ждут квартиры уже продолжительное время, поэтому поручил обеспечить качество и строгое соблюдение сроков.
Также в Аксу продолжается обновление инженерной инфраструктуры. Завершаются работы по реконструкции 5,9 км канализационных сетей, которые не обновлялись с 1969 года. Полностью завершена реконструкция 2 тепломагистралей общей протяженностью 1,8 км, капитально отремонтированы 1,3 км тепловых сетей, проведен ремонт оборудования котельной РОК-2.
По итогам выезда поручил продолжить работу над новыми инициативами для дальнейшего развития Аксу.
| 2 | Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар!
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім – ел болашағының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстан білім мен ғылым дәуіріне қадам басты. Біздің міндетіміз – жас ұрпаққа сапалы білім алып, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік беру.
Біздің балаларымыз талантты, білімге құштар. Жаңа оқу жылын толық дайындықпен және мақтан тұтарлық нәтижемен бастап отырмыз: үлгерім деңгейі бойынша республикада 1-орын. Облыс оқушылары 311 медаль жеңіп алды. Өңіріміздің 2 құрама командасы республикадағы үздік командалар деп танылды. 7 мектебіміз Қазақстанның үздік олимпиадалық мектептері қатарынан орын алды.
Әрбір жеңістің артында ұстаздың еңбегі, шәкіртіне деген сенімі бар. Осы орайда облыс ұстаздарына кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс айтамын.
Қымбатты балалар! Білімге ұмтылыңыздар, биік мақсат қойып, өз күштеріңізге сеніңіздер! Баршаңызға зор денсаулық, сәттілік және жемісті оқу жылын тілеймін!
__
Уважаемые педагоги, дорогие школьники!
Поздравляю вас с Днем знаний и началом учебного года!
Образование - основа будущего страны. Как отметил Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев, Казахстан вступил в эпоху знаний и науки, и наша задача: создать молодому поколению возможности для качественного образования и развития. В условиях новой цифровой эпохи именно человеческий капитал становится важнейшим фактором развития. И это сильная сторона Казахстана.
Наши дети талантливы и демонстрируют высокую подготовку. В учебный год мы входим со 100% готовностью и результатом, которым по-настоящему гордимся, - 1-ым местом в стране по уровню успеваемости. Школьники области завоевали 311 медалей, 2 сборные региона признаны лучшими в республике, 7 школ вошли в число сильных олимпиадных школ Казахстана.
За каждой такой победой - труд учителя. Благодарю педагогов области за профессионализм и веру в своих учеников.
Дорогие ребята! Стремитесь к знаниям, ставьте перед собой большие цели и верьте в себя! Желаю всем крепкого здоровья и отличного учебного года! | 263 |
| 3 | Кеше Атығай ауылында 120 орындық жаңа мектептің ашылуына куә болдық.
Осыдан екі жыл бұрын бұл ауылға келгенімде балалардың қандай жағдайда білім алып жатқанын өз көзіммен көрдім. Ескі, бейімделген ғимаратта спорт және акт залдары болмады. Асхана да шағын оқу кабинетінде орналасқан еді. Балаларымыздың мұндай жағдайда білім алып жүргеніне алаңдаған едік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауылдарды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Сондықтан заманауи мектептер мен әлеуметтік нысандар тек қалаларда емес, ауылдарда да болуы керек.
Соңғы үш жылда облысымызда 10 ауыл мектебі салынды. Бұл – балаларымызға сапалы білім алуға және жақсы жағдайда оқуға тең мүмкіндік жасау үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі.
Жаңа мектептің құрылысына «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС қолдау көрсетіп, шамамен 1,5 млрд теңге инвестиция салды. Осы маңызды жобаға атсалысқан кәсіпорын басшылығына алғысымды білдіремін.
Бұл – жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – ауыл балаларының болашағына салынған инвестиция. Енді Атығай ауылының балалары заманауи әрі жайлы мектепте білім алады.
___
Вчера мы открыли новую школу на 120 мест в с. Атыгай.
2 года назад я приезжал сюда и сам увидел, в каких условиях учатся дети. Это было старое приспособленное здание, где не было спортивного и актового залов, а столовая размещалась прямо в тесном учебном кабинете. Тогда было трудно смириться с мыслью, что наши дети, к сожалению, учатся в таких условиях.
Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев уделяет особое внимание развитию регионов и повышению качества жизни на селе. Поэтому для нас принципиально важно, чтобы современные школы, детские сады и другие социальные объекты появлялись не только в городах, но и в селах региона.
За последние 3 года мы построили 10 сельских школ. Потому что наши дети должны иметь равные права на знания и комфортные условия.
Строительство новой школы поддержало ТОО «KAZ Minerals Bozshakol», вложив в него около 1,5 млрд теңге. Искренне благодарю руководство предприятия за участие в этом важном проекте. Это инвестиции в наших детей и будущее села. | 258 |
| 4 | Құрметті кеншілер және тау-кен саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Екібастұз – Қазақстанның көмір энергетикасының жүрегі. Ұзақ жылдар бойы кеншілердің маңдай тері мен қажырлы еңбегі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканың дамуына берік негіз болып келеді.
Кенші мамандығы – батылдықты, жауапкершілікті және өз ісіне адалдықты талап ететін абыройлы еңбек. Жер қойнауынан өндірілген әр тонна көмірдің артында талай жанның табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі тұр.
Сала ардагерлеріне айрықша алғыс айтамын. Сіздер Екібастұздың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол қалдырдыңыздар.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге қауіпсіздік пен толағай табыс тілеймін. Шаңырақтарыңыздан жылу мен қуаныш, жүректеріңізден сенім арылмасын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі жерлестер!
____
Уважаемые шахтеры, ветераны горного дела!
От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником -Днем шахтера!
Экибастуз по праву называют сердцем угольной энергетики Казахстана. На протяжении десятилетий труд шахтеров и работников разрезов обеспечивает энергетическую безопасность страны и вносит весомый вклад в развитие экономики.
Это профессия сильных людей - мужественных, ответственных и преданных своему делу. За каждой тонной добытого угля стоит нелегкий труд, опыт и профессионализм тысяч людей.
Особые слова благодарности - ветеранам отрасли, которые заложили прочный фундамент развития Экибастуза и передали свои знания новым поколениям.
Желаю всем шахтерам и горнякам крепкого здоровья, благополучия, безопасного труда, уверенности в завтрашнем дне и новых трудовых успехов! Пусть в ваших семьях всегда царят мир, тепло и достаток!
С праздником, дорогие земляки! С Днем шахтера! | 207 |
| 5 | Облысымыздың астықты алқабы - Ертіс ауданына барып, қызу жүріп жатқан орақ науанының барысымен таныстым.
Ертіс ауданы дәстүрлі түрде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда. Биыл ауданда 324,6 мың га. жерге егін егілді. Қазіргі таңда дәнді дақылдардың шамамен 70% орылып үлгерді. Қуаңшылыққа қарамастан, шаруалардың дұрыс ұйымдастырылған жұмысы мен заманауи агротехнологияларды тиімді қолдануының арқасында дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 10 центнерді құрап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын да жүйелі түрде жүргізудеміз. Ішкі нарықта да, экспортқа да сұранысы артып отырған майлы дақылдардың үлесін ұлғайтуға басымдық берілуде. Бүгінде олар ауданның егістік жерлерінің 45% алып отыр.
Ауыл тұрғындары үшін аса маңызды мәселелердің бірі – жол сапасы. Биыл Голубовка-Қызылқақ бағытындағы 19,5 км автожол жөнделуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 90% орындалды. Жөндеу жұмыстарын 1 қазанға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Аудан әкіміне басталған жобаларды сапалы аяқтап, келесі жылға жөндеуді қажет ететін жол учаскелерін алдын ала жоспарлауды тапсырдым.
___
Побывал в житнице нашей области - Иртышском районе, где сейчас активно идет уборочная страда.
Район традиционно вносит большой вклад в продовольственную безопасность региона. В этом году здесь засеяно 324,6 тыс. га, уже убрано около 70% зерновых. Несмотря на засушливую погоду, благодаря правильному подходу и использованию современных агротехнологий средняя урожайность зерновых составила 10 ц/га.
По поручению Главы государства Касым Жомарта Кемелевича Токаева мы также ведем диверсификацию посевных площадей и увеличиваем долю масличных культур, спрос на которые растет как внутри страны, так и на экспортных рынках. Сейчас ими заняты 45% пашни.
Еще один важный вопрос для сельчан - качество дорог. В этом году ремонтируем 19,5 км трассы Голубовка — Кызылкак. Работы выполнены на 90%, завершить их планируем до 1 октября.
Поручил акиму района обеспечить качественное завершение начатых проектов и уже сейчас проработать перечень участков, которые необходимо отремонтировать в следующем году. | 187 |
| 6 | Кеше облыс орталығынан 300 шақырымнан астам қашықтықтағы Ертіс ауданының Қызылқақ ауылында жаңа мектеп аштық.
Бүгінде ауылда 260 адам тұрады, оның 94-і – балалар. Тұрғындардың орташа жасы – 37 жас. Сонымен қатар ауылға еліміздің оңтүстік өңірлерінен жас отбасылар жыл сайын белсенді түрде қоныс аударып келеді. Бұл ауылдың болашағы бар екенін көрсетеді. Балалардың туған ауылынан кетпей, заманауи әрі жайлы жағдайда білім алуы маңызды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Халықтың үнін есту – мемлекеттің міндеті», – деп бірнеше рет атап өтті. Осы жобаны жүзеге асырғанымызға қуаныштымын.
Мектептің заманауи ғимараты спорт және акт залдарымен, спорттық және ойын алаңдарымен небәрі 9 айда салынды. Биылғы оқу жылында мектеп өз оқушыларын қабылдайды. Құрылысқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Соңғы 3 жылда облыс ауылдарында 10 жаңа мектеп салынды. Өңірдегі апатты мектептер мәселесін толық шештік. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз. Әр баланың қай жерде тұратынына қарамастан, сапалы білім алып, дамуына жағдай жасалуы керек.
___
Вчера мы открыли новую школу в с. Кызылкак Иртышского района - более чем в 300 км от областного центра.
Сегодня здесь проживают 260 человек, из них 94 - дети. Средний возраст жителей составляет 37 лет, кроме этого сюда ежегодно активно переселяются молодые семьи с южных регионов страны. А это значит у села есть будущее, и возможность обучать детей в современных и комфортных условиях, не уезжая из родного села, действительно важна.
Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев неоднократно подчеркивал: «Слышать голос народа - обязанность государства». Рад, что нам удалось реализовать этот проект.
Всего за 9 месяцев построено современное здание со спортивным и актовым залами, спортивными и игровыми площадками. Уже в этом учебном году школа примет своих учеников. Из областного бюджета на это направлено более 1 млрд теңге.
Всего за последние 3 года в селах области построено 10 новых школ. Нам удалось полностью решить проблему аварийных школ в регионе. И эту работу будем продолжать, чтобы у каждого ребенка, независимо от того, где он живет, были хорошие условия для учебы и развития. | 210 |
| 7 | Бүгін мен де өз таңдауымды жасап, еліміздің болашағы үшін дауыс бердім.
Бұл — жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы сайлау. Жаңа бір палаталы Құрылтайдағы 145 мандат үшін жеті саяси партия өз бағдарламалары мен көзқарастарын ұсынып отыр.
Облыс тұрғындары да белсенді азаматтық ұстаным танытады деп сенемін. Әр дауыс маңызды. Өйткені ортақ таңдауымыз өңіріміз бен еліміздің болашағын айқындайды.
Жаңа Құрылтай ел игілігі үшін еңбек ететін азаматтарды біріктірсін. Бұл күн еліміздегі жаңа мүмкіндіктер мен табысты реформалардың бастауы болсын.
___
Сегодня я тоже сделал свой выбор - отдал голос за будущее нашей страны.
Это первые выборы после вступления в силу новой Конституции, положившей начало новому этапу политического развития Казахстана. За 145 мандатов в новом однопалатном Курултае сегодня борются семь политических партий - со своими программами, идеями и видением будущего страны.
Уверен, что жители нашей области также проявят активную гражданскую позицию. Каждый голос имеет значение, ведь из нашего общего выбора складывается будущее региона и всего Казахстана.
Верю, что новый Курултай объединит людей, готовых работать на результат. Пусть этот день станет точкой отсчета успешных реформ и новых возможностей для нашей страны. | 321 |
| 8 | Бүгін Павлодарға ұшу-қону жолағын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Астанадан алғашқы ұшақ келді. Бұл өңір үшін әуе қатынасын дамытудың жаңа кезеңі.
Қайта жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіліп, көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болды.
Жұмыстар мұнымен тоқтамайды.
Қазір Ақтау, Шымкент және Ақтөбеге рейстер ашу мәселесі пысықталуда. 2027 жылғы наурыздан бастап Павлодар–Ташкент бағытын ашу жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізілді. Басқа да халықаралық бағыттар қарастырылуда.
Келесі кезең – әуежай терминалын қайта жаңғырту. Оның өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артып, күту залдары кеңейіп, ішкі және халықаралық рейстер ағындары бөлініп, багаж жүйесі мен инженерлік инфрақұрылым жаңартылады. Жұмыстарды биыл қазан айында бастау көзделген. Бұл ретте - әуежайдың жұмысы тоқтатылмайды, рейстер штаттық режимде орындалады.
__
Сегодня в Павлодар прибыл первый самолет из Астаны после завершения масштабной реконструкции взлетно-посадочной полосы. Это знаковое событие для нашей области и новая глава в развитии воздушного сообщения - с большей мобильностью, новыми маршрутами и возможностями.
Реконструкция ВПП проведена по поручению Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева и стала важным шагом в развитии транспортной инфраструктуры региона.
На этом не останавливаемся.
Уже прорабатываем запуск рейсов в Актау, Шымкент и Актобе. Достигнута предварительная договоренность об открытии направления Павлодар-Ташкент с марта 2027 года, изучаются и другие международные маршруты.
Следующий этап - реконструкция аэровокзала. Пропускная способность увеличится с 200 до 300 пассажиров в час, будут в два раза увеличена полезная площадь аэровокзала за счет расширения залов пассажиров, разделены потоки внутренних и международных рейсов, обновлены системы обработки багажа и инженерная инфраструктура. Старт работ намечен на октябрь 2026 года, при этом аэропорт будет работать в штатном режиме, без приостановки авиарейсов. | 304 |
| 9 | Павлодарды аралап, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен таныстым.
Бұрынғы «Батыр» стадионының орнында Инклюзивті спорттың өңірлік орталығын салуға дайындық жұмыстары басталды. Бұл ерекше балаларға спортпен айналысып, оңалтудан өтетін заманауи кеңістік болады.
Шаһарда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ауқымды жаңарту жұмыстары басталды. Биыл Лермонтов к. 20 тұрғын үйді ретке келтіреміз, келесі жылы бұл жұмысты басқа көшелерде де жалғастырамыз.
Қаланың ауылдық аймағы мен жаңа өндірістерді дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Биыл Павлодар ауылында 30 көшедегі 13,5 км жол жөнделді. Өнеркәсіптік аймақта майлау материалдарын шығаратын жаңа өндіріс дамып, 200 жұмыс орны ашылады.
Ескі Ертіс көпірінің болашағы да жеке талқыланды. Егер конструкцияның техникалық жағдайы мүмкіндік берсе, оны сақтап қалып, заманауи қоғамдық кеңістікке айналдыруды қарастырамыз.
Міндетіміз – қала тарихын сақтай отырып, заманауи әрі жайлы қалаға айналдырып, жаңа дамуға жол ашу.
___
В ходе рабочего объезда Павлодара ознакомился с реализацией ряда важных проектов, которые меняют облик города и создают новые возможности для его жителей.
На месте бывшего стадиона «Батыр» началась подготовка к строительству регионального Центра инклюзивного спорта. Это будет современное пространство, где дети с инвалидностью смогут заниматься спортом и проходить реабилитацию.
В областном центре началась работа по масштабному обновлению фасадов жилых домов. В этом году приведем в порядок 20 МЖД по ул. Лермонтова, в следующем продолжим и на других улицах.
Внимание уделено сельской зоне города и развитию новых производств. В с. Павлодарское в этом году отремонтировали 13,5 км дорог на 30 улицах. В промышленной зоне развивается новое производство смазочных материалов, которое создаст 200 рабочих мест.
Отдельно обсудили будущее старого моста через Иртыш. Если техническое состояние конструкции позволит, рассмотрим возможность сохранить его и превратить в современное общественное пространство для прогулок и отдыха.
Наша задача - сделать Павлодар современным и комфортным городом, сохраняя при этом его историю и создавая новые точки роста. | 245 |
| 10 | Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім мен ғылым ел дамуының негізгі қозғаушы күші екенін атап өтті.
Жаңа оқу жылына өңір 100% дайын, оқу үлгерімі бойынша республикада 1-орында. Бұл туралы кеше ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен өткен тамыз педагогикалық конференциясында айтылды.
Соңғы 3 жылда білім саласына 672 млрд теңге бағытталды. Бұл облыс бюджетінің 34%-ы. Апатты мектептер мәселесі толық шешіліп, 8 жаңа ауыл мектебі салынды. Осы айда тағы 2 мектеп ашылады. Павлодарда 1200 орындық мектептің құрылысы жалғасуда.
Биыл оқушыларымыз зияткерлік жарыстарда 311 медаль жеңіп алды. Облыс құрамасы республикада 1-орын иеленді, 7 мектеп үздік олимпиадалық мектептер қатарына енді.
Бұл – ұстаздардың еңбегі, ата-аналардың қолдауы және балалардың білімге деген ұмтылысының нәтижесі. Біз алдағы уақытта да білім сапасын арттырып, оқушыларға барлық қажетті жағдайды жасауға күш саламыз.
____
Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев неоднократно подчеркивал, что образование и наука должны стать движущей силой развития страны. Для нас это важный ориентир и одна из главных задач.
В новый учебный год регион входит со 100% готовностью и хорошими результатами, занимая 1-е место в стране по уровню успеваемости.
Итоги этой большой работы подвели вчера на августовской педагогической конференции с участием министра просвещения РК Жулдыз Сулейменовой.
За 3 года на развитие образования направили 672 млрд тенге - 34% областного бюджета. Полностью решена проблема аварийных школ: построены 8 новых сельских школ, еще 2 откроем в этом месяце. В Павлодаре продолжается строительство школы на 1200 мест, которая снизит нагрузку на 4 близлежащие школы.
Но самое главное - достижения наших детей. В этом году они завоевали 311 медалей на интеллектуальных соревнованиях. Сборная школьников области - лучшая в республике, а 7 школ Прииртышья вошли в число лучших олимпиадных школ страны.
Это, конечно же, результат труда наших педагогов, поддержки родителей и стремления наших детей к знаниям. Мы со своей стороны продолжим создавать для них все необходимые условия. | 191 |
| 11 | Шілде айында Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысты.
Форумда Павлодар облысының көлік-логистикалық әлеуетін таныстырдым. Бұл біз үшін өңіріміздің мүмкіндігін көрсету ғана емес, болашақта екі өңірге де, ең бастысы, тұрғындарға нақты пайда әкелетін жаңа бірлескен жобалардың негізін қалау мүмкіндігі болды.
Павлодар облысының Ресеймен 700 шақырымнан астам ортақ шекарасы, дамыған өнеркәсібі және тиімді географиялық орналасуы бар. Бұл бізге екі елді жалғайтын маңызды көпір болуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – осы әлеуетті халық пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге айналдыру.
Сондықтан біз автомобиль жолдарын, шекаралық, өзен және әуе инфрақұрылымын дамытып келеміз. Ертіс арқылы салынатын жаңа көпір жүк көліктерінің жолын 60 шақырымнан астам қысқартады. Павлодар өзен портында жаңа айлақ салынды, Ертісті тереңдету жұмыстары жалғасуда.
Биыл күзде Омбы–Павлодар–Ташкент және Новосібір–Павлодар–Ташкент бағыттары бойынша халықаралық транзиттік рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз.
Меніңше, шынайы тату көршілік – адамдардың еркін араласуы, сауда мен бизнестің дамуы, жаңа жобаларды бірге жүзеге асыру.
Өйткені нақты нәтижеге бағытталған ынтымақтастықтың ең үлкен құндылығы – оның халыққа пайда әкеліп, өңірлеріміздің ортақ дамуына жол ашуында.
___
В июле в Омске прошел XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России с участием Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева и Президента Российской Федерации Владимира Путина.
На форуме я представил транспортно-логистический потенциал Павлодарской области. Для нас это была возможность не только рассказать о регионе, но и наметить новые совместные проекты, которые в будущем принесут реальную пользу нашим регионам и их жителям.
Подробней с выступлением вы можете ознакомиться в видео. | 213 |
| 12 | Павлодар облысы алдағы жылыту маусымына белсенді дайындалуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектеновке баяндадым.
Облыс жылу маусымына дайындық қарқыны мен ұйымдастырылуы бойынша үлгі ретінде аталды. Бұл біз үшін тек жоғары баға ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, барлық жылу энергетикасы нысандарының маусымға толық дайын болуын қамтамасыз ету - басты міндетіміз.
Жұмыстардың барысы мен нәтижелері туралы толығырақ бейнеден көре аласыздар.
___
Подготовка Павлодарской области к предстоящему отопительному сезону идет в активном режиме и находится на особом контроле.
Сегодня в регионе реализуются 16 проектов по реконструкции и ремонту сетей тепло- и электроснабжения, а также замене наиболее изношенных участков инженерных коммуникаций. Общая протяженность обновляемых сетей составляет 92 км, объем финансирования - 22 млрд теңге.
Все работы будут завершены в срок, чтобы обеспечить надежное и стабильное теплоснабжение жителей в предстоящий отопительный период.
В 2027 году мы планируем реализовать еще 38 проектов, что позволит отремонтировать 352 км инженерных сетей на сумму 104 млрд теңге. В результате уровень износа тепловых сетей снизится на 2%, электрических - на 2,6%, сетей водоснабжения - на 0,4%.
Таким образом, благодаря всесторонней поддержке Правительства в регионе за 2 года будет обновлено в общей сложности 444 км инженерных сетей. Качество коммунальных услуг улучшится для более чем 282 тыс. жителей области.
О проводимой в этом направлении работе я доложил Премьер-министру страны Олжасу Абаевичу Бектенову на заседании Правительства. Отмечу, что Павлодарская область была приведена в пример по темпам и организации подготовки к отопительному сезону.
Для нас это не только высокая оценка, но и большая ответственность. Наша задача - не снижать темпы, последовательно продолжать модернизацию инженерной инфраструктуры и обеспечить полную готовность всех объектов теплоэнергетики к началу отопительного сезона. | 370 |
| 13 | Успен ауданында болып, шаруалардың орақ науқанына дайындық жұмыстарымен таныстым. 251 мың га алқаптағы жұмыстарға 3,6 мың тоннадан астам жанар-жағармай бөлінді. Мал азығын дайындау да қарқынды жүруде: 48,6 мың тонна шөп шабылып, 17,1 мың тонна пішендеме дайындалды.
Қуантатыны – жергілікті шаруалар болашақты ойлап жұмыс істеуде. Қызылағаш ауылындағы «Болаттар» ЖШС 250 га жерге тамшылатып суару жүйесін енгізуде. Алдағы уақытта аумақты 650 га дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі – 1 млрд теңге. Осы тәжірибені зерттеп, дәстүрлі суаруға мүмкіндік жоқ аудандарда қолдану мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым.
Ауыл халқына қолайлы жағдай жасауды жалғастырудамыз. Биыл ауданда 6 шақырымға жуық жол жаңартылады. Таволжан ауылында 1971 жылы салынған мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде.
Келесі жылға Успенка ауылындағы Милевский к. 3 шақырымын және 4 бұрылыс жолды асфальттау жобаларын пысықтауды тапсырдым. Бұл аудан орталығындағы асфальтталған жолдардың үлесін 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.
Успен ауданының даму мүмкіндігі зор. Біздің міндетіміз – ауыл халқы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қолайлы орта жасау.
___
Побывал в Успенском районе, который уже готовится к уборочной кампании. Для проведения работ на 251 тыс. га посевных площадей выделено более 3,6 тыс. тонн ГСМ. Активно идет кормозаготовка: уже скошено 48,6 тыс. тонн сена и заготовлено 17,1 тыс. тонн сенажа.
Радует, что местные сельхозпроизводители думают на перспективу. В с. Кызылагаш ТОО «Болаттар» внедряет капельное орошение на 250 га, с планами увеличения до 650 га. Объем инвестиций - 1 млрд теңге. Поручил изучить этот опыт и рассмотреть возможность его внедрения в районах, где нет условий для традиционного орошения.
Мы продолжаем создавать комфортные условия для сельчан. В этом году в районе обновляем почти 6 км дорог. В с. Таволжан капитально ремонтируем школу 1971 года постройки.
На следующий год поручил проработать проекты по асфальтированию 3 км ул. Милевского и 4 переулков с. Успенка. Это позволит довести долю асфальтированных дорог райцентра до 100%.
Успенский район имеет потенциал для роста. Наша задача - создавать для людей новые возможности и комфортные условия для жизни. | 375 |
| 14 | Кеше Павлодар қаласының №1 ауруханасына барып, ауқымды жаңғыртудың 1-кезеңі аяқталғаннан кейінгі жұмысымен таныстым. Аурухана 1956 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бүгінде заман талабына сай заманауи медициналық кешенге айналды.
Модернизацияның негізгі нәтижелерінің бірі – бірегей «гибридті операциялық бөлменің» іске қосылуы. Заманауи жабдық дәрігерлерге операция барысында болып жатқан жағдайды тікелей бақылап, күрделі нейрохирургиялық және тамырлық оталарды дәлірек жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы, аурухананы реконструкциялауға және жабдықтауға республикалық және облыстық бюджеттерден 12,3 млрд теңге бағытталды. 1319 жаңа медициналық жабдық, оның ішінде 7-буындағы ангиограф орнатылды.
Алайда бұл жұмыстың басты нәтижесі миллиардтармен немесе жабдық санымен емес, пациенттердің сенімімен және Павлодарда сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігімен өлшенеді.
Бұл жұмысты жалғастырамыз. Қазір реконструкцияның 2-кезеңінің жобасы әзірленуде. 15 қыркүйекке дейін жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін түзетуді аяқтауды тапсырдым. Одан кейін қаржыландыру және жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.
___
Вчера посетил городскую больницу №1 Павлодара после завершения 1-го этапа масштабной реконструкции. Больница работает с 1956 года, и сегодня это современный медицинский комплекс, отвечающий требованиям времени.
Один из основных результатов модернизации – появление уникальной «гибридной операционной». Современное оборудование помогает врачам видеть происходящее непосредственно во время операции и точнее проводить сложные нейрохирургические и сосудистые вмешательства.
Всего на реконструкцию и оснащение больницы из республиканского и областного бюджетов направлено 12,3 млрд тенге. Установлено 1319 единиц нового оборудования, в том числе ангиограф 7-го поколения.
Но главный результат этой работы измеряется не миллиардами и числом оборудования, а доверием пациентов и возможностью получить качественную медицинскую помощь здесь, в Павлодаре.
Мы продолжим эту работу. Сейчас готовится проект 2-го этапа реконструкции. Поручил до 15 сентября завершить его корректировку для прохождения госэкспертизы. После этого планируем финансирование и реализацию проекта. | 333 |
| 15 | Бүгін ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай Абай күнін атап өтудеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Абай мұрасы – ұлттың рухани өзегі, қоғамды біріктіретін, болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашатын құндылықтардың сарқылмас қайнар көзі.
Абайдың адамзат үшін әрдайым өзекті болып қала беретін ұстанымдары бар. Ол білімге ұмтылуға, адал еңбек етуге, әділетті болуға, өз ісіңе жауапкершілікпен қарауға және елдің ертеңі үшін жауапты болуға үндеді. Ұлы ақынның мұрасы уақыт өткен сайын мәнін жоғалтпай, бүгін де әрқайсымызбен сырласып, ойымызға ой қосып келеді.
«Қара сөздер» – өмірімнің әр кезеңінде қайта-қайта оралатын, әр оқыған сайын маңызды сауалдарға жауап, тағылымды ой мен рухани демеу табатын қастерлі кітаптарымның бірі.
Баршаңызға ұлы ақынның шығармаларына жиі үңіліп, оның әрбір сөзіне ой жүгіртіп, тағылымын күнделікті өміріміз бен ісімізге арқау етуді тілеймін. Абайдың даналығы бізді жақсы болуға, жауапкершілікті сезінуге, білімге ұмтылуға және туған елдің игілігі жолында адал еңбек етуге жетелей берсін.
Абайдың сөзі – ұлттың рухани үні, ойы – ұрпаққа аманат.
___
Сегодня мы отмечаем 181-летие со дня рождения великого Абая - мыслителя, поэта и просветителя.
Как отмечает Глава государства Касым-Жомарт Токаев, наследие Абая - это духовная основа нации и неиссякаемый источник ценностей, которые объединяют общество и помогают уверенно смотреть в будущее.
Абай говорил о том, что остается важным для человека во все времена: стремлении к знаниям, честном труде, справедливости, ответственности за свои поступки и за будущее своей страны. Наследие поэта не устаревает и продолжает говорить с каждым из нас.
«Қара сөздер» - книга, к которой я не раз возвращался на разных этапах своей жизни и всегда находил в ней ответы на важные вопросы, мудрые мысли и поддержку.
В День Абая хочется пожелать всем чаще обращаться к его произведениям, размышлять над его словами и воплощать их смысл в своих делах. Пусть мудрость Абая помогает нам становиться лучше, быть ответственнее, стремиться к знаниям и с любовью трудиться на благо родной страны.
Абайдың сөзі – ұлттың рухани үні, ойы – ұрпаққа аманат. | 286 |
| 16 | Ertis Promenade төрінде өткен Retro фестивалі шын мәнінде қызуы мен қуанышы қатар өрілген, әуені мен әсері жүректерге жеткен ерекше кеш болды!
Мыңдаған павлодарлықтар мен қала қонақтары сүйікті әндерге қосылып, бірге ән шырқап, би билеп, мерекенің қайталанбас атмосферасын бірге сезінді. Осы жарқын кештің ажарлы да әсерлі сәттерін бірге жасаған баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын!
Павлодардың осындай тағылымы мен тағаты мол, көңілге қуаныш, жүрекке жылу сыйлайтын жарқын мәдени шаралардың ордасына айналып келе жатқанына шынайы қуаныштымын!
____
На Ретро фестивале на Ertis Promenade было по-настоящему жарко, весело и музыкально!
Тысячи павлодарцев и гостей города вместе пели любимые хиты, танцевали и просто наслаждались атмосферой большого праздника. Спасибо всем, кто стал частью этого вечера!
Рад, что Павлодар продолжает оставаться центром таких ярких и интересных событий, которые объединяют людей и создают настроение! | 233 |
| 17 | Екібастұзға барып, абаттандыру, инфрақұрылымды жаңғырту,жылыту маусымына дайындық және тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексердім.
Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын жалғастырудамыз.Биыл 50 балалар және 10 спорт алаңын салу көзделген. Бүгінде 20 футбол алаңының 17-сі дайын.Сонымен қатар жолдарды жөндеу, білім беру ұйымдарының аумақтарын абаттандыру және жеке сектор көшелері қарқынды жаңғыртылуда.
Жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аудардым. Биыл жалпы ұзындығы 4,2 км болатын 4 жылу магистралі жаңғыртылуда. 2023 жылдан бері іске асырылып жатқан жобаларды қоса алғанда, жалпы ұзындығы 18,5 км магистральдық желілері жаңартылып, 152,1 км құбыр жөнделеді.
Сондай-ақ 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен таныстым. Құрылыс сапасы мен мерзімінің сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу үдерісін жеделдету жолдарын пысықтауды тапсырдым.
Сапар барысында «Горводоканал» МКК-ның №1 сорғы станциясын араладым. 2026–2027 жылдары мұнда «ЭКСЖ» ұлттық жобасы аясында қайта жаңғырту жұмыстары басталып, қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі артады.
___
Посетил Экибастуз, проверил работы по благоустройству и обновлению инфраструктуры, подготовке к отопительному сезону и строительству жилья.
Мы продолжаем создавать комфортную городскую среду. В этом году обустроим 50 детских и 10 спортивных площадок, уже готовы 17 из 20 футбольных полей. Активно ремонтируем дороги, обновляем территории объектов образования и улицы частного сектора.
Особое внимание уделил подготовке к отопительному сезону. В этом году реконструируются 4 тепломагистрали протяженностью 4,2 км. С учетом проектов, реализуемых с 2023 года, будет обновлено 18,5 км магистральных теплосетей и отремонтировано 152,1 км трубопроводов.
Также осмотрел строительство 60-квартирного дома. Поручил обеспечить качество и соблюдение сроков, а также детально проанализировать систему распределения жилья среди очередников МИО и проработать возможность ускорения этого процесса.
Еще одним объектом стала насосная станция №1 ГКП «Горводоканал». В 2026–2027 годах здесь начнется реконструкция в рамках нацпроекта «МЭКС», что позволит повысить надежность системы водоснабжения города. | 255 |
| 18 | Май ауданында болдым. Мыс концентратын өндіру бойынша салынып жатқан "Демеу Көк-Тас" ЖШС байыту фабрикасына бардым. Келесі айда мұнда ірі мыс концентратын өндіру фабрикасының алғашқы іске қосылуы жоспарланған. Нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті бюджетке жыл сайын шамамен 300 млн теңге түседі. Бұл қаражат Май ауданы ауылдарындағы жолдарды жөндеуге, абаттандыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.
Сондай-ақ «Ақжар Өндіріс» ЖШС-нің суармалы алқабында болдым. Биыл мұнда 2 мың га астам аумаққа дәнді дақылдар, көкөніс, картоп және күнбағыс егілген. Тағы 4 мың га астам аумақты көпжылдық шөптер алып жатыр. Суармалы егіншілікті дамытып, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану аса маңызды.
Саты ауылында тәулігіне 20 адам қабылдайтын жаңа медициналық пункттің құрылысымен таныстым. Ол тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады. Құрылыс қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.
Барлық жобалар ауданға нақты нәтиже беруі тиіс: жаңа жұмыс орындары, экономиканың өсуі және халықтың өмір сүру сапасының жақсаруы.
____
Побывал в Майском районе. Посетил строящуюся обогатительную фабрику ТОО «Демеу Көк-Тас» по производству медного концентрата. Здесь в следующем месяце запланирован первый запуск крупной фабрики по производству медного концентрата. Будут созданы почти 400 новых рабочих мест, что обеспечит нам ежегодное поступление порядка 300 млн тенге в местный бюджет. Эти средства будут направляться на развитие сел Майского района: ремонт дорог, благоустройство и иную социальную инфраструктуру.
Также посетил орошаемый участок ТОО «Ақжар Өндіріс». В этом году здесь на площади более 2 тыс. га выращивают зерновые, овощи, картофель и подсолнечник, еще свыше 4 тыс. га занимают многолетние травы. Важно и дальше развивать орошаемое земледелие и эффективно использовать сельхозугодья.
В с. Саты ознакомился со строительством нового медпункта на 20 посещений в сутки, который повысит доступность медпомощи для жителей. Завершить его планируется в сентябре.
Все реализуемые проекты должны давать конкретный результат для района - новые рабочие места, рост экономики и улучшение качества жизни населения. | 443 |
| 19 | Жақында Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатыстым.
Аймағымыз үшін мұндай кездесулердің орны ерекше. Бізді көршілес Ресеймен 700 км астам ортақ шекара, арналы Ертіс және жылдар бойы жалғасқан өзара серіктестік байланыстырады.
Форумның пленарлық отырысында өңіріміздің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстырдым. Бүгінде Қазақстандағы алюминийдің 100%, көмірдің 60%, ферроқорытпаның 58% және электр энергиясының 40% Павлодар облысында өндіріледі. Бұл – еліміздің өндірістік қуаты мен өңіріміздің стратегиялық маңызын айқын көрсететін көрсеткіштер.
Павлодар делегациясы форум сессияларында өнеркәсіп, көлік, білім беру және жастар саясаты салаларындағы маңызды бастамаларды талқылауға белсене атсалысты.
Осындай кездесулер өзара сенімді нығайтып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортақ мүддеге негізделген әріптестік нақты жобаларға ұласып, өңірлеріміздің дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына қызмет етеді.
___
На днях принял участие в XXII Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Омске с участием Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева и Президента Российской Федерации Владимира Путина.
Для Павлодарской области такие встречи имеют особое значение. Нас с соседними российскими регионами объединяют более 700 км общей границы, Иртыш и многолетнее партнерство.
На пленарном заседании представил экономический и промышленный потенциал нашей области, где сегодня производится 100% отечественного алюминия, 60% угля, 58% ферросплавов и 40% электроэнергии Казахстана.
Павлодарская делегация также приняла активное участие в панельных сессиях форума, где обсуждались вопросы промышленной кооперации, транспорта, логистики, образования и молодежной политики.
Уверен, такие встречи не только укрепляют добрососедские отношения, но и становятся отправной точкой для новых общих проектов. Через доверие, открытый диалог и совместную работу рождаются конкретные идеи, которые затем становятся реальными результатами во благо наших регионов и их жителей. | 504 |
| 20 | Құрметті жерлестер!
Қымбатты павлодарлықтар!
Сіздерді шын жүректен Қала күнімен құттықтаймын!
Павлодар – қайсар рухы мен ерекше келбеті үйлескен, жүрегі кең, еңбексүйгіш әрі елжанды азаматтар мекен еткен қасиетті қала. Сондықтан да оның жыл өткен сайын ажарланып, тұрғындар үшін жайлы әрі көркейген шаһарға айналуы мен үшін аса маңызды.
Бүгінде Павлодар қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жыл ішінде қалада 200 шақырымға жуық жол жаңартылып, 300 аула абаттандырылды, 700-ден астам балалар және спорт алаңы салынды, жаңа жылу магистральдары пайдалануға берілді, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 1000-нан астам пәтер табысталды, сондай-ақ екі заманауи мектеп пен жаңа балабақша ашылды.
Бұл жетістіктердің барлығы – қала тұрғындарының, кәсіпкерлердің және мемлекеттің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алда да Павлодарды бұдан да биік белестер мен игі бастамалар күтіп тұрғанына, туған қаламыздың жетістіктері әлі талай мәрте мақтанышымызға айналатынына сенімдімін.
Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілеймін! Ал сүйікті Павлодарымыздың мерейі үстем болып, өсіп-өркендей беруіне тілектеспін!
Туған күніңмен, Павлодар!
___
Уважаемые земляки!
Дорогие павлодарцы!
От всей души поздравляю вас с Днем города!
Павлодар - это город с сильным характером и особой атмосферой, где живут неравнодушные, искренние и трудолюбивые люди. Именно поэтому для меня важно, чтобы с каждым годом он становился еще красивее и комфортнее.
Сегодня Павлодар уверенно развивается. За последние три года в городе обновлено почти 200 км дорог, благоустроено 300 дворов, обустроено более 700 спортивных и детских площадок, построены новые тепловые магистрали, приобретено свыше 1000 квартир для очередников, открыты две современные школы и новый детский сад.
Все эти достижения стали возможны благодаря совместному труду жителей, бизнеса и государства. Уверен, впереди нас ждет еще больше добрых перемен и новых поводов гордиться нашим родным городом.
Желаю вам крепкого здоровья, мира, благополучия и семейного счастья, а нашему любимому Павлодару - дальнейшего процветания!
С днем рождения, Павлодар! | 356 |
