НЕХабар (қазақ редакциясы)
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары. Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Show more1 600
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3830 days
- Subscribers
- Post coverage
- ER - engagement ratio
Data loading in progress...
Subscriber growth rate
Data loading in progress...
Repost from Жаңалықтар - Stan.kz
Депутат Геннадий Шиповских әскердегі тәртіпсіздік үшін басшыларды қатаң жазаға тарту керек дейді.
Өз сөзінде депутат қатаң жазаға тарту арқылы әскерде тәртіп орнатуға болатынын айтады. Сондай-ақ бейбіт күнде борышын өтеуге кетіп, мүгедек болып оралғандардың көбейгенін тілге тиек етті.
Видео: Геннадий Шиповскихтің Instagram-парақшасынан.
t.me/stankznews
Бүгін президент Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдады.
⠀
Мемлекет басшысы оған
Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді.
⠀
Өз кезегінде Рыбакина Тоқаевқа Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартты.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
2GIS қосымшасы қазақ тілінде жұмыс істей бастады 🎉
⠀
Қазақстандықтар үшін жасалған қосымшада дүкендер, дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет мекемелері қазақшаға аударылды.
⠀
Мобильді қосымшада тілді ауыстыру үшін:
⠀
— Мәзір → Баптаулар → Тіл батырмаларын басып, қазақ тілін таңдау қажет.
⠀
Тілді таңдаған соң қосымшаны қайта іске қосу керек. Ол үшін телефоныңыздағы қосымшадан шығып, қайта кірсеңіз болғаны.
⠀
2gis.kz сайтында:
⠀
Мобильді құрылғыда — интернет-браузерде
⠀
— Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Мәзір белгішесін (үш көлденең сызық) басыңыз, ашылған беттің төменгі бөлігіндегі Тіл батырмасын таңдаңыз.
⠀
Ноутбукта немесе компьютерде:
— Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Ру → Kz тілді ауыстыру батырмасын басыңыз.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
Жигули Дайрабаев Мәжіліс отырысында сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді
⠀
Депутаттың сөзінше, олар кінәлі емес. Балалары әділдік үшін күреседі.
⠀
"Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?" — деді ол.
⠀
Еске сала кетейік, депутаттың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдағалиев Тараздағы сыбайлас жемқорлық бойынша сотқа тартылды. 4 адамға, соның ішінде Дайрабаевтың балаларына судсидияны ұрлау арқылы мемлекетке 550 миллион теңге шығын келтірді деген күдікпен айып тағылды.
⠀
Осыған байланысты Дайрабаевтың отставкаға кетуін талап етілген еді.
⠀
🎥: @prokadrykz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
Жаңаөзендік жұмысшылар санцкияланбаған митинг өткізгені үшін тұтқындалды.
⠀
Олар Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 488 және 667 баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
⠀
Бұл баптар бойынша кінәлі адамдарға ескерту жасалмақ немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
⠀
Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
⠀
Ал Маңғыстау облысындағы "Қарақұдықмұнай" мекемесінің жұмысшылары президентке үндеу жолдап, елордаға барған жаңаөзендік мұнайшыларды қудалауды тоқтатуды талап етті.
⠀
🎥: Азаттық Радиосы
⠀
https://t.me/nehabarkaz
Repost from Qazaqstan.tv
🏠Тұрғын үй бағытындағы бағдарламалар халық сұранысына сай емес - депутат Дәулет Мұқаев
Депутат Мәжілістің жалпы отырысында баспана мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстарды атады:
1. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларының талаптарына өзгеріс енгізу;
2. «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмау;
3. «7-20-25» бағдарламасы бойынша маусым сайын қойылатын лимитті алып тастау;
4. Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасын еліміздің барлық аймағында іске қосу.
@qazaqstantv
Серік Күдебаев ресми шекара бекеттерінен өтпеген
⠀
Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді.
⠀
ҰҚК қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатқан Күдебаевтың елден қашып кеткеніне байланысты
тексеріс жүргізгенін де айтты.
⠀
Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы шетелге қашып кетті деген ақпарат пайда болған соң халықаралық іздеу жарияланған еді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
Қазақстанда балаларға арналған қазақша алғашқы экологиялық мультсериал жарық көрді
⠀
Сериалдың 7 сериясы Ruh.kz порталының YouTube-тағы арнасында пайда болды.
⠀
Жобаның басты кейіпкері қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, қоқыстың зияны және оны дұрыс жинау, ауыз су қорының азаюы, өрт қауіпсіздігінің ережелері, пластикалық қалдықтардың зияны деген маңызды тақырыптарды қозғайды.
⠀
Осылайша сериал балаларды қоршаған ортасына кішкентай күндерінен мұқият болуға баулиды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
Сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды.
https://t.me/nehabarkaz
Жаңадан сайланған депутаттың жауабына өз бағаңызды беріңіз
⠀
Видеода Алматы облысы № 11 бірмандатты сайлау округінен сайланған мәжіліс депутаты Ардақ Назаров.
⠀
Журналистер оған қаңтар оқиғасына, сайлаудың қаншалықты әділ өткеніне, сайлау учаскелеріндегі заңсыздықтарға қатысты сұрақтарды қойды.
⠀
Ал Назаров барлығына "Аман болыңыздар", "Алла Тағала елге тыныштық берсін" деп жауап берді.
⠀
Сондай-ақ бұрынғы әдістің көмегімен жастарды тәрбиелеумен айналысатынын айтты.
⠀
🎥: IG-acc #sabit.rysbayev
⠀
https://t.me/nehabarkaz