cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары. Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Show more
Advertising posts
1 600Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3830 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Депутат Геннадий Шиповских әскердегі тәртіпсіздік үшін басшыларды қатаң жазаға тарту керек дейді. Өз сөзінде депутат қатаң жазаға тарту арқылы әскерде тәртіп орнатуға болатынын айтады. Сондай-ақ бейбіт күнде борышын өтеуге кетіп, мүгедек болып оралғандардың көбейгенін тілге тиек етті. Видео: Геннадий Шиповскихтің Instagram-парақшасынан. t.me/stankznews
Show all...
Бүгін президент Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдады. ⠀ Мемлекет басшысы оған Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді. ⠀ Өз кезегінде Рыбакина Тоқаевқа Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартты. ⠀ https://t.me/nehabarkaz
Show all...
2GIS қосымшасы қазақ тілінде жұмыс істей бастады 🎉 ⠀ Қазақстандықтар үшін жасалған қосымшада дүкендер, дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет мекемелері қазақшаға аударылды. ⠀ Мобильді қосымшада тілді ауыстыру үшін: ⠀ — Мәзір → Баптаулар → Тіл батырмаларын басып, қазақ тілін таңдау қажет. ⠀ Тілді таңдаған соң қосымшаны қайта іске қосу керек. Ол үшін телефоныңыздағы қосымшадан шығып, қайта кірсеңіз болғаны. ⠀ 2gis.kz сайтында: ⠀ Мобильді құрылғыда — интернет-браузерде ⠀ — Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Мәзір белгішесін (үш көлденең сызық) басыңыз, ашылған беттің төменгі бөлігіндегі Тіл батырмасын таңдаңыз. ⠀ Ноутбукта немесе компьютерде: — Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Ру → Kz тілді ауыстыру батырмасын басыңыз. ⠀ https://t.me/nehabarkaz
Show all...
Жигули Дайрабаев Мәжіліс отырысында сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді ⠀ Депутаттың сөзінше, олар кінәлі емес. Балалары әділдік үшін күреседі. ⠀ "Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?" — деді ол. ⠀ Еске сала кетейік, депутаттың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдағалиев Тараздағы сыбайлас жемқорлық бойынша сотқа тартылды. 4 адамға, соның ішінде Дайрабаевтың балаларына судсидияны ұрлау арқылы мемлекетке 550 миллион теңге шығын келтірді деген күдікпен айып тағылды. ⠀ Осыған байланысты Дайрабаевтың отставкаға кетуін талап етілген еді. ⠀ 🎥: @prokadrykzhttps://t.me/nehabarkaz
Show all...
Жаңаөзендік жұмысшылар санцкияланбаған митинг өткізгені үшін тұтқындалды. ⠀ Олар Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 488 және 667 баптарына сәйкес жауапқа тартылады. ⠀ Бұл баптар бойынша кінәлі адамдарға ескерту жасалмақ немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. ⠀ Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. ⠀ Ал Маңғыстау облысындағы "Қарақұдықмұнай" мекемесінің жұмысшылары президентке үндеу жолдап, елордаға барған жаңаөзендік мұнайшыларды қудалауды тоқтатуды талап етті. ⠀ 🎥: Азаттық Радиосы ⠀ https://t.me/nehabarkaz
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
🏠Тұрғын үй бағытындағы бағдарламалар халық сұранысына сай емес - депутат Дәулет Мұқаев Депутат Мәжілістің жалпы отырысында баспана мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстарды атады: 1. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларының талаптарына өзгеріс енгізу; 2. «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмау; 3. «7-20-25» бағдарламасы бойынша маусым сайын қойылатын лимитті алып тастау; 4. Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасын еліміздің барлық аймағында іске қосу. @qazaqstantv
Show all...
Серік Күдебаев ресми шекара бекеттерінен өтпеген ⠀ Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді. ⠀ ҰҚК қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатқан Күдебаевтың елден қашып кеткеніне байланысты тексеріс жүргізгенін де айтты. ⠀ Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы шетелге қашып кетті деген ақпарат пайда болған соң халықаралық іздеу жарияланған еді. ⠀ https://t.me/nehabarkaz
Show all...
Қазақстанда балаларға арналған қазақша алғашқы экологиялық мультсериал жарық көрді ⠀ Сериалдың 7 сериясы Ruh.kz порталының YouTube-тағы арнасында пайда болды. ⠀ Жобаның басты кейіпкері қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, қоқыстың зияны және оны дұрыс жинау, ауыз су қорының азаюы, өрт қауіпсіздігінің ережелері, пластикалық қалдықтардың зияны деген маңызды тақырыптарды қозғайды. ⠀ Осылайша сериал балаларды қоршаған ортасына кішкентай күндерінен мұқият болуға баулиды. ⠀ https://t.me/nehabarkaz
Show all...
Сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды. https://t.me/nehabarkaz
Show all...
Жаңадан сайланған депутаттың жауабына өз бағаңызды беріңіз ⠀ Видеода Алматы облысы № 11 бірмандатты сайлау округінен сайланған мәжіліс депутаты Ардақ Назаров. ⠀ Журналистер оған қаңтар оқиғасына, сайлаудың қаншалықты әділ өткеніне, сайлау учаскелеріндегі заңсыздықтарға қатысты сұрақтарды қойды. ⠀ Ал Назаров барлығына "Аман болыңыздар", "Алла Тағала елге тыныштық берсін" деп жауап берді. ⠀ Сондай-ақ бұрынғы әдістің көмегімен жастарды тәрбиелеумен айналысатынын айтты. ⠀ 🎥: IG-acc #sabit.rysbayev ⠀ https://t.me/nehabarkaz
Show all...