cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Хабар 24 жаңалықтар

Қазақстанда тәулік бойы ақпарат тарататын тұңғыш телеарна

Show more
The country is not specifiedThe language is not specifiedThe category is not specified
Advertising posts
226
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайвань парламентінде сөз сөйледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Кейін ол Қытайға қарасты, бірақ өзіндік басқаруы бар арал мемлекетінің президенті Цай Инвэньмен кездесті. Басқосуда Пелоси ең жоғары марапатқа ие болды. Ол – соңғы 25 жылда Тайваньға алғаш рет келген америкалық жоғары лауазымды ресми өкіл.
Show all...
Елордадағы ақылы автотұрақтар саны азайды Бірқатар нысандардың аумағынан 1680 тұрақ алынды, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың басым бөлігі Сарыарқа ауданында. Алайда қалған автотұрақтар өзінің жұмысын жалғастырады. Қалалық әкімдік бұл арқылы жолдағы жүктеме 20-30%-ға, проблемалық аудандардағы жол ережелерін бұзу 70%-ға төмендеді деген мәлімет таратты.
Show all...
Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды.
Show all...
Атырау облысында суға кеткен әкімнің денесі табылды
Show all...
Жаңа оқу жылында мектепішілік жаппай көпшілік шараларға тыйым салынады. Оқушылар білім ұясына келген бойда олардың дене қызуы термометрмен өлшенеді. Дезинфекциялық тазалау жұмыстары күшейтіледі. Сыныптың ауасы жиі тазартылып тұрады. Яғни былтырғы карантин талаптары сақталады. Арна тілшілерінің сауалына бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай деп жауап берді. Егер оқушылардың 30 проценті індет жұқтырса онда мектеп карантинге жабылады. Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері: - Естеріңізде болса, былтыр жыл бойы балалар офлайн яғни қашықтан оқыды. Біз осылайша омикрон өршіп тұрған кезеңді еңсердік. Әсіресе қаңтар айында тәулігіне 17 мыңға дейін сырқаттанушылық дерегі тіркелді. Ал ел бойынша 150 мың науқас ем қабылдаған болатын.
Show all...
Бекет Атаға зиярат етушілер арқар көрген
Show all...
Бразилияда сиам егіздерін бөлу операциясы өтті
Show all...
Әлемде ядролық қаруды қолдану қауіпі қырғиқабақ соғыстан бергі ең қауіпті деңгейге жетті. Адамзат баласы жойылып кете жаздаған Хиросима мен Нагасакиді ұмытудың алдында тұр. БҰҰ Бас хатшысы Ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа мүше елдердің конференциясының ашылуында осылай деп мәлімдеді. Антониу Гутерриш әлем елдерін ядролық қарудан бас тартып, оны толық жоюға шақырды. Ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа 1968 жылы 59 мемлекет қол қойып, 1970 жылы күшіне енген.  Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: - Қырғиқабақ соғыстан кейін қара бұлт қайта үйіріле бастады. Осы уақытқа дейін адамзат баласының жолы болып келді. Бірақ бұл ядролық қақтығысқа әкелетін геополитикалық шиеленістен қорғайтын стратегия емес. Қазір адамзат баласы бір ғана жаңылыс қадам арқылы ядролық қарумен өзін-өзі жойып жіберу қауіпі алдында тұр. Сондықтан бізге ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шарт өте қажет.
Show all...
Отандық дрон сынақтан өтті
Show all...
Биыл 1-сыныпқа өтініш берушілердің 70% мемлекеттік тілде білім алуды таңдаған Сабақтың басталуына тура 1 ай уақыт қалды. Қазір елде 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 400 мыңнан аса баладан өтініш түскен.
Show all...