en
Feedback
Иманды пенде🤍

Иманды пенде🤍

Open in Telegram

Реклама бойынша @imandy_kz жазамыз❤️

Show more
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
Жұма мүбәрәк болсын тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын 🙌🤍

Харам остается харамом, даже если весь мир будет это делать. Хиджаб останется обязательным, даже если все женщины снимут его. Смерть останется истиной, даже если все живые забудут о ней. Двери покаяния останется открытой, даже если человек вернется к греху тысячу раз.

Қыз баланың сұлулығы Қыз баланың сұлулығы иманында, Бойына жақсы қасиет жыйғанында, Анасының атына кір келтірмей, Тәрбиемен ортаға сыйғанында. Қыз баланың сұлулығы,жүргенінде, Әдеппенен жымыйып күлгенінде, Өсек аяң,әңгімеден аулақ болып, Орынын қай жерде де білгенінде. Қыз баланың сұлулығы адалдығы, Жан-жағына тимесе жамандығы, Байқалмаса шық бермес сараңдығы, Ең бастысы кішіпейіл адамдығы. Қыз баланың сұлулығы батылдығы, Анадан текті туған асылдығы, Ата-ананың қадірін бағалайтын, Ерке тотай,болмаса масылдығы. Қыз баланың сұлулығы тәрбиесі, Таза болса ары мен жандүниесі. Ата-ана ақылын мүсе тұтса, Айдан анық атына шаң тимесі. Қыз баланың сұлулығы ұятында, Тәлім алса қарашаңырақ ұясында, Сабырлы боп кішіпейіл,қарапайым, Қор болмайды өмір атты қиясында. Қыз баланың сұлулығы көздерінде, Инабатты,ибалы сөздерінде, Болашақ жарыменен бақытты боп, Айдынында қос аққудай жүзгенінде. Қыз баланың сұлулығы шаштарында, Қиылған қою қара қастарында, Орныменен серуендеп достарымен, Қырық үйден тыйым болса жас шағында. Қыз баланың сұлулығы мейірімде, Арам ойы болмаса пейілінде. Ашық шашық көрсетпей абыройын, Қазақилық болса егер киімінде. Қыз баланың сұлулығы білімінде, Ойға түйген ортадан ілімінде, Алла деп соғып тұрған жүрегінде, Аналық пәктік болса сезімінде!!! #өлең

Жұма мүбәрәк болсын тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын 🙌🤍

-Я раббым оны мен үшін ,мені ол үшін хайырлы ете гөр.Егер ол менің тағдырым болмаса,мен үшін хайырлы етіп оны маған қоса көр.

Махаббаттағы қайғы-қасірет. Махаббаттағы қайғы-қасіретті біз екіге бөліп қарастырамыз. 📝 Біріншісі, махаббатты өшіреді. Бұл махаббат объективті меншіктеуден туады. "Сүйгенім менікі, тек менікі болуы керек, менің ғана көңілімнен шықсын" деген эгоизм жатады. Егер дегені орындалмай, сүйгені көңілін қалдырса, психикасында трагедия пайда болады. Күйзеліп, нәр татпай, өзінен өзі депрессияға ұшырайды. Трагедияның бұл түрі махаббатты күшейтудің орнына күйретіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда ғашықтардың бірі өзін жазым етіп жататын кездері бар. Сезімін махаббаттан гөрі, қызғаныш шырмайды. Сәтті шаңырақ көтергеннің өзінде де жарасып отбасы боп кетуі қиын. 📝 Екіншісі махаббатты өсіреді, шыңдайды. Бұл адамға берілген тағдырдың сынағы сияқты. Мысалы, ерлі-зайыптылар кедейлік кешуі мүмкін. Баспанасы болмай, тұрақты жұмыс таба алмай қиналады. Бұл да - енді қосылған екі жас үшін ауыртпалық, тұрмыстық тауқымет. Бірақ бұл қасірет керісінше қарым-қатынасын шыңдап, махаббатын нығайтуға сеп болады немесе жақын туысының біріне қаза жеткенде бір-бірін демеп, сүйеп махаббат сезімін күшейтіп алады. Яғни қаза да, жоқтық та олардың нәзік байланысын мейлінше нығайта береді. Тіпті кей жағдайда трагедия махаббатсыз қосылған жастардың да ғашықтық сезімін оятып жібереді. Мысалы, біреулер махаббатсыз үйленуі мүмкін. Бірақ түрлі қиыншылық келгенде бірге күресіп жүріп, бір-біріне ғашық болып қалады. Үйдегі ата-әжеден бақытты сәттерін сұрасаң, көбінде қиындық келгенде бірге қарсы тұрған сәтін еске алады. Бірінші жағдайда адам трагедияны өзі жасап алады, яғни субъективті болады. Екінші жағдайда трагедия түрлі тараптан, сырттан кеп соғады. Мұндай объективті қиындықты тағдырдың сынағы деп қабылдаған дұрыс. Бұл ойдың мәнін қиссамен оңай ашықтауға болады. Аңызда Адам ата мен Хауа ана тыйым салған жемісті жеп, пейіштен қуылады. Жерге түскенде мың жылға жуық бірін бірі таппай, сенделіп жүрді. Ақыры бір күні Жидда тауында кездесті. Екеуі бірге тұрмыс тіршілігін бастады. Азық таппай қарны ашты, тоңды. Жабайы аңмен алысты. Табиғаттың түрлі мінезінен теперіш көрді. Пейіштен қуылып, жазалы болған уайымы тағы бар, өзекті өртеп ұйықтатпады. Бірақ қиындық атауы құйындап келсе де, екеуінің сезіміне дақ түсірмеді. Қайта тағдырмен күрескен сайын шыңдалып, махаббаттары беки түсті. 📚 "Махаббаттың мәні"

Шынайы махаббаттың айқын белгісі: адамның жасампаз қабілеті артады. Ғашық жүрек сүйіктісіне жан-тәнімен берілгенде құндылық өндіріп, мәдени түлей бастайды.Көбі ондайда өлең жазып кетеді. Ішкі дүниесін дамылсыз байытады.Бейне бір құндылықтар әлемінің қақпасы ашылып кеткендей болады.Ол бір ғана ғашығының болмысына байланып қалмайды.Ол үшін сегіз мың ғалам кеңейген үстіне кеңейіп, тереңдеген үстіне тереңдеп бара жатқандай көрінеді. 📚 "Махаббатың мәні"

-Я раббым оны мен үшін ,мені ол үшін хайырлы ете гөр.Егер ол менің тағдырым болмаса,мен үшін хайырлы етіп оны маған қоса көр.

Аллах үшін жасаймын деген ниеттің практикасы тұрмысқа шыққаннан кейін басталады екенғой. Тұрмысқа шықпай тұрып тұрып өзімше Аллах үшін проект жасап жүрм деп мәз болып жүрсем. Аллах үшін жасайтын амалдар это когда напсіңе не выгодно жасау но сен Аллах үшін жасайсың. Аллах үшін жасау ол мүлдем нәтиже күтпей амалдар жасау. Арнайы нәтиже үшін амал жасап жатсаң онда оны нәпсің үшін жасап жатырсың Аллах үшін емес. Аллах үшін жасап үйрену үшін бірінші Аллахты күнде күнде тануға ұмтылу керек. Танымаған Аллах үшін амал жасау нәпсіңді көндіру қиын болады. Әсіресе Аллахтың АльВадуд сені шексіз жақсы көретінін сені шартсыз қабылдайтынын тану және сезу.

Жұма мүбәрәк болсын тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын 🤍🙌

Қалағаныңды сұра, Жаратқаныңнан жылап.. Алақаныңды жайып, Алдағы күннің уайым.
Қалағаныңды сұра, Жаратқаныңнан жылап.. Алақаныңды жайып, Алдағы күннің уайым.

Мы сотворили вас парами, Мы сотворили вас мужчинами и женщинами, но сделали вас одним человеческим родом, чтобы одни из вас н
+5
Мы сотворили вас парами, Мы сотворили вас мужчинами и женщинами, но сделали вас одним человеческим родом, чтобы одни из вас находили покой в других, и создали между вами любовь и милость.✨🌑

Алла Тағала: وَمَا كَانَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ لِيَنفِرُواْ كَآفَّةٗۚ فَلَوۡلَا نَفَرَ مِن كُلِّ فِرۡقَةٖ مِّنۡهُمۡ طَآئِفَةٞ لِّيَتَفَقَّهُواْ فِي ٱلدِّينِ وَلِيُنذِرُواْ قَوۡمَهُمۡ إِذَا رَجَعُوٓاْ إِلَيۡهِمۡ لَعَلَّهُمۡ يَحۡذَرُونَ Сонымен қатар, мүміндердің (бір мезетте) жаппай жорыққа аттанғаны да орынсыз. Ендеше, әр елден (әр қоғамнан, әр рудан) бір топ адам қалып діни ілімдерді бүге-шігесіне дейін терең меңгеріп, жорыққа аттанғандар қайтып оралғанда, жат қылықтардан, күнә атаулыдан аулақ жүруі үшін оларды ескертуі (яғни, оларға жөн сілтеп, уағыз-насихат айтуы һәм шариғат талаптарын үйретуі) керек емес пе?! ат-Тәубә: 122

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ,ақша арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп,әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жылғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ,ақша,абырой,бала- бәрі безгенде,қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді- елу жас па,жүз бе,бәрібір оны аяқтап,мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр,одан айырылып,жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек. (с)Бауыржан атам

Жұма мүбәрәк болсын тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын 🙌🤍

“Кімде-кім Алла жолында Алланың атын жаңғырту үшін, (әртүрлі кедергілерге қарамастан) күресіп бақса, жәннат ол адамға уәжіп болады”. (Тирмизи)

бір еркекпен бақытты болам десеңіз, қатты жаксы көруге тырыспай-ақ қойыңыз, түсінсеңіз болғаны. бір әйелмен бақытты болғыңыз келсе, жақсы көріп, көңіл бөлуге   тырысыңыз, түсінуге тырыспай-ақ қойыңыз. 📚кітаптан.

жаңбыр жауған сайын екеуміз үшін дұға етемін.. Аллаһ қабыл етсе,дұғам болашағыма айналар.🩵

Алла Тағала: مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ رِجَالٞ صَدَقُواْ مَا عَٰهَدُواْ ٱللَّهَ عَلَيۡهِۖ فَمِنۡهُم مَّن قَضَىٰ نَحۡبَهُۥ وَمِنۡهُم مَّن يَنتَظِرُۖ وَمَا بَدَّلُواْ تَبۡدِيلٗا Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбірі уәдесінде тұрып, (Алла жолында) жанын пида қылды. Енді біреуі (өз кезегін) күтуде. Олар серттерінен әсте тайған да, әуелгі қалыптарынан еш айныған да емес. әл-Ахзаб: 23