Иманды пенде🤍
Open in Telegram
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
“Алланың бір құлға кедейлік немесе ауру бергенін көргенде, Алла тағаланың оны күнәларынан тазартуды қалағаны деп біліңдер”. (Дәйләми)
Ғалымлардың رحمهم الله жаназасына қарасаң қызығасын. Олар өлгенге дейін жасарларын жасады, үмметке, дінге, ілімге, Құранға қызметпен ұйықтап, сомен оянды.
• Сұрақ келеді сол кезде: “біз өлгенде кім болып өлеміз?, біз не бітірдік?” Алла бізге рақым етсін
Олар мен біздің пайдамызды есептесек, олар тірі, біз өлі секілді…
"Еркектің бекзаттығы бөгде əйелге көз салмаудан басталады. Ал əйелдің асылдығы бөтен еркектің назарын өзіне аудармаудан бастау алады".
“Тозақ оты тимейтін екі көз бар: Алладан қорқып жылаған көз және түнін (отанын) Алла жолында күзетте өткізген көз”. (Тирмизи)
-Ты скажи еще, что ты меня любишь.
-Я тебя люблю.
-Ты же меня почти не знаешь.
-При чем тут это?
-Очень даже при чем. Любишь - это когда ты готов дожить с человеком до старости.
-Чего не знаю, того не знаю. Любить - это ты без человека жить не можешь. Вот это я знаю.
“Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және екінті һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлылық һәм табандылық таныт”.
(Кәһф сүресі, 28)
(وَلَا تَقۡتُلُوٓاْ أَوۡلَـٰدَكُمۡ خَشۡيَةَ إِمۡلَـٰقٍۖ نَّحۡنُ نَرۡزُقُهُمۡ وَإِيَّاكُمۡۚ إِنَّ قَتۡلَهُمۡ كَانَ خِطۡـًٔا كَبِيرًا) (وَلَا تَقۡرَبُواْ ٱلزِّنَىٰٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ فَـٰحِشَةً وَسَآءَ سَبِيلًا) (وَلَا تَقۡتُلُواْ ٱلنَّفۡسَ ٱلَّتِى حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۗ وَمَن قُتِلَ مَظۡلُومًا فَقَدۡ جَعَلۡنَا لِوَلِيِّهِۦ سُلۡطَـٰنًا فَلَا يُسۡرِف فِّى ٱلۡقَتۡلِۖ إِنَّهُۥ كَانَ مَنصُورًا)
Алла Тағала Құранда:
1) (Уа, адамдар!) Кедейліктен қорқып, бауыр еті балаларыңды өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризық-несібені Біз береміз. Оларды өлтіру расында да үлкен күнә
2) Зинаға, тіпті жоламаңдар! Өйткені ол – барып тұрған азғындық, (кісіні тозаққа сүйрейтін) жаман жол!
3) Алла тағала ардақтаған тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмеңдер! Кімде-кім жазықсыздан-жазықсыз өлтірілсе, оның мұрагеріне (қысас жазасын қолданып, қолданбау немесе құнын сұрау сынды) тиісті іс-шараларды жүзеге асыруға толық өкілеттілік бердік. Ендеше, мұрагер қысас жазасын қолдануды ұйғарса, қысас жасағанда шектен шықпауы керек. Өйткені оған (шариғат тұрғысынан) онсыз да тиісті қолдау көрсетілді. (Исра: 31:33)
Түсіндірме: Осы үш аятты оқысаңыз, зинаның адамды өлтіруге қатысты екі аяттың арасында тұрғанын байқауға болады.
Бірінші аятта кішкентай балаларды кедейліктен қорқып өлтіру туралы болса, зина да ұрықтан пайда болатын баланы өлтіру іспеттес дегенге нұсқап тұр.
Зинаға қатысты аяттан кейін адамды өлтірмеңдер деген аяттың келуі, зинаның адам өлтіру секілді ауыр қылмыс екеніне нұсқап тұр.
Ендеше, уа, адамдар! (Алла сендер үшін жер бетін тіршілікке жайлы тұрақ етті, олай болса), жердегі барлық нығметтердің адал, таза әрі денсаулыққа пайдалысынан жеп-ішіңдер. (Кәпір көсемдер мен оларға ергендерді азғырушы) шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол сендерге анық дұшпан”.
("Бақара" сүресі, 168)
