Иманды пенде🤍
Open in Telegram
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
Ассалаумалейкум қалайсыз дар жамағат
Жұма мүбәрәк болсын тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын 🤲🤍
Айтпақшы, Рамазанға сізді ренжіткендердін бәрін кешіріп, өзіңіз ренжітіп алғандардың бәрінен кешірім сұрап кіріңіз
Алла сізді де кешірсін
Рамазан айы мүбәрәк болсын!
Кітабым сәл кешігіп жатыр дизайны дайын болмай. Дайын бола сала сіздермен бөлісемін
“Уа, Раббым! Өзіңнен қайтпас берік иман, түгесілмес ризық һәм Хулд жәннатының ең биік дәрежелерінде сүйікті пайғамбарыңмен бірге болуды сұраймын”. (Абдулла ибн Масғуд (р.а))
Менен араб тілі курсы туралы сұрағандар бар ма еді?
Сіздерге жақсы ұсынысым бар:
Иорданияда араб тілі филологиясының магистратурасын оқып жатқан жақын досым Абылай, бастауыштарға арнап курс бастағалы жатыр екен
Менде орын босағанын күткенше, сол кісіге жазылып үлгеріңіздер.
Бағасы тиімді, ал орын саны шектеулі дейді.
Сондықтан тезірек жекесіне шықсаңыздар дұрыс
Аккаунты міне @utlubuadmin
Бірде Хасан аль-Басриге, Алла оны рақымына алсын, бір адам келіп, балам жоқ деп мұңын айтады. Хасан аль-Басри ол адамға "Истиғфар айт", - деп жауап береді. Кейін Хасан аль-Басриге басқа бір адам келіп, дүнияуи жағдайым қиын деп мұңын айтады. Хасан аль-Басри ойланып, ол кісіге де "Истиғфар айт" деп жауап береді. Кейін Хасан аль-Басриге тағы бір адам келіп "егін ектім, жаңбыр жоқ, қайтемін", - деп мұңын айтады. Хасан аль-Басри ол адамға да "Истиғфар айт" деп жауап береді. Осы жағдайлардан кейін Хасан аль-Басридың шәкірті "Ұстаз, ол 3 адам Сізге 3 түрлі мәселемен келді ғой. Сіз болсаңыз бәріне бірдей жауап бердіңіз. Оның қалай болғаны? ", - деп сұрайды. Сол кезде Хасан аль-Басри шәкіртіне "Сен, Құрандағы" …Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, расында, Ол – аса Кешірімді. Сонда Алла сендерге жаңбырды нөсерлете жібереді. Һәм сендерді мал-мүлікпен және бала-шағамен қолдайды да, сендер үшін жер бетінде бақтар жасайды әрі сендер үшін өзендер жасайды", - деген аятты оқымап па едің?", - деп жауап береді. Демек көптеген проблемаларымыздың кілті истиғфар(Алладан кешірім сұрау) аз айтуда екен.
©Ұстаз Әміре Ерсін Абу Юсуф
сәжде туралы
жүрекке тыныштық сыйлайтын сәждеден бас көтерген сәтте адамның жаны шынайы рақат табады, сондықтан жүрек бар мұң - мұқтажыңды жайнамазда отырып айт
егер кімге құлшылық етіп тұрғанын адам баласы жетік түсінсе, сәжде етуге ынтазар еді
(авторын ұмытып тұрғаным..)
Ұнатқан нәрсесін көргенде оқылатын дұға
Әлхамду лилләәһил - ләзии бини ‘мәтиһи тәтиммус - саалихаат.
Шүкір мен Мақтау бүкіл жақсылықтарды, әдеміліктерді Өзінің ихсанымен, мейірімімен толтықтырған Аллаға тән.
Намазға сансыз сауап берілетінін білген адам құлшылығы үшін мешітке асығар еді.
«Егер таң намазы мен құптан намазының сауабын білген болсаңдар, мешітке еңбектеп болса да келер едіңдер» (Бұхари).
Сені Алла Тағаладан артық жақсы көретін адам бар ма? Ант етемін, мұндай нәрсе жоқ және ешқашан болмайды. Бұл Жаратушы мен құл арасындағы сондай әдемі махаббат, бұл таңғажайып және өте жылы нәрсе. Мұндай махаббат сеніммен, үмітпен және ең таза сезіммен қаныққан. Сіз Жаратушыңызды жақсы көресіз бе? Әрине, басқаша қалай болуы мүмкін? Өзімізді ренжіткен кезде немесе мұңайған кезде, көмектесетін немесе қолдайтын, осы ауруды жеңілдетіп, сол жерде болатын адам болмаса, біз Оған жүгіреміз. Біз көмек сұраймыз, шыдамдылық сұраймыз және Оның бізге қаншалықты жақын екенін түсінеміз. Күн сайын біз Оған мойынсұнбаймыз, жиі ұмытамыз. Қанша рет сатқындық жасадыңыз? Көп, уааллаһи, Ол туралы айту мүмкін емес. Намазда шаршап жығылғанда ол сені тыңдайды, Ол сенен ешқашан бұрылмады және сені ешқашан қуып жібермейді, бірақ сен оны мінез-құлқыңмен ашуландырумен айналысасың. Өзіңде бәрі жақсы, жүзіңнен күлкі, жан дүниеңде тыныштық орнаған күндерде мұның бәрі Жаратушыңның арқасы екенін ұмытуға дайынсың. Алла Тағала бізге күре тамырдан да жақынырақ, түсінесің бе?
Жүрегіңізді Аллаһпен байланыстырыңыз, сонда сізді ешқашан тастамайды, ұмытпайды және ренжітпейді.
