cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

ABAIBOL🇰🇿

Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша: [email protected] 📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol 📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz www.shyngys.kz www.abaibol.kz

Show more
Advertising posts
26 873
Subscribers
+2124 hours
+7557 days
+1 95130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

🔞ҚҰБЫР ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОРДАН ӘЙЕЛДІҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Ақмола облысы, Щучинск қаласы. Жергілікті сақшылар «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамынан қатысты тергеу амалдарын бастады. Себебі, осы мекеменің жылу құбырларын жүргізу үшін қазған ордан 43 жасты әйелдің мәйіті табылған. Марқұмның басы жарылған мәйітіне 1 мамыр күні, таңғы сағат 06:45 шамасында жұмысшылар тап болыпты. Көшедегі бейнебақылау камераларын шолған сақшылар, әйелдің жазмыштан мерт болғанын анықтады. Түн жарымда Ломоносов көшесімен келе жатқан ол, шалынып құлап орға түсіп кеткен екен. Нәтижесінде, басынан ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмыпты. Енді, осы орды қазып, ешқандай ескертпе тақтайшасыз ашық тастап кеткен «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамына қатысты тексеру жұмыстары басталды. ❗️Марқұмның артында 5 баласы қалыпты. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Show all...
😱 77👍 12😢 12 8💔 6🤬 4
☑️ 160 ТЕҢГЕ 17.000 ТЕҢГЕГЕ АЙНАЛДЫ «Sweet Bonanza» ойынында әр айналымға небәрі 160 теңге мөлшерлемеден қойып, нәтижесінде, 17.000-ға кенелдім. Яғни, жалпы сомасы 3000 теңге салып, соны 160 теңгеден қойып отырып, 4 тәтті қатарынан түсті. Бұл 10 тегін айналым берді. Яғни, осы 10 рет айналғаны үшін шотымнан ақша шешілмейді. Нәтижесінде, 8-ші айналымында 160 теңгем 17.620 теңгеге айналып отыр. Демалысым көңілді ғана емес, кішкене қомақты да болып отыр. Ойын үрдісі түсінікті әрі жеңіл. Қатарын бірдей жеміс-жидектер мен тәттілер түссе болғаны.🍬💰 ❗️Ал, менің сілтемеммен тіркелгендердің салымы жүз пайызға ұлғаяды. Яғни, 5000 салса, үстінен бонус болып тағы 5000 түседі. 💲➡️Сілтеме: https://referencemen.co/ktVmDV?c=0091w-CWXQgUf7c9b49ec24d5e0915
Десекте, аталмыш ойын ақыл тоқтатқан салқынқанды ересектерге арналғанын айтқым келеді. Көріңіздер, қараңыздар, бірақ құмарлыққа салынбаңыздар.
Show all...
👎 31👍 4 3👏 1
🔞ТОПЫРЛАҒАН ЖІГІТТЕРДІҢ ЖАППАЙ ҚАТІГЕЗ ТӨБЕЛЕСІ Түркістан облысы, Атакент ауылы. 7 мамыр күні, аталмыш ауылдың қақ ортасында бір топ жігіттің қатысуымен жаппай төбелес орын алды. Кадрларға көз салсақ, екі тараптың адамдары құбыр, ағаш, бейсбол биталарымен бірін бірі соққыға жығуда. Тіпті, қан-жоса болғандар да таспаға ілінген. Сорақысы, оқиға құжынаған көшеде, 50-60 шақты куәгердің көз алдында орын алып отыр. Деректерге сүйенсек, жанжалдың орын алуына Өзбекстан-Қазақстан арқылы қатынайтын жүк көліктері жүргізушілерін бопсалау себеп болған көрінеді. Яғни, жаппай төбелес бопсалаушылар мен жүк көліктерінің жүргізушілері арасында болғанға ұқсайды. Бұл жергілікті тұрғындарының айтуынша. Жергілікті полиция әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. ❗️Видеоны қарап 90-шы жылдарға оралғандай болдым ғой... 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Show all...
🤯 40👍 16 7👎 3😱 2
🔞9 ЖАСАР ҚЫЗЫНА АЗҒЫНДЫҚ ЖАСАҒАН «ӘКЕ» Шымкент. 30 сәуір күні шығарылған аталмыш сот үкімі жайлы, енді ғана жария болып отыр. Сот шешімімен 38 жасты ер адам 15 жылға қамалды. Оқиға 2023 жылдың 8 қарашасында, Қайнар Бұлақ саяжай алабында орын алған екен. Дүкеннен азық-түлік алып келген жұбайы шыңғырған дауысты естіп ішке кіргенде, қорқынышты көрініске тап болған. Төсекте тырдай жалаңаш 38 жасар күйеуі өзінің туған 9 жасар қызын шешіндіріп, азғындық жасап жатқан. Шошып кеткен әйел күйеуін итеріп құлатып, қызын жетектеп көршілерге қашып барыпты. Сөйтіп, полиция шақырған. Сот барысында, «әкесымақ» кішкене мас болғандықтан, 9 жасар қызын жұбайымен шатастырып алғанын мәлімдеген. Қызын қатты жақсы көретіндігін айтып, кешірім де сұрапты. Десекте, сот үкімі – 15 жыл. ❗️Енді, абақтыластары оны өз жұбайларымен кезек-кезек «шатастырады» деп үмітенемін... 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Show all...
😱 78😁 15 11🤣 9👍 8👏 5🤯 1
🔞КӨЛІКТІҢ ТАС-ТАЛҚАНЫН ШЫҒАРҒАН Ақтау. 28-ші шағынаудан тұрғындары аулада тас-талқаны шыққан көлікке «көзайым» болды. Көліктің барлық терезелері шағылып, есіктері майысып зақымдалған. Сондай-ақ, айналасынан көп көлемде қан да табылған. Оқиға орнына келген сақшылар әлгі көліктің иесін тауып, болған жәйттің жәй-жапсарын анықтады. Белгілі болғандай, оқиға 5 мамыр күні түн жарымда болған екен. Әлдебір төрт адам жанжалдасып, арты төбелеске ұласып кеткен. Нәтижесінде, екі «Хабиб» екі қарсыласын соққыға жығып, көлікті де «нокаутқа» жіберіпті. Қазіргі таңда, барлық айыптылар құрықталып, тергеу амалдары жалғасуда. Басқа мәліметтерді полиция жария етпей отыр. ❗️Сол баяғы ішкіліктің салдары болар... 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Show all...
😱 33👍 16🤣 7😨 4 3👎 1
🔥 90 КҮН ТЕГІН КИНО ҚАРАҢЫЗ! Жасым отыздан біршама асып кетсе-дағы, мультфильмдерді әлі де қараймын. Тәнім қартайсада, жаным әлі сәби сияқты. Бала кезде қараған сүйікті мультфильдерімнің бір кемшілігі бар болатын. Олар тек орыс тілінде болды. Ал, қазір тамаша заман! Судай жаңа мульфильмдерді қазақ тілінде қарауға болады. Ең бастысы, ешқандай жарнамасыз және тегін! Мысалы, «Изумительный Морис», «Конек-Горбунок», «Леди Баг және Супер-Кот» және т.б. мультфильмдері дәл қазір Кинопоискте жарық көрді. Аталмыш хиттерді отбасыңызбен бірге 3 ай ешқандай жарнамасыз әрі тегін қараңыз! Сондай-ақ, отандық жаңа фильмдердің бәрі бар. Ол үшін осы «4LKZTAWFPU» промокодын теріңіз немесе төмендегі сілтемеге өтіп балалық шаққа саяхаттаңыз! ❗️Төмендегі менің сілтемем арқылы өтсеңіз, промокод автоматты түрде теріледі. Сондай-ақ, жазылымнан кез-келген уақытта бас тарта аласыз. ➡️📌Тіркелу сілтемесі: https://share.kz/g6qx
Show all...
👍 23 4👏 4👎 1
▪️ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖІГІТТЕР! Десекте, қоғамда бұл мерекемен құттықтау алуға тек әскерде қызмет еткендер лайықты деп жатады. Бірақ, қиын қыстау заман келсе, баршамыз Отанымызды қорғауға қару алып шығатынымыз анық. Өзіме тоқталсам, мен әскерде қызмет етпегенмін. Тек әскери кафедрада «қызмет» еттім. Бірақ, ол жақтан мені шығарып жіберген. Бұзықтығыма талай наразы болған Майор мырза, мені кабинетіне шақырып талай ұрысты да, боқтады да. Мен болсам «жақсы сарбаз боламын» деп ант су ішіп, «қадап» кете беретінмін. Ұйықтап қалып таңғы шепке кешігемін. Кезекшілікке қойса, постымды тастап кететінмін. Айта берсем, «шалалықтарым» көп болыпты. Қазір ойласам, ұялып кетемін. Жас кезде мінезіміз дарақылау болыпты ғой☺️ ❗️Кешіріңіз, Майор мырза! Құрметпен, қатардағы экс-сарбазыңыз, Әлкеев Шыңғыс🙏
Show all...
👍 70😁 20 10🫡 5🤗 4👏 2
🔞БАРБЕРДІ САН СОҚТЫРЫП КЕТКЕН АЛАЯҚ ҰРЫ Астана. 3 мамыр күні, жергілікті сақшылар 54 жасты ер адамды құрықтады. Ол шаштаразға келіп, барберді сан соқтырып кетіпті. Іс материалдарына үңілсек, шаштаразға келген әлгі алаяқ, ақшасының жоқтығын айтып, шашын тегін қиып беруді сұрапты. Барбер жігіт егде жасты адамға жаны ашып, шашын тегін қиып берген. Алайда, әлгі алаяқ кетіп бара жатқанда, аңқау барбердің «Самсунг» телефонын қолды қылып кеткен. 54 жасты алаяқ ұры бейнебақылау камераларының арқасында құрықталды. Алайда, телефонды көшедегі кездейсоқ адамға сатып жіберген екен. Телефон іздеуге салынып, алаяқ «ел ағасы» абақтыға тоғытылды. 📲Ал, «ABAIBOL BARBERSHOP» шаштаразында мұндай жағдайдың орын алуы екіталай. Біздің жігіттер ақ көңіл, бірақ, аңқау емес. Ең бастысы, кәсіби деңгей жоғары. Басқа барбершоптардан абайлап, «ABAIBOL» барбершопын таңдаңыз! 🆘Мекенжайы: Шымкент қаласы, Есенберлин 13 🌐 ABAIBOL BARBERSHOP: https://www.instagram.com/abaibol.barbershop/
Show all...
🤣 52😁 41👍 10 8😱 5👎 4🤬 3🔥 1
🔞 6 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛАБАҚШАДА КӨЗ ЖҰМДЫ Ақмола облысы, Зеленый бор ауылы. 6 мамыр күні, «Ромашка» балабақшасында қайғылы оқиға орын алды. 6 жасар қыздың жағдайы кенеттен нашарлап, демі тоқтап қалған. Жанталасқан тәрбиешілер де, бірнеше минутта келген дәрігерлер де бүлдіршіннің өмірін құтқара алмапты. Сәби көз жұмды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. ❗️Деректерге сүйенсек, бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалған көрінеді. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Show all...
😱 84😢 14👍 8 3🔥 1
🔞ВЕЛОСИПЕДПЕН АҒАШҚА СОҚТЫҒЫСЫП МЕРТ БОЛДЫ Ақмола облысы, Бурабай. 5 мамыр күні, аталмыш курорттық елді-мекенде қайғылы оқиға орын алды. Бір топ сыныптастарымен демалысқа келген 16 жасар ұл бала мерт болды. Анықталғандай, велосипед мінген марқұм бала үлкен жылдамдықпен ағашқа соқтығысқан. Жарақаттары тым ауыр болғандықтан, бала оқиға орнында көз жұмыпты. Белгілі болғандай, велосипед жалға алынған екен. Қазіргі таңда, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. ❗️Егер мәселе велосипедте болса, яғни, тежегіші істемейтіні анықталатын болса, жалға берушінің «басы кетейін» деп тұр. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Show all...
😱 75👍 16 11🍌 2😨 2