203
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-130 days
Posts Archive
203
хүгге, кайдзен, вабисаби тағы неше түрлі халықтың өмір сүру пәлсапаларын мына төрт хадис жолда қалдыратын сияқты ғой.
203
біреудің үйінде қонақ болғанда қалай ұялып, байыппен жүрсең. бұл дүниеде де дәл сондай болшы.
203
Repost from N/a
ондай деп санағым келмейді өзімді. боқпенен толтырып жүргенде көзімді
жан дауыс, ар дауыс кеудені тепкілеп. шимайлап шығардым, жүректен сөзімді.
аяйды дейді адам өз жанын, қане сол? ішін де, сыртын да аяуы сирек жол. қабығы қалыңдап, іші бос қуыстап, көрмейді дегенді, аяуға келер сол.
көздерің үйретті, көбейтіп жылтырақ, қуысқа үңілсе, сұрайды «жынды ма?» тежелді оны естіп, шалбардың тесігі. көктемің көзіңде, сыртында жылбырап.
ұмытшақ ақылың жүректі ысырар, бәлеңді сыйсын деп амалсыз қысылар.
ойлама жүрегің көзіңдей көрмес деп, байқасаң оның да сандығы ашылар.
көңілім тазармай өзгеге күш алмас, әйтсе де аңдамай өзінен болар мас,
мастығың дегенің ашқандай араңды, бірдей боп көрінер, бір уақта дос пен қас.
тазармақ дегенің солайша басталса, өзімнің дауысым өзіме қастасса,
сөгіліп жіптерім жан дауыс таппақ бар. осындай екен ғой, «мен» көрді басқаша.
кеудеңді кер тартпай тек таза сүймек бар, айнадан нұр тауып жүрекке түймек бар. сирек жол осылай, екі ұшты тең ұстап, талану үстінде қызарып, күймек бар.
203
Repost from N/a
жаралы іздедің Раббыңды баяғы
тек Одан екен ғой басы мен аяғы.
жанымды түндегі тыныштық үрлейді
жүректен жырларын параққа жаяды.
білдірді бойымда тізілген мінім көп.
аядың, аямай көрсеттің келіп дөп.
енді жан Жарымен оңаша қалғанда
керілме, кішірей, жасырма, жасты төк.
мен сорлы, жүректі сағымға байлап ап,
ойладым, нәпсіме сол болар саябақ.
сол бейбақ үмітім үзіліп біткенде
сен жайдың құшақты, тағы да аялап.
мендік жан өзімшіл, ең жаман жүгірмек,
бүлдіріп шаршайды, соңында дірілдеп.
адасып, аңқылдап тұзаққа келгенде
санаймын тағы да саяда тұрмын деп.
мақтаймын атыңды, бәріне шүкір деп
күбірлеп ауызым, тек солай көпірмек
тыныштық тұншығып тұрғанмен айнада
сен деген сезім тұр кеудеде дүркіреп.
тілегім, тік тілім жақсыны айта алса,
көгерген көздерім көркіңді байқаса,
қысылып өзімен, үрпиген өр кеудем
керіліп кешікпей, сәтінде жайланса.
жасадым барлығын, ұмытып азабын,
сонда да Аллажан ұлық қой ғажабың.
кешірім тіледім құрғаған жасыммен
үмітім бір сенің - мейірім, Жамалың.
203
мына пікір жақсы түсті. рас екен. алдыңа келген іске қалай қарайтының өзіңе байланысты. эмоция ол бір қанда, денеде жүретін химиялық процесс дейді. яғни ашу, мұң, қорқыныш, ұялу, қуану, жиіркену т.б.
ал ары қарайғы реакцияны өзің шеше аласың. біз көбіне сол эмоцияны реакциямен шатастырып жатады екенбіз ғой.
203
мына суретке ұзақ қарап отырдым. қызық екен. құранды суретке түсіріп, бізге не көрінді? санаға түсіру керек екен ғой.
203
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
203
тілімді түсінетін, менің шамшырағым ғой.
рухтар әлемінде біраз әңгімелесіп, ол жақта да сыр бітпей, жерге түскенбіз ау осы ә?
(қиял)
203
адамдардың есінде жақсы естелікпен қалсам мәз болам. жаман естелік болса да, жарайды енді. әйтеуір бір естелікпен қалдық деп ше. ойнап айтам. ұяламын. біреуді ренжітсем, өзіме тиеді ғоой таяқ болып, сабақ болып. жаман естелік қалдырсам кешіріп қойыңдаршы. :> осы орайда ұстазымнан естіп қалған әдемі дұға есіме түсіп отыр:
«Аллаһым, менің жүрегімнен басқаларға деген ренішті алып тасташы, әрі басқалардың жүрегінде маған деген мен білмейтін реніші болса, оны да алып тасташы»
203
Repost from N/a
кейбір адамдар өздерінің комфорт екенін білмейді.бірақ олар маған сондай комфорт болып көрінеді.мысалыы,ыыыыы,нұрка әпке
