203
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-130 days
Posts Archive
203
ақидада неше түрлі сұрақ қойып, мида қонып қалған пікірды сындыра тұрып, былай болса ше, былай болмаса ше деп талқылап, пікір алмасудың өзі иман тұрғысында сананың ішіндегі біраз есіктерді ашып береді екен ғой.
соны ойлап мына жолдар есіме түсіп кетті:
құйқылжыған үніне елтіп
есту үшін сол әуенді әдемі,
жүру үшін күзгі бақта мәуелі,
білгеніңнің бәрін ұмыт әуелі.
қызық. түсінген адам түсінді ғой қысқасы.
203
түнге, түнгі зікірлерге, әңгімелерге қатты ғашықпын. бұл уақыттың сұлулығы мен ғажабын айтып жеткізе алмаймын.
бүгінгі түннің тымығына қарап, «осындай жайлы бір түнде біреумен шер тарқатып, сырлассам ғой» деген ой қытықтап, жаным ашығып, айналама қарап ешкімді таба алмадым. (жаным бірдеңені қатты іздеп тұрды, әлде біреуді.) сонда, олай болса бір өзім болсын сыртқа шығып қайта қояйын деп отырған жерімде, Аллажан үйге жездемді әкеліп қойғанын қарашы.
сағаттардың қалай зулап өткенін байқамай қалдық. жылап та, күліп те тек бір Құдайды мақтап өткізген уақыттар ай. қандай көркем. жүрегімдегіні келтіруге тілімнің жетпей жатқанын қарашы.
былай қарап тұрсам мүлде отырып әңгімелесіп көрмегенбіз ғой бұл уақытқа дейін. бірақ үнемі жүзінен бір нұрды байқайтынмын. әңгімесі әлдеқайда терең кісі екенін сезетінмін. осы жолғы талабым мен тілегіме Аллажан сол кісінің сырсандығын ашып жауап бергеніне қарашы. құдды бір Мұсаның тапқан Қызырындай, Румиді іздеген Шәмстей, бұл да бір ғажап па дедім.
не айта алам? тек шүкірлер.
203
сабыр етесің, басқа не шара. аузымнан артық сөз шығып кетпесе екен деп алаңдаумен жүрмін тек. бұндайға келгенде сөздің еш пайдасы жоқ сияқты енді. қайталана берген соң, осы жолы қоя қояйын дедім. айналаңды түзей алмайсың, одан да өзіңе қараш.
203
сөйтсе, мен жазсам, құтыла алмай жүрген дертім туралы жазады екем ғой. оны түсініп біткесін басқа тақырыптар басталар. бұрыннан солай екен. әрине «емделіп» қойған, миыңды бұрынғыша тепкілемейтін ой енді қызық емес. жазуға да түрткі жоқ.. сонда бәрі дерттен басталып тұр ма
203
-себебі біз бұл дүниеге өзімізді разы ету үшін келмеген екенбіз ғой. бізге айналамызды разы ету керек. Алламызды разы ету керек. бізді құлшылық үшін жаратқан екен ғой.
құрбыммен сөйлесіп отырып, байқамай ауыздан шығып кеткен сөз. қара басыңды ойлау, эгоизм деген осы ойдан кейін өлгендей болады екен. сенің проблемаң Құдайға түк емес, алдымен Оған разы бол, Оны разы ет.
мынау маған бүйтпеді, анау маған сүйтпеді. осы сынды әлсіздің ойларынан құтыл да, авторға айналып, айналаңда жақсылық жарат дегім келеді.
«сендерден ешкім өзіне қалағанды бауырына қаламайынша, толық иман еткен болмайды»
203
Құранда өлім жайлы айтылмайтын бір бет жоқ. қай бетін ашып қарасаңыз да қайтар жеріңізді еске түсіреді.
Оның аятын аяққа таптамай, төбеңе көтере алсаң ғана бақытқа жеткенің. сездіріп жатыр. Оған құл болу - оңай шаруа емес. рас. “мәжбүрлі түрде келмейсің” рас. өзің иілуің шарт. күш сал. бір аятына құлдық ұру дегеннің өзі қандай үлкен іс. ата-анаға зекімеу дегеннің өзі қандай қиын. сенің өміріңді, ойыңды, мінезіңді түзететін осы Құран ғана. “басқа жерден іздеме”
203
қызық ә. медресені бір айналып, біразға дейін ұмыта алмай жүретін әңгімелерің болады екен.
медресемнің ауласы - жанымды емдеген жолдар ғой. құраныңды құшақтап бір айналып шығуыңның өзі қандай дәрі, қандай шипа.
сағынып отырғаным баар енді) ыстық мәкәнім.
203
Будем искать и думать, станем глядеть на мир пытливо и чутко. Надо прислушаться к самому себе. Надо понять и полюбить всю невыразимую стройность мира и Бога и ту сказку, которая живет глубоко и скрыта в каждом из нас. Больше радости, больше вдумчивости, мужества думать. Это трудно, очень трудно, но найдём самих себя.
Константин Паустовский
203
бұны жазуыма бүгінгі зәт түрткі. теп-тегіс жерде әкеммен дүкенге бара жатып көліктің ішінде жылап қалғансың ғой. көптен бері үйтіп жыламаған едім. өзім таңмын. жасыма себеп болған зәт «уақыттың тапшылығы»
-папа, ертерек келмедіңіз ба?таксимен кететін едім ғой. енді кәз үйге барып тағы жасайтын жұмыстарым бар. үлгермей қалатын болдым
деп, күйініп, бір жағынан еркеледім бе екен, әйтеуір сол сөзді айттым да, жасымды ұстай алмай бұрқ еткіздім әлгі жерде. «сені таксимен жүргізбеуге тырысам мен» деп ана жақта папам әлек. басымда неше түрлі зат айналып жүр. уақытымның зулап өтіп бара жатқаны, оның ішінде дым ға да, боққа да үлгермей жүргенім, бытқа белшесінен батыып бара жатқанымды ойлап жас деген судай ақты ғой. межелеген жеріме жеткенше бырқылдап бардым. сүйтіп көліктен дым болмағандай түсе салыппын. ой шіркін, содан кейінгі жеңілдікті айтсайшы енді. жай ғана жылап алу керек болған екен ғой маған. өзіммен өзім басыма қара бұлт үйіріп ап, лезде күнді келтіру әшейін сән. хаха. иә, бәрі жақсы екен. аман болыңдар.
203
қызық. сонда қыз деген, или әйел деген ба. ой. бұл деген, көп сөздің орнына бір жылап алып, бүкіл эмоциясын шығарып, ары қарай жасын сүртіп кете беретін адам болып тұр ғо.
бір еркек құсап жазғаным ше. өзіммен танысып жүрген адаммын ғой жәй.
