203
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-130 days
Posts Archive
203
тамам жан өзін-өзі «мен» деседі,
өзгелерді жатырқап «сен» деседі.
«біз» дейтұғын бір елді таба алмайсың,
бұл қайтіп әділетпен теңеседі?
ойласаң, барша адамзат - туған бауыр,
бірін-бірі шұқылап қылды жауыр.
балалық, айуандықтан шыққан ел жоқ,
бұл сөзім талай жанға тисе де ауыр.
203
«Егер Раббымның сөздерін жазу үшін теңіз сия болса, Раббымның сөздері таусылмай тұрып, теңіз таусылар еді. Тіпті оған сондай тағы бір теңізді қосып берсек те».
203
-кешіксеңіз де әдемі болып кешігеді екенсіз.
соол бүгін ұстаз бола тұра, бірінші рет сабаққа ұйықтап қап, ақкөңіл шәкірттерімнен естіген комплиментім ғой😂
203
Алланың пендесіне рақымы мол,
сен де өзіңдей адамға мейірімді бол.
Ол жаратты, сен-дағы жаратып бақ,
бардан барды шығарсаң болады сол.
керексізді қылмайды Иең-дағы,
мен де сүйтем деп қара сен де тағы,
бір Құдайың сабырлы, сен де шыда,
бәрі осындай, ойлансаң, артқы жағы.
мұны білсең, боласың сүйікті құл,
құлы болсаң, қожаңның сүйгенін қыл.
шын мұсылман болайын деп ойласаң,
Құдайға құл болудың мәнісін біл.
Шәкәрім
203
«Өз-өзіне табыну», панельге салынған майлы бояу.
«Басқаларды білмеймін, бірақ мен атақ-даңқ пен инфлюенсерлерге табынудан әбден шаршадым. Біз өздерін насихаттап, өздеріне табынып жүрген адамдарға қарау арқылы осы жасырын пұтқа табынудың бір түріне қатыса берген сайын, Алланың айналамызға қойған белгілерін — өз ішімізде де, сыртқы әлемде де — көру қабілетіміз азая береді. Сірә, енді 2026 жылды еске алып, бес сезім мүшемізге қайтадан иелік ететін уақыт келген сияқты. Сонда ғана өзге сезімдерімізге жол аша аламыз 🤍»
203
окей. адамның көңілін тауып, жүрекке кіру қиын емес. бірақ не үшін керек маған ол зат. қайда жұмсасам екен. ойланып кеттім ғо. кіріп алып, шыға алмай жүретінім тағы бар. мұрынбоқ десеее.
203
«Мүмін бал арасына ұқсайды:
ол таза нәрсе жейді,
таза нәрсе шығарады.
Қонса – сындырмайды,
отырса – бүлдірмейді.»
🐝
