Рисалей-Нұр
Open in Telegram
[Құран тәпсірінің каналы.Авторы:Бәдүззаман Саид Нұрси. ] Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot 👈 ✍️. 💳📕Кітап сатып алу https://wa.me/c/77076894415
Show moreKazakhstan20 151The category is not specified
207
Subscribers
No data24 hours
+57 days
+1830 days
Posts Archive
207
Әһл-и дүние былай дейді: Бізде, діни үкімдер мен
Ислам ақиқаттарын үйрететін ресми орындар бар. Сенің дін жаюға қандай өкілеттілігің бар. Сен айдауда жүрсің. Олай болса бұл істерге араласуға хақың жоқ.
Жауап: Хақ пен Ақиқат шектеуге келмейді. Иман мен Құранды қалай шектеуге болады?! Сендер дүнияларыңның тәртібін, заңын шектеп ретке келтірерсіңдер. Бірақ, Иман ақиқаттары мен Құранның негіздерін ресми түрдегі ақы-пұл төленетін дүнияуи мәселелермен қатар қоюға болмайды. Негізінде, Иләһи жарылқау боп табылатын ондай тылсым-сырлар, таза ниетпен және дүние мен нәпсани қызықтарды қойып, тазару арқылы ашылады. Оның үстіне сендердің сол ресми мекемелерің де елде жүргенімде мені уағызшы деп қабылдап сол қызметке тағайындағанды. Мен уағызшы болуды қабылдадым, бірақ жалақысын алмадым. Қолымда құжатым бар. Уағызшы, имам болып кез-келген жерде қызмет етуге ақым бар. Өйткені, менің жер аударылуым негізсіз болған. Сондай-ақ, жарамсыз деп танылатын құжаттар қайта қаралып, қалпына келуде. Ендеше, бұрынғы құжаттарымның күші жойылған жоқ.
Екіншіден: Мен, Иман ақиқаттарын тікелей өз нәпсіме арнап жаздым. Көпшілікке арнағаным жоқ. Расында рухтары мұқтаж, жүректері жаралы жандар Құранның сол емдік рухани дәрілерін іздеп тауып алуда. Тек қиналғанда ғана азық-түлік алу үшін жаңа әріптер шықпай тұрып, Хаширге қатысты бір рисалемді баспаға апарып бастырдым. Ол кезде де бұрыңғы найсап әкім, әлгі рисалені тексертіп, айып тағатын ешнәрсе таба алмай, тиісе алмаған еді.
207
Азиз, адал бауырларым!
Жаңа бесін намазын оқыдым. Тәсбихат оқып жатқанда сендер еске түстіңдер. «әрқайсысы өзін, сондай-ақ, үйіндегі бала-шағасын ойлап қиналып жүр-ау!» дедім. Кенет мынадай бір ой келді: ✍️
Бұрыңғы заманда ақыретін дүниясынан жоғары санайтындар қоғам өмірінің ластығынан құтылу үшін және ақыретіне ықыласпен қам жасау үшін үңгірлерге, өзін қинап кіріп алып нәпсісін тәрбиелеп, оқшау өмір сүргені белгілі. Сол кісілер бұ заманда болса Рисалей-Нұр шәкірттері болар еді. Олай болса, әлбетте қазіргідей қысыл-таяң заманда ақыретін ойлайтындар олардан он есе мұқтаж және он есе жоғары қасиет иеленуге мүмкіндік бар және он есе әлдеқайда жеңіл, рахат👝
207
https://teletype.in/@kurankerim/_ZuNd_4FR
#сөздер #құран #рисалейнұр #саиднұрси
rebrand.ly/mucizati-kuraniye
207
Контенттерді толық оқып жүргендер "ЛАЙЫҚ" басып тұрсақ 😉 Жай ашып көргендер мен оқығандар саңында айырмашылық көп пе екен ...
