Рисалей-Нұр
Open in Telegram
[Құран тәпсірінің каналы.Авторы:Бәдүззаман Саид Нұрси. ] Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot 👈 ✍️. 💳📕Кітап сатып алу https://wa.me/c/77076894415
Show moreKazakhstan20 151The category is not specified
207
Subscribers
No data24 hours
+57 days
+1830 days
Posts Archive
207
Азиз, адал бауырларым!
Бүгін мағынауи ескерту келіп сендер үшін мұңайып уайымдадым.Тезірек бостандыққа шыққысы келетін және тұрмыстық жағдайын уайымдайтын бауырларымды ойлап өкіне, жабыққан кезде көкейге бір ақиқат әрі сүйінші хабар келді. Ол не десеңдер, бес күннен кейін өте берекелі, сауабы мол қасиетті үш айлар басталмақ. Әрбір жақсы амалдың сауабы басқа уақытта он болса қасиетті Режеб айында жүзден асады, ал қасиетті Шағбан айында үш жүзге жетіп жығылады. Берекелі Рамазанда мыңнан асады, жұма күндері мыңдаған есеге артады. Ал қасиетті Қадір түнінде отыз мыңға таяп еселеніп кетеді. Мұндай ақыреттік пайдасы мол жәрмеңке, ақиқатшыл әрі құлшылыққа аса мән беретіндерге таптырмайтын сәт. Және имандыларға үш айда сексен жылдық өмірдің пайдасына кенейтін мұндай қасиетті үш айды сауапты он есе көбейтетін Юсүф медресесінде өткізу әлбетте, үлкен ғанибет, мол олжа. Қанша қиналсақ та бұл Аллаһтың рахымшылығы деп қабылдап, ғибадат тұрғысынан осындай болғаны секілді Нұр қызметі үшін де бес есе пайдалы.
Мәселе санда емес сапада болғандықтан бұл тұрғыдан да тиімді. Өйткені, осы қонақжайға әрдайым келіп-кетіп жатқандар Нұр дәрістерінің жайылуына ұйытқы болады, кейде бір адамның ықыласы жиырма адамдай пайда әкеледі. Һәм, Нұрдың ықылас сыры бойынша, саясаткердей батыр, Нұрдың жұбаныштарына аса мұқтаж қамалғандар арасында жайылып тарауы үшін біршама қиындық шегіп, азапқа түссек те оқасы жоқ. Ал күнкөріс мәселесіне келер болсақ онысыз да мына үш айлар ақыреттік базар саналатындықтан әрқайсымыз көптеген шәкірттердің орнына, тіпті кейбірі мың адамның орнына қамалғандықтан әлбетте, сендердің сыртқы шаруаларыңа олар жәрдемші болады деп көңілім жәй тауып терең тыныстап рахаттанып қалдым және айтқа дейін осы жерде болудың үлкен нығмет екенін түсіндім.
Саид Нұрси207
Ғазиз, адал бауырларым!
Қасиетті үш айлардан соң әсіресе көктемге жақын дүниелік тұрмыс басталып ғапылдық басып, қызмет біршама тоқырауға ұшырайтыны рас. Кейбіреуді әуре-сарсаңға салып ауру-мазасыздық және әскерге шақыру басталып, соның кесірінен Рисалей-Нұр қызметі баяулап қалуы мүмкін деп уайымдағаным рас.(Қ-146)
Мына қасиетті айларда қатты ықыластанып, әрі мұқтаждық сезініп ақыреттік амал жасауға құлшынған едім. Өкінішке орай қазіргі жағдай және кейбір себептерге байланысты сәті түспеген еді. Осы ауру дәл сол қасиетті айларға дөп келіп, ауру-сырқаттың саясында күшті ықылас оянып, мол сауап жинатып орасан зор пайдасы тиді. Мені күндіз тауға шығудан тыйып, бау-бақшаларды аралауға жол бермеді әрі түнде ұйқыдан, ғапылдықтан сақтап шынайы жалбарынып, мінәжат қылуға, түнде ұйықтамай таң атыруға себеп болды.(Қ-285)
Дегенмен осы қасиетті үш айлардағы ерекше күндер мен түндерде ықыласты дұғаларыңмен бізге демеу беріп жәрдем етіңдер. Жауыздардың қолдарынан ештеңе келмейді. Бірақ, мүмкін болғанынша сақтық шараларын жасап, мұқият болыңдар.(Қ-173)
Бұл қасиетті үш айлар сексен жылдан астам мағынауи өмір сыйлайды. Олай болса әлбетте сендердей мүджаһит батырлар оны тиімді пайдаланбақ. Хақ тағала әрбір түнін сендерге Миғраж, Барат және Қадір түні секілді қымбатты да сауапты қылсын, әмин.(Қ-98)
207
Ас-салям алейкум жамағат! Осы апта жасалған 5 ЖИНАҚ сіздерге Рисалей Нұрды зерттеуге толық көмек береді деп үміттенемін. Документтерден ақпарат тез табу үшін ПОИСК (SEO) жұмыс жасайды.
207
Ас-салям алейкум бауырлар,достар! Көптеген оқырмандар бізден сұрайтын "Қандай кітаптан бастайын ?Не оқып берсе болады?"- деген сияқты сұрақтарға сәлде болса көмекші болу үшін кішігірім қосымша материал жасадым.ЖЕКЕ ӨЗІМНІҢ ОЙ-ТҮЙІНІМ.Қателер мен кемшіліктер бар.Кейін қайта жасаймын.
207
“Bir kalb ve vicdan, fezail-i İslâmiye ile mütezeyyin olmazsa, ondan hakikî hamiyet ve sadakat ve adalet beklenilmez.”(Mn.20)
