282
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
282
мен өзі бір сирек жандардың қасында ғана ән айтатын шығармын. соның өзінде әннің сөздерін алмастырып не өз ойымдағы мүлде басқа сөздермен айтып кетем. ол әдетімді жөндейтін екі адам бар. сіңілім мен жігітім. олар түзеткен сайын күлкім келеді, әсіресе сіңілім түзеткен сайын.
282
үйге көлікпен қайтып бара жатқанда жайлы ән тыңдап, терезеден самал желдің ләззатына бөленгеннен артығы жоқ. жаз сонысымен жайлы.
282
үйге көлікпен қайтып бара жатқанда жайлы ән тыңдап, терезеден самал желдің ләззатына бөленгеннен артығы жоқ.
282
үшеу боп теңіз жағада толқынға қарама-қарсы күйде әңгіме айттық. бұрынғыдай жеңіл емес, әңгімелеріміз тереңдеген. бәлкім, шын есейіп жатырмыз.
282
мысалы, қазір ғана сіңілім екеуміз балмұздақ алуға дүкенге электровелосипедпен бақытты боп, жылы желдің рақатына бөленіп бара жатқанбыз. қайтарда оның қуаты бітіп, зорға тасбақа ұқсап келген жайымыз бар. сонда да езудегі күлкіні айтшы.
:сөйтіп жәшікке қайталанбас бақытты күндер жиып жатырмын💖
282
үйдегі демалыс күндерім сондай мамыражай өтіп жатыр. асықпай кітап оқу. көруге үлгермеген подкаст, бағдарлама, дорамалардың орнын толтыру. әрине, қанған ұйқы. күннің әдемі шығысы мен батысына тамсану. үйдің дәмді тағамдары. отбасымның жылы-жұмсақ қамқорлығы.
:осының барлығы сондай ғажааап
282
💌reminder:
всё, что мы любим, вероятно, будет потеряно, но в конце концов, любовь найдет способ вернуться.
282
Нағыз еркіндік – біреудің саған жасаған әділетсіздігі үшін өзге біреудің сені аяуын тіленбеу. Шын еркіндікке жеткенде өзіңе басқалардың ерекше қарым-қатынас жасағанын да күтпейсің. Біреу жүрегіңді ауыртса, содан сабақ алып, жүрегің қатайып, басқа адам боп шығуға да тырыспайсың. Болғаны болды, бояуы сіңді деп қана өмір сүресің.
– Құтжанова
282
Нағыз еркіндік – біреудің саған жасаған әділетсіздігі үшін өзге біреудің сені аяуын тіленбеу. Шын еркіндікке жеткенде өзіңе басқалардың ерекше қарым-қатынас жасағанын да күтпейсің. Біреу жүрегіңді ауыртса, содан сабақ алып, жүрегің қатайып, басқа адам боп шығуға да тырыспайсың. Болғаны болды, бояуы сіңді деп қана өмір сүресің.
–Айгерім Құтжанова
282
жүрдек пойыз. ауылым Маңғыстауға жақындап қалдық. өздігінен Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі тіліме оратылып, оқып отырғаным. әкемнің күтіп алғандағы жүзін ойша елестетіп, бақытты боп отырмын.
282
– мен сенің дауысыңды естігенде, екеуміздің жақсы тіл табысатынымызды бірден сездім
– 🥹…түу, ол күшті ғой
