262
Subscribers
No data24 hours
-57 days
-1330 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+1
in 0 channels
August '26
+7
in 0 channels
Get PRO
July '26
+6
in 0 channels
Get PRO
June '26
+3
in 0 channels
Get PRO
May '26
+9
in 0 channels
Get PRO
April '26
+5
in 0 channels
Get PRO
March '26
+9
in 0 channels
Get PRO
February '26
+5
in 0 channels
Get PRO
January '26
+25
in 0 channels
Get PRO
December '25
+11
in 0 channels
Get PRO
November '25
+15
in 1 channels
Get PRO
October '25
+9
in 0 channels
Get PRO
September '25
+5
in 0 channels
Get PRO
August '25
+8
in 0 channels
Get PRO
July '25
+21
in 0 channels
Get PRO
June '25
+25
in 1 channels
Get PRO
May '25
+10
in 0 channels
Get PRO
April '25
+4
in 0 channels
Get PRO
March '25
+7
in 0 channels
Get PRO
February '25
+13
in 0 channels
Get PRO
January '25
+13
in 1 channels
Get PRO
December '24
+36
in 1 channels
Get PRO
November '24
+43
in 1 channels
Get PRO
October '24
+49
in 2 channels
Get PRO
September '24
+43
in 0 channels
Get PRO
August '24
+51
in 0 channels
Get PRO
July '24
+15
in 0 channels
Get PRO
June '24
+17
in 0 channels
Get PRO
May '24
+28
in 0 channels
Get PRO
April '24
+29
in 5 channels
Get PRO
March '24
+72
in 21 channels
Get PRO
February '24
+111
in 17 channels
Get PRO
January '24
+209
in 27 channels
Get PRO
December '23
+32
in 1 channels
Get PRO
November '23
+2
in 0 channels
Get PRO
October '23
+8
in 0 channels
Get PRO
September '23
+5
in 0 channels
Get PRO
August '23
+10
in 0 channels
Get PRO
July '23
+25
in 0 channels
Get PRO
June '23
+19
in 0 channels
Get PRO
May '23
+17
in 0 channels
Get PRO
April '23
+16
in 0 channels
Get PRO
March '23
+17
in 0 channels
Get PRO
February '23
+22
in 0 channels
Get PRO
January '23
+43
in 0 channels
Get PRO
December '22
+41
in 0 channels
Get PRO
November '22
+8
in 0 channels
Get PRO
October '22
+15
in 0 channels
Get PRO
September '22
+19
in 0 channels
Get PRO
August '22
+55
in 0 channels
Get PRO
July '22
+73
in 0 channels
Get PRO
June '22
+20
in 0 channels
Get PRO
May '22
+23
in 0 channels
Get PRO
April '22
+4
in 0 channels
Get PRO
March '22
+28
in 0 channels
Get PRO
February '22
+10
in 0 channels
Get PRO
January '22
+45
in 0 channels
Get PRO
December '21
+4
in 0 channels
Get PRO
November '21
+14
in 0 channels
Get PRO
October '21
+316
in 0 channels
Get PRO
September '21
+1 463
in 0 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 10 September | 0 | |||
| 09 September | 0 | |||
| 08 September | 0 | |||
| 07 September | 0 | |||
| 06 September | 0 | |||
| 05 September | 0 | |||
| 04 September | 0 | |||
| 03 September | 0 | |||
| 02 September | +1 | |||
| 01 September | 0 |
Channel Posts
Қазір бір “Х” деген мектепте жұмыс істеймін. Әзірге сырттай бақылап, ішкі жүйесін түсініп келемін. Сондықтан бұл - мектеп туралы соңғы үкім емес, өзімнің алғашқы байқағандарым.
Ұнаған тұстары бар.
Ең бірінші байқағаным - мектептің ақпараттық базасы өте мықты. Ақпараттың жинақталуы, құжаттардың жүйеленуі, процестердің цифрландырылуы, кімнің не үшін жауап беретіні - бәрі белгілі бір деңгейде жолға қойылған. Жүйе бар. Регламент бар. Бақылау бар. Ең бастысы - көптеген процестер адамның жеке бастамасына емес, қалыптасқан тәртіпке сүйенеді.
Шынымды айтсам, осы жүйені дұрыс сақтап, оған мықты педагогикалық мәдениет қоса алса, бұл мектеп өте жоғары нәтижиеге шыға алар еді.
Егер осы деңгейдегі ақпараттық және басқару жүйесі жекеменшік мектепте болса, меніңше, Қазақстандағы ең үздік мектептердің бірі болуға толық потенциалы бар.
Тағы бір ұнағаны - тәртіп.
Мұнда “кім қалай қаласа, солай істесін” деген принцип жоқ. Белгілі бір стандарт бар. Бұл - үлкен мектеп үшін маңызды нәрсе.
Бірақ…
Ұнамаған тұстары да бар.
Кейде бұл жердегі адамдар маған адамнан гөрі жүйенің бір бөлшегіне ұқсап кетеді.
Бір-біріне жай ғана “қалайсың?” деп шын көңілмен қарайтын, әріптесінің жағдайын түсінуге тырысатын, “заң бойынша болмайды, бірақ осы адамның жағдайын қалай жеңілдетуге болады?” деп ойланатын адамдарды сирек байқаймын.
Мейірімділік бар шығар. Бірақ оны жүйе басып тастағандай әсер қалдырады.
Мұнда кейде “заңның аты — заң” деген принцип адамның өзінен жоғары тұратындай.
Мысалы, бір оқушы ауырып, орнынан әрең тұрып тұр. Ата-анасы да, бауырлары да келе алмайтын жағдай. Ата-анасы баланы таксиге отырғызып, үйіне жіберуді сұрайды.
Бірақ мектептің ішкі тәртібі бойынша баланы мектеп үйіндегі жауапты адам келмейінше жібере алмайды екен.
“Бала - оның баласы. Біреу келмесе, мектепте болсын”.
Қағаз жүзінде бұл ереженің себебін түсінуге болады. Баланың қауіпсіздігі, жауапкершілік, заңдық мәселелер бар.
Бірақ дәл сондай сәтте менің ішімнен бір сұрақ шықты:
Біз ережені адам үшін жасап жатырмыз ба, әлде адамды ережеге бейімдеу үшін жасап жатырмыз ба?
Мектепте тәртіп болуы керек. Әрине.
Бірақ тәртіп пен адамгершілік бір-біріне қарсы ұғымдар болмауы керек сияқты.
Меніңше, мықты мектеп деген - тек ақпараттық базасы, рейтингі, олимпиадасы, тәртібі, есебі жақсы мектеп емес.
Мықты мектеп - жүйесі мықты әрі сол жүйенің ішінде адам болып қалатын адамдар жұмыс істейтін мектеп.
Мұғалім оқушыға тек журналдағы аты-жөнімен қарамаса.
Оқушы мұғалімді тек пән беретін қызметкер ретінде көрмесе.
Әріптес әріптесін тек өзінің жұмысын атқаратын адам деп қабылдамаса.
Ал ереже қиын жағдайға тап болған адамды жаншып тастамай, керісінше сол адамды қорғауға қызмет етсе, “Х” мектебінің потенциалы өте жоғары екенін көріп отырмын.
Ақпараттық база - бар.
Жүйе - бар.
Тәртіп - бар.
Мүмкіндік - бар.
Енді соның үстіне адамгершілік, сенім, түсіністік, мейірімділік мәдениетін қоса алса, меніңше, бұл мектептің деңгейі мүлде басқа болар еді.
Өйткені мектептің қабырғасын жүйе ұстап тұруы мүмкін.
Бірақ мектептің ішіндегі атмосфераны адамдар қалыптастырады.
Ал бала ең алдымен сол атмосферадан тәрбие алады.
#Тұғырдағыойлар
| 2 | Автобусқа мінбегелі біраз болыпты. Ең артқы орындықта 5 мектеп оқушысы және мен отырмын. Балалардың барлығы телефон қарап отыр. Бір жасы қырықтар шамасында бір әйел кісі жанымызға келіп тұрды.
Жанымдағы бала өтірік ұйықтап қалды. Басқа балалар телефоннан бас алған жоқ. Эхх, қазіргі ұрпақ бұзылыпты ғой деп, өзім де телефон қарап кеттім. | 66 |
| 3 | - Атың кім?
- Дидар
- Толық атың кім?
- Теледидар шеше | 118 |
| 4 | Қазіргі қоғам бәрін бөлшектеп, детальға бөліп қарауға үйреніп бара жатқандай.
“Тәрбиені - ата-ана береді, білімді - ұстаз береді” деп, педагогтың миссиясын екіге жарып қойдық.
Ал шын мәнінде, бұрын ұстаз - әрі білім беруші, әрі тәрбиеші болған. Сондықтан да “Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы” деген сөз бекер айтылмаған.
Егер сен ұстаз бола тұра, тәрбиесіз балаға көз жұма қарасаң, оның бойына ізгіліктің дәнін екпесең - онда сен не үшін ұстазсың?
Спортшы боламын деген адам
ішімдік, темекі, бос жүрісті тәрк етеді. Өйткені ол — таңдау.
Ұстаздық та дәл сондай таңдау. Бұл мамандыққа “үлгі боламын”, “тәрбиелеймін”, “білім беремін” деген адам ғана келуі керек.
Бай боламын деген адам ұстаздық жолды таңдамауы керек. Ал ұстаз күн көру үшін екі-үш жерде жұмыс істеуге мәжбүр болмауы тиіс.
Себебі ұстаз — жай ғана қызметкер емес. Ол — тұтас бір ұлттың болашағына әсер ететін тұлға.
Сондықтан мемлекет бұл мамандыққа кімнің келетінін сұрыптауы керек. Және сол адамдарды өмір бойы лайықты деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.
Біз кейде орынсыз адамдарды көтереміз. Ал шын мәнінде көтеру керек адам — ұлағатты ұстаз. Ата-ана ретінде өзің ұстазға қызметші ретінде қарасаң, еліміздің болашағы ұстазға ұстаз деп лайықты құрмет көрсетпейді.
Ұстаздың мәртебесі көтерілмей, қоғамның деңгейі көтерілмейді.
#Тұғырдағыойлар | 155 |
| 5 | Ойлашы, сен Роналдудың сосын Реалдың жанкүйерісің. Бар сенген Португалияң дым бітірмей ұшып кетеді. Рон хейттің астында. Анау сұмырау пепсси ол айырып жатыр жыныңды келтіріп.
Аргентина кіммен ойнаса соған жанкүйер боласаң. Ол сорлылар жеңіліп одан әрмен мазаңды қашырады.
Бір кезде Мбаппе есіңе түседі. Сәйгүлігім ай бір кегімізді қайтарса осы қайтарар деп оған тақым қысасың.
Сүйтсең ол да доландай боп Испаниядан жеңіледі. Испания финалда. Оны жек көресің толған Барсаның ойыншылаоы.
Ана жақта ол Мессидің Аргентинасы финалға шығатындай боп ол тұр.
Ойлашы, сен үшін ееееең бишара әлем чемптонаты ғой иә?!
#хаха | 101 |
| 6 | Жалқаулық — ертеңгі өкініштің бүгінгі себебі | 96 |
| 7 | Бізде адамдар кеңесті нәтижесі бар адамнан емес, өз ойын әдемі жеткізетін адамнан алады.
Сосын неге нәтиже жоқ деп таңғаламыз.
#Тұғырдағыойлар | 85 |
| 8 | Бір күні бүгінгі уайымдарыңа күліп қарайтын боласың.
Қазір жұмыс табуды уайымдайсың. Ертең жұмыстан емес, отбасыңа уақыт таба алмай уайымдайсың.
Қазір “қашан үйленемін?” деп ойлайсың. Ертең “осы отбасымды қалай бақытты етемін?” деп ойланасың.
Қазір ата-анамен бірге тұру ма, бөлек тұру ма деген мәселе маңызды көрінеді. Ертең жарыңның денсаулығы бәрінен маңызды болып кетеді.
Қазір бала сұрайсың. Ертең балаңның амандығын сұрайсың.
Өмір қызық. Әр кезеңнің өз уайымы бар. Бірақ жаңа уайым келген сайын бұрынғысының қаншалықты ұсақ болғанын түсінесің.
Сондықтан бүгінгі мәселеңді өміріңнің соңы сияқты қабылдама.
Бәлкім, бірнеше жылдан кейін ол сенің есіңде де қалмайтын шығар.
#Тұғырдағыойлар | 122 |
| 9 | Kaspi gold енді Apple Pay - да бар. | 89 |
| 10 | “Әйеліңе дауысыңды көтерме, сөзіңнің деңгейін көтер. Өйткені гүлдерді өсіретін найзағайдың күркірі емес, жаңбырдың тамшысы” | 107 |
| 11 | Көп адам ғашық болғаннан емес, жалғыз қалудан қорыққандықтан қарым-қатынас құрады. | 120 |
| 12 | - “Мен осындаймын” деу - өзгергісі келмейтіндердің соңғы қорғаны. | 121 |
| 13 | “Гештальтымды жаптым” деген сөз сәнге айналып кетіпті.
Бала кезде ала алмаған пультпен істейтін ойыншық көлік алып:
- Гештальтымды жаптым.
Жоқ. Сен гештальт жапқан жоқсың. Сенің қолыңа ақша түсті. Қазір адамдар “қалауымды орындадым” дегеннің бәрін “гештальт” деп атап жүр.
Ертең біреу жалақы алған күні донер жеп отырып та “гештальтымды жаптым” деп шығатын шығар.
Бала кезде істей алмаған, ала алмаған затыңды қазір алсаң да, ол бала кездегідей сезім бермейді.
Гештальт - аяқталмай, қол жетпей қалған дүниелер. Ал одан бірнеше уақыт өтіп, қол жетсе ол қалауыңды орындау. Бәрібір гештальт күйінде қала береді.
Сөздің мағынасын білмесек, тым болмаса әр нәрсеге жапсыра бермейік.
#Тұғырдағыойлар | 128 |
| 14 | Алматы облысында алкоголь сатудан бас тартқан ауылдардың саны 23-ке жетті. Солардың бірі – Бура ауылы. Тұрғындардың айтуынша, мұнда соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Ауылда төрт жыл бұрын ақсақалдардың бастамасымен дүкендерде алкоголь мен темекі сатудан бас тартылған. Қазір той-томалақ та ішімдіксіз өтеді. | 108 |
| 15 | Месси әлем чемпионатын екінші рет жеңетін сияқты | 88 |
| 16 | Бізді әлі күнге дейін “тезірек бастық бол, кабинетте отыр, көп ақша тап” деген түсінікпен тәрбиелейді.
Сол қате тәрбиенің кесірінен көп адам өз саласының маманы болуды емес, мүмкіндігінше тезірек бастық болуды армандайды. Тәжірибе жинамай жатып басқарғысы келеді, жұмыс істемей жатып бұйрық бергісі келеді.
Ал шын мәнінде қоғамға бастықтан бұрын өз ісін жақсы білетін мамандар керек.
Жетістік - креслоның биіктігі емес. Жетістік - өз ісіңнің шебері болып, қоғамға пайда әкелу.
#Тұғырдағыойлар | 112 |
| 17 | - Тик токта көтін көрсетіп билегеннің бәрі байып кетті, соны білем…
- Сен де билесей. Сенің көтің бар ғой😂 | 131 |
| 18 | - “Месячный келді” деп айтатын қыздарды түсінбеймін.
- Сүндеттеліп, соған той жасап, жүздеген адам шақыратындарыңмен жұмыстарың жоқ па?
Кейде қоғамдағы стандарттардың қаншалықты таңдамалы екенін байқайсың.
Қыз баланың ағзасындағы табиғи процесс туралы айту ұят көрінеді. Бірақ ұл баланың денесіне жасалған операцияны тойлап, мал сойып, жұрт шақыру қалыпты нәрсе саналады.
Мәселе сүндет тойында немесе етеккір туралы әңгімеде емес. Мәселе - бір нәрсені “дәстүр” деп қабылдап, екіншісін “ұят” деп қабылдайтын көзқараста.
Біреудің табиғи физиологиясы туралы айту ұят болса, онда барлығына бірдей өлшем қолданайық. Ал егер біріне рұқсат болып, екіншісіне болмайтын болса, онда мәселе ұятта емес, біздің қос стандартымызда.
#Тұғырдағыойлар | 116 |
| 19 | Бұрын мектепте «жетім», «жартылай жетім», «аз қамтылған отбасыдан» деген мәртебелерді ешкім жасырмайтын. Мұғалімдер де, оқушылар да оны қалыпты қабылдайтын. Ол үшін адам өзін кем санамайтын, өзгелер де оны ерекше нәрсе көрмейтін.
Ал қазір сондай ақпараттардың бәрі құпия сақталады. Себебі «буллинг болады», «баланың психологиясына әсер етеді» дейді.
Бірақ мәселе шынымен сөзде ме? Әлде біз балаларды шындықпен өмір сүруге емес, шындықтан қашуға үйретіп жатырмыз ба?
Әр адамның өмірінде түрлі жағдай болады. Біреу әкесіз өседі, біреу анасыз өседі, біреу жоқшылық көреді. Бұл ұят нәрсе емес. Ұят нәрсе – сол қиындықты сылтау етіп, өмір бойы жәбірленуші болып қалу.
Адам өзінің жағдайынан ұялмауы керек. Керісінше, оны қабылдап, соған қарамастан өсіп-жетілуі керек. Өйткені өмір ешқашан бәрімізге бірдей мүмкіндік бермейді.
Буллингтің шешімі – шындықты жасыру емес. Буллингтің шешімі – балаларды бір-бірін мазақтамауға тәрбиелеу және қиын жағдайдан ұялмауды үйрету.
Қиын тағдыр – кемшілік емес. Ол адамның өмір жолының бір бөлігі ғана.
#Тұғырдағыойлар | 96 |
| 20 | Подругасынан тойға бір күнге көйлегін сұрайтын қыз, жігітке “Көлігің болу керек. Үйің болу керек. Бөлек тұрамыз” деп талап қоюы әділ емес.
(С) Ақжан Өксікбай | 80 |
