Shendi aktrisa🔈
Open in Telegram
481
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Сағатым жылжиды тым баяу,
Не қылған ерегес?
Ұйқысыз керек қой түнді аяу,
Мені емес, сені емес…
Саған айтар сөзім жоқ енді, бақсам…
Кешіргім кеп тұратын, сен жылатсаң.
Алқа қылып, аппақ мұң тағар ма едің,
Мойнымдағы қап-қара қалды ұнатсаң…
Жалғызым, жасырған күн мен ай, жер-көктен…
Есіңде не қалды біз кешкен ертектен?
Не деді, есіте алдың ба, кірпігім құлаған –
Бір тамшы сағыныш мөлт еткен?
Тыныштық кейде керек, десе де…
Шығып кетсем бе бөлек көшеге?
Ерін боясам, өзгере ме әлем?
Шашымды қисам, көмектесе ме?
Күй іздеп жүріп, күйікке өтемін,
Жанымды солай биіктетемін.
Төрткіл әлемге сыймай тұрам да,
Төрт жол өлеңге сыйып кетемін…
Мен оған жазғым келеді:
Кеудемнен сыртқа тепкенді,
Сезімді, бәлкім, кектерді…
Маxаббаттан да жоғары,
Патшалық құрып кеткенді,
Сағынып жүрмін деп әлі…
Мен оған жазғым келеді:
Таң ата, кейде кеш мүлде,
Қарайған әрбір кескінге,
Елеңдеп, сен боп елестеп,
Елжірегенмен, ешкім де,
Өзіңдей мөлдір емес деп…
Мен оған жазғым келеді:
Әлемде мына күнде шу,
Бек мүмкін емес тілдесу.
Естілер елін мекендеп,
Ессіздеу болып күн кешу
Қиыннан қиын екен деп…
Меноған жазғым келеді:
Болсада сырым сонда әйгі,
Жаныматұнған сор, қайғы,
Жазғымкеледі азабын…
Келеді,
Бірақ болмайды!
Сондықтан өлең жазамын.
Санама ылғи ұйытып сабырымды,
Жүр едім… қозғап кеттің тағы мұңды.
Сонда да бір кездегі сезім үшін,
Көктегім, жарылқай жүр, жарығымды…
Мүмкін бе екен сені сүймеу?
Мүмкін бе екен жолықпау?
Мүмкін бе екен сүйе тұра жоғалтудан қорықпау.
Мүмкін бе екен кездесуге асықпау…
Мүмкін бе екен сүйе тұра бір жанды
есің кетіп қызғанбау…
Мүмкін бе екен жыларман боп бір көрмесең сағынбау…
Мүмкін бе екен?
Бәлкім мүмкін…
Мен білмеймін иә жоғын.
Бір адамға байлап қойған бір адамның тағдырын.
Махаббат дейді, сезім дейді, сүю дейді,
Осының бәәрі орналасқан мекенді…. “жүрек” дейді…..
Адам жүрегіңе жақын болған сайын, оның айтқан сөзінің қадірі де солай үлкен болады. Көптеген адамдардың ауыр сөзбері еш әсер етпеуі мүмкін. Жақыныңның бір ауыз ауыр сөзі көңіліңде жазылмас жарақат қалдыра алады. Жақын адамдарыңа суық қарым-қатынас етпеңдер.
Жаныңнан өте шықсам көрмегендей...
өртеніп сағыныштан өлмегендей
ешқашан көз отыңа күймегендей
ешқашан есім кетіп сүймегендей
ешқашан алқынып кеп құшпағандай
содан соң жеті көкке ұшпағандай
сенделіп сергелдеңге түспегендей
сезімнің у шарабын ішпегендей
Жаныңнан өте шықсам көрмегендей
Жасанды бола алар ма ең сен де мендей?..
Өкінішке жолдаспын, құрбысымын - үміттің.
Сәттік көңіл-күйіме сеніп қалдың сен несін?
Маған оңай деймісің шыққан кезде күліп күн,
Түк болмаған секілді ашу көңіл пердесін…
(Әлия Іңкәрбек)
Ішің күйіп бара жатса да түүүк болмағандай жүрудің өзі бір өнер шығар) Дәл қазір сондай жағдайда отырмын🥲
Көшіп кеттің көңілімнің төрінен,
Қиялыңның таппаған соң керегін.
Баста сенсіз өмір жоқтай көріп ем
Жоқ, әзірге аман-есен келемін…
Тағдырыма тақтым ба екен, бекер мін,
Мұратына мұңды айналып жетер кім.
Кей адамдар әлі ұқпай жүр, біреуді,
Жақсы көру – күнә емес екенін...
А.Т🌹
