en
Feedback
🍃 Аллаға шүкір 🍃

🍃 Аллаға шүкір 🍃

Open in Telegram

Өмірім Байлығым Алланың қалауы https://t.me/saqiina

Show more
532
Subscribers
No data24 hours
+27 days
No data30 days
Posts Archive
🫰 الكل سيذهب الى الله بعد مماته ،لكن السعيد حقا من ذهب الى الله في الحياته Әр бір адам өлген соң Аллаға барады, бірақ нағыз бақытты адам тірі кезінде Аллаға барған адам Әр дайым Раббыңа жақын бол 🫂🤝🤲🥹

Үміт пен тәуекелге берілген осыдан артық тәмсіл көрмедім. Ибн Қудама әл-Мақдисидің “Ғалымның өсиеті” кітабынан
Үміт пен тәуекелге берілген осыдан артық тәмсіл көрмедім. Ибн Қудама әл-Мақдисидің “Ғалымның өсиеті” кітабынан

💡😑 Кім тәуекел етпейді,сол мақсатына жетпейді. ©️ қошқар мен теке

Таңертең аш қарынға бәсең дауыспен Құран оқу дене және рухтың саулығы жағынан өте пайдалы. 🫧 Оқу кезінде бастағы жүйкенің тітіркенуі болады. Бұл миға жақсы бір массаж есебінде. 🫧 Мидағы тамырлардың айналасына одан да жақсы әсер етеді. 🫧 Бәсең дауыспен және ыңғайлы бір ырғақпен Құран оқу жұтқыншақтағы дыбыстық пернелерді тәрбиелейді, күшейтеді, жұтқыншақ гимнастикасы есебінде болады. Күн сайын осылайша Құран оқуға үйренгендердің дауыстары қарттық кезеңде де бұзылмайды. ☂️ Рухқа берген рахаттық әсері миға жақын болған гипофиз безінің одан да жақсы жұмыс істеуіне себепші болады. Өзге бездерде осылайша керемет бір халге енеді. Сөйтіп денсаулыққа зор пайдасын тигізеді. Адамның писсимистігін кетіріп, денеге қуаттылық пен рахат береді. 📚 https://t.me/maktubatkz

Repost from экстаз
Көп дүниені әсірелеп алады екенбіз ғой. Салқын санамен қарауды үйрену, даналық қондыру қажет-ақ екен бізге. Қазір өмірімде бо
Көп дүниені әсірелеп алады екенбіз ғой. Салқын санамен қарауды үйрену, даналық қондыру қажет-ақ екен бізге. Қазір өмірімде болып жатқан оқиғаларға алыс ракустан, биіктен қарасам, көбі күлкілі көрінеді. Иә, тағдырдың қиралаң жолдары бар. Кем-кетігі жоқ емес бұл ғұмырдың. Оны жоққа шығарамаймын. Бірақ одан да өтуге болады. Бізге дейінгілер де өткен, кейінгілер де өтеді. Сезімдерді арпалысқа, тіршілікті жанталасқа айналдырып алатын өзіміз-ау. Хрустальданған адамдар кезеңінде өмір сүріп жатқандаймыз. Қиындықтың екі-ақ функциясы бар. Не күйретеді, не дана ете түседі. Қайсыған бағыт алсаң, сол болады. дедім өзіме.

Repost from экстаз
Қандағы ізгілік бәрібір бізді тастап кетпейді екен. Қанша жерден адассақ та, күйресек те, бастапқы болмысымызға қайта оралады екенбіз.

Repost from экстаз
Адамдардың бойынан ең қатты бағалайтын қасиетім – жауапкершілік. Ол дүниеде бәрі жатыр. Сенім де, махаббат та. Ал жауапкершілікті сезінбейтін адам көңіл туралы, сезім туралы, достық туралы ештеңе айтпай-ақ қойса болады. Себебі өтірік сөз.

жүзі қанша күліп тұрса да, жүрегі жылайды адамның.

БЕСІК ЖЫРЫ Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Әлди-әлди, аппағым, Қойдың жүні қалпағым, Жұртқа жаман болса да, Өзім сүйген аппағым! Әлди-әлди, шырағым, Көлге біткен құрағым, Жапанға біткен терегім, Жаман күнде керегім! Қонақ келсе, қой, бөпем, Қой тоқтысын сой, бөпем, Құйрығына той, бөпем! Айналайын, айымыз, Алты қарын майымыз, Жеті қарын жентіміз, Алуа-секер қантымыз. - Қалқам менің қайда екен? - Асқар-асқар тауда екен. - Онда неғып жүр екен? - Алма теріп жүр екен. Асқар таудың алмасы Жаңа пісіп тұр екен. Әлди, әлди, абайын, Атқа тоқым жабайын, Тойға кеткен апаңды Қайдан іздеп табайын. Жылама, бөпем, жылама, Атекеңді қинама! Арша ма екен бесігі? Ала ма екен әкесі? Өрік пе екен бесігі? Сүйе ме екен әкесі? Жиде ме екен бесігі? Жігіт пе екен әкесі? Жылама, балам, жылама, Ата-ананды қинама. Құрығынды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы айырып, Жігіт болар ма екенсің? Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Ұста болар ма екенсің? Тандайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің? Кең балағын түріскен, Ұлы топта күрескен Балуан болар ма екенсің? Бал қайнатып, шай ішкен, Қазы кертіп, жал жеген Асты болар ма екенсің? Ұзақ жасап, көбірек Басты болар ма екенсің? Қарағай найза қолға алып, Жауға тиер ме екенсің? Қашқан жаудың артынан Түре қуар ма екенсің? Жылама, бөпем, жылама, Атекеңді қинама! Алтынмен шоқтап тақия Берсек пе екен осыған? Біз садаға, біз зекет Кетсек пе екен осыдан? - Менің тәттім қайда екен - Қыздарменен тойда екен - Онда не қып жүр екен? - Алма теріп жүр екен. - Алмасынан қане екен? - Жаңа теріп жүр екен. Тойда болса, отырсын, Қолына жүзік толтырсын! Әлди, балам, алда жар! Армансыз дүние кімде бар! Біреудің болып көңілі шат, Армаңдылар аһ ұрар! Жездей-жездей қолыңнан Жезделерің айналсын. Аппақ-аппақ қолыңнан Апаларың айналсын! Айналайын, шырағым! Көлге біткен құрағым! Маңдайдағы құндызым, Аспандағы жұлдызым. Әлди, балам, ақ балам! Айналайын, балам-ай! Айналсын сенен анаң-ай! Әлдилеп сені сүйгенде, Атаңның көңілі болар жай! Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Көзіңнің жасын бұлама, Әлди-әлди, бөпешім, Қозы жүні көрпешім. Жұрт сүймесе, сүймесін, Өзім сүйген бөпешім. Айнакем, балам, қайда екен? Қыздарменен тойда екен. Қызыл алма қолында, Қыздар оның жолында. Әлди, балам, ақ балам, Ақ бесікке жат, балам.

“Алла иман етіп, игілікті істер істегендерге кешірім етуді һәм үлкен сый-сияпатқа, зор сауапқа бөлеуді уәде етті”. ("Мәида" сүресі, 9)
🌸
“Жақсылық жасауда ешбір нәрсені азсынба. Тіпті, бауырыңа қарап жымиғаның болса да...” (Муслим)

Тұрмысқа шығу үшін оқылатын дұға ✨
Жаратушы Алла Тағала Өзіне қол жайып дұға жасайтын пенделерін жақсы көреді және, әлбетте, Алла дұға мызға міндетті түрде жауап береді. Бұл туралы Ол «Ғафир» сүресінің 60-аятында: «Менен сұраңдар, жауап беремін, тілектеріңді қабыл етемін», - деген. Ал тұрмысқа шығу үшін оқылатын Құрандағы дұғалар мыналар:
1. Раббә-нәә һәб-ләнәә мин әзуәә-джи-нәә уә зурри-иәәти-нәә қурратә әъюниу уәдж-ғәл-нәә лил-муттә-қии-нәә имәәмәә. Мағынасы: Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр! «Фұрқан» сүресі, 74-аят 2. Рабби иннии ли мәә әңзәлтә иләй-йә мин хайрин фәқиир. Мағынасы: Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын. «Қасас» сүресі, 24-аят
Құлының тілегіне жауап қатушы
(Әл-Мужииб)
Алла Тағала еліміздегі әр бозбала мен бойжеткенге өз жұбын адаспай табуды, салиқалы ұрпақ сүйіп, өсіп-өнуді нәсіп етсін! © ummet.kz

Көңіліңіз бар болған адамға “Маған тұрмысқа шығасызба? " - деп емес, “Сәждемнің жанына сәждеңізді қойып, Жәннат жолында жолдасым боласызба!" - деп айтыңыз✨

Анасымен ұрсысып, ренжітіп алған бір жігіт былай дейді: "Үйден ашуланып шықтым. Алайда біраздан соң өз-өзіме келіп, үлкен қателік жасағанымды түсіндім. Қалтамнан ұялы телефонымды алып: «Адамдар: «Аяқтың үстіңгі жағынан гөрі табанының еті жұмсақ әрі өте жағымды» деп жатады. Қымбатты анашым! Табаныңыздың жұмсақтығын екі ерніммен байқап көруге рұқсат бересіз бе?", - деп анама хат жібердім. Үйге қайтып келіп, есіктен кірсем анам холда отыр екен. Екі көзі дымқылданып, жүзінен қуанған белгі көрінеді. Мені көре сала былай деді: "Мен саған оны істеуге рұқсат етпеймін. Себебі ол сөздің дұрыстығына күмәнім жоқ. Сенің бала күніңде аяғыңның асты-үстін сүйгенде көзімді әбден жеткізген болатынмын". Сол сәтте менің буын-буынымнан әл кетіп, көзімнен жас парлап жүре берді. Ата-анаға құрмет көрсетудің маңызы соншалықты, Алла Тағала Құранда «уһ» деп айтудан қайтарады. Ал «Уһ» дегеніміз – ең төменгі дәрежедегі ата- ананы ренжітуі мүмкін әрекет екен. Ғұламалар егер «уһтен» де төмен нәрсе болса Алла Тағала одан да тыйған болар еді деген.

💡 «Кімде - кім шешуін таба алмайтын бір іске душар болса, маған көптеген салауат оқысын. Өйткені, Алла Тағала маған айтылған салауаттың құрметіне оның қиындықтарын, бір іске қайғыларын жеңілдетеді. Ырыстарын көбейтеді, Алла Тағаланың көмегімен тілегіне жетеді». 📗 «Сағынышқа толы салауат» кітабынан 🕋 https://t.me/maktubatkz

Палестинаны қорғау үшін мұсылман болу шарт емес, адам болу жеткілікті.

Repost from yasina
Алланың қалауымен, мұсылман қызының қоғамдағы әдебіне байланысты шағын кітапша жазып шықтық, игіліктеріңізге жарасын.

ТӨРКІНСІЗ-КЕЛІН.m4a14.37 MB

Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады. Әйелі жоқ үй - жетім. Әйел - ырыс, береке. Пасық әйелдің ойы - дүние, Ізгі әйелдің ойы - күйеуі. ©️ Нақыл сөздер

“Махаббаттың қырық ережесі” кітабынан Үшінші ереже Құранды төрт деңгейде оқуға болады. Бірінші деңгейі сыртқы мағынасы. Одан кейін ішкі мағынасы. Үшіншісі ішкі мағынасының ішкі мағынасы. Төртінші деңгей соншалықты терең, сөзбен жеткізуге келмейді.