en
Feedback
𝙈𝙐𝙍𝙄𝘿.𝙆𝙕 🇰🇿

𝙈𝙐𝙍𝙄𝘿.𝙆𝙕 🇰🇿

Open in Telegram
1 469
Subscribers
No data24 hours
-137 days
-3730 days
Posts Archive
🟢 Аллаһым! Маған үйреткеніңді пайдалы ет, маған пайдалыны маған үйрет және білімімді арттыр. Аллаға тозақ қауымының хәлінен
+1
🟢 Аллаһым! Маған үйреткеніңді пайдалы ет, маған пайдалыны маған үйрет және білімімді арттыр. Аллаға тозақ қауымының хәлінен болып қалудан сыйынамын. #ақиқатты_іздеу

🟢 Адамдар сені үш түрлі қуанта алады: 1️⃣- дүниеңді төгіп беріп; 2️⃣ - ақыретің мен дүниеңді қатар қойып; 3️⃣ - ақыретіңді у
🟢 Адамдар сені үш түрлі қуанта алады: 1️⃣- дүниеңді төгіп беріп; 2️⃣ - ақыретің мен дүниеңді қатар қойып; 3️⃣ - ақыретіңді уайымдап. ⏺Бірінші қуанышпен алданып қалған адамдар өте көп. Нендей қысқа қуаныш… ⏺Екінші қуанышты сезінетіндер өте аз. Өйткені екі дүниені бірдей дұрыс ұстану бәлкім тек Алла ең сүйіктілерінде ғана шығар. Себебі дүние мен ақырет әпке-сіңілі секілді. Бірімен некелессең, екіншісі харам болады… ⏺Сені үшінші қуанышпен қуантатындар дәне сен соны қуаныш деп қабылдай алсаң, үздіксіз бақыт. Оны қуаныш деп қабылдамай не болыпты дейсің бе?! Ол жолдағы қиындық та, сабыр да, әлсіздік те бақыт. Бірақ шыдағанға ғана…
#ақиқатты_іздеу

🟢 Тек Алланың қорқып қана емес, дидарын аңсап та амал жасап жүр. Қорқып жасалған амалдан махаббатпен жасалған амал әдемі ✨ Мысалы:
Нәпсіге ұнамды бір күнәға кездессең, Алланың азабы бар ғой деп қана емес, мен Алланы жақсы көріп тәрк етемін деп жең өзіңді!
#муридтің_жазбалары

🟢 Сені екі дүниеде де құтқаратын нәрсе жалғыз нәрсе — білім! #муридтің_жазбалары
🟢 Сені екі дүниеде де құтқаратын нәрсе жалғыз нәрсе — білім!
#муридтің_жазбалары

🟢 Кейде біз «құрметтеймін» дегеннің бәрін «жақсы көремін» деген бір сөзге сыйғызғымыз келеді. Бірақ өмірлік тәжірибе тереңде
🟢 Кейде біз «құрметтеймін» дегеннің бәрін «жақсы көремін» деген бір сөзге сыйғызғымыз келеді. Бірақ өмірлік тәжірибе тереңдеген сайын, жан дүниеміздегі екі үлкен ұғымның арасын ажырата бастаймыз: жақсы көру мен құрметтеуекеуі жанасып жатқанымен, мүлде екі бөлек сезім. Жақсы көру — бұл жүректің асау толқыны, бейсаналы түрде лап ете түсетін от. Ол адамның жылуына, сұлулығына немесе жан дүниесінің жақындығына тамсанудан туады. Жақсы көру нәзік сезімнің сөздерімен: «Сен маған керексің», «Сен мені бақытты етесің», «Сен жан-дүниемді толтырасың». Ол — адамды баурап алатын, бауыр басатын, кейде тіпті байлап қойғысы келетін сезім. Алайда, егер ол құрметпен сусындамаса, байқаусызда адамның шекарасын бұзуға, оны өз қалауыңа қарай өзгерткің келуге ұласуы мүмкін. Ал құрметтеу — бұл ақыл мен парасаттың, ішкі тектілік мен мәдениеттің жемісі. Құрметтеу үшін міндетті түрде ғашық болу шарт емес. Құрмет — ол екінші бір адамның тұлғасын, оның дербестігін, ар-ұяты мен таңдауын сөзсіз тану. «Сен маған ұқсамайсың, бірақ мен сенің болмысыңды, сенің шешімдеріңді бағалаймын» деген ұстаным — құрметтің нағыз шыңы. Құрмет бар жерде адамның жеке кеңістігі, еркіндігі мен сабырлығы аман сақталады. Жақсы көру — шаңырақтың ішіндегі лаулап жанған ошақ болса, құрмет — сол үйдің мықты қабырғалары мен іргетасы. Ошақ қанша жерден ыстық болғанымен, пана болар қабырғасы болмаса, алғашқы соққан суық желде-ақ өшіп қалады. Солайша, құрметсіз махаббат тез тозады, уақыт өте келе иемденуге, ренішке немесе өкпеге айналады. Ал сезім басылған жердің өзінде құрмет аман қалса, екі адам бір-бірінің адамгершілігін сақтап қала алады. Ең кемел байланыс — адамды тек жүрекпен жақсы көріп қана қоймай, оны парасатпен құрметтей алу. Жаныңдағы жанның еркіндігін шектемей, оның тұлғалық биігін аласартпай сүю — сезімнің ең жоғарғы мәдениеті. Өз өміріңіздегі ең жақын адамдарға қарап көріңізші: сіз оларды жақсы көргендіктен құрметтейсіз бе, әлде құрметтегендіктен жақсы көрдіңіз бе? #ақиқатты_іздеу

🟢 Көркем нәрселер Алладан келеді, басқа есіктен күтпе! #муридтің_жазбалары
🟢 Көркем нәрселер Алладан келеді, басқа есіктен күтпе!
#муридтің_жазбалары

Біздің канал қаншалықты құнды? t.me/voprosy?start=ctb21

🟢 Сені күлдіргеннің әрбірі бақытты етпейді, сені мұңайтқанның барлығы жамандық ойламайды! Қаншама қуантулар бар — сенің көзіңді уақытша күлкімен көмескілеу үшін. Қаншама мұңайтулар бар — сенің жүрегіңді Раббыңа жетелеу үшін!
#муридтің_жазбалары

🟢 Кейде – «бақытты ететін жан» мен – «Жәннатқа жетелейтін жан» ұғымы екі түрлі болады. Негізі Жәннат = бақыт қой. Бірақ әр п
🟢 Кейде – «бақытты ететін жан» мен – «Жәннатқа жетелейтін жан» ұғымы екі түрлі болады. Негізі Жәннат = бақыт қой. Бірақ әр пенде бақытты әр түрлі түсінгендігі үшін бақыт әркімге әртүрлі. Біреу оны — осы фәнидегі жан мен тән рақатының барлығы деп түсінеді. Ал басқа оны — фәнидегісі алдамшы бақыт, шын бақыт Алланың разылығына жеткен пенделерге Алланың дайындап қойған сый-сияпаты деп біледі. Кім қай бақытты ұғынып өмір сүруді өзі шешеді. Кім қай жолды таңдауды иманының дәрежесі жеткен жерге дейін пайымдайды. Шын ақылды — мәңгілік өмірдің жағдайын уайымдайды. Сенің мал-дүниеден кемдік көрмей, қолыңа тиген тәтті мен тамашаға тамсанып, әлем үшін әрленіп, ән салып, жұрттан озуға жан салып, тік айтқанды тыйып, күліп айтқанды күлімдеп қарсы алып жүруің — сенің үшін шын бақыт шығар… Бірақ Раббыңның разылығы растамайтын дүниелердің бақыт екенінде күмәнім бар. Бақыт — бізді бір Құдайдың бұйрығына жыға алса, тыйғанын тыйым деп құп алса, қиындығын сабырмен ұға алса біз меңзеген «бақыттың» балын татарымыз деп тұжырымдаймын.
#ақиқатты_іздеу

🟢 Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге! Бақара | 153
🟢 Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге!
Бақара | 153

🟢 Шейхтарымның өте пайдалы дәрістері бастау алып жатыр. Білім алудан ешқашан тежеліп қалмаңыз!
🟢 Шейхтарымның өте пайдалы дәрістері бастау алып жатыр. Білім алудан ешқашан тежеліп қалмаңыз!

🟢 Ажал сәтіміз келгенше бізге берілген «тірі болу» нығметінен шыңырау шегіне дейін ең көркем түрде пайдаланып қалуымыз керек
🟢 Ажал сәтіміз келгенше бізге берілген «тірі болу» нығметінен шыңырау шегіне дейін ең көркем түрде пайдаланып қалуымыз керек!
#муридтің_жазбалары

علمت الصبر.mp31.55 MB

🟢«Уа, Раббым! Мені мирасқорсыз қу бас етіп, жалғыз қалдыра көрме! Мұрагерлердің ең қайырлысы – Өзіңсің!» Әнбия | 89 💬 Бізді
🟢«Уа, Раббым! Мені мирасқорсыз қу бас етіп, жалғыз қалдыра көрме! Мұрагерлердің ең қайырлысы – Өзіңсің!»
Әнбия | 89
💬 Біздің жиған дүниеміз мирасқорсыз қалса да, амалдарымыз Алланың құзырына мұра болып қала береді. Ең жақсы мұра — пәк білімге сай жасалған пәк амалдар!
#ақиқатты_іздеу #дұға

🗣️ Арам дүниемен табылған садақалар — сауап емес, мал-дүниенің хақылы жолына қайтуы ғана!
#муридтің_жазбалары

🟢 Дін (Ислам) — дүниенің таразысы! Біздің соқыр қоғамда дінде рұқсат па, жоқ па, атың «мұсылман» болса болды, нәпсің қалаған
🟢 Дін (Ислам) — дүниенің таразысы! Біздің соқыр қоғамда дінде рұқсат па, жоқ па, атың «мұсылман» болса болды, нәпсің қалаған барлығын жасай бер, «Кешірімді Алла» түбі кешіріп алады, «тәубе етіп жібере саламыз да» деп ойлайтын, тіпті осы ойын жүзеге асырудан арсынбайтын адамдар бары анық. Дұрыс… Алла кешірімді! Бірақ әділдігіне салып кешірмеуі де мүмкін ғой. Ол — Әділ. Сені (ақыреттік ауыр жазалардың түрімен) жазалаймын десе, аспаннан әкеліп мойыныңа күнә жазып бермейді. Барлығы — сен Оның бір ғана сипаттарына арқа сүйеп, арыңнан аттаған қысқа ойыңның кесірінен туған күнәлар. Яғни, өз кәсібіңнің жемісі… Діннің қызыл бағдаршамын жауып, дүниенің көшесінен жасылдан өткендей жастанып өтуің — өзіңді-өзің өтемі қиын айыппұлға итермелеу ғана. Сенің әр қимылың дінге қатысы бар. Бір қадамың — дін. Жәй дүние емес. Сен сол қадамды қайда, не үшін басып жатырсың, оның сұрағы да бар, жауапкері — сен. Уақытша бақыт үшін үздіксіз үмітіңді үзіп алма! Әр қимылыңды діннің таразысына салып отырмасаң, дүниенің таразысы амалдарыңды әбден қате өлшеп қояды. Тағдырыңды кіммен, немен, не үшін, не мақсатта таразылап жүргеніңді ерте есептеп алмасаң — шын таразыға жеткенде жаныңды жұбататын ешкімді таппай қаласың.
#ақиқатты_іздеу