Ilim_ordasy📚
Open in Telegram
Хадис,уағыз,жазба,насихат. Адамдарға әсер қалдырып үйрен. Әр Пост (жазба) Аманат. . Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!
Show more1 978
Subscribers
-324 hours
-297 days
-12730 days
Posts Archive
1 978
"Ораза ұстаушының аузынан шығатын жағымсыз иіс Аллаһтың құзырында мисктен де жағымдырақ" [ Сахих Бұхари ]Ораза ұстаушының ауыз қуысынан шыққан жағымсыз иістің өзі Аллаһтың құзырында жақсы болса, ендеше ораза күйінде істеген жақсы амалыңыздың, оқып жатқан Құраныңыздың, түнде тұрып оқыған таһаджудіңіздің сауабы жайында не ойлайсыз?...
1 978
Ораза құлшылығы 3 түрлі сабыр түріне ұштасқан.
1.Аллаға құлшылық етуге сабырлық.
2. Күнәларға сабыр ету. Яғни, ораза ұстаушы өзінің шәһуәтын Аллаһ үшін тастап, сабыр етеді.
3. Аштыққа және шөлге сабыр ету.
Сол себепті ораза ұстаушы ораза сауабын ала отырып, сабыр етушілердің де сауабына қол жеткізеді. Аллаһ Тағала Құранда сабыр етушілер жайлы былай баяндайды:
"Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады" .
1 978
Ибраһим ән-Нәхағи: Рамазан айының бір күнгі оразасы мың күннен де артық, Рамазандағы бір тәсбих мың тәсбихтен абзал және рамазандағы бір рәкағат мың рәкағаттан артық.
1 978
Бұл дүние - сынақ. Егер Аллаһ Тағала дұғаңа жауап берсе, иманыңды арттырады. Егер дұғаңның қабыл болуы кешігіп жатса, сабырыңды арттырады. Егер дұғаң жауап берілмесе, білгің Аллаһ Тағала сен үшін одан да ең әдемесін дайындап қойды.
1 978
Рамазан - тәубе айы. Аллаһ Тағала бұл ерекше айда құлдардың күнәләрін кешіріп, дұғаларын қабыл етеді. Ендеше осы тәубенің шарттарын білеміз бе?
1 978
Өзіңнен үмітсіздікті сезген кезінде, мынаны есте сақта!
Аллаһ Тағала саған сыйлаған сансыз нығметтер сен сұрамай-ақ берілген.
Ал егер сен сұрасаң қандай болмақ?...
1 978
Ассаляму әләйкум құрметті бауырлар! Қалайсыздар! Бұл каналдың админі ауысуына байланысты канал кішкене тоқтап қалған еді.
Енді Алла қаласа бұл каналдан Орал медресе колледж атынан жазбалар шығатын болады. Алдағы уақытта арнайы оқылған кітаптардан үзінді, ғылыми көзқарастар, ақида, фиқһ, хадис, тәпсір саласына қатысты жазбаларды күтіңіздер. Сонымен қатар медресемізде өткен іс-шараларымызды да осы жерден көрсеңіздер болады. Аллаһ баршаларыңызға разы болсын!
1 978
Құрметті оқырмандар!
Бұл парақшаны алу мақсатым, ілім ордасына беру болды. Осы уақытқа дейін, ұстаздардың иелігіне өткізе алмай жүрдім. Енді себебін тапқандаймын. Алла қаласа алдағы уақытта пайдалы дәрістер салынады. Барынша пайдаланыңыздар.
Мені мына парақшадан табасыздар
1 978
Пайғамбарға ﷺ сағыныш
"...Байқайсың ба, сағынышын жас қылып,
Сені аңсаумен күн кешіп жүр үмметің.
Сағынбаса айып санап бұл ісін,
Жүрек тулап үдетеді дыбысын.
Жер бетінде тірі жүрсе бір мүмін,
*Өлген жоқсың, сен де барсың, тірісің...*"
Ермек Есқожаев
1 978
Қолы ашық Пайғамбардай жігіттер бар,
Астына мінетұғын есегі жоқ.
Есекке тартып туған жігіттер бар,
Малының санай қалсаң есебі жоқ.
©️Абай Құнанбайұлы
1 978
“Сені жақсы көргенді у болса да жұт” - дегені.
Аллаһ пендесін жақсы көреді және оған не нәрсе пайда әкелетінін жақсы біледі.
Кейде намазға желке жібермей, не ораза ауыр боп кететін сияқты көрінгенмен, түбі жақсылыққа апаратынын білгесін, өзімізді қамшылап жасап жатамыз.
Ал дұшпанымыз Шайтанның мақсаты бізді тозаққа сүйреу. Мына дүниеде нәпсіге жағатындарды балдай қып көрсетіп, Аллаһтан алыстату.
Қазір көбіміз бал мен у ды алмастырып алдық. Мына дүние - балдай болуы шарт емес. Нәпсіге жақпайтын қанша У жұтсақ та, арғы өмірде қарымын балмен көрсек болғаны. Ал, Аллаһтың разылығы мен мейіріміне қауышу - балдың ең тәттісі болмақ.
Түбі "тозаққа" апаратын рахатың несі рахат, түбі "жәннатқа" апаратын қиыншылықтың несі қиыншылық?
Шейх Мухаммад Садық.
1 978
"Сені жақсы көргенді у болсада жұт.
Сені жақсы көрмегенді бал болсада ұмыт".
Мәулана Руми
Кім ашықтап береді 👆🏼?
1 978
Repost from Beisenali Olzhas
Краудфандинг!
Естеріңізде болса, осыдан бір жыл "Қазақ тілінде топ 60 кітап" атты чек-лист шығарғанмын. Ол чек-лист көптеген оқырмандардың көңілінен шыққан еді.
Биыл жаңадан көптеген кітаптар басылған күйде және электрондық нұсқада шыққандықтан, чек-листті жаңартып "Қазақ тілінде топ 100 діни кітап" атты чек-лист дайындадым.
Осы жолы бұл чек-листті сіздердің қолдауларыңызбен шығарамын деп отырмын. Сол үшін бір күндік "краудфандинг" ұйымдастырып жатырмын
Краудфандинг ойдағыдай өтсе, бір күннен кейін сіздерге чек-листті тегін жіберемін. Ал қолдап жіберіңіздер
+7 707 154 0549
Қолдап жіберетіндер реакциядан тастап жіберіңіздер ❤️
1 978
Шәйдің орнына қайнаған суға қара зере дәндерін салып ішетін болдым.
«Сендер осы қара зерені пайдаланыңдар, расында, онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар» (Бұхари).
