1 656
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-1430 days
Posts Archive
1 656
✨✨✨
📌 ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУ ӘДЕПТЕРІ
2️⃣-БІЛМЕГЕНІН ЖАЗБАУ
Әлеуметтік желіде кей адамдар қандайда бір мақаланы, суретті немесе видеоны көрген кезде мәселенің астарына үңілмей жатып, мән-жайды толық білмесе де пікір жаза салады. Ондағы ақпараттың шындығын тексере бермейді. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Егер пасық адам хабар алып келсе оны анықтап алыңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер» (103), - деп ескертеді. Мұсылман адам келген ақпараттың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп, ақиқаты мен жалғанын ажыратып алуы қажет. Әсіресе біреуді қаралауға бағытталған, кісінің айыбын ашатын мәліметтерге келгенде, оған бірден сене салудан, оны өзгелерге таратудан аса сақ болған ләзім. Себебі, бұл қоғамда өсек пен жаланың таралуына алып келіп, әлеуметті құртады.
Шәкәрім бабамыз өлеңмен өрген өсиетінде:
Таза емес, - деп, -шекпені»,
Сыртын көріп сын тақпа.
Әркім орар еккенін,
Өз ішіңді салмақта.
Ол - не жақсы, не жаман,
Оның жүгі сенде емес.
Десе біреу: «Мен аман»,
Ол зияннан кенде емес.
Шымылдық артын кім білер,
Шын иесі болмаса.
Соның жолы жөнделер,
Кімді сынап оңдаса! - деп айтқан.
📍(103) «Хужурат» сүресі, 6-аят;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌 ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУ ӘДЕПТЕРІ
1️⃣-ШАМАДАН ТЫС ПАЙДАЛАНУ
Әлеуметтік желіге тәуелдік бүгінгі таңда қауіпті дерттің біріне айналып отыр. Мұндай тәуелдікке душар болған адам көп уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Желіде жоқ кезінде жүрегінде қобалжу пайда болып, өзгенің жазған пікірін, келіп түскен жаңа хабарламаны жіберіп алғандай алаңдап, мазасызданады. Интернеттің өшіп қалуы күйгелек күйге түсіріп, тіпті күйзеліске апаруы мүмкін. Мұсылман адам әлеуметтік желіге жақсы мақсатта ғана жүгініп, оны пайдаланатын уақытын реттеп, шамадан тыс қолданудан өзін шектеуі тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біл: кәрілік жетпей тұрып жастықты, ауырмай тұрып денсаулықты, кедейлікке ұшырамай тұрып байлықты, бос болмай тұрып бос уақытты, ажал келмей тұрып өмірді (бағала)» (102), - деп өсиет еткен.
📍(102) Сахих әл-жамиғ (1077);
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУ ӘДЕПТЕРІ
Қазіргі таңда телефон, смартфон сынды түрлі гаджеттер сенімді серігімізге, әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, басқамыз көптен қалмайын деп тіркеліп алдық. Біреудің кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желілер қалың жұрттың жарнама қызметіне де жарап тұр. Желіде өз ойын іркілмей айтып, кейде қызбалықпен шектен шығып жататын жандар да аз емес. Әрбір сөздің сұрауы болатыны естен шығып, әдеп пен иба, құрмет пен сыйластық ескерусіз қалып, салдарынан жала жабу, қаралау, жүректерді жаралау, ар-намысын қорлау сынды келеңсіздіктер орын алып жатады. Сөйлегенде тек жақсы сөз сөйлеуді, болмаса үндемеуді бұйыратын дінімізде сөз жауапкершілігіне үлкен мән беріледі. Сондықтан да әлеуметтік желіде отырғанда да әдептен озбау маңызды. Себебі, қай уақытта, қай жерде болсақ та Алланың бақылауынан тыс емеспіз. Әбу Зардан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Қайда болсаң да Алладан қорық, күнәлі істен кейін оны өшіретін жақсылық жаса әрі адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол» (101), - делінеді.
Осы хадистің маңыздылығын мәйек етіп, әлеуметтік желіні пайдалануға қатысты келесідей әдептерді назарыңызға ұсынамыз.
📍(101) Ахмад (21354), Тирмизи (1987);
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
Repost from عم المصطفى
📌 РАМАЗАН ОРАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ ПӘТУАЛАР
1️⃣-Ораза
2️⃣-Рамазан айында ораза
тұтпауға үзірлі жағдайлар
3️⃣-Оразаға ниет ету
4️⃣-Оразаны бұзатын және
бұзбайтын жағдайлар
5️⃣-Оразадағы мәкруһ амалдар
6️⃣-Әйелдерге қатысты үкімдер
7️⃣-Оразаға қатысты әртүрлі сұрақтар
8️⃣-Тарауық намазы
9️⃣-Иғтикаф
1️⃣0️⃣-Қадір түні
1️⃣1️⃣-Сәресін ішу
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
7️⃣-ИХРАМДАҒЫ КІСІНІҢ АҢ АУЛАМАУЫ
Ихрамға кіру - қажылыққа немесе ұмраға ниет етушінің басқа кезде істеуіне рұқсат кейбір іс-әрекеттердің белгілі мерзімге дейін тыйым салынған жағдайға енуін (95) білдіреді. Ихрамдағы адамға түз аң-құс түрлерін аулауға тыйым салынады. Ол жайлы Құранда: «Уа, иманға келгендер! Ихрамда болған кездеріңде аңдарды өлтірмеңдер. Сендерден кім оны әдейілеп өлтірсе, оның өтемі - өлтіргеніндей бір мал. Оны сендерден екі әділ кісі Қағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді. Немесе ісінің кәффараты - міскіндерді тамақтандыруы не оның орнына ораза ұстауы. Бұл істегенінің жазасын татуы үшін. Алла өткенді кешірді. Ал кім қайтадан істесе, Алла оны жазалайды. Алла - бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие» (96), - деп баяндалған.
Алайда, қой, ешкі, сиыр, түйе, тауық сияқты қолда ұстайтын үй жануарларды союға тыйым салынбайды. Өйткені бұлар түз аң-құсына жатпайды. Сол сияқты теңіз хайуанаттарын аулауға да тыйым жоқ. Жоғарыдағы аяттың жалғасында: «Сендерге (жергіліктілерге) және жолаушыларға пайдалануларың үшін (ихрам кезінде) теңіз аңы мен тағамдары рұқсат етілді. Ал, құрлықтағы аң ихрамда болған кездеріңде, сендерге тыйым салынды. Өздерің алдына жиналатын Алладан (Оның жазасынан) қорқып, сақтаныңдар» (97), - делінген.
Ал адамға зиян келтіретін жануарлар мен жәндіктерді ихрам күйінде болса да өлтіруге рұқсат етіледі. Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Бес нәрсе - оларды кәдімгі жағдайда да, ихрамда да өлтіруге болатын зиянкестерге жатады. Олар: жылан, тышқан, теңбіл қарға, қабаған ит және кезқұйрық» (98), - деп айтылған. Ғалымдар бұл хадис мәтінінде айтылмаса да адамға зиян келтіретін өзге жануарларды да өлтіруге рұқсат екендігін айтқан.
Ихрамдағы кісінің аулаған аңы «өлексе» болып саналады. Оның етін жеуге де болмайды, сатуға да рұқсат етілмейді. Ихрамдағы кісіге жай адамның аң аулауына жәрдемдесуіне, жол көрсетуіне, сатуына, сатып алуына, сыйлық қылып қабылдауына да болмайды. Абдулла ибн Аббас былай дейді: «Сағб ибн Жәссама әл-Ләйси бір құлан аулап, оны Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сыйлайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әл-Әбуа не Уаддән деген жерде болған еді. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құланды оған қайтарып берді. Сағбтың көңілі түсіп кеткенін байқап: «Егер біз ихрамда болмасақ, оны саған қайтармас едік», - дейді» (99).
Жай кісінің аулаған аң етінен ихрамдағы кісінің жеуіне болады. Алайда ихрамдағы кісі аңды ұстауға жәрдемдесу ниетімен жай адамға жол сілтеп көрсетпеген болуы керек. Әбу Қатаданың баласы Абдулла жеткізген хадисте: «Әбу Қатада бір топ ихрамдағы кісілердің арасында болады, бірақ Әбу Қатаданың өзі ихрамда емес еді. Ол аңшылық жасап, бір құланды қолға түсіреді. Сонда ихрамдағы адамдар Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны жеудің үкімі жайлы сұрайды. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) олардан: «Сендерден біреу оған аңға жол сілтеді ме? Немесе сендерден біреу оған бұйырды ма?» - деп сұрайды. Олар: «Жоқ, Алланың елшісі!» - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда жей беріңдер», - дейді» (100).
📍(95) www.fatua.kz
📍(96) «Мәида» сүресі, 94-95-аяттар;
📍(97) «Мәида» сүресі, 96-аят;
📍(98) Бұхари (3314), Муслим (1198);
📍(99) Бұхари (1825), Муслим (1193);
📍(100) Бұхари (1823), Муслим (1196);
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
6️⃣-АҢНЫҢ ЖАРАҚАТТАН ӨЛУІ
Аңшылықта қолға түскен аң жарақаттан өлуі тиіс. Ал үйретілген ит немесе құс аңды ешбір жарақаттамастан ұрып, тұншықтырып, қорқытып өлтірсе, ол аңның еті желінбейді. Себебі аңшылықта жарақат - бауыздаудың үкіміне жүреді. Аң ешбір жарақатсыз, қан ақпастан өлсе, бауыздаусыз арам өлген болады.
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
5️⃣-ҚОЛҒА ТІРІ ТҮСКЕН АҢДЫ БАУЫЗДАУ
Аңшы барғанға дейін жарақаттанған аң өліп кетсе, бауыздалмаса да оның етін жеуге болады. Ал тірідей қолға түскен жағдайда, оны «Бисмиллә» сөзін айтып бауыздау шарт. Аңшы итті не құсты жібергеннен кейін немесе мылтықты атқан соң өзге шаруамен шұғылданып кетпей, аңды бауыздау үшін оның ізіне түсіп, артынан баруы қажет. Ханафи мәзһабы бойынша жараланған аң бір күн не жарты күн өмір сүре алатындай халде болып, алайда бауыздалмай өлген жағдайда оның еті желінбейді. Себебі, аңшының бауыздауға жағдайы бола тұра, оны бауыздамағандығы себепті ол өздігінен өлген аңның үкімінде болады (92). Құран аятында: «Сендерге өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал - арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларының (бал ашуларың) да арам етілді. Бұларың бұзықтық» (93), - делінген.
Қолға түскен балық «Бисмиллә» деп айтылмай, бауыздалмай өліп қалса да желіне береді. Тек суда өздігінен өлген балықты жеуге тыйым салынған. Себебі, ол балық аурудан өлген болуы мүмкін. Ал балық құрғақшылықтан немесе қатты суықтан, ауға түсіп немесе найзағай тиіп өлсе, оның өлімінің себебі нақты белгілі болғандықтан оны жеуге рұқсат. Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендерге екі өлік және екі қан адал етілді. Екі өлік дегенім - балық пен шегіртке, екі қан дегенім - бауыр мен көкбауыр» (94), - деген.
❗(92) Д.Уаhбату әз-Зухайли, «Әл-фиқhу әл-исләмияту уә әдилләтуhу», 3-том, 688-бет;
❗(93) «Мәида» сүресі, 3-аят;
❗(94) Ибн Мажа (3218);
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
Repost from عم المصطفى
Әссәләму 'әләйкум бауырлар. Бүгін кітап сыйлау күні. Егер мешітке кітап сыйлағыларыңыз келсе менің жекеме жазыңыздар - @madiyar_albarov
📌Дәл қазіргі уақытта мешітке кітап сыйлаудың пайдасы:
1️⃣-Рамазан айында көбіне жамағат мешітте болады. Бауырларыңыздың ілім алуына себепші боласыздар. Және сіз сыйлаған кітап себепті адасқан бауырыңыз жол табуы әбден мүмкін.
Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде: «Сенің себебіңмен Алла Тағала бір адамға тура жолды нәсіп етсе, сен үшін бұл дүние және дүниеде болған барлық нәрседен жақсы»-деген
(Бұхари, Жихад 102)
2️⃣-Сіз сыйлаған кітапты қанша адам оқыса сізге де сонша сауап барып тұрады.
Пайғамбарымыз ﷺ: “Игі іске себепші болған адам оны жасағандай сауапқа кенеледі”.-деген.
(Муслим)
https://t.me/mustafanyn_kokesi
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
4️⃣-АҢҒА САЛАТЫН ИТТІҢ ҮЙРЕТІЛГЕН БОЛУЫ
Аңға салатын ит үйретілген болуы тиіс. Үйретілген деп - ұстағаннан кейін өзі жемей иесін күтіп тұратын, иесі шақырған уақытта қайтып келетін итке қатысты айтылады. Құран аятында: «Және де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер» (90), - делінген. Иесі келгенше аңды өзі жесе, алып қашса, ит ұстаған ондай аңның еті желінбейді. Жоғарыда келген хадисте де осы жайт баяндалып: «Итіңді (аңға) салғанда (бисмилләні) айтқан болсаң, (ит аңды) ұстап, өлтірсе, оны жей бер. Ал егер итің одан (бірінші) жейтін болса, оны жеме. Себебі ол (аңды) өзі үшін ұстады» (91), - деп айтылған.
Бірақ бүркіт, сұңқар, қаршыға, ителгі сияқты жыртқыш құстар иесі келгенше ұстаған аңның етінен жесе де ол аңның етін жеуге болады.
❗(90) «Мәида» сүресі, 4-аят;
❗(91) «Нилу әл-әутар» 8/134;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
3️⃣-АҢШЫНЫҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ
Ұсталған аң етінің адал болуы үшін аңшының мұсылман не кітап иелерінен болуы керек. Құранда: «Сендер үшін кітап берілгендердің (христиан, яһудилердің бауыздаған) тамағы халал етілді. Сендердің тамақтарың да оларға халал етілді» (89), - делінеді.
Отқа, пұтқа, күнге т.б. дүниелерге табынатындар ұстаған аң етінен мұсылмандардың жеуіне болмайды. Егер мәжуси адам мұсылманмен бірге аңға шығып, итін бірге жіберсе, бірге мылтықтан оқ атса, алайда аңға кімнің иті бірінші барып жарақаттағанын, кімнің оғы әуелі тигенін білмейтін болса, ондай аңның еті желінбейді. Себебі мубах пен харам ортақтасар болса, сақтық үшін харам деген үкімге басымдық беріледі. Осыған ұқсас үйретілген ит пен үйретілмеген ит, Алла Тағаланың есімі айтылып жіберілген ит пен Алланың есімі әдейі айтылмай жіберілген ит ортақтасқандағы жағдайдың үкімі де дәл осындай болмақ.
❗ (89) «Мәида» сүресі, 5-аят;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
2️⃣-АҢДЫ ШЕКТЕН ТЫС МӨЛШЕРДЕ АУЛАМАУ
Аңшылықты сылтауратып жануарларды шектен тыс өлтіруге болмайды. Ата-бабамыз көлде балапан ерткен үйрек-қазды, жапан далада құралайы бар киікті, елік пен ақбөкенді атпаған, қонжығын ерткен кірекейге тимеген. Бұлай істеу табиғатқа зиян тигізіп қана қоймай, адам жүрегіндегі мейірімділікті жояды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір торғайды ермек үшін өлтірсе, қиямет күні (ол) үн қатып, Алла Тағалаға: «Уа, Раббым! Расында пәленше деген адам мені пайдасы үшін ауламай, ермек үшін өлтірді», - дейтін болады» (84), - деп айтқан.
Кей ғалымдар: «Аңшылық – өмірге қажеттілік тұрғысынан болса - халал, отбасын қамтамасыз ету үшін болса - мандуб (85), жанды сақтап қалу үшін қажеттілік жағдайда - уәжіп (86), ермек үшін болса мәкруһ, ешбір ниетсіз жай ойын-сауық үшін болса, ол - харам. Себебі бұл хайуанды себепсіз азаптауға әкеледі (88)», - деп айтқан.
❗(84) Насаи (4446), Ахмад (19470);
❗(85) Мандуб - құпталатын амал. Шариғатта орындалуы абзал, орындамағаны үшін сөгіс алмайтын амал.
❗(86) Уәжіп - шариғатта орындауға міндетті, орындамаған жағдайда күнә, істесе сауап алатын істер.
❗(87) Мәкруһ (макруһ) - шариғат тыйым салмаған, бірақ оны істеуді құптамайтын ұнамсыз амалдар.
❗(88) Д. Уаhбату әз-Зухайли, «Әл-фиқhу әл-исләмияту уә әдилләтуhу», 3-том, 684-бет;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
1️⃣-«БИСМИЛЛӘ» АЙТУ
Аңға оқ атарда, үйретілген итті жіберерде: «Бисмиллә» деп айтуды жумhур ғалымдар шарт екендігін айтқан. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ғадди ибн Хатим деген кісіге: «Итіңді (аңға) салғанда (бисмилләні) айтқан болсаң, (ит аңды) ұстап, өлтірсе, оны жей бер. Ал егер итің одан (бірінші) жейтін болса, оны жеме. Себебі ол (аңды) өзі үшін ұстады» (82), - деген.
Осыған орай аңшылықта «Бисмиллә» деп айтуды әдейі тастауға болмайды. Әлде біреу оны білмей, ұмытып айтпай кеткен жағдайда, ол аңның еті желінеді. Алайда, «Бисмиллә» деуді әдейі айтпаған болса, ол аңның еті желінбейді. Өйткені Құранда: «Және Алланың аты аталмағанның (етін) жемеңдер» (83), - делінген.
❗(82) «Нилу әл-әутар» 8/134;
❗(83) «Әнғам» сүресі, 121-аят;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АҢШЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ
Аңшылық - адамзаттың көнеден келе жатқан күнкөріс тәсілдерінің бірі. Қыранмен аң аулау, оны баптау, тазы салу - қазақ халқының төл мұрасы. Халқымызда аңшылықтың жөн-жоралғысын білетін адамдар: аңшы, аңкөс, құсбегі, бүркітші деп аталады. Нәсібін саят құрып іздеген аңшылар қанжығасына түсетін олжаның қалай аулануына, оның адалдығына ерекше мән беретін болған. Ата-бабаларымыз аң аулаудың: бұлғап (шақырып) ату, итпен аулау, қарды омбылату, құспен аулау, мойын қатыру, мұз қатыру, ор қазып аулау, тасқақпанмен аулау, тормен аулау, түтін салу, ұлып ату тәрізді түрлі тәсілдерін меңгерген. «Жеті жарғының» 19-бабында: «Аңға салатын итті, құсты (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады», - делінеді. Осыдан да халқымызда аңшылық өнерінің маңыздылығы байқалады.
Асыл дініміз Исламда да аңшылық тақырыбы қалыс қалмаған. Шариғатымызда еті желінетін жабайы аңдарға немесе еті желінбесе де терісі, жүні, мүйізі іске пайдаланылатын аңдарға аңшылық қылудың үкімі - мубах (80). Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Олар, сенен өздеріне не нәрсенің халал қылынғандығын сұрайды: «Сендерге таза нәрселер халал қылынды», - де, және де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер» (81), - дейді.
Аңшылықтың дін талаптарына сай болуын қалаған адам келесідей әдептерді білуі тиіс.
❗(80) Мубах - шариғат тыйым салмаған және бұйырмаған істер. Оны істегені үшін сауап алмайды және істемегені үшін жазаланбайды. http://fatua.kz/kz/post/view?id=453
❗(81) «Мәида» сүресі, 4-аят;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АТА-АНАНЫҢ ДҮНИЕДЕН ӨТКЕННЕН КЕЙІНГІ ХАҚЫЛАРЫ
2️⃣-АТА-АНАНЫҢ ДОСТАРЫН ҚҰРМЕТТЕУ
Ата-ана дүниеден өткеннен кейінгі бізге міндетті болатын хақылардың бірі - олардың жақындарын, туыстары мен достарын құрметтеу. Қазақта «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген сөз қалған. Хадисте: «Расында, адамның әкесі жақсы көрген кісілермен араласуы құрмет көрсетудің шыңы саналады», - делінген (77).
Мәлик ибн Рабиға әс-Сәғди (Алла оған разы болсын) былай дейді: Бірде біз Алланың елшісімен бірге отырғанымызда оған Бану Сәлима руынан бір адам келді де: «Уа, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! Мен ата-анам өмірден озғаннан кейін де оларға құрмет көрсетіп, жақсылық жасай аламын ба?» - деп сұрады. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иә, егер оларға дұға жасасаң, Алладан олар үшін кешірім сұрасаң, олардың артынан уәделерін орындасаң, өзің ата-анаңның туысқандарымен байланысты жалғастырсаң және олардың достарын құрметтесең (оларға жақсылық жасаған боласың)» (78), - деді.
Абдулла ибн Динар былай дейді: «Бірде бір бәдәуи Меккеге бара жатқан жолында Абдулла ибн Омарды (Алла оларға разы болсын) кездестіреді. Абдулла (Алла оларға разы болсын) оны өзінің есегіне отырғызып, өзінің киіп жүрген сәлдесін береді. Сонда біз оған: «Алла саған ақыл қоссын! Бұлар азға да риза болатын бәдәуилер ғой!» - дедік. Бұған Абдулла ибн Омар (Алла оларға разы болсын): «Расында, бұл адамның әкесін (менің әкем) Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) жақсы көретін. Мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, адамның әкесі жақсы көрген кісілермен араласуы құрмет көрсетудің шыңы саналады», - дегенін естідім», - деп жауап береді (79).
❗(77) Муслим (2552);
❗(78) Әбу Дәуід (5142);
❗(79) Муслим (2552), Тирмизи (1903), Әбу Дәуід (5143);
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АТА-АНАНЫҢ ДҮНИЕДЕН ӨТКЕННЕН КЕЙІНГІ ХАҚЫЛАРЫ
1️⃣-ОЛАР ҮШІН АЛЛАДАН ДҰҒА ЕТІП, КЕШІРІМ ТІЛЕУ
Ата-ана дүниеден озғаннан соң артында қалған ұрпақтары олар үшін үнемі Алладан кешірім тілеп, дұға етіп тұрулары керек. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам дүниеден өткенде оның үш амалынан басқасының бәрі тоқтап қалады. Олар: үзілмейтін садақа, басқаларға пайдасы тиетін білім және салихалы ұрпақтың оған арнап жасайтын дұғасы» (74), - деген.
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен тағы бір хадисте: «Алла Тағала ізгі құлының жәннаттағы дәрежесін көтереді. Сонда ол: «Уа, Раббым! Бұл дәреже маған не себепті берілді?» деп сұрайды. Оған: «Сенің балаңның саған кешірім тілегені үшін (берілді)», - делінеді» (75), - делінген.
Құранда Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) Пайғамбардың былай деп дұға еткендігі келген: «Раббымыз! Есеп құрылатын күні мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!» (76).
❗(74) Муслим (1631);
❗(75) «Фәтху әл-қадир» (3/214);
❗(76) «Ибраhим» сүресі, 41-аят;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АТА-АНАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР
4️⃣-АНАНЫҢ ХАҚЫ
Ананың хақы әкенің хақынан үш есе жоғары тұрады. Бұл жайлы хадисте былай делінген: «Бірде Алланың елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келді де: «Уа, Алланың елшісі! Адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас жасауыма ең лайықтысы кім?» - деп сұрады. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Анаң», - деді. Ол адам: «Одан кейін ше?» - деп сұрады. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Анаң», - деді. Ол адам: «Одан кейін ше?» - деп сұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы да: «Анаң», - деді. Ол адам: «Одан кейін ше?» - деп төртінші рет сұрады. Сонда ғана Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әкең», - деді» (73).
Бұл хадис дінімізді дұрыс түсінбейтін кейбір адамдардың «Ислам әйел құқығын таптайды» деген теріс түсініктеріне айқын айғақ. Ата дінімізде әйел баласы ана ретінде бүкіл адамнан дәрежесі жоғары тұрады.
❗(73) Бұхари (5971), Муслим (2548);
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
1 656
✨✨✨
📌АТА-АНАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР
3️⃣-ОЛАРҒА БАҒЫНУ
Мұсылман адамға ата-анаға бағыну - міндет. Оларға қарсы шығу харам болып табылады. Құранда Алла Тағала: «Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның - Мен жақ. Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба!» (72), - деген. Яғни, мұсылман адам күнә болмаған істерде әрдайым ата-анасына бағынып, олардың разылығын алуы қажет. Кім бұл істерде ата-анаға бағынбаса, Алланың әмірін орындамаған болады. Тек, аятта көрсетілгендей күнәлі істерге бұйырған жағдайда ғана оларға бағынбауға болады.
❗(72) «Лұқман» сүресі, 14-15-аяттар;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris
