en
Feedback
💌 become better

💌 become better

Open in Telegram

Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, егер кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі…

Show more
598
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Көкбет болып, сөз түсінбейсің деген ше?

Еркек сияқты болып кеткенсің деген ше?

Басыңа трусиіңді киіп далаға шаға бер деген ше?

Ауырып қалғаныңда магазинге барып келе алмаған еркек не үшін керек?

#wallpaper
#wallpaper

🌥️ Жасыңа жас қосылған сайын адамдарға ұнауға тырысқың келмей қалады. Оданда өз-өзіңе ұнауға тырыса бастайсың. Бірақ өз-өзіңе ұнау адамдарға ұнаудан әлдеқайда қиын екен. • Роберт де ниро

Ал шынайы бақытқа кенелгендер жұмақта болады һәм (ақиретке тән) күллі аспан әлемі мен жер қанша тұрса, олар да сол жерде сонша уақыт (яғни, мәңгі-бақи) қала береді. Алайда Раббың басқаша қаласа, оның жөні бөлек. Олар жұмақта толассыз сый-сияпатқа кенеледі. («Һуд» сүресі 11:108)

💔
💔

Биыл құрбан июньның 10ы екен. Қазірден бастап, ай сайын 10 мың теңгеден жинап отырсаңыз, 6 айдан кейін, құрбан айтқа 60 мың теңгеге жеткізіп, өз атыңыздан құрбан шала аласыз екенсіз.

Ардақты Пайғамбарымыз бір хадисінде: “
Баршаның амал дәптері дүниеден өткенде өзімен бірге жабылып, мөрленеді. Алайда мурабыттың амал дәптеріне қияметке дейін сауап жазыла береді”
- дейді. Мурабыт – өмірін ақиқат жолына арнаған, өзгеге жақсылық жасаудан басқа ештеме ойламайтын ізгі жан. «Әбу Дәуіт, Жиһад, 16; Тирмизи, Фәдәилул-жиһад, 2»

Сол кезде Ибраһим: «Уа, Раббым! Бұл жерді қауіпсіз, бейбіт шаһар қылғайсың! Бұл жердің халқына, араларындағы Аллаға һәм ақирет күніне иман келтіргендерге түрлі жеміс-жидек, көкөністерден ризық бергейсің!» – деп жалбарынды. Сонда Алла: «(Ризықты тек мүміндерге емес бәріне беремін. Алайда) араларынан кімде-кім (берген нығметтерім үшін шүкіршілік етпей) күпірлік қылса, оған (бұл дүниеде) аз ғана уақыт ризық-несібе беріп, өмірдің қызығын көрсетемін де, содан кейін оны тозақ азабына душар етемін. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!» – деп айтты. («Бақара» сүресі 2:126)

Күпірлік қылған кітап иелері де, мүшріктер де сендерге Раббыларыңнан қандай да бір жақсылық түскенін қаламайды. Алайда (олар қанша жерден қаламаса да) Алла қалаған құлын рақымымен таңдаулы қылады һәм оған маңызды міндет жүктейді (яғни, пайғамбарлық міндет жүктейді немесе дін жолында қызмет етуді нәсіп етеді). Алла – зор игілік, шексіз шарапат егесі. («Бақара» сүресі 2:105)

Данияр Жігітбектің 1 жылда - 50 кітап идеясы бойынша 4 кітапты қатар оқып бастадым. Басында ол қалай? Миың ашып кетпейді ме?
Данияр Жігітбектің 1 жылда - 50 кітап идеясы бойынша 4 кітапты қатар оқып бастадым. Басында ол қалай? Миың ашып кетпейді ме? деп ойлаған едім. Керісінше, осылай оқыған оңай екен. Әр түрлі тақырыпқа бір сүңгіп, келесі бір уақытың болғанда басқа тақырыпты оқисың.
Аз-аздан үздіксіз.
Бір кітапты 30,40,50 бетті бірден оқу - ауыр. Ішіңді пыстырып, ұйықтатып жіьеруі мүмкін. Продуктивность тоже түседі. Ал, мұнда 10-15 бет оқып тастайын дейсің де, оңай оқылады екен. Әзірге ұнап жатыр 👍 2 діни, 2 дүниелік кітапты оқып бастадым. Қалай болса да, 50 кітапты оқып бітірмесем де, кітап оқуды әдетке айналдыратын жоба екеніне сенімім мол.

photo content

1 жылдан астам уақыт бойы өзімнің уишлист каналымды жүргізіп, қалауларымды жазып, өзгелермен де бөлісіп келемін. Өзінің қалауларын білген адамға оған қол жеткізу де оңай болады деп ойлаймын. Жан-жаққа жалтаңдау жоқ, нақты өз мақсатыңа қадам басқаның үшін солай шығар. Маған немесе декреттегі аналарға, тұрмыстағы қыз келіншектерге не сыйларыңызды білмесеңіз, идея ретінде каналды қарап шықсаңыз болады :) Сіздерге де осылай жасап, өзіңіз қол жеткізуді немесе жақындарыңызға бөлісуді кеңес етемін) Өзің қалаған сыйлықты алғанға не жетсін) t.me/wishlistzhk

Саңлақ сахабалар.pdf7.82 MB

✏️📚 Дұға етудегі детализация немесе қалай дұға жасау керекпіз? Оған үлгі Зәкария пайғамбар дұғасы. Зәкария (а.с):
«Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді» деді. «Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!» «Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!»
– деп дұға жасайды. Алла Тағала:
«Әй Зәкария! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын ешкімге ондай ат қоймаған едік»
, – дейді. Сөйтіп Алла Тағала Зәкарияның дұғасын қабыл етеді. Ол ұлды болатынына таңданып:
«Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым»
, – деді. Оған Алла Тағала:
Ол маған оңай. Өйткені, Мен сені жаратпастан бұрын сен де жоқ едің»
, – деді. Тіршілікте ешбір жанға жаманшылық жасап, қиянат қылмаған Зәкария қартайған шағында зор қуанышқа бөленді. Құдайдың құдіретімен оның бедеу әйелі ұл тапты. Нәрестенің есімін Яхия деп қойды. Байқасаңыздар, Зәкария (а.с) алдымен Аллаһқа өз қорқынышымен бөлісіп, барлық жағдайды баяндап, өзінің де, жұбайының да шарасыздығын жеткізді. Және соңында нақты қандай ұрпақ қалайтынын да сұрай білді. Яғни, ұрпақ бере көрші деп сұрап қана қоймай, оның бүкіл ұрпаққа қайырлы болуын да сұрады… Бұл Құрандағы мысал бізге өмірде дұға етуде үлкен үлгі бола алады. Яғни, қарапайым ғана мысал, біреу көлік сұрайды, біреу үй сұрайды, біреуге көп ақша керек болуы мүмкін дегендей… Осындай жағдайларда Аллаһым маған осы дүниені берші деп тоқтала салмай, оны детально сипаттап сұрауымыз да маңызды. Ескеретін жайт: Дұғаның жауабы не бірден қабыл болуы мүмкін, не сауабы ақыретке қалады, не уақыт өте қабыл болуы мүмкін. Қысқасы, дұға еткен адам ешқашан ұтылмайды… :)

❗️Инстаграмнан барлық видеоларымды тазалап тастадым. (Қатты қиын болды. Отбасылық естеліктер. Жылы сәттер. Әдемі видеолар) 1. Адамдардың түрі бейнеленгені үшін. Көз, сөз деген дүниеден сақтанғым келеді. Алдағы уақытта да солай, адамдардың түрін көрсетпей блог жүргізсем деймін. 2. Тағы бір ескеретін жайт - тамақты да көп салмау. Өзгелердің көз ақысына кірмес үшін. Инстаграмда жағдайы бары бар, жоғы бар. Жерігі бар, аяғы ауыры бар. Ауырып, жей алмайтыны да болуы мүмкін. Біреудің сілекейін шұбыртып, көңіліне қаяу салатындай дүниеден алшақ болу. 3. Келесі шектеу - жан - жарыммен қарым - қатынасты салмау. Өзгелердің қызғанышын тудыратын, немесе пәленшенің күйеуі осындай сыйлаптыға жеткізіп, адамдардың арасына араздық салатын контенттен бас тарту. 4. Қызғаныш, қызығу, адамның көңілінде қандай да бір жағымсыз эмоция тудыратын контент емес, өзгелерге пайдалы, үлгі боларлық, жүрегінде жылулық салатын дүниелермен бөлісу. Соңғы 2 ай инстаграмнан шектеліп қалғаным да осыдан еді. Енді не жағымды контент болады, не ештеңе салмаймын деп шештім :)