ПЕДИАТР АЙНУР 🩺
Open in Telegram
👶🏻 Бала саулығы жайында пайдалы ақпарат беріліп отыратын канал Инста парақша👉🏻 https://instagram.com/pediatraynur?r=nametag
Show more7 779
Subscribers
No data24 hours
-77 days
+13930 days
Posts Archive
7 779
https://www.instagram.com/pediatrainur?igsh=d3pjdmhucWswajRk
Стористерде ангина жайлы айтып жатырмын🔥 Өшіп кетпей тұрғанда оқыңыздар, қаперлеріңізге алыңыздар☝️✅
7 779
https://www.instagram.com/pediatrainur?igsh=d3pjdmhucWswajRk
⬆️⬆️⬆️⬆️
🔴 Тез-тез сториске кіріңіздер, жақсылар!!!
🗣️ ЖӨТЕЛ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛЫП ЖАТЫР
❌ Стористерді сақтамаймын
7 779
Жаңа парақшама қосылыңыздар, жақсылар!
https://www.instagram.com/pediatrainur?igsh=d3pjdmhucWswajRk
Сіздерден көп қолдау қажет🙏🏻
7 779
Үлкен дәретке отырғаннан кейін кішкентай көк түйін байқасаңыз, міндетті түрде баланы дәрігерге апарыңыз.
Себептері қандай:
– іш қату
– іш өту
– қатты күшену
– тік ішекті соңына дейін босатпау
Ота жасауға дейін апармау үшін не істеу керек?
– запорды жақсылап емдеу қажет
– тік ішекті соңына дейін босату қажет
– дәретханада/горшокта ұзақ отырмау керек
Ішкі түйіндер аурсынбайды, ауырсыну бар болса, анус жарақаттанған, демек запорды дұрыс емдеу қажет.
Ал сыртқы түйіндер қатты ауырсынады, жүруге кедергі келтіреді
Геморройдың арнайы емі жоқ.
Тек запорды дұрыс емдеу, көбірек талшыққа бай тамақтар тұтыну (көкөністер мен жемістер, кебек), көбіркк сұйықтық ішу, жиі жылы суда отыру (анус бұлшықеттері босансу үшін).
“Бірақ бізде запор жоқ,бәрі жақсы, бала үлкен дәретке күнде барады” деп айтуыңыз мүмкін. Геморрой болса, бәрі жақсы болуы мүмкін емес. Әдетте былай болады: бала күнде шығады, бірақ тік ішекті толық босатпайды, яғни кейде аз-маз шығады (жартысы қалып қояды), кейде толық шыққандай болады.
Бұл қалай дамиды (көп ата-аналар үлкен дәретке жақсы барады деп қателеседі):
бір уақыттары балада запор болған + ауырсыну. Ауырсынудан қорыққан бала көтенін қысып жүреді, нәжісін ұстап қала береді, сөйтіп соңына дейін нәжісті шығармай қалады.
Геморройды емдегенде әр баланы жеке-жеке емдейміз, препарат дозасын әр балаға жеке тағайындаймыз.
Геморрой бірнеше айлар бойы сақталуы мүмкін (иә, ол бірден кете қоймайды), егер түйіннің көрінуі сиресе, онда жазылып келе жатыр, ал егер мүлдем жоқ болып кетсе, демек емделді дегенді білдіреді, бірақ есте болу керек: бір шыққан геморой алдағы уақытта да әдетте шығады, сондықтан үлкен дәретін қадағалап жүру қажет.
Сирек жағдайларда геморройды отамен алып тастауға тура келеді, әдетте ересектерде, әдетте қатты ауырса, жүруге кедергі келтірсе.
Геморрой жазылған соң төмендегі суреттердегідей қалып қоюйы мүмкін. Геморрой болмай-ақ кейбір балаларда шығып кетеді солай⬇️⬇️⬇️
7 779
+1
Қазір геморройлар жайлы айтамыз.
Геморройдалды түйіндер — барлық адамдарда бар көктамырлар.
Ересектерде де, балаларда да бар. Қалыпты жағдайда көзге көрінбейді.
Ал геморрой дегеніміз сол көктамырлардың қабынуы, ісінуі. Геморрой ішкі және сыртқы болып бөлінеді (суретті мұқият қараңыз).
Геморройдың 4 сатысы бар.
7 779
Запордың асқынулары жайлы жазамын деп уәде беріп едім⬇️
Запор (іш қату) – балаларда өте жиі
кездесетін проблема. Балаларда түрлі
себептермен тез дамитын, бірақ көп
жағдайда ұзақ емді талап ететін
жағдай. Запор балада болсын, ересек
адамда болсын ыңғайсыздық және
ауырсыну тудырады. Бұл ауру
байқалған сәттен бастап емге кіріскен
жөн, өйткені уақыт өткен сайын жағдай үдейе береді және
Мына ақсынуларына алып келеді:
— геморрой
— анустың жаралануы
— тік ішектің түсіп кетуі
— энкопрез
— баланың әлеуметтік және психоэмоционалды өміріне кері әсерін тигізеді (депрессия да дамуы мүмкін)
— ректоцеле (әйелдерде)
Қазір әрқайсына қысқа-нұқса тоқталып өтейік
⬇️⬇️⬇️
7 779
Бәріңізге сәлем💚
Менің инстаграмдағы @pediatraynur аккаунтым мәңгіге блокталып қалды.
Жаңадан аккаунт ашып жатырмын, менің телефонымдағы жазбаларымда сақталып қалған посттарды салып, әдемілеп дайындап жатырмын🔥1-2 күн ішінде осы жерге жаңа парақшаның сілтемесін жіберемін✅
7 779
Ертең запордың салдары жайлы айтатын боламын осында суреттерін жіберіп (инстада ондай суреттер үшін блокқа салады, сондықтан осында жазатын боламын). Күтіңіздер🔥
