884
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
884
Ертең таңертең 08:30-да (UTC+6) болатын WC 248 контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-248
884
Online Coding Assessment [Amazon]
Хакерранк платформасында 2 есепке 1 жарым сағат уақыт берді. Бірінші есеп сұрыптауға байланысты, екіншісі query count бойынша болды. Екі есепке де жазған алгоритмдерімнің уақыты O(N^2). Бұл барлық тесттен өтуге жеткілікті болмады. Сәйкесінше, 60-70% тесттен өтті. Бұл дегеніміз екі есепті де толық шығара алмадым. Кейін рекрутер интервью процессін осымен тоқтататынын жазды.
Меннен қандай қателік орын алды:
1. Бұл кезеңге немқұрайлы қарадым. Яғни Амазонға бұған дейін екі рет (2020 басы мен соңы) тапсырғанда бұл кезеңнен өткен едім. Ол кездері onsite пен phone interview кезеңдерінен ары өтпедім.
2. Күннің ыстығында базар аралап келіп, кешке онлайн тест жаздым. Алдын ала дайындық болмады.
3. Leetcode немесе басқа да форумдардан Амазонда келетін есептерін форматын оқып дайындық жасамадым. (Өткен жылдары солай жасаған едім.)
Айтпақшы, Гуглдың екінші рекрутерінен хабар келді. Өткенде жазғанымдай, әңгіменің бәрі резюменің сапасына тіреліп тұр.
Статустарға келер болсақ (компания мен позициялар):
Google
1. Denied after CV Screening 🚫
2. Denied after CV Screening 🚫
3. CV Screening 📄
Facebook
1. Phone Screen 👨🏻💻
2. CV Screening 📄
Amazon
1. Denied after Online Coding Assessment 🚫
2. CV Screening 📄
Microsoft
1. Denied after CV Screening 🚫
2. CV Screening 📄
884
Leetcode-тан 1200+ есеп шығарған досым FAANG-тан оффер алды.
Google-ға +1 қазақ (Warsaw).
884
Ертең кешке 20:30 (UTC+6) BC 55 (Leetcode) және арғы күні таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 247 (Leetcode) контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-55
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-247
884
Facebook recruiting платформасында дайындалуға берген 25 есептің категориялары.
Сіздерге таныс па тақырыптар?
Осыдан 2 ай бұрын зум арқылы граф + (bfs пен dfs) пен Tree тақырыптарын талқылағанбыз (жазбасы сілтемеде).
884
Ертең таңертең 08:30 - да (UTC+6) болатын WC 246 (Leetcode) контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-246
884
Phone Screen / Online Coding Assessment 👨🏻💻
Амазон мен Фейсбуктың рекрутерлерімен телефон арқылы әңгіме болды. Әңгімеде әркім өзіңіз интервью процесі қалай болатынын айтып, тәжірибеме қатысты сұрақтарын қойды. Бұл жердегі маңызды нәрсе: рекрутердің сұрақтарын түсініп, қанағаттандырарлық жауап қайтару. Нәтижесінде фейсбук "Phone Screen" кезеңіне, ал Амазон "Online Coding Assessment"-ке шақырды.
Фейсбукте бір программисттің беретін есебін 45 минутта шығарып, түсіндіріп беру керек. Дайындалу үшін 1 апта уақыт пен 25 есеп берді (Leetcode бойынша medium-hard деңгейіндегі есептер).
Амазон болса Хакерранк платформасынан 2 есепті 2 сағатта шығаруға береді, яғни бұл жер контест жазған сияқты есепті онлайн жіберу керек.
Айтпақшы, Гуглдың рекрутерінен де хабар келді. "We carefully reviewed your background and experience, and decided not to proceed with your application at this time." Осындай жауапқа қарағанда, әр позицияға сай резюмені дұрыстап жазу керек екен.
Статустарға келер болсақ (компания мен позициялар):
Google
1. Denied after CV Screening 🚫
2. CV Screening 📄
3. CV Screening 📄
Facebook
1. Phone Screen 👨🏻💻
2. CV Screening 📄
Amazon
1. Online Coding Assessment👨🏻💻
2. CV Screening 📄
Microsoft
1. Denied after CV Screening 🚫
2. CV Screening 📄
884
Рекрутер хабарласты 📩
Өткен постта жазғанымдай, әр компанияның 2-3 позициясына резюме жібердім. Соның ішінде Майкрософт, Амазон мен Фейсбуктың бір позициясынан жауап келді.
Майкрософттан "Unfortunately, you haven’t met the requirements for this position" деп жазды. Соған қарағанда, резюме мен тәжірибеме көңілдері толмаған.
Амазон мен Фейсбуктың рекрутерлері 30-минуттық әңгімеге шақырды. Екеуінің уақытын бір күнге қойдым.
Ол жерде компанияның мүмкіндіктері, интервью процесстері, кадрлық аспектілер және мен жайлы әңгіме қозғалатын болады.
884
Кешегі контестте шығарған екі есептің шешімі
1. Redistribute Characters to Make All Strings Equal EASY
Шешімі: link
3. Merge Triplets to Form Target Triplet MEDIUM
Шешімі: link
884
Google|Facebook|Amazon|Microsoft
Осы жоғарыда тізілген тех компанияларға резюме жібердім. Енді алғашқы кезеңнен өтетін болсақ, интервью процессі басталатын болады. Негізі алғашқы этаптан өтудің өзі оңай емес. Рекрутерлерден оң хабар күтеміз.
2018 жылдан бері резюме жіберіп, бағымды сынап келемін. Алғаш рет интервьюға шақыртуды 2020 жылдың басында Амазоннан алдым. Ол кезде телефонмен интервьюдан кейін отказ келді. Интервьюға екінші шақыртуды тағы сол Амазоннан 2020 жылдың соныңда алдым.Телефонмен интервью кезеңінде вакансия жабылып процесс тоқтап қалды.
Ал басқаларына келетін болсақ (Гугл, Фейсбук, Майкрософт), оларға 2018-ден бері резюме жіберіп, әлі шақырту алып көрмедім.
Тех компанияларда жұмысқа іріктеу кезеңдері шамамен осындай болады:
1. Резюмені тексеру (Интервьюға шақыру)
2. Рекрутермен әңгіме
3. Онлайн кодинг
4. Телефонмен интервью
5. Виртуалды онсайт интервью
6. Жұмысқа шақырту алу
Осы жолы барлық резюмелерді реферал арқылы жібердім. Реферал дегеніміз - компания қызметкері сіздің резюмеңізді рекрутерлеріне ұсынады.
Егер интервью процесстері қызық болса, ары қарай жазатын боламын.
884
Тегін программалау сабағының жазбасы ✅
Сабақ тақырыптары:
• Бағдарламалауға кіріспе және Питон тілін орнату
• Айнымалылар мен операторлар
Видео астында сабақ материалдарына (слайдтар, нұсқаулықтарға) сілтемелер тұр 📚
Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар берілген 👩🏻💻
https://youtu.be/l6uwqcrZxJY
884
1. Check if All the Integers in a Range Are Covered EASY
Шешімі: link
2. Find the Student that Will Replace the Chalk MEDIUM
Шешімі: link
884
Facebook-қа программист боп жұмысқа тұрғысы келетін әр адам оқуы керек 👉🏻 нұсқаулық 👈🏻
Нұсқаулықта көрсетілген МакДоуел апайдың кеңестері ютубта бар екен👇🏻👇🏻👇🏻
Cracking the Facebook Coding Interview Problem Walk Through
Cracking the Coding Interview at Silicon Valley Code Camp 2016
Cracking the Facebook Coding Interview The Approach
884
Ертең кешке 20:30 (UTC+6) BC 54 (Leetcode) және арғы күні таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 2435(Leetcode) контестке қатысайық.
Контесттен соң есептерді зумда талқыласақ болады.
https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-54
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-245
884
Ертең таңертең 08:30 - да (UTC+6) болатын WC 244 (Leetcode) контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-244
884
🔥PYTHON Программалау тілі курсына тіркелу басталды!🔥
Тіркелу мерзімі: 5 маусым, 18:00-ге дейін.
Тіркелу үшін жекеге жазыңыз:
@edigerad
@mukhammedaliiii
884
Leetcode Contest Rating Graph Visualiser
Прасан Бартак деген жігіт литкод контесттің графигін көрсететін ыңғайлы апп жазыпты. Бұл жерде алдыңғы контесттегі рейтингті көруге және белгілі бір контестке тікелей өтуге болады. Пайдасы: өзіңіздің формаңызды бақылай аласыз және графиктен белгілі бір аймақты таңдап та анализ жасауыңызға болады.
