en
Feedback
Leetcode KZ

Leetcode KZ

Open in Telegram
884
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Ертең ⏰ Жексенбі таңғы 8:30 https://leetcode.com/contest/weekly-contest-298

Repost from IT bilim
Көп сұратылған “Алгоритмдер” python курсымызды келесі айдан бастап жоспарлап жатырмыз. КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗДАР: - Ерғали ағ
Көп сұратылған “Алгоритмдер” python курсымызды келесі айдан бастап жоспарлап жатырмыз. КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗДАР: - Ерғали ағай ("Үздік Білім" каналы) - Едіге ағай ("IT Білім" каналы) ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ: - Шілде мен Тамыз; - Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі, пятница-жұма) зум арқылы кешкі уақытта болады; - Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат; - Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда. КУРС БАҒАСЫ: - Айына 20’000 теңге (сонда жалпы 2-ай үшін - 40’000 теңге). КУРС ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ: - Олимпиадалық есептері жинағы бар - acmp.ru сайты қолданылады. - Әсіресе, оның ішіндегі олимпиада есептеріне арналған платформа курсымен өтеміз: (Курсы => Решение олимпиадных задач). АЛҒАШҚЫ 2-САБАҚ - ТЕГІН!!! - 1-ші сабақ: Шілде 1-не (жұма) кешкі сағат 17-30 (Алматы), 16:30 (батыс) уақытымен ZOOM арқылы болады. ТІРКЕЛУ ҮШІН: tiny.cc/algo_kurs

🛎 Бүгін кешкі 20:30да biweekly contest https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-80

Repost from IT bilim
IT Bilim Webinar "IT-да қалай даму керек" Google қызметкері Аталықпен өткен вебинарды ютуб арнамызға жүктеп қойдық. Cілтеме: https://youtu.be/qq_-3NdqSyM Көкейде жүрген сұрақтарыңыз болып вебинарға қатыса алмай қалған болсаңыз, өкінудің қажеті жоқ. Аталық мырза біздің екі телеграм чатымызда бар. Сұрақтарыңызды сол чаттарда қоя берсеңіздер болады. https://t.me/it_bilim_chat - жалпы IT бойынша. https://t.me/leetcode_kz - алгоритм тақырып/есептер бойынша. Және де гуглға жұмысқа тапсырушылар болса Аталық мырзаның көмегіне жүгінсе болады. Егер білім мен тәжірибеңіз Гуглдағы вакансияларға сай келіп жатса, сізді жұмысқа ұсынып интервью процесстерінде көмегін бере алады (резюмеден бастап кодинг интерьюге дейін). @it_bilimkz @it_bilim_code

Repost from IT bilim
IT Bilim Webinar "IT-да қалай даму керек" Google қызметкері Аталықпен болатын вебинарға қосылыңыздар. Сілтеме: https://meet.google.com/crq-crqq-yut

Repost from IT bilim
Google-да бағдарламашы, "Dynamic Programming Patterns" атты мақаласы LeetCode-тың 2019 жылғы үздік мақаласы атанған, Leetcode
Google-да бағдарламашы, "Dynamic Programming Patterns" атты мақаласы LeetCode-тың 2019 жылғы үздік мақаласы атанған, Leetcode гуру, "Dynamic Programming Guide" кітабының авторы Аталықтың IT туралы айтары бар. IT-да қалай даму керек туралы онлайн кездесу ұйымдастырып, білгенімен бөліспекші. Уақыты: 03.06.2022 (жұма күні), сағат 20:30, Астана уақыты. Өтетін орны: сілметені ертең @it_bilimkz арнасында жариялаймыз.

Ертең ⏰ Жексенбі таңғы 8:30 https://leetcode.com/contest/weekly-contest-295

🛎 Бүгін кешкі 20:30да biweekly contest https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-79

Жалпы ақпарат үшін! Шілде-тамыз айларында олимпиада дайындығын жалғастырушылар үшін алгоритмдер деген курс болады! Ол курсқа қатысуға тек информатика олимпиада есептер шығарудан кішігірім болсын опыты бар, кем дегенде 50 шақты асмп платформасында есебі барлар (ал Үздіктер жобасының қатысушылар үшін 150 есеп шығарғандар) ғана қатыстырылады. Яғни код жаза алатын, қарапайым есептерді шығара алатын, бірақ қай есепте, қандай алгоритмдерді қолдану керектігінен білмейтіндер үшін болмақ. Егер курсқа қатысуға шынымен ниет етсеңіздер, онда маусым айын (яғни 1-айдай уақыттырыңызды) өткізіп алмай есеп шығара жүріңіздер! Курс ұйымдастырушылар: Ерғали ағай мен Едіге ағай.

Repost from IT bilim
Анонс! 📣📣📣 Алгоритм және деректер құрылымынан білімін арттырғысы келетіндерге, сол бағытта дамитын орта іздегендерге арналады. Жексенбі (29/05/2022) алғашқы танымдық, оқу-жаттығу кездесуі болады. Кездесуде асимптотик (Big O), array, хешиң, two pointers және sliding window паттерндарын үйренеміз. Қысқасы: ⁃ Тегін! ⁃ neetcode.com-дағы 150 есептік тізімнен есеп шығарамыз. Басқа жерден де есеп қарастырсақ болады. ⁃ Тақырыптарды білгенімен бөлісгісі келетіндер түсіндіреді. Ескерту: біздің көбіміз кәсіби мұғалім емес, ал жалпы бұның бәрін жақсы ниетпен өз еркімізбен өткізбекпіз. ⁃ Тапсырмаларды өзіміз шығарамыз. Тапсырмаларды орындау барысын өзіңіз қадағалайсыз. Ешкім сіздің артыңыздан жүгірмейді. ⁃ Тапсырмаларды талқылау, талдау кездесу кезінде болады. Негізгі мақсатымыз, бірге дамып, әр қатысушының теориялық білімін арттыру, үздіксіз есеп шығаруға дағдылау. Солай алдымен өзімізге, сонымен қатар қалғандарына да көмектесеміз. Есеп шығаруды әдетке айналдырсақ бір бірімізге үлкен көмек жасаймыз. Көмектескіңіз келсе, мархабат! 😁 Қалай, немен көмектесе алатыныңызды жекеге жазыңыз. Мысалы, тақырып түсіндіру, жақсы жоспар ұсыну деген сияқты. Осындай мүмкіндікті іздеп жүрген достарыңыз болса, бөлісіп қойыңыздар! Сағат: 12:30. Күні: 29/05, жексенбі. Тақырып: Асимптота, array, two pointers, sliding window. Орын: Онлайн, telegram. Ұйымдастырушылар: Дәурен - @dCluren Шерхан - @bertailak Санжар - @SanzhS Талқылау чаты: @leetcodekz t.me/it_bilimkz

Ертең ⏰ Жексенбі таңғы 8:30 https://leetcode.com/contest/weekly-contest-294

SDU-дің 4-ші курс студенті Adilkhan (khanter) бауырымыз FAANG-тан оффер алды👍 Google-ға +1 қазақ (Warsaw).

Repost from IT bilim
MAMYR CONTEST 2022-ден қалып қоймаңыз Информатика каналы Мамыр мерекелеріне орай дәстүрлі MAMYR CONTEST ұйымдастырады. Контес
MAMYR CONTEST 2022-ден қалып қоймаңыз Информатика каналы Мамыр мерекелеріне орай дәстүрлі MAMYR CONTEST ұйымдастырады. Контестке қатысып өз біліміңізді сынап, қызықты тапсырмаларды шешіңіз. Контест yandex платформасында болады. https://contest.yandex.ru/contest/37796/enter/ Уақыты: 07.05 20:00 (бүгін кешке)