884
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
884
Бүгін кешке 20:30 (UTC+6) BC 64 және ертең таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 265 контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-64
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-265
884
Сіздерді Kolesa Conf 2021 атты тегін IT-конференцияға шақырамыз! Ол 13 қарашада онлайн режимінде өтеді.
Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 5 бағыт: Data Science, Management, Web, Mobile және Administration & Infrastructure. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff Business, Avito, Циан, Yandex Cloud, Kcell, Beeline, Tele2, Kaspi, Halyk, Top Secret Inc, ЦАРКА, Sergek Development және т.б. компаниялардың сарапшылары 8-13 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.
Әрбір бағыттың жеке онлайн бөлмесі болады, сол бөлмелерді еркін ауыстырып қарауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.
Былтырғы Kolesa Conf-ті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және басқа да ТМД елдерінен 5 911 қатысушы тамашалады.
Онлайн-конференцияға қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.
Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.
884
Ай бітемін дегенше соңғы бес күні ғана қалыпты.
Кім осы уақытқа дейін талмай шығарып келді daily challenge-дерді ?
Қол көтеріп қойыңыздаршы, қане ? )
884
Бір байқағаным OOP-ға қатысты есептер салыстырмалы түрде оңай екен leetcode сайтында.
Деңгейі medium болса да, easy болса да.
https://leetcode.com/problems/min-stack/
Айдың аяғы да таяп қапты) Толыққанды аяқтап тастайық daily-лерді✊🏽
884
08:30 (UTC+6) болатын WC 264 контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-264
884
JavaScript бойынша әлемдегі сапалы туториалдардың бірін қазақ тіліне 🇰🇿 аудара бастадық.
Репозиторий сілтемесі »
Егер ⤵️
📌 Open-source жобаға қатысқың келсе;
📌 JavaScript меңгергің келсе;
📌 Қазақ және ағылшын тілі деңгейіңді көтергің келсе;
📌 IT қазақ тілін дамытуға үлес қосқың келсе;
Қатарымызға қосыл!
Git-пен жұмыс істеп дағдылануға да таптырмас мүмкіндік.
Көмектесудің бірнеше жолы бар:
📌 Беттерді қазақшаға аудару.
Нұсқаулық: https://github.com/javascript-tutorial/kk.javascript.info/issues/1
📌 Басқалардың аудармаларына ревью жасау.
PR мысал: https://github.com/javascript-tutorial/kk.javascript.info/pull/2
📌 Аударылып қойған беттерді оқу, қателерді жөндеу (барлық мәтіннің 50% аударғанда осы жұмысты жасауға ыңғайлы домен, веб-сайтымыз болады).
📌 Мейнтейнер болу, аудармаларды мақұлдау (қазақ тілін жетік білгені абзал).
Сұрақ болса телеграмда жекеге жазсаңыздар болады @kenzhemir немесе GitHub-та Issue жасай аласыздар.
@it_bilimkz
@it_bilim_code
@it_bilim_chat
instagram.com/it_bilim.kz884
Бүгінгі есеп неге medium екенін түсінбедім.
Жауабы мынау ғана:
var reverseWords = function(s) {
return s.split(' ').filter(w=>w).reverse().join(' ')
};
Әлде мен есептің дұрыс шығару жолын қолданбадым ба?
Басқаша бір қиын жолы бар ма еді ? ))884
Бүгін кешке 20:30 (UTC+6) BC 63 және ертең таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 263 контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-63
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-263
884
Графтар тақырыбын талқылауға қатысқысы келетіндер бар ма ?
Комментарий қалдырыңыздар.
Адам жиналса уақытын белгілеп, басып жіберейік !
Едіге түсіндіреді тақырыпты.
Let's go! Let's go! Follow me )
UPD: чатта 4-5 адам давай деп тұр. Тағы қосыла беріңіздер ✊🏽
884
Ертең таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 262 контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-262
884
ACM ICPC World Final 2021
АСМ финалының нәтижелері.
Топ 20-ның 8-і орыстар, 6 - Европа, 4 - АҚШ және қалған 2-еуі Азиялық команда.
884
55. Jump Game
🔵 medium деңгей
Бұл есептің шығарылу жолы қызық.
Шартында басынан соңына бара аласың ба соны тексер дейді.
Бірақ шығарудың дұрыс жолы соңынан кері қарай өлшеу.
Осы типтегі есептерді бұрын шығармаған болсаңыз, көріңіз міндетті түрде.
Бір үйреніп алсаңыз, басқа да көп жерде қолданасыз трюкті
884
Ертең кешке 20:30 (UTC+6) BC 61 және арғыкүні таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 259 контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-61
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-259
884
Ертең таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 258 контестке қатысайық.
https://leetcode.com/contest/weekly-contest-258
884
Youtube арнамызда 400 оқырман🥳
Осы сәттің құрметіне, каналға қандай тақырыпта видео салуға болады?
Қандай тақырыптың видеосын көргіңіз келеді?
Төменге қызықты тақырыптарды жазсаңыздар болады.
884
10 минуттан кейін контест басталады. Соған қатысып 1 жарым сағат ішінде ең болмағанда 4 есептің 1еуін шығаруға тырысыңыздар!
https://leetcode.com/contest/biweekly-contest-60
