en
Feedback
I-Hi live

I-Hi live

Open in Telegram

Айқай, ағайын! Обо всем что происходит в этом мире 😉

Show more
1 965
Subscribers
-124 hours
-117 days
-7130 days
Posts Archive
📍Желіде қарияның несиесін жауып берген жас жігіттің видеосы тарады Видеоны dauren_nazarbek есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 43 мыңға жуық лүпіл басылып, 1000-нан астам пікір жазылған. Кәсіпкер халық арасында эксперимент жасап, шашылған жеміс-жидектерді көмектескен екі қарияға ақшалай көмектесті. Біріне қаржылай көмектессе, екіншісінің несиесін жауып берді. "Әрбір жасаған жақсылық - тек жақсылықпен қайтады" деп жазды видео авторы.
"Айына 140 мың теңгеге не алған соншама", "осындай көмек беретіндер шықса ғой", "бізге кездессе қашатын шығар ақшасы жетпей", "бірінші әже жақсы екен", "біздің алдымыздан шықпайды екен", "бір алма беріп, 140 мың төледі", "қандай керемет жансың", "рахмет, жігіт, қуаныш сыйладыңыз", "осындай адамдар көп болсын" деп жазды желі қолданушылары.

📍Желіде қарияның несиесін жауып берген жас жігіттің видеосы тарады Видеоны dauren_nazarbek есімді желі қолданушысы жариялаға
+1
📍Желіде қарияның несиесін жауып берген жас жігіттің видеосы тарады Видеоны dauren_nazarbek есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 43 мыңға жуық лүпіл басылып, 1000-нан астам пікір жазылған. Кәсіпкер халық арасында эксперимент жасап, шашылған жеміс-жидектерді көмектескен екі қарияға ақшалай көмектесті. Біріне қаржылай көмектессе, екіншісінің несиесін жауып берді. "Әрбір жасаған жақсылық - тек жақсылықпен қайтады" деп жазды видео авторы.
"Айына 140 мың теңгеге не алған соншама", "осындай көмек беретіндер шықса ғой", "бізге кездессе қашатын шығар ақшасы жетпей", "бірінші әже жақсы екен", "біздің алдымыздан шықпайды екен", "бір алма беріп, 140 мың төледі", "қандай керемет жансың", "рахмет, жігіт, қуаныш сыйладыңыз", "осындай адамдар көп болсын" деп жазды желі қолданушылары.

⚽ Криштиану Роналду "Реал Мадридке" ауысқан Мбаппені құттықтады Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду франциялық ой
⚽ Криштиану Роналду "Реал Мадридке" ауысқан Мбаппені құттықтады Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду франциялық ойыншы Килиан Мбаппенің "Реал Мадридке" ауысуына қатысты пікірін жазды. Кеше, 3 маусымда Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық "Реал Мадрид" командасының ойыншысы атанды. 25 жастағы футболшы мадридтік командамен 5 жылға келісімшартқа отырды. Мбаппе Instagram желісіндегі ресми парақшасына ескі суреттерін жариялап, арманы орындалғанын жазды. Бұл жазбаның астына Криштиану Роналду пікір қалдырды. "Енді мен сенің өнеріңді тамашалаймын. "Сантьяго Бернабеу" стадионында атой салатыныңды көруге асықпын. Алға, Мадрид!", - деп жазды Роналду. Килиан 2017 жылдан 2024 жылға дейін франциялық "ПСЖ" футбол клубында ойнады. Ол жеті жыл ішінде Франция чемпионатын алты рет жеңіп алды, төрт рет Франция кубогының, үш рет ел Суперкубогының, екі рет Франция лигасы кубогының жеңімпазы болды. Франция құрамасымен бірге Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионы атанды.

Ресми ! 🇪🇸 Килиан Мбаппе “Реал” ойыншысы атанды!
Ресми ! 🇪🇸 Килиан Мбаппе “Реал” ойыншысы атанды!

Хентай - аниме для взрослых😏. А вы смотрели хоть раз в жизни?) Tukir-pikir завтра на YouTube канале i-hi live

“Как думаете , правильно обращаться на «ты» или на «вы» в отношениях 🧐?“ 📌На I-Hi live новая рубрика “Қуат WHat?” Қуат берет интервью у прохожих на разные темы. А на какую тему ты хотел бы дать интервью нашему Куату?Пиши в комментариях👇 😉 И кстати не забудьте подписаться на нас #ihilive #reels

⚽ «Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Шымкентке сәлем жолдады Лука Модричтің «Алға Шымкент!» деген видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Белгілі болғандай, «Ордабасы» жасөспірімдер құрамасына қонаққа келген футболшы Ивица Пирич балаларды қуанту үшін Модричке фейс-тайм арқылы хабарласқан.

Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды Биыл Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шека
Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды Биыл Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы шет мемлекеттерден 1 075 автокөлікке тиелген 15 637,802 тонна қызанақ өнімі әкелінген. Ал фитосанитария талабына (фитосанитариялық сертификаты жоқ, таңбасы жоқ) сай келмейтін 8 көлікке тиелген 29,522 тонна қызанақ өнімі өз еліне кері қайтарылған.  Сонымен қатар, өнімнің жасырын зарар жұқтырғанын анықтау мақсатында шетелден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыштың әрбір партиясына тиісті карантиндік фитосанитария сараптамасы (ПТР) жасалған. Нәтижесінде Түрікменстан Республикасынан әкелінген - 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасынан - 4,2 тонна қызанақтан "қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы" табылған.

📍Тегін дегенде бет бар ма?😭😅 Кеше Халықаралық балаларды қорғау күнінде біраз жерде тегін балмұздақ таратып, ұйымдастырушылар балаларды қуантты. Алайда Instagram парақшалардың бірінде тегін балмұздаққа таласқан балалар мен ата-аналардың видеосы пайда болды. Ол Алматыдағы демалыс орындардың бірінде болған. Видеодан бір емес, бірнеше балмұздақтан алып алған адамдарды көруге болады.

Ыстамбұлда төрт қабатты тұрғын үйдің құлаған сәті видеоға түсіп қалды Бүгін, 2 маусымда таңертең Ыстамбұлдың батысындағы Күчүкчекмедже ауданында төрт қабатты тұрғын үй құлады. Адамдарды үйінді астынан алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысында екі бала суға батып кетті Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға тыйым салынған же
Қызылорда облысында екі бала суға батып кетті Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға тыйым салынған жерде орын алған.  Сақ болыңыздаршы🙏🏼🙏🏼🙏🏼

🥊 Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында толық құрамда өнер көрсетеді 🇰🇿 Бокстан Париж Олимпиадасына берілг
🥊 Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында толық құрамда өнер көрсетеді 🇰🇿 Бокстан Париж Олимпиадасына берілген жолдама саны 10-ға жетті. Бұл лицензияны ел құрамасынан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) алды. Бұған дейін Олимпиадаға Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жолдама алып қойған еді. Мұндай мүмкіндікке әйелдер құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) ие болды. 💥 Айта кетсек, бұдан бұрын Таиландтағы турнирде Назым Қызайбай (50 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) Париж Олимпиадасына жолдама алып үлгерді.

Қазір мен ешкімге керек емеспін! I-Hi Live youtube арнасында Маска-live жобасының кезекті шығарылымы. Қонақта анонимді кейіпкер құмар ойындарына басыбайлы кіріп кетіп,соның кесірінен қалай барлығынан айырылғаны туралы айтып берді. Көріңіздер🔥 #маскаlive #жастар #құпия #жастар

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша бала барын мәлімдеді Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 0-17 жас аралығындағы 6 84
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша бала барын мәлімдеді Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 0-17 жас аралығындағы 6 841 527 бала бар.
"Оның ішінде 3,5 миллионы - ұл, 3,3 миллионы - қыз бала. Балалардың 59,7 пайызы қалалық жерде тұрады", - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы мәліметінде.
Өңірлер арасындағы 18 жасқа дейінгі балалар саны: • Абай облысы - 188 321 • Ақмола облысы - 223 493 • Ақтөбе облысы - 330 877 • Алматы облысы - 556 114 • Атырау облысы - 274 688 • БҚО - 217 427 • Жамбыл облысы - 465 492 • Жетісу облысы - 245 056 • Қарағанды облысы - 317 101 • Қостанай облысы - 06 584 • Қызылорда облысы - 335 399 • Маңғыстау облысы - 329 613 • Павлодар облысы - 205 030 • СҚО - 126 424 • Түркістан облысы 927 107 • Ұлытау облысы 75 506 • ШҚО -182 714 • Астана - 472 070 • Алматы - 665 430 • Шымкент - 497 081

«Халық» қайырымдылық қоры балаларды қорғау күнімен құттықтады «Халық» қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап 10 мың ауыл ба
«Халық» қайырымдылық қоры балаларды қорғау күнімен құттықтады «Халық» қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап 10 мың ауыл балаларын футбол жабдықтарымен қамтамасыз етті, 280 орындық балабақша салды,  50-ден астам балалар мен футбол аулалық кешендерін орнатты. Білім гранттарына 300 млн теңге бөлді. Биылғы оқу жылында 12 студент «Халық» қорының 100% грантымен оқыды, оның алтауы халықаралық «Мирас» мектебінің IB дипломын алып, әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсті. Биылғы жылы Балаларды қорғау күніне орай «Халық» қоры Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 17 ойын бөлмесін ойыншықтармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, «Халық» қорының «Ауыл футбол» жобасына енген мүмкіндігі шектеулі балалар командасын балалар күнімен құттықтап, 15 балаға шағын сыйлық табысталды. Балаларға арналған әндер арқылы қазақ тілін үйренуге арналған оқу-әдістемелік құрал шығару жобасын қолдап, композитор, әнші, педагог және профессор Назымбек Дүкенбайдың балаларға арналған кітабының шығуына қолдау көрсетті.

“Әйеліммен ұрсысып қалғанмын…”🫣 Қызы жоқ жігіттердің жолы болмады🥲 Ал жігіті/жолдасы бар қыз-келіншектер олжалы болды🔥🔥🔥 Сіз де сыйлық алғыңыз келсе, I-Hi live арнасына жазылып, пікір қалдырыңыз❗️⤵️⤵️⤵️

📌Қырықтан асып қылық шығарған Мадина Садуақасованың дәуірі бітті ме? 🖇️Түрлі жобалардың әділ қазы алқасында жүрген әнші, ән шығаруды сиретті. Бұған не себеп? ⬇️Ойларыңызды пікір астына қалдырыңыздар. #мадинасадуақасова #мадинасадвакасова #сүйгенжүрек #ihilive #ihireels

📜 Мағжан Жұмабаевты өзіміздің адамдар сатып кетті ме? 🔍Жастардың бірі білсе, бірі білмейтін тұлғалар жетерлік. 📌I-Hi livе-тың жаңа рубрикасында: Есте жоқ, есті адамдар жайлы айтатын боламыз. ❓Тағы қандай тұлғалар айтылмай жүр. Пікірлеріңізді жаза кетіңіздер. #атақтытұлғалар #ескірместұлғалар #абайкунанбаев #ihilive #ihi

Бұл төтенше жағдай туралы ескертетін жүйе. Алматыда 31 мамырда сағат 12:00-де Mass Alert - ТЖ туралы құлақтандыру жүйесі сынақтан өтті.  Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда Mass Alert ТЖ туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде – 31 мамырдан бастап жүйе Android құрылғыларын пайдаланушылар үшін іске қосылды. Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады. iPhone қолданушылары, әзірге күтіңіздер!

Осындай хабарлама сізге келді ме?
Осындай хабарлама сізге келді ме?