cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

Show more
Advertising posts
5 476Subscribers
-324 hours
+37 days
-9930 days
Posts Archive
Енді бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады Себебі жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады. Әзірге тыйым елдің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда болады. "Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады", – деді полиция. Ал шымкенттік жүргізушілерге сәуір-мамыр айларынан бастап осы үшін айыппұл салынбақ. Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады. Ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылық қайталанса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.
Show all...
2😱 2
Соңғы екі жылда Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдердің саны артты. Оның туындау себебі әлі белгісіз. Дегенмен онколог мамандар мәселеге ерекше мән беріп, обырдың ерте анықталуына бағытталған скринингтік бағдарламалардың маңызына назар аударуды сұрайды
Show all...
🤔 2👍 1
Прокурор: "Бишімбаев Салтанатты кепілдік үшін жалаңаш видеоға түсірген" 👇 ТОЛЫҒЫРАҚ ОҚЫҢЫЗ...
Show all...
😱 1😨 1
Бұрымды боксшыларымыздың бесеуіне де Олимпиадаға жолдама бұйырмады
Show all...
😨 2
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәнде баға Қызылорда қаласында — 7,1%-ға қымбаттаған.
Show all...
👍 3
Осылайша ерлер арасында ширек финалған шыққан бес боксшымыздың бесеуі де Париж Олимпиадасының жолдамасын қанжығасына байлады. Олар — Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі).
Show all...
👏 4
Олимпиадаға үшінші жолдама — Махмұд Сабырханда
Show all...
👍 6
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде ел қоржынына тағы екі жолдама түсті. Оның бірін — ерлер арасында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов жеңіп алса, екіншісін — Нұрбек Оралбай қанжығасына байлады.
Show all...
👍 3
Қазгидромет синоптиктері 12 наурыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Соның салдарынан қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз елдің орталығында қатты жауын-шашын жауады, таңертең және күндіз оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша көктайғақ болады, тұман шөгіп, боран соғады, сонымен қатар жел күшейеді.
Show all...
👍 4
Белгілі жазушы, журналист Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті.
Show all...
Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің редакторы қызметіне тағайындалды.
Show all...
👏 9 2
ОБЛЫС ӘКІМІ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Қымбатты жерлестер! Сіздерді мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Рамазан айында ізгілік, мейірімділік, сыйластық, татулық пен бірлік сынды басты құндылықтар салтанат құрады. Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды. Сыр жұртшылығы арасында да қасиетті айда ізгі істер бастау алып, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау игі дәстүрге айналып келеді. Бұл ай – рухымызды көтеріп, тазалық пен имандылыққа шақыратын кезең. Ұстаған оразаларыңыз, жасаған қайырымды істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Рамазан әрбір отбасын шапағатына бөлесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, халқымыздың бірлік-берекесі артсын! Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!
Show all...
👍 21 7
Қызылордалықтардың табысы еліміздегі ең төмен облыстардың қатарында. Өңірдің орташа табысы 226,3 мың тг-ні құрайды.
Show all...
🌙Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар. Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.
Show all...
🇰🇿 Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. СПОРТШЫМЫМЫЗ ЖАРАП ТҰР!
Show all...
🔥 7
‼️ Бірқатар облыстағы ауылдарды еріген қар суы басып қалды Семей көшелері мен Алматы және Жетісу облыстарындағы ауылдар су астында қалды. Қазіргі таңда қала көшелерін еріген қар суынан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Show all...
👍 1
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін, 11 наурыздан 12-не қараған түні қазақстандық боксшылардың шешуші жекпе-жегі өтеді. Жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі. Ерлер: 92 келі. 17:30. Айбек Оралбай (Қазақстан) - Джамар Тэлли (АҚШ) 51 келі. 00:00. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Киаран Макдональд (Ұлыбритания) 57 келі. 00:30. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) - Асрор Вохидов (Тәжікстан) 71 келі. 00:45. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Сархан Алиев (Әзербайжан) 80 келі. 01:30. Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Келин Кэссиди (Ирландия). Әйелдер: 75 келі. 19:30. Валентина Хальзова (Қазақстан) - Синди Нгамба (Ұлыбритания) 50 келі. 23:00. Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Макси Карина Клётцер (Германия) Айта кетсек, лицензиялық турнирде жартылай финалға дейін жеткен боксшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алады.
Show all...
1
Киномандарға қымбат сурет болатыны сөзсіз....
Show all...
1
Америкалық кино өнері академиясы «Оскар» сыйлығы иегерлерінің тізімін жариялады. Салтанатты іс-шара 96-рет өтті. Жеңімпаздар 23 номинация бойынша анықталды. Негізгі номинациялар бойынша лауреаттар тізімі: Үздік фильм – «Оппенгеймер»; «Үздік актриса» - Эмма Стоун; «Үздік актер» - Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»); «Үздік ән» - What Was I Made For? («Барби»); «Үздік музыка» – «Оппенгеймер»; «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – кіші Роберт Дауни («Оппенгеймер»); «Үздік шетелдік фильм» - «Зона интересов» (The Zone of Interest); «Үздік бейімделген сценарий» - «Америкалық фантастика»; (American Fiction); «Үздік түпнұсқа сценарий» - «Құлау анатомиясы» (Anatomie d'une chute); «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - Давайн Джой Рэндольф («The Leftovers»); «Үздік анимациялық фильм» - «Бала мен құс» (Кимитачи ва Доу Икиру ка).
Show all...
👍 1
☀Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті өтсін! Оразаларыңыз қабыл болсын!
Show all...
🌙 🕌 Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады “Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын!”, - деді мемлекет басшысы
Show all...
👍 4
ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ! 💐 АРУ ОҚЫРМАНДАР, мерекелеріңізбен! ГҮЛДЕЙ ҚҰЛПЫРЫП, ЖАЙНАП ЖҮРЕ БЕРІҢІЗДЕР!
Show all...
11
⚔️ Бүгін Қызылжармен күш сынасамыз ♦️ Olimpbet QFL Премьер-лигасының 2 турында жергілікті "Қайсар" ФК “Қызылжарды” қабылдайды. Ойын уақыты: 14:30
Show all...
👍 1
Кеше Facebook пен Instagram желілері істен шықты. Желі қолданушылары әлеуметтік желілерге кіре алмады. Бүгін тексеріп көрдіңіз бе?
Show all...
😱 2
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! 💐Қымбатты арулар, келе жатқан мейрамдарыңызбен!
Show all...
👍 3 1
⚡Көктемде автогаз бағасы көтерілмек Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың сөзінше, сұйытылған мұнай газ бағасы шамамен 5-8 теңгеге өседі.
Show all...
2
Бүгін қазақтың ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 158 жыл.
Show all...
5
«Отау» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды Алматы мен Астанада 30 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Қалған өңірлерде қарыз мөлшері 18 млн теңгеден аспайды. Алғашқы жарна – 20%; Жылдық мөлшерлеме – 9%. Несие 19 жылға дейін беріледі.
Show all...
👍 1
♦️ 6 наурыз күні Футболдан Olimpbet QFL Премьер-лигасының 2 турында "ҚАЙСАР" өз алаңында петропавлдық “Қызылжарды” қабылдайды. ҚЫЗЫҚТЫ МАТЧТЫ ӨТКІЗІП АЛМАҢЫЗ!
Show all...
👍 5👎 2🔥 1
‼ Желіде алаяқтар тірі баланы өлді деп, жаназасына ақша жинаған Тіпті, оны көргендер ақша салып та үлгерген. Қазалы хабарды естіген балалардың ата-анасы есеңгіреп отыр. Қаза болғандар тізіміне енген 6-сынып оқушысының анасы хабарды көрген қызының психологиясы бұзылғанын жеткізді. Ата-аналар полицияға арыз жазған. Әзірге тек парақша иесінің суреттерді Семейден салып отырғаны анықталды. Ол табылған күннің өзінде, қандай да бір жауапкершілікке тартылуы екіталай. МАСҚАРА😱
Show all...
😱 1
ХАБАРЛАНДЫРУ! Арай-3 тұрғын ауданы мен қаланың сол жағалау тұрғындарырың шағымдарына сәйкес ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылдың 4, 5, 6, 7 наурыз күндері «Арай» су алу құрылымының таза су жинау резервуарларына, д-450мм жалпы ұзындығы 2288 қаршы метр болатын су өткізу құбырына және д-160мм кварталралық ауыз су жүйелеріне тазарту, жуу, шаю және зазалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, 2024 жылдың 4, 5, 6, 7 наурыз күндері таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін Арай мөлтек ауданына, Халыққа қызмет көрсету аумағына (Ақжайық, Сейхун, Отырар, Мамыр, Баянауыл көшелері), Арай-Шұғыла мөлтек ауданына және Демесінов көшесіне ауыз су беру уақытша тоқтатылу мүмкіндігі болатынын хабарлаймыз. Аталған уақыт аралығына алдын ала су жинап алуды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Show all...
1
Жер сілкінісінен кейін Алматыда такси бағасы күрт көтерілді Алматылықтар такси бағасы қатты көтеріліп кеткенін жеткізді. Алматы тұрғыны Назира жұмыс орнынан үйіне дейін таксимен 5 мың теңгеге жеткенін тілге тиек етті. Айтуынша, жұмыс орны үйінен айтарлықтай алыс емес. 5-6 көше ғана. Әдетте такси 700 теңге алады.
Show all...
👍 2😨 1
Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді
Show all...
⚡️«Қазгидромет» РМК-сы Астана мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады. Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Show all...
👍 1
⚡️ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ! АПТА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ТОЛЫ БОЛСЫН!
Show all...
👍 6