cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

Show more
Advertising posts
5 481Subscribers
-424 hours
-297 days
-14230 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViewsSharesViews dynamics
01
Бүгін Жыраулар үйінде Арал аудандық мәдениет орталығының жыршы-жыраулары мен шәкірттерінің жыр кеші өтті. Концертте Арал өңірінің мақам-саз, жырын халыққа насихаттап жүрген республикаға танымал жыршы-жыраулары қазыналы қазақтың рухани өнерлерін тыңдарман қауымға паш етті.
4290Loading...
02
https://kyzylorda-news.kz/kogam/khyzylorda-oblysynyng-kaesipkerlik-baskharmasynyng-basshysy-ustaldy-19-04-2024
4730Loading...
03
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын тұтқындаған. Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, аталған басқарма басшысы жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұсталған.
4871Loading...
04
Синоптиктер ескерту жасады: Қазақстанның 7 қаласында ауа ластануы мүмкін Қазгидромедтің хабарламасында: "2024 жылғы 19 сәуірде Ақтөбе, Астана, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп жазылған.
5681Loading...
05
https://kyzylorda-news.kz/ Еліміздегі және аймақтағы өзекті жаңалықтарды ақпарат агенттігімізден оқып отырыңыздар!!!
6220Loading...
06
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім саласының өзекті мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы қала, аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар жұмысын сынға алды. «2024 жылдың 3 айының қорытындысына қарағанда, облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға төмендеген. Дегенмен, жекелей алғанда кейбір қылмыс түрлерінің саны артқан. Қала, аудан әкімдіктері жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар бар. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, топтық төбелестердің алдын алуға тікелей жауапты болғанымен, жұмысы нәтижесіз. Ешқандай зерделеу, талдау жоқ. Комиссия мүшелері адрестік-профилактикалық жұмыс жүргізбейді. Тек, мұғалімдер мен инспекторлардың зерттеулеріне сүйеніп, шешім қабылдайды. Мұны бала тағдырына бей-жай қарау деп есептеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
6090Loading...
07
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады
5260Loading...
08
ТЖМ хабарлауынша, су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 800 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 071 адам өз үйлеріне оралды. 8 914 адам, оның ішінде 4 019 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 237 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда. Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 121 адам, 4 610 техника, 858 су сору құралы, 339 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.
5640Loading...
09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
5440Loading...
10
СЫР ТЕАТРЫ - АЛМАТЫДА Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры Алматы қаласына гастрольдік сапарын ұйымдастыруда. Театр ұжымы екі күн бойы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Алматы мемлекеттік қуыршақ театрында өнер көрсетеді. Майталмандар сахна шымылдығын әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясымен ашты. Қойылымды кино және театр актеры, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор, Қазақ КСР халық артисі, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов және алматылық зиялы қауым өкілдері мен жерлестеріміз тамашалады.
6320Loading...
11
СӘТТІ КАДР😍 #сәттікадр #қызылорда 📸Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай
6330Loading...
12
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс сатысындағы нысандар мен жолдардың сапасына қатысты арнайы жедел мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. – Ел игілігіне қызмет ететін нысандардың құрылыс сапасына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сала басшылары өзіне қатысты әр жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын бақылауда ұстауы қажет. Арнайы комиссия жіберіп тексеретін боламыз. Қажет болған жағдайда, жұмысты уақытылы аяқтамаған мердігер мекемеге шара көру керек. Бұған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар басшыларымен қатар аудан әкімдері де тікелей жауапты. Басталған құрылыс жұмыстарын тиянақты орындап, мерзімінде пайдалануға беруді тапсырамын, – деді Нұрлыбек Нәлібаев. Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылорда қаласындағы, аудандар мен барлық елді мекендегі мекемелердің сырт келбеті таза, заманауи талапқа сай болуы керек екенін ескертіп, олардың айналасын көгалдандыру міндетін жүктеді.
6370Loading...
13
АТЫРАУЛЫҚ ҚОНАҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА Су тасқыны қаупі туындаған Атырау қаласынан 16 сәуір күні кешкі сағат 20.00 шамасында Қызылордаға екі автобуспен 93 адам келді. Олармен жауапты басшылар кездесіп, сағат 21.30-да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 59 адам, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық- техникалық жоғары колледжінің жатақханасына 34 адам орналастырылды. Атыраулық қонақтардың барлық қажеттіліктерін жергілікті әкімдік қамтамасыз етуде. Бір ескеретін жайт, дәл қазіргі уақытта олардың керек-жарағына деп халықтан ақша жинаудың қажеті жоқ.
6240Loading...
14
TYNYS: “ARAY CITY MALL” САУДА ОРТАЛЫҒЫ #кызылорда #тыныс #qyzylordanews #vibe
7100Loading...
15
Қызғыз бауырлар TikTok-ты бұғаттайтын болыпты. Көршіміздің мұндай шешім шығаруына TikTok тарапынан "балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қырғыз Республикасының Заңын сақтамау негіз болған. Қалай ойлайсыздар, бұғаттамасақ та мүмкін бізге де Тиктокты шектеу керек шығар?
7290Loading...
16
Оралдық оқушылар Аралдың Қамбашында.
7351Loading...
17
ҚЫЗЫЛОРДАДА МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда музыкалық колледжінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Іс-шараға «Саутс Ойл» компаниясының вице-президенті Серік Мырзабеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтады.
7130Loading...
18
Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылында жаңа амбулатория ашылды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылындағы ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, денсаулық сақтау саласындағы келелі істерге тоқталды.
6741Loading...
19
Шыны керек, депутаттар халық пен биліктің арасындағы алтын көпірді де атқарады. Үкімет басшысына, министрлерге, басқа да жоғары лауазымды азаматтарға мемлекеттің, халықтың мәселесін айтып, кейде қордаланған проблеманың шешу жолдарын да ұсынып жатады. Парламентте отырған қызылордалық депутаттардың да белсенді екенін жұртшылық жақсы біледі. Бүгін Қызылордалық депутаттардың Парламентте қандай мәселе көтеріп жүргенін сөз етеміз. Толығырақ... https://kyzylorda-news.kz/basty-zhangalyqtar/khyzylordalykh-deputattar-parlamentte-khandaj-maesele-koeterip-zhuer-17-04-2024
6670Loading...
20
Қызылорда қаласында Сенат депутаттығына үміткерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов, Абайбек Жүнісов сөз сөйледі. Үміткерлер жиынға қатысушыларға өздерінің сайлау алды бағдарламаларын таныстырды. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді.
6530Loading...
21
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде атқарылып жатқан негізгі жобаның бірі – жаяу жүргіншілер жолының құрылысы. Биыл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандар орналасқан 6 көшеге (Ш. Есенов, Ғ. Мұратбаев, З. Шүкіров, Ә. Сапарбаев, О. Сейтпенбетов, Ә. Оразбаев) жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
6551Loading...
22
Су тасқыны ткралы ақпарат Су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 949 адам, оның ішінде 40 781 бала, оның ішінде тартылған әуе кемелерімен 3 878 адам, оның ішінде 1 501 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан су бұрылды. 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы су астында қалуда. 9,8 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,9 млн. қапшық және 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. Толығырақ... https://kyzylorda-news.kz/basty-zhangalyqtar/su-taskhyny-khazirgi-zhaghdaj-khalaj-17-04-2024
6900Loading...
23
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салды.
7070Loading...
24
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.
8160Loading...
25
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы еңбек ұжымдарында қалыптасқан жағдай талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы, құзырлы мемлекеттік органдар мен еңбек дауы туындауы ықтимал мекеме басшылары қатысты.
8100Loading...
26
Қызылордалық жастар Үндістанға жолдама ұтып алды 13-14 сәуір күні Түркістан қаласында «Respublica» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Recodetau» республикалық хакатонында қызылордалық жастардан құралған «NeoNomad» командасы 1 орын иеленіп, Үндістан мемлекетінде 10 күн тағылымдамадан өтуге жолдама жеңді. Сырбойының намысын қорғау үшін хакатонға қатысқан 3 команда финалдық кезеңге өткен.Бір команда жеңіс биігінен көрініп, қалған команданың жобаларын қазылар алқасы жоғары бағалады. Жаңа жобаларды жүзеге асыру,бизнес жоба жасау, шетелдік компанияда тәжірибеден өту мүмкіндіктері қарастырылған байқауға 18 бен 25 жас аралығындағы 150-ге жуық адам қатысты.
7850Loading...
27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті. Тұрғындармен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты.
6750Loading...
28
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары Қызылжар ауданын, Петропавл қаласының төңірегін және Сергеевка су қоймасын тікұшақпен аралап көруден басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған. Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.
7090Loading...
29
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен және USAID Халықаралық даму агенттігі өңірлік миссия директорының орынбасары Моник Мосольфпен кездесті. 2021-2023 жылдары USAID Халықаралық даму агенттігінің «Оазис» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы экожүйені қалпына келтіру мақсатында 150 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, көшеттер отырғызылды, 500 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1,1 млн гектарға сексеуіл екпелерін егуді тапсырды. Биыл 276,2 мың гектар аумақта осы бағыттағы жұмыстар жоспарланған. Қазір 65 мың гектар ұлтанға 19,4 млн сексеуіл көшеті отырғызылды, алдағы жылы 280 мың гектар алқапқа егіледі. Сапар барысында Дэниел Розенблюм облыстағы су шаруашылығы нысандарымен, USAID Oasis жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
7190Loading...
30
Десантшылар Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Магистральный ауылында Жайық өзені жағалауын нығайтуда. Бұл аймақта Жайық өзені екі шақырымнан астам аумаққа жайылды. Магистральный тұрғындары күн сайын тұрғын үйлерге судың жақындап келе жатқанын толқумен бақылауда. Еріктілер мен жергілікті тұрғындарға Жайық өзенінің жағалауын нығайтуға Қарулы Күштердің десантшылары көмекке келді. Жұмыстың мақсаты - екі жарым шақырым. Биіктігі - төрт метр. Алдымен арнайы техника жағалау аймағының биіктігін арттыра отырып, үйінді құрайды, содан кейін бұл үйінді құм дорбаларымен және берік целлофан пленкасымен қапталады. Бөгет құм салынған қапшықпен нығайтылады. Бөгет салу үшін шамамен бес мың қап құм қажет.
6930Loading...
31
Су тасқыны салдарынан еліміздің 10 өңірінде жарияланған төтенше жағдай бүгінгі күні барша қазақстандықтардың бірлігін көрсетті. Мемлекет тарапынан берілетін көмектен бөлек еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілер мен кәсіпкерлер көмек көрсетуде. Осы орайда, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі, «Абай Дәулет» ЖШС басшысы, өңірімізге өз қайырымды істерімен сыйлы азамат Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға, дәлірек айтсақ Ақтөбе облысының Ойыл ауданының тұрғындарына 20 тонна жем-шөп жіберді.
6890Loading...
Бүгін Жыраулар үйінде Арал аудандық мәдениет орталығының жыршы-жыраулары мен шәкірттерінің жыр кеші өтті. Концертте Арал өңірінің мақам-саз, жырын халыққа насихаттап жүрген республикаға танымал жыршы-жыраулары қазыналы қазақтың рухани өнерлерін тыңдарман қауымға паш етті.
Show all...
Show all...
Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын тұтқындаған. Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, аталған басқарма басшысы жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұсталған.
Show all...
👍 1
Синоптиктер ескерту жасады: Қазақстанның 7 қаласында ауа ластануы мүмкін Қазгидромедтің хабарламасында: "2024 жылғы 19 сәуірде Ақтөбе, Астана, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп жазылған.
Show all...
👍 1
https://kyzylorda-news.kz/ Еліміздегі және аймақтағы өзекті жаңалықтарды ақпарат агенттігімізден оқып отырыңыздар!!!
Show all...
Қазақстан және Қызылорда облысының соңғы, басты әрі өзекті жаңалықтары

Kyzylorda News порталында Қазақстан және Қызылорда облысының соңғы, басты әрі өзекті жаңалықтары

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім саласының өзекті мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы қала, аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар жұмысын сынға алды.
«2024 жылдың 3 айының қорытындысына қарағанда, облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға төмендеген. Дегенмен, жекелей алғанда кейбір қылмыс түрлерінің саны артқан. Қала, аудан әкімдіктері жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар бар. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, топтық төбелестердің алдын алуға тікелей жауапты болғанымен, жұмысы нәтижесіз. Ешқандай зерделеу, талдау жоқ. Комиссия мүшелері адрестік-профилактикалық жұмыс жүргізбейді. Тек, мұғалімдер мен инспекторлардың зерттеулеріне сүйеніп, шешім қабылдайды. Мұны бала тағдырына бей-жай қарау деп есептеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Show all...
👍 2
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады
Show all...
👍 2
ТЖМ хабарлауынша, су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 800 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 071 адам өз үйлеріне оралды. 8 914 адам, оның ішінде 4 019 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 237 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда. Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 121 адам, 4 610 техника, 858 су сору құралы, 339 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.
Show all...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Show all...
6

👍 3