tagylym
Open in Telegram
"Раббым ілімімді арттыр" Кері байланыс: @Tagylym_bot Аудио-подкаст: @podcast_123
Show more1 164
Subscribers
-124 hours
-107 days
-730 days
Posts Archive
1 164
Edebim el vermez
Edepsizlik edene.
Susmak en güzel cevap,
Edebi elden gidene.
Yunus Emre
1 164
الر
Алиф Ләм Ро муқаттаға әріптерімен басталған сүрелердің ортақ бір ерекшелігі (Хижр сүресін қоспағанда) барлығы пайғамбар атымен аталған сүрелер: Юсуф, Юнус, Һуд, Ибраһим сүрелері.
1 164
«Мінезі көркем адам ең маңызды сұлулыққа қол жеткізген болып саналады. Бірақ жақсы мінез ашушаңдықпен, дөрекілікпен және жағымсыз мінезбен сыналмайынша, оның шынайылығы дәлелденбейді.
Егер адам дөрекі адамдарға тап болғанда да өз мінезін өзгертпесе, яғни айналасындағылардың мінезі шаян мен кобрадай уытты болса да, оларға қарсы әдеп пен көркем қарым-қатынасты сақтауға тырысса, онда ол шын мәнінде көркем мінезді адам деген сөз.
Жақсы адамдармен жүргенде әдепті болу оңай. Нағыз көркем мінез - ең жаман адаммен немесе өзіміз жаман деп санайтын адамдармен де әрдайым жақсы қарым-қатынасты сақтай білу.
1 164
Сабыр — бір нәрсеге қимылсыз күйде төзе беру деген сөз емес.
Сабыр дегеніміз: «Біреу жолыңды бөгеген кезде, ағып жатқан өзен секілді өзіңе жаңа арна тауып, міндетті түрде жолыңды жалғастыр!» деген сөз.
Бір жолды жауып тастаса, дереу айналма жол табуды білу; жаңа жол тауып, сол жолмен ісіңді жалғастыру.
1 164
Бұл аяттың бір түсіндірмесі бойынша уизр (ауыр жүк) деген - күнәнің ауыртпалығы мағынасында.
Пайғамбарлардың бір сипаты - күнәдан пәк, бірақ өздеріндегі жіберген кішігірім ижтиһади қателіктерін ауыр жүк, күнә ретінде көрген.
Бұл осы хадисте айтылғандай:
إنّ الْمُؤْمِنَ يَرَى ذُنُوبَهُ كَالْجَبَلِ يَقَعُ عَلَيْهِ، وَالْمُنَافِقَ يَرَى ذُنُوبَهُ كَالذُّبَابَةِ تَطِيرُ فَوْقَ أَنْفِهِ
«Мүмін өз күнәсін үстіне құлайын деп тұрған тау секілді көреді,
ал мұнафық өз күнәсін мұрнының үстінен ұшып өткен шыбындай көреді».
Сол ауыр жүкті, Фатх сүресінің 2-аятында айтылғанындай: "өткен және келешек күнәларыңды кешіру" арқылы жеңілдеттік, - дейді.
1 164
Пайғамбарымыздың ﷺ бір күнде кейде жетпіс, кейде жүз рет истиғфар айтқаны риуаят етіледі. Осыған берілген түсіндірмелердің бірі мынау:
Ол үнемі рухани даму, үнемі жоғарылау үстінде болған. Оның бүгінгі күйі кешегіден өзгеше, ертеңі бүгіннен өзгеше, арғы күні одан да биік болатын. Сондықтан артына бұрылып, артта қалған рухани баспалдақтарына қараған кезде:
«Астағфируллаһ, мен қалайша сол деңгейде болғанмын?» – деп айтатын еді.
1 164
خُذِ ٱلۡعَفۡوَ وَأۡمُرۡ بِٱلۡعُرۡفِ وَأَعۡرِضۡ عَنِ ٱلۡجَـٰهِلِينَ
Кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандардан теріс айнал.Ағраф: 199 Аяттың тәпсірінен шығатын жалпы мағына: Адамдардың табиғаты көтере алмайтын нәрсені талап етпеу, оларды қашырып жібермейтіндей мәміле жасау, жұмсақ мінезбен мәміле жасау, Шариғат жақсы деп баға берген істерге шақыру және соған өзің де сай болу, надандарға надандықпен жауап бермеу, дау-дамайқа кірмеу. Және осы аят көркем мінездің негіздерін толығымен қамтыған аят дейді.
1 164
وَقَدْ قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ تَرَكَ الْمِرَاءَ وَهُوَ مُبْطِلٌ بُنِيَ لَهُ بَيْتٌ فِي رَبَضِ الْجَنَّةِ، وَمَنْ تَرَكَهُ وَهُوَ مُحِقٌّ بُنِيَ لَهُ فِي وَسَطِهَا، وَمَنْ حَسُنَ خُلُقُهُ بُنِيَ لَهُ فِي أَعْلَاهَا» أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Расында, Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Кімде-кім өзінікі бұрыс бола тұра талас-тартыстан бас тартса, оған жәннаттың шетінен үй салынады. Кімде-кім өзінікі дұрыс бола тұра таласты тоқтатса, оған жәннаттың ортасынан үй салынады. Ал кімнің мінез-құлқы көркем болса, оған жәннаттың ең жоғарғы жағынан үй салынады».
(Тирмизи риуаят еткен).
1 164
Sen, kendini anlatmayı bırak; seni davranışların anlatsın..!
Сен өзің туралы айтуды доғар, сен туралы іс-әрекеттерің сөйлесін..!
1 164
Әуелі, адам болсаң өзіңді біл,
Адамға сөйлейтұғын сөзіңді біл.
Әр жаста әрбір түрлі міндетің бар,
Қай жаста не істейтін кезіңді біл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
1 164
Өкінішке қарай, қазіргі заманда біреуді қорлау, өзгелерге орынсыз, әдепсіз сөздер айту әдетке айналып барады. Көпшіліктің тілі қатты, сөйлеу мәнері дөрекі. Алайда біреулер ондай сөздерге лайық болған күннің өзінде, оларға жаман сөз айту ешқандай пайда бермейді, керісінше зияны бар. Балағат айту сауап емес, әрі адам үшін артықшылық та саналмайды.
Хазірет Зәкәрияны арамен екіге бөлген, Хазірет Яхияны шәһид еткен залымдарға қарсы «Алла жазаларын берсін!» деудің ғибадат екендігіне және адамға сауап әкелетініне қатысты Құран Кәрімде де, сахих сүннетте де ешбір дәлел жоқ.
1 164
Адам өз амалын мінсіз деп көріп, тәкаппарлыққа түскеннен гөрі, оны кемшілікті деп қабылдап, истиғфар жасағаны әлдеқайда абзал.
Available now! Telegram Research 2025 — the year's key insights 
