cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Дайындықсыз үйленбе!

Бойдақтардың үйленбестен алдын дайындық жасайтын алаңы.

Show more
Advertising posts
2 373
Subscribers
+224 hours
+327 days
+16630 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViews
Shares
Views dynamics
01
https://youtu.be/CvtQ4XpJohk?si=HwXPIMP1zczeDiqJ
3504Loading...
02
Ассалаумағалейкум, бауырлар! Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстазымыздың (Алла ол кісіні рахымына алсын) жазбалар жинағын кітап етіп жинақтап шығарғанын көріп едім. Қазір қайдан немесе кімнен алса болады екен? Білетіндеріңіз болса жазсаңыздар: t.me/anonaskbot?start=7LkSqgMs1iB76Du
350Loading...
03
✅"Үйлену сүннет" деп жиі айтамыз. Дей тұрғанмен үйленудің кейде парыз, кейде уәжіп, арам, мәкруһ, және бекітілген сүннет, тіпті кейде мубах болатын тұстары бар. Соның үш жағдайдағы үкімін жеткізіп, Аллаһ Тағаланың құлдарына болған қамқорлығына нұсқайын. 1⃣ Егер бір адам үшін зинаға түспеудің жалғыз жолы¹ үйлену болатын болса, онда оған үйлену парыз² болады. Себебі 🔹ما لا يتوصل إلى ترك الحرام إلا به كان فرضا 🔸"Арамды тәрк ету тек соның ғана себебімен жүзеге асатын амалдың үкімі парызға айналады" деген қағида бар. 2⃣ Егер бір ердің әйелге қатыгездік/зорлық жасап қоюынан сақтануы мүмкін болмаған болса, онда оған үйленуі анық арам³ болып, тиым салынады. 3⃣ Егер бірінші жағдаймен екінші жағдай бір адамның бойынан қатар табылса қалай болмақ? Яғни, зинаға түсуден және әйелге зиян келтіруден қорқады. Бұл тұста шариғатымыз екінші хәлді бірінші хәлдің алдына қояды да, оған үйленуі міндетті емес, бәлки мәкруһ дейді. Себебі зорлық-зомбылық жасау бұл (қара басына қатысты ғана емес) басқа құлдармен байланысты болған күнә. Ал зина жасамау бұл Аллаһ Тағаланың ақысынан. Енді адам мен Аллаһ Тағаланың ақысы қатар келгенде 🔹إن حق العبد مقدم على حق الله تعالى عند التعارض деген қағиданың негізінде құлдың ақысы алға шығарылады. 📌Өз ақысынан құлының ақысын жоғары қойған Раббымыз ﷻ қандай Ұлық еді. Батыстық саясат ерлердің көзі тояттап және әйелдер қол жетімді болуы үшін оларды барынша олар лайықты болмаған дүниеге итермелеп отырады. Ал Ұлы Раббымыздың ﷻ мінсіз шариғатында әйелдерді барынша қастерлеп, олар үшін қамқорлық қамтылған үкімдерді байлаған. Тіпті жоғарыдағы үкімдерден әйел затына ғана емес, ер затына да қамқорлық бар. Себебі құлға өзіне қатысты істеген күнәсіне қарағанда өзгенің ақысына қатысты істеген күнәсінің берер зияны басым. Және Аллаһу Тағала өзгенің ақысына қатысты айыптың шешімін ақы иесіне қалдырып, Өз ақысына қатысты айыптылықта өте кең кешірім, жарылқау танытады. Құлы әлсіздігімен зиянға түспесі мүмкін еместей хәлге түсіп қалатын болса, зияны азырағы және кешірім берілу тарабы басымырағына жол көрсетілген. Күдер үзуге болмайтын жалғыз нәрсе Аллаһ Тағаланың мейірімі мен кешірімі. Сондай-ақ Ол Шексіз Қаһар Иесі болғандықтан Одан ﷻ қорқуға да әбден лайық. ____ 1] Егер зинаға түсуден қорқып бірақ одан сақтанудың үйленуден басқа да жолдары болатын болса, онда үйлену уәжіп деңгейінде болады. 2] Егер мәһр мен нәпақасын қамтамасыз ете алатын және әйеліне қатігездік/зорлық жасамайтын болса деген екі шартпен. 3] Егер зиян беріп қоямын деген қауіппен қатар одан сақтану ықтималдығы бар болатын болса, онда мәкруһ тахрим болады. Canal: https://t.me/taammul
59712Loading...
04
Тәтті келу. Ертеде тұрмысқа шыққан қызының келуі жиілеп кеткенін байқаған әкесі «қызым тәтті болып келсең дұрыс болады» деген екен. Мұны естіген қызы келесі келгенінде тәтті тағамдар пісіріп ала келеді. Әкесі тағы да «тәтті келгенің дұрыс болады» деген екен. Түсінбеген соң қызы «Әкешім тәтті кел дегеніңіздің мәнісі не?» деп сұрайды. Әкесі күлімдеп «қызым тәтті кел дегенім жиі келе берме, сирек кел, сирек келсең қадірің артады, арамыз жылы болады, өзің де тәтті боласың дегенім» депті.
69613Loading...
05
Жанұялық өмірдің алғашқы айлары өте маңызды. Келін жаңа үйіне әдеттенуі, бауыр басуы керек. Ол үшін жастардың үйі келіннің ата-анасының үйінен алысырақта болуында пайда бар. Көп қыздар ата- анасына жақын тұруды, тіпті үйлерінің бір ғимаратта болуын қалайды. Ал негізінде бұл қыз үшін жақсылық емес, керісінше жамандық болуы мүмкін. Қыздың үйіне жақын болған жағдайда қыздың қандай да бір себеппен ренішті халін көрген ата-ана «ойбай күйеу бала қызымызды ұрыпты немесе ренжітіпті» деген сияқты қате пікірлерге сүйенуі, соның салдарында араға кіріп келеңсіздіктерге себеп болуы мүмкін. Сол секілді келіннің де сырқаттанып мазасы болмай қалуы мүмкін. Осы себепті күйеуінің киімін үтіктеуі, тамағын дайындауы сияқты мәселелерде кемшілік туындауы мүмкін. Бұған да ұлдың ата-анасы түсіністікпен қарауы, «ойбай ұлымыз аш қалды, киімі де дайын емес» деп кикілжің тудырудан сақ болуы абзал. Жанұялық өмірдің алғашқы айларында балаларды өз жағына қарай тарта берудің орнына әркім өзін қарсы тараптың орнына қойса, түсінбеушілік өздігінен шешіледі, тіпті түсініспеушілік мүлдем болмайды. Сондай-ақ қыз тарапы ұл жағына өтіп ұлдың жақтаушысы (адвокаты) болып, ал ұл тарапы қызды жақтауға тырысса екі жақта да бір-бірін разы қылуға деген жарыс басталып, екі жақ та тыныш болады. Еркек тарапының да қыздың отбасынан толығымен арасын үзуін қалауы дұрыс емес. #бір_ағамыздан
71716Loading...
06
Болашақ жар портретін жасауға арналған құжаттар. Құжат саны: 3
88318Loading...
07
Media files
85256Loading...
08
Media files
84548Loading...
09
Media files
86055Loading...
10
https://youtu.be/7fuV6FmQ5og?si=zc9VYYx0vKuLc4Lw
59010Loading...
11
КҮЙЕУ АҚЫСЫ Еркектің де ақылары көп. Әйел күйеуімен жақсы мәміледе болуы керек! Заманымыздың жұмыс істеу шарттары өте ауыр, ақша табу өте қиын. Жұмыс ұжымындағы ара-қатынас та шиеленісіп жатады. Еркек көбінесе осындай ауыр жағдайлардан күйзеліп қиыншылық тартады. Шаршап-шалдығып, стреске ұшырап, үйіне әбіржіген күйде келеді. Ендігі бұл жағдайды түзеу, қиыншылықтарын ұмыттыру, оның көңілін көтеру, оған көмекші болу, қолдау әйелдің мойнына түседі. Осындай жағдайда үйге келген күйеуі ең болмағанда жылы шыраймен жағымды сөз күтеді, өзіне көңіл бөлуін қалайды. Бұны да көре алмаса жағдайы одан төмен түсіп кетеді. Сөздері әрекеттері де өзгереді. Ислам ғалымдары «үйінде тыныштығы болмаған еркек дүние жаһаннамында жүргенмен тең» деген. Осыншама азапта жүрген адамнан әртүрлі нұқсан әрекеттер күтуге болады. Әйел онсыз да толып келген жүйке ыдысын тасытатын соңғы тамшы болмау керек. Керісінше дереу жылы шырай танытып, көңілін аулауға кірісуі керек. Оны түсінуге тырысуы, сабыр етуі керек. Ол үйде болған кезде үй тірлігіне де қарамау керек, оның көңілін көтеріп оны қуанту керек. Үй тірлігі т.б. жұмыстарды ол болмаған кездерде жасауы керек. Тұрмыстағы әйелдерге әрдайым айтатын кеңесіміз мынау: сыртқы дүние отқа толы, күйеулеріңе ие болыңдар, жақсы мінездеріңмен, жылы сөздеріңмен, дәмді тағамдарыңмен, үй тазалығы, тиянақтылығымен немесе күйеулерің ұнататын амалдар арқылы оны үйге байлаңдар. Ол үйге қарай қадам басу үшін жанталасып асығатын болсын. Ұяны ұрғашы құс жасайды, үйді де үй ететін әйелдер осыны ұмытпаңдар. Егер машинаның бір дөңгелегі жарылған болса, машина жүрмейді. Сағаттың да бір тісі сынса істемейді немесе дұрыс жүрмейді. Сол сияқты жанұяда да бір адамның қатесі, кемшілігі бүкіл жанұяның тыныштығын, бақытын бұзады, тіпті ақыр аяғында ұяның бұзылуына да әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан әркім өзіне мұқият болуы керек, өз міндетін білуі керек, шектен аспауы керек, кемшілігі болса, кешірім сұрап, өмірде жаңа парақ ашып қуанышпен тату өмірді ары қарай жалғастыруы керек. Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп, сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. «Саған тиіп не көрдім» деп күфрани нимет (жақсылықты түсінбеушілік, шүкірсіздік, көрнемектік) етпеу керек! Екі хадис шәрифте былай айтылады: «Егер күйеулеріне күфрани нимет етпегенде, намаз оқитын әйелдер дереу жаннатқа кіретін еді.» (Шира) «Жаһаннам халқының көпшілігін әйелдер құрай- тынын көрдім. Себебі көп лағынет (қарғыс) айтып, күйеулеріне қарсы күфрани нимет етуілері.» (Бұхари) Күйеуіне жақсылық жасаған болса, оны міндет етпеуі керек. Азық-түлік, киім-кешек сияқты мәселелерде күйеуін ренжітпеуі керек, орындай алмайтын нәрсені одан талап етпеуі керек! Күйеуінің намысын қорғауы керек, әркез оның разылығын алып оны қуантуға тырысуы керек! Күйеуінің ақысына мән беріп орындаған әйел Аллаһ жолында соғысқа аттанғандай сауапқа кенеледі. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Күйеуінің ақысын орындау Аллаһ жолында соғысқа барумен бір.» (Табарани) «Әйелдің ең үлкен міндеті күйеуінің ақысын орындау, ал еркектің міндеті анасының ақысын орындау» (Хаким) Ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынаста болып бір-бірлерінің разылығын алуға тырысуы керек. #кітаптан
1 56933Loading...
12
«хитбаға дайындық» — сұрақтар жинағы
66364Loading...
13
Қыз да, еркек те болашақ жарының бойында мына үш қасиеттің болуына мән беруі керек: 1.Діндар болуы. 2.Дені сау болуы, жанұялық өмірге көлеңке түсіретін аурулары болмауы керек. 3.Жақсы мінезді болуы керек. Болмашы нәрсеге ашуланатын, бүргеге ренжіп көрпесін өртейтін адамдардармен тұрмыс қиын болады. Осы қасиеттері бойында бар ұлды да, қызды да теңімен үйлендіру керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Қыздарыңды теңіне, лайық болған адамға тұрмысқа беріңдер.» (Тирмизи) Теңі дегеніміз еркектің тегінде, мал-мүлкінде, дін амалдарында және қасиетінде қызға лайықты болуы деген сөз. Әйтпесе бай болу, айлығы көп болу, дипломды болу және белгілі бір елдің азаматы болу деген сөз емес. Теңі – еркектің салих мұсылман болуы, намазын оқуы, ішімдік ішпеуі, яғни исламға мойынсұнуы және нафақасын (тұратын үй (аренда), киім, тамағын т.б.) қамтамасыз ете алатындай жұмысы болуы деген сөз. Яғни отбасын асырай алатын еркекпен тұрмыс құру керек. Өзін асырай алмайтын еркекпен тұрмыс құру, сөйлесу де керек емес. Еркек мына қасиеттерде әйелден үстем болуы керек. Тең болса да болады: 1.Кәсіпте еркек әйелден үстем болуы керек немесе тең болуы керек. Төмен кәсіпті еркек жоғары кәсіпті әйелдің теңі саналмайды. 2.Еркек әйелден бай болуы керек немесе табысы әйелдікінен көп немесе бірдей болуы керек. Бай әйел кедей еркектің теңі саналмайды. Еркек мәхри муәжжалын немесе бір айлық нафақасын бере алатын жағдайда болса, бай әйелдің теңі болып саналады. Ауылдық еркек қалалық қыздың теңі саналады. 3.Еркектің әйелден де діндар болуы немесе тең болуы керек. Пасық (ашықша күнә істейтін) еркек салиха (дінге амал ететін) қыздың тіпті салих адамның қызының да теңі бола алмайды. Осы шарттарға жауап бере алатын болса, жасы өзінен кіші болған жігітке де тұрмысқа шығуға болады. Жастардың махаббат дегені әрқашанда шын махаббат бола бермейді. Кейбір өткіншіл сезімдерге алданып қалмаңыз, ойланып көріңіз! #бойдақтарға #кітаптан
1 84952Loading...
14
Жар таңдағанда ата-ананың айтқан қызды алу керек пе, әлде өзім іздеп табуым керек пе? Жауап: Жар таңдауда ата-ана, аға-әпке, ағайын-туыс, көрші, дос-жараң сияқты жақындардың кеңесіне, көмегіне міндетті түрде жүгіну керек. Бұлардың тәжірибелерінен пайдалану керек. Ата-аналар да өз кезегінде ұл-қыздарының есейген шақтарында ақырындап болашақ жұбайының қандай қасиеттеріне қарауы керектігін айта жүруі керек. Жастардың өз бастарымен жар таңдау жөнінде, оның келешекте қандай жар бола алатынын болжай алу, адам тани алу қабілеттері бәсеңдеу болуы мүмкін. Өйткені көбінесе жастар ақыл, тәжірибеге емес, сезімге сүйеніп әрекет етеді. Ал сезімдер көбінесе адамды жаңылыстырады. Сондай-ақ жастар бір- біріне тек жақсы қырларымен ғана көрінуге тырысады, бір-біріне шынайы бетпердесін аша бермейді. Ал ата-ана немесе ағайындардың пәлен жерде пәлен қыз бар өте діндар, сыпайы, пысық, өте қарапайым деген сияқты кеңестерімен жар таңдау өте жақсы дәстүр. Мұны кей жерлерде қыз көру әдеті, кей жерлерде жеңгетайлық деп те жатады. Бұрындары “атастыру” дәстүрі бар болатын. Бұл да екі жақты бір-бірін жақсы танитын ата-аналардың балалары үшін жақсы жар болатын адамды таңдап беруі еді. Бір-бірін бұрыннан танитын, бұрыннан сыйласып жүрген адамдар болғандықтан құдалар арасында кикілжің бола бермейді, өзі таңдап бергендіктен келін- ене араздығы болмайды және «құдалардан ұят болады» дегендей сөздермен балаларының ұрыстарының ұзамауын, үлгілі болуын құлақтарына құйып отырады. Отбасы құру, ажырасу істерін зерттеген көп мамандар, мысалы «Бақыттың бұлағы Жанұя» атты кітаптың авторы Түркиялық Мехмет Оруч мырза осы әдіспен үйленгендерде ажырасу мүлде болмайды дерлік өте сирек кездеседі деп мәлімдеген. Бұл әдісті батыстың шырмауына түскен кейбіреулер әдейлеп жамандайтындар бар. Жастардың бір-бірін көруіне жол бермей, келіспей мәжбүрлеп үйлендіреді екен деп те ойлайтындар аз емес. Ал негізінде бұл олай емес. Екі жақты ата-аналар өздері немесе жеңгетай арқылы сөйлескен соң, жастарды әрине кездестіреді. Бұл онсыз да дініміздегі сүннет амал. Үйлену мақсатындағы жастар қылует болмайтындай жерде (адамдардың көзінен таса болмайтын жерде) кездесуіне, сөйлесуіне болады. «Көрмей тұрып үйленудің арты қайғы мен өкініш» деген хадис шәриф некеден бұрын қызды көрудің маңыздылығын білдіреді. Ата-ананың да пікірін алу керек, бұл маңызды шешімде олардың да рөлі, үлесі болуы қажет. Ата-анасын тыңдамай, қарсы шығып үйленгендердің опық жеп, кейін өкініп жататыны, ажырасып жататыны көп кездеседі. Олардың өмірлік мол тәжірибелерінен пайдалану керек. Әрине соңғы шешімді жастар береді. #кітаптан
1 44111Loading...
15
«Әйел және жұмыс» шейх Нуруддин Итрдің «Что насчет женщины?» кітабынан аударма
1 10286Loading...
16
Қарындастарымызға пайдалы болатын еңбек аударылып, жарыққа шығыпты. Қолдап, таратып жіберейік, бауырлар!
6203Loading...
17
Әпке-қарындастарымызға)
1 80115Loading...
18
Media files
2731Loading...
19
رَبِّ إِنِّى لِمَآ أَنزَلْتَ إِلَىَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да мұқтажбын!». «Қасас» сүресі, 24 аят. (Мұса пайғамбардың дұғасы) Ғалымдарымыз салиқалы жар табу үшін де осы дұға оқылатынын айтқан. Өйткені келесі аятта былай делінді: «Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің бірі имене келді…». (Қасас 25-аят) https://t.me/abylaikenzhaly ұстаздың арнасынан алынды #бойдақтарға
2 00457Loading...
20
Әйелдерге қамқорлық көрсету деген «ойына келгенді істей беруіне көз жұму» дегені емес. Осы «ұрыс-айқай болмасыншы» деп еркіне қойып еркелетіп, басына шығарып алу да емес. Шынында, көп әйелдер өздеріне не қажет екенін білмейді. Таңдау жасағысы, шешім қабылдағысы келмейді. Точнее, келеді, салдарын мойнымен көтергісі келмейді. Оның қажет деп ойлағандары көбінесе әлеуметтік желідегі «жұрттың» әдемі видеолары: саяхат, рестик-кәпе, сәнді киім, әдемі бірақ қажетсіз тастар, евроремонт, жыл сайынғы обои ауыстыру т.б. Әйелдерге қамқорлық деген – эмоцияға шайқалмай, ер адамның салқынқандылықпен, әйел шын мәнінде нені қажетсінсе, шамасына қарай сол қажеттілігін өтеп беру. Ол нәрсе әйелдің өзіне ұнамайтын болса да, қарсы болса да! Мысалы: «коллективпен кешкі отырысқа жібермеу». Бұл көп әйелге ұнамайды, қарсы болады, ұрыс-айғай шығарады, бірақ қауіпсіздік үшін дұрысы осы. Ер адам өзі міндетті болған нәрселерді байыпты түрде орындауы тиіс: өзгелер одан басқа нәрсені қаласа да, өзгелер оған қарсы болса да, өзгелер оны терістесе де! Жұмсақтықтың да, қаталдықтың да шегі бар. Жазба https://t.me/invintel1 арнасынан алынды
1 74716Loading...
21
Әйелдерге қамқорлық көрсету деген «ойына келгенді істей беруіне көз жұму» дегені емес. Осы «ұрыс-айқай болмасыншы» деп еркіне қойып еркелетіп, басына шығарып алу да емес. Шынында, көп әйелдер өздеріне не қажет екенін білмейді. Таңдау жасағысы, шешім қабылдағысы келмейді. Точнее, келеді, салдарын мойнымен көтергісі келмейді. Оның қажет деп ойлағандары көбінесе әлеуметтік желідегі «жұрттың» әдемі видеолары: саяхат, рестик-кәпе, сәнді киім, әдемі бірақ қажетсіз тастар, евроремонт, жыл сайынғы обои ауыстыру т.б. Әйелдерге қамқорлық деген – эмоцияға шайқалмай, ер адамның салқынқандылықпен, әйел шын мәнінде нені қажетсінсе, шамасына қарай сол қажеттілігін өтеп беру. Ол нәрсе әйелдің өзіне ұнамайтын болса да, қарсы болса да! Мысалы: «коллективпен кешкі отырысқа жібермеу». Бұл көп әйелге ұнамайды, қарсы болады, ұрыс-айғай шығарады, бірақ қауіпсіздік үшін дұрысы осы. Жазба https://t.me/invintel1 арнасынан алынды Ер адам өзі міндетті болған нәрселерді байыпты түрде орындауы тиіс: өзгелер одан басқа нәрсені қаласа да, өзгелер оған қарсы болса да, өзгелер оны терістесе де! Жұмсақтықтың да, қаталдықтың да шегі бар. Мен сексист емеспін. Кезінде коммунизм орнай бастағанда «коммунизм исламда бар» деп ығына жығылғандар болған имамдар арасында. «Исламға батыс секілді даму керек» деп, исламды реформалағысы келіп, модернизмге ойысқан имамдар да бар. Феминизм де сондай жүйе/идеология/пропаганда/құндылық. Заманауи сәнді трендтің ығына жығылғым жоқ. Сөзімді Абайдың [رَحِمَهُ اللَّه] «Сегіз аяқ» өлеңімен аяқтаймын. «...Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ, Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды — Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде. Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан...»
10Loading...
22
Екіншіден, әйел адам «крайностьті» жақсы көреді. Мүмкін жақсы көрмес, алайда ылғи солай боп қалады. «Пайғамбарымыз [ﷺ] үй шаруаларына көмектескен», «Айша анамыз қызғаныштан ыдысты сындырғанда ұрыспаған» дегенді оқып, «ӘРДАЙЫМ үй шаруасына көмектескен. ЕШҚАШАН ұрыспаған» деп түсініп алады. Егер бір еркек үй шаруасына көмектеспесе, әйеліне ашуланып ұрысса, «все», «еркек емес», «сүннетке қарсы шықты» деп қабылдайды. Әйелі күйеуіне ылғи эмоциясын білдіріп отыруы РҰҚСАТ ЕМЕС. Әйел адам да өз эмоциясын басқаруға тырысу керек, күйеуіне қатысты әдеп сақтауы ләзім. Кейде болады жарылатын моменттер. Ондай кезде бізге (еркектерге) түсіністікпен қарап, адекватты дұрыс реакциямен қарау керек болады (тоже шариғаттан, әлемжелідегі түсінікпен емес). Мұны да крайностьпен қабылдайтындар көп «рұқсат емес» дегенді. Яғни, «жоқ, сен әйел адам ешқашан эмоциясын білдірмесін дегенді меңзеп тұрсың» дейді. Ер адамға бойсұну керектігі, оған әдеп сақтап, құрмет көрсету керектігі жайлы айқын мағынадағы хадистерді көрсетсең, «өзіңе удобный жағын ғана айтып жатсың» дейді. Ер адамды әйелден бір саты жоғары еткесін әйелдің эмоциялық күй-жағдайына түсініп қарауы керек. Көтеретін жерінде көтеріп, орнына қоятын жерінде әдемі орнына қою керек. Ал әйел адам «әлсіз екенмін» деп, «қалай бар, солай қабылдау керек» демей, өз мінезін түзетуге тырысуы керек. Жазба https://t.me/invintel1 арнасынан алынды
1 74515Loading...
23
20 жыл ажырасу істерімен айналысқан танымал адвокат былай дейді: Ер адамдардың өз үйіне ерте барудан қашып, қаңғырып кетулерінің ең маңызды себебі үйдегі әйелінің ызыңы екендігіне куә болдым. Көп әйелдер өз отбасыларының мазарын осылай қазады...» Жар таңдағанда отбасылық өміріңізді бақытты қылу және үйіңізді тозақ азабына айналдырмау үшін, барлық нәрседен бұрын әйелде жақсы мінез іздеу керек. Қарындасым, сіз де ер азаматыңыздың жанының тыныштықта болуын басты назарға алыңыз. Әйел - ердің тыныштығы. Себебі Құранда: "Сендерге олардан тыныштық табуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратып, араларыңда махаббат пен мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған ел үшін белгілер бар." [Рум сүресі, 21]
1 69631Loading...
24
"Отбасылық жарғы" жасаймын деген жастарға бұл құжат пайдалы болады деген ойдамыз
1 67710Loading...
25
Жарғы онлайн таратуға-2.pdf
1 61169Loading...
26
Әйел – еркектің өзінен жаратылған. Жарын орынсыз қорлағаны – өзін қорлағаны, сыйлағаны – өзіне құрмет көрсеткені. Әйел күйеуіне деген қызғанышпен, шаршаумен, баланың мазасыздығынан қажып немесе басқа бір еркелікпен қылық көрсетіп, еркектің жағдайын жасай алмай жатса, еркек соны түсінуге тырысуы керек екен. Сонда ғана адамдардың ең жақсысы бола алмақпыз! Ал бұл оңай емес. Ер кісі жайшылықта әйелдің хақысын беріп, мейіріміне шомылдырып, қарым-қатынастарын даналықпен реттеп, оның алдында өзінің еркектігін, байсалдылығын, әйелдер сияқты сезімнің емес, суық ақылдың адамы екендігін әрдайым дәлелдеп отырса, жай ғана қабағын шытуы, «ей, сен!» деген сөзінің өзі әйелдің жуасып қалуына, бойсұнуына себеп болады. Еркек - әйелін тәрбиелеуші бірден-бір тұлға. Оны ата-анасы иленген қамыр секілді дап-дайып күйінде қолыңызға ұстатты. Одан тәтті бәліш немесе торт пісіру, яки күйген бауырсақ не қытырлақ печенье пісіру – білектілер қауымының өз құзырында. #кітаптан #отбасы_брошюрасы
1 97227Loading...
27
Мерекеміз құтты болсын, бауырлар! Еліміздің қорғаны, отбасымыздың тірегі болып жүре берейік! Мерекеде сыйлықтар қабылдаймын:)
3420Loading...
28
https://youtu.be/ERPBRQj7Mlc?si=DIHvgd0pe_uS992P (Ұстазымның пайдалы видеоларымен бөліспей тұра алмаймын. Пайдаңызға жарасын, оқырман!)
4821Loading...
29
ЛИДЕРСТВО. ОРГАНИЗОВАННОСТЬ. МЕНЕДЖМЕНТ Ақылды, саналы адамдардың түсінген бір мәселесі: өзіңді де, ұрпағыңды да ЛИДЕРлікке баулу. Егер әдемі қаптамасын сыдырып тастасақ, лидерлік деген ол — жауапкершілік алу, точнее өзгелер үшін. Ол жайлы түрлі авторлардың алуан түрлі толғауларынан туындаған кітаптар мен зерттеулер жетерлік. Қарсы лагерь де бар. «Барлық адам лидер болуы шарт емес» дегендей. Бірақ ол тар түсінік. Ибн Омардан [رَضِيَ اللَّٰهُ عَنْهُمَا] жеткен рияуатта Пайғамбарымыз [ﷺ]: «Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар және сендердің әрқайсыларың баққаңдарыңа жауап бересіңдер: Әмірші бақташы саналады және өзінің баққанына жауапкер, еркек өзінің жанұясының бақташысы және өзінің баққанына жауапкер, әйел де күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады және өзінің баққанына жауапкер, қызметші өзінің иесінің дүниесінің бақташысы және өзінің баққанына жауапкер. Сонымен әрқайсысың бақташысыңдар және әрқайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер» Бухари [رَحِمَهُ اللَّه], Муслим [رَحِمَهُ اللَّه] Барлық ер адам лидер болуы шарт. Жанұясын алға сүйреп, көш бастауы тиіс. Сондықтан осы тақырып айналасында кітаптар оқып, әрдайым ізденісте болғаны жөн. Әрине, ең озық үлгі Пайғамбарымыз [ﷺ] екені даусыз. Өкінішке қарай, исламдағы лидерлік тәптіштеліп баяндалған қазақ және орыс тілінде «жұтуға дайын етіп, шайналған» кітаптар жоқ. Араб тілін үйреніп, өз бетінше ізденіп оқуға болады. Оған дейін ақиданы фильтр етіп, батыс әдебиеттерінен керектілерін теріп, практиковать етіп көре беру де қолжетімді тәсіл. Егер үйде әйел көп нәрсеге үлгермей: үй жұмыстары, бала күтімі, өзінің сұлулығы, ұйқысы қанбай, демалыссыз хаос боп жатса, бұл нашар организованность көрінісі. Төзімділігіне қарай бірнеше айдан бірнеше жылға дейінгі аралықта көзі жанып тұрған, балғын, сұлу келіншекті тоздырып, выгорать етуіне себепші болған — күйеуі. Әрине, әйелдің өзінің де үлесі бар, өзі де ізденуі керек еді, кішкентай бала емес қой. Дегенмен, ері көшбасшы болғасын өзі реттеп беруі керек. Жігіт адам бір мекемеде, бір компанияны басқармаса да, жанұясын басқаратын болғандықтан ЛИДЕРСТВО, ОРГАНИЗОВАННОСТЬ, МЕНЕДЖМЕНТ тақырыбында кітаптар оқуы тиіс. Бәрін алмаса да, әр кітаптан өзіне, өзінің жанұясына керек жерлерін түртіп алуға болады. Күніне 5 бет оқыса да, жылына 4 кітаптан тәмамдауға болады. Бұның өзі де жақсы прогресс. Басшысы жақсы болған, жұмыстары тиянақты реттелген, атмосферасы жағымда компаниядан жұмысшы кеткісі келмейді. Тап солай отағасысы жақсы басқара білген, жұбайына істерін жеңілдетіп реттеп берген, жайлы үйден әйел де безінбейді. P.S. Пост жігіттерге бағытталған, қыздар, босаңсымаймыз 😁
7527Loading...
Show all...
НИКАХ, ИДЕАЛЬНАЯ СЕМЬЯ, ССОРЫ, GALLUP ТЕСТ - Устаз Ансаган Нурлыбекулы и Данияр Кабдолла

#ислам #семья #психология Муж и жена в исламе, где точка соприкосновения современной культуры и религии? Какое, все таки, место занимает женщина в исламе? Почему многие не могут построить семью? Ответы на эти и многие другие вопросы в нашем новом подкасте «Ислам и семья». Ставьте лайк и пишите комментарии. Наши гости @qamar.kst и @danday.amokachi 00:00 Интро 01:11 Вступление 02:58 Ценности семьи 3:46 Для чего мы созданы? 6:42 Великие женщины и их роль (мир им) 9:10 Роли мужчин и женщин в Исламе 11:00 Как выбрать мужа/жену? 16:14 Gallup тест и другие 19:35 4 главные вещи при выборе спутника 24:30 Абу Бакр Ас-Сыддик (да будет доволен им Аллах) 26:32 Правдивость, мягкость 27:44 Жалоба Пророку ﷺ от его жён 29:31 Сколько уделять времени жене? 33:20 Соблюдать баланс 34:45 Типы женщин 37:47 Дарите цветы женщинам 39:26 Угощать жён каждую пятницу 41:10 Ислам и современные науки 43:40 Исследования про добрые отношения с соседями 45:10 Привычки 47:30 ПП-постепенность и постоянство 48:40 Как решать конфликты в семье? 49:59 История про Айшу и Хафсу (да будет доволен ими Аллах) 53:04 Уникальный инструмент при наступлении конфликтов 54:55 Влияние соц.сетей 55:46 Трудности бывают у каждой женщины, пример сподвижниц 58:35 Намерение улучшить отношения супругов - гибадат 01:02:10 Навязывание западной культуры 01:06:45 Выбор партнера 01:17:50 Нужна ли любовь 01:27:48 Про эксперимент выбора партнера 01:32:54 Статистика разводов Казахстане 01:36:40 Золотая середина 01:38:10 Разумно проявлять чувства 01:40:01 Последствия по разводу 01:41:39 История жены Пророка ﷺ 01:43:54 Истории про сподвижниц 01:45:19 Покаяние матерей правоверных 01:46:06 Проблемы надо решать, а не разводится 01:48:40 Совет молодым ребятам 01:51:49 Женщин надо понимать, и терпеть 01:54:40 Стал папой в 22 1:55:30 Конец

Ассалаумағалейкум, бауырлар! Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстазымыздың (Алла ол кісіні рахымына алсын) жазбалар жинағын кітап етіп жинақтап шығарғанын көріп едім. Қазір қайдан немесе кімнен алса болады екен? Білетіндеріңіз болса жазсаңыздар: t.me/anonaskbot?start=7LkSqgMs1iB76Du
Show all...
"Үйлену сүннет" деп жиі айтамыз. Дей тұрғанмен үйленудің кейде парыз, кейде уәжіп, арам, мәкруһ, және бекітілген сүннет, тіпті кейде мубах болатын тұстары бар. Соның үш жағдайдағы үкімін жеткізіп, Аллаһ Тағаланың құлдарына болған қамқорлығына нұсқайын. 1⃣ Егер бір адам үшін зинаға түспеудің жалғыз жолы¹ үйлену болатын болса, онда оған үйлену парыз² болады. Себебі 🔹ما لا يتوصل إلى ترك الحرام إلا به كان فرضا 🔸"Арамды тәрк ету тек соның ғана себебімен жүзеге асатын амалдың үкімі парызға айналады" деген қағида бар. 2⃣ Егер бір ердің әйелге қатыгездік/зорлық жасап қоюынан сақтануы мүмкін болмаған болса, онда оған үйленуі анық арам³ болып, тиым салынады. 3⃣ Егер бірінші жағдаймен екінші жағдай бір адамның бойынан қатар табылса қалай болмақ? Яғни, зинаға түсуден және әйелге зиян келтіруден қорқады. Бұл тұста шариғатымыз екінші хәлді бірінші хәлдің алдына қояды да, оған үйленуі міндетті емес, бәлки мәкруһ дейді. Себебі зорлық-зомбылық жасау бұл (қара басына қатысты ғана емес) басқа құлдармен байланысты болған күнә. Ал зина жасамау бұл Аллаһ Тағаланың ақысынан. Енді адам мен Аллаһ Тағаланың ақысы қатар келгенде 🔹إن حق العبد مقدم على حق الله تعالى عند التعارض деген қағиданың негізінде құлдың ақысы алға шығарылады. 📌Өз ақысынан құлының ақысын жоғары қойған Раббымыз ﷻ қандай Ұлық еді. Батыстық саясат ерлердің көзі тояттап және әйелдер қол жетімді болуы үшін оларды барынша олар лайықты болмаған дүниеге итермелеп отырады. Ал Ұлы Раббымыздың ﷻ мінсіз шариғатында әйелдерді барынша қастерлеп, олар үшін қамқорлық қамтылған үкімдерді байлаған. Тіпті жоғарыдағы үкімдерден әйел затына ғана емес, ер затына да қамқорлық бар. Себебі құлға өзіне қатысты істеген күнәсіне қарағанда өзгенің ақысына қатысты істеген күнәсінің берер зияны басым. Және Аллаһу Тағала өзгенің ақысына қатысты айыптың шешімін ақы иесіне қалдырып, Өз ақысына қатысты айыптылықта өте кең кешірім, жарылқау танытады. Құлы әлсіздігімен зиянға түспесі мүмкін еместей хәлге түсіп қалатын болса, зияны азырағы және кешірім берілу тарабы басымырағына жол көрсетілген. Күдер үзуге болмайтын жалғыз нәрсе Аллаһ Тағаланың мейірімі мен кешірімі. Сондай-ақ Ол Шексіз Қаһар Иесі болғандықтан Одан ﷻ қорқуға да әбден лайық. ____ 1] Егер зинаға түсуден қорқып бірақ одан сақтанудың үйленуден басқа да жолдары болатын болса, онда үйлену уәжіп деңгейінде болады. 2] Егер мәһр мен нәпақасын қамтамасыз ете алатын және әйеліне қатігездік/зорлық жасамайтын болса деген екі шартпен. 3] Егер зиян беріп қоямын деген қауіппен қатар одан сақтану ықтималдығы бар болатын болса, онда мәкруһ тахрим болады. Canal: https://t.me/taammul
Show all...
Тәтті келу. Ертеде тұрмысқа шыққан қызының келуі жиілеп кеткенін байқаған әкесі «қызым тәтті болып келсең дұрыс болады» деген екен. Мұны естіген қызы келесі келгенінде тәтті тағамдар пісіріп ала келеді. Әкесі тағы да «тәтті келгенің дұрыс болады» деген екен. Түсінбеген соң қызы «Әкешім тәтті кел дегеніңіздің мәнісі не?» деп сұрайды. Әкесі күлімдеп «қызым тәтті кел дегенім жиі келе берме, сирек кел, сирек келсең қадірің артады, арамыз жылы болады, өзің де тәтті боласың дегенім» депті.
Show all...
Жанұялық өмірдің алғашқы айлары өте маңызды. Келін жаңа үйіне әдеттенуі, бауыр басуы керек.
Ол үшін жастардың үйі келіннің ата-анасының үйінен алысырақта болуында пайда бар.
Көп қыздар ата- анасына жақын тұруды, тіпті үйлерінің бір ғимаратта болуын қалайды. Ал негізінде бұл қыз үшін жақсылық емес, керісінше жамандық болуы мүмкін. Қыздың үйіне жақын болған жағдайда қыздың қандай да бір себеппен ренішті халін көрген ата-ана «ойбай күйеу бала қызымызды ұрыпты немесе ренжітіпті» деген сияқты қате пікірлерге сүйенуі, соның салдарында араға кіріп келеңсіздіктерге себеп болуы мүмкін. Сол секілді келіннің де сырқаттанып мазасы болмай қалуы мүмкін. Осы себепті күйеуінің киімін үтіктеуі, тамағын дайындауы сияқты мәселелерде кемшілік туындауы мүмкін. Бұған да ұлдың ата-анасы түсіністікпен қарауы, «ойбай ұлымыз аш қалды, киімі де дайын емес» деп кикілжің тудырудан сақ болуы абзал.
Жанұялық өмірдің алғашқы айларында балаларды өз жағына қарай тарта берудің орнына әркім өзін қарсы тараптың орнына қойса, түсінбеушілік өздігінен шешіледі, тіпті түсініспеушілік мүлдем болмайды.
Сондай-ақ қыз тарапы ұл жағына өтіп ұлдың жақтаушысы (адвокаты) болып, ал ұл тарапы қызды жақтауға тырысса екі жақта да бір-бірін разы қылуға деген жарыс басталып, екі жақ та тыныш болады. Еркек тарапының да қыздың отбасынан толығымен арасын үзуін қалауы дұрыс емес. #бір_ағамыздан
Show all...
Repost from AKANMERGEMBAI
Болашақ жар портретін жасауға арналған құжаттар. Құжат саны: 3
Show all...
Show all...
“ПОРТРЕТ ЖАСАУ” КЕҢЕС ШАЙ | ПРАКТИКАЛЫҚ ПОДКАСТ | АҚАН МЕРГЕМБАЙ | ОТБАСЫ ӘЛЕМІ

Комментарийге пікіріңізді жазыңыз! Лайк басып, арнаға тіркеліңіздер! Құжаттарды осы сілтеме бойынша ала аласыздар Telegram -

https://t.me/mergembaiakan

"Дайындықсыз ҮЙЛЕНБЕ" кітап мына дүкендерде сатылады: KITAPAL.KZ MELOMAN QAZYNA FLIP.KZ ЭРУДИТ Instagram -

https://instagram.com/akanmergembai

"Отбасы Әлемі" орталығы – 87004101212 00:00 - 2:03 Танысу 2:04 - 28:43 Бірінші тапсырма. Сипаттар. Қасиеттер 28:44 - 52:15 Өте маңызды 52:16 - 1:26:51 Екінші тапсырма. Не талап етесіз? 1:26:42 - 1:33:16 Алдын алу 1:33:17 - 1:48:29 Үшінші тапсырма. Нені қабылдамаймын? 1:48:30 - 1:55:46 Төртінші тапсырма. Болашақ отбасылық өмірде неден қорқасыз? 1:55:47 - 1:57:36 Бесінші тапсырма. Сіз үшін ажырасуға апаратын факторлар қандай? 1:57:37 - 2:18:00 Негізгі нұсқаулық. Таза бланкі. 2:18:01 - 2:23:33 Қызды қалай іздейміз? 2:23:34 - 2:26:55 Түйін