СЕНАТ
Open in Telegram
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК ▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz ▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz ▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Show more4 070
Subscribers
-124 hours
+47 days
+1730 days
Posts Archive
4 070
+9
Астанада Сенат пен Ұлттық Банктің бірлесіп ұйымдастырған ақша-несие саясаты жөніндегі төрт апталық білім беру курсы аяқталды.
Биыл жобаға 80 тыңдаушы қатысып, базалық мөлшерлеме, инфляцияны таргеттеу, валюта тәуекелдері және макроэкономикалық саясаттың негізгі тетіктері бойынша білімін жетілдірді. Бағдарлама теориялық дәрістермен қатар практикалық талқылаулар мен кейстерді де қамтыды.
Жоба Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сараптамалық қауымдастықтың талдау әлеуетін арттыру және кәсіби диалогты дамыту жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
🚀@senate_kz
4 070
+8
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында ҰҚШҰ аясындағы ұжымдық қауіпсіздік тетіктерін жетілдіруге және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қатысты заңдар қаралды.
Депутаттар ҰҚШҰ күштері мен құралымдарының мәртебесіне, әскери тасымалдарды ұйымдастыруға қатысты хаттамаларды, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан елшіліктері мен елшілер резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімді талқылады.
Қаралған құжаттар қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған.
🚀@senate_kz
4 070
+9
🙂Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында 25 маусымда өтетін Палата отырысының күн тәртібі бекітілді.
Сенаторлар алдағы отырыста экология, психологиялық қызмет, мемлекеттік басқару, қаржы нарығын жетілдіру, әлеуметтік заңнама және кедендік реттеу мәселелеріне қатысты заңдарды қарайды. Сонымен қатар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау жоспарланған.
Сондай-ақ күн тәртібіне депутаттар бастамашылық еткен радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамытуға қатысты заңдар енгізілді. Құжаттар радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және осы саладағы құқықтық реттеуді күшейтуге бағытталған.
🚀@senate_kz
4 070
+9
По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева 20 июня 2023 года была образована Парламентская комиссия по мониторингу реализации национальных целей и задач в области устойчивого развития. Возглавил Комиссию Спикер Сената Маулен Ашимбаев.
За три года работы Комиссия стала важной площадкой для парламентского контроля, межведомственного взаимодействия и продвижения повестки устойчивого развития в Казахстане.
В карусели - ключевые результаты деятельности Комиссии за этот период.
🚀@senate_kz
4 070
🔍Соцобъекты дорожают. Новую экспертизу для проверки стоимости предлагают сенаторы. Почему в Правительстве против?
💰Ошибки бюджета? Экономика растет, а доходы населения – не так активно. Что выявила Высшая аудиторская палата?
🎓 Будущее за молодежью! Выпускники вузов получают дипломы.
🎬Подробнее в программе “Время Сената”
🚀@senate_kz
4 070
💰2025 жылғы республикалық бюджет қалай атқарылды? Сенат отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері қаралды.
🎓 Елордада NU университетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Сенат Төрағасы арнайы қатысты.
👩🍳Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі қандай? Палата депутаттары осы мәселеге назар аударды.
🎬Толығырақ Сенат сөзінде
🚀@senate_kz
4 070
Бүгін Алматы қаласында Сенат жанындағы Талдау мектебінің оқу курсы аяқталды. Қатысушылар қорытынды жобаларын қорғап, сертификаттарға ие болды.
Жобаға қатысқан 70-ке жуық түлек сегіз апта ішінде урбанистика мен экологиядан туризмге, цифрлық экономикаға және креативті индустрияға дейінгі бағыттар бойынша деректерді талдау саласындағы дағдыларын күшейтіп, жаңа білім алды.
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов қорытынды дәріс оқыды. Оның айтуынша, деректерге негізделген талдау қазіргі заманғы басқарудың негізгі құралына айналып отыр, ал мұндай жобалар елдің сараптамалық әлеуетін арттырып, жаңа буын мамандарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
🚀@senate_kz
4 070
+9
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Алматыда өткен «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қорытынды дәрісіне қатысты.
Жақып Асанов жобаның еліміздің сараптамалық-талдау әлеуетін дамытудағы маңызына тоқталып, деректерге негізделген шешім қабылдау мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің басты талаптарының бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ вице-спикер қатысушылармен жобалық басқару және көшбасшылық тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қауымдастық қалыптастырудың маңызына назар аударды. Оның айтуынша, жоба түлектері алған білімдері мен дағдыларын елдің дамуына бағытталған тиімді бастамаларды іске асыруға пайдалана алады.
🚀@senate_kz
4 070
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшылығы мен қызметкерлеріне жобалық басқару, көшбасшылық және өзгерістерді тиімді іске асыру тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында сенатор ірі жобаларды басқару тәжірибесімен бөлісіп, нәтижеге бағытталған жұмыстың, жауапкершіліктің және тиімді командалық өзара іс-қимылдың маңызына тоқталды. Сондай-ақ жобалық басқарудың күрделі міндеттерді шешудегі және мансаптық өсудегі рөліне назар аударды.
Сонымен қатар дәрісте жасанды интеллект технологияларын пайдалану, ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру және заманауи басқару құралдарын енгізу мәселелері талқыланды.
🚀@senate_kz
4 070
+9
🙂Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай «Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл: естелік, жауапкершілік, болашақ» тақырыбы бойынша Сенатта өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Іс-шара барысында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, радиациялық әсердің ұзақ мерзімді салдарын зерттеу, медициналық бақылауды күшейту және бұрынғы полигон аумақтарын экологиялық оңалту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық бастамаларын және ядролық сынақ құрбандарына қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бағыттарын қарастырды.
🚀@senate_kz
4 070
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Польша Республикасы Парламенті Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскаямен кездесті.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға да назар аударылды.
🚀@senate_kz
4 070
+5
🙂Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде Сергей Карплюктің төрағалығымен кредиттік рейтингтік қызмет пен қаржы нарығын жетілдіруге қатысты заңдар қаралды.
Комитет отырысында кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін құқықтық реттеу, олардың тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық рейтинг нарығын дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қаржы нарығын цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, киберқауіпсіздікті күшейту, төлем қызметтерін дамыту және банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған түзетулер қаралды.
🚀@senate_kz
4 070
+7
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Польша Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскаямен кездесті.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңа Конституцияның негізгі бағыттарына назар аударылды.
Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Польша арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Малгожата Кидава-Блоньская екі ел арасындағы ынтымақтастықты және парламентаралық диалогты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
🚀@senate_kz
4 070
🙂В ходе заседания Палаты Спикер Сената Маулен Ашимбаев заявил, что важно определиться по перспективам развития квазигоссектора, государственных и нацкомпаний.
Напомнив об Указе Президента Касым-Жомарта Токаева о либерализации экономики, а также падении темпов приватизации, он призвал концептуально определить перспективы госсектора, чтобы перестать раздувать его бюджетное финансирование в ущерб эффективности всей экономики.
🚀@senate_kz
4 070
Поддержка бизнесу должна оказываться объективно, а процедура проводиться систематизировано, заявил на заседании Сената Спикер Палаты.
🙂Маулен Ашимбаев подчеркнул, что сегодня большое количество институтов и структур занимаются поддержкой бизнеса, однако этот переизбыток субъектов ведет к дублированию функций, увеличению административных расходов и неэффективности финального результата.
🚀@senate_kz
4 070
Мандат социально-предпринимательской корпорации должен быть однозначным, а не хаотичным и зависящим от желаний акиматов. Необходима конкретика функций и отдачи.
🙂Об этом заявил Спикер Сената Парламента РК Маулен Ашимбаев в ходе рассмотрения отчетов Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за 2025 год.
🚀@senate_kz
4 070
+9
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері және бірқатар заң қаралды.
Талқылау барысында 2025 жылы экономиканың 6,5 пайызға өскені атап өтілді. Дегенмен бюджетті жоспарлау сапасы, борыштық жүктеме, өңірлердің орталыққа тәуелділігі және қаржының тиімсіз бөлінуі сияқты мәселелерге назар аударылды. Сенат Спикері бюджет қаражаты нақты нәтиже беретін жобаларға бағытталуы тиіс екенін айтты.
Отырысқа Қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата Төрағасы Әлихан Смайылов, сондай-ақ Үкімет мүшелері мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Сенаторлар қосымша баяндама жасайтын депутатты бекітіп, экология және экономиканы жетілдіруге қатысты заңды қарады.
Сонымен қатар Палата отырысында экология және экономиканы жетілдіруге қатысты заң бірінші оқылымда қаралды. Ол экологиялық бақылауды күшейтуге, цифрландыруды дамытуға және рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.
🚀@senate_kz
4 070
Repost from Maxim Spotkay / Channel
⚡️Сенаторы указали на разрозненность мер господдержки и недостатки бюджетного планирования
✅ Сенат рассмотрел Отчеты Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за 2025 год.
🔍 Депутаты обратили внимание на системные вопросы, связанные с качественным исполнением поручений Главы государства по бюджетному планированию, эффективности мер поддержки бизнеса, использованию средств Национального фонда и исполнению расходной части бюджета.
📌 Спикер Сената отметил, что несмотря на значительные объемы финансирования, государственная поддержка бизнеса остается разрозненной и не позволяет в полной мере оценить ее эффективность. Необходима единая система мониторинга с использованием ИИ и оценки всех мер поддержки, которая позволит исключить дублирование расходов и повысить отдачу от вложенных государством средств.
📈 Доходы
🔸 Доходы республиканского бюджета составили 21,1 трлн тенге (98,6% исполнения);
🔸 Налоговые поступления составили 14,46 трлн тенге.
📉 Расходы
🔹 Расходы республиканского бюджета составили 25,4 трлн тенге;
🔹 Общая сумма неисполнения плана по расходам составила 303,8 млрд тенге, из которых 278,5 млрд тенге не были освоены;
🔹 Дефицит бюджета сложился на уровне 4,065 трлн тенге или 2,5% к ВВП.
❗Высшая аудиторская палата также отмечает, что сумма неэффективно использованных бюджетных средств достигла 648,7 млрд тенге, увеличившись по сравнению с предыдущим годом в 1,7 раза.
При рассмотрении отчетов сенаторы также подняли вопросы повышения эффективности бюджетного планирования, прозрачности корректировок бюджета, совершенствования деятельности социально-предпринимательских корпораций, доступности финансирования для фермеров, реализации проектов в энергетической и коммунальной сферах, развития космической отрасли, а также качества расходов на здравоохранение, образование и социальную поддержку граждан.
В этой связи депутаты подчеркнули, что в условиях ограниченных ресурсов особое значение приобретают эффективность государственных расходов, адресность мер поддержки и достижение конкретных социально-экономических результатов для граждан и регионов страны.
t.me/mspotkay
Available now! Telegram Research 2025 — the year's key insights 
