en
Feedback
Мұсылман естеліктері

Мұсылман естеліктері

Open in Telegram

Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg Арнаның бас редакторы: @altayberish

Show more
3 472
Subscribers
No data24 hours
-67 days
-4630 days

Data loading in progress...

Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
August '26
August '26
+17
in 0 channels
July '26
+25
in 0 channels
Get PRO
June '26
+33
in 0 channels
Get PRO
May '26
+28
in 0 channels
Get PRO
April '26
+42
in 0 channels
Get PRO
March '26
+81
in 0 channels
Get PRO
February '26
+118
in 0 channels
Get PRO
January '26
+46
in 0 channels
Get PRO
December '25
+72
in 1 channels
Get PRO
November '25
+71
in 0 channels
Get PRO
October '25
+41
in 0 channels
Get PRO
September '25
+57
in 1 channels
Get PRO
August '25
+41
in 0 channels
Get PRO
July '25
+51
in 0 channels
Get PRO
June '25
+153
in 4 channels
Get PRO
May '25
+54
in 4 channels
Get PRO
April '25
+47
in 0 channels
Get PRO
March '25
+130
in 0 channels
Get PRO
February '25
+110
in 2 channels
Get PRO
January '25
+114
in 0 channels
Get PRO
December '24
+131
in 1 channels
Get PRO
November '24
+109
in 0 channels
Get PRO
October '24
+138
in 2 channels
Get PRO
September '24
+78
in 2 channels
Get PRO
August '24
+129
in 2 channels
Get PRO
July '24
+146
in 3 channels
Get PRO
June '24
+131
in 2 channels
Get PRO
May '24
+87
in 0 channels
Get PRO
April '24
+136
in 1 channels
Get PRO
March '24
+406
in 1 channels
Get PRO
February '24
+218
in 1 channels
Get PRO
January '24
+264
in 1 channels
Get PRO
December '23
+161
in 1 channels
Get PRO
November '23
+151
in 2 channels
Get PRO
October '23
+155
in 1 channels
Get PRO
September '23
+147
in 0 channels
Get PRO
August '23
+94
in 0 channels
Get PRO
July '23
+92
in 0 channels
Get PRO
June '23
+116
in 0 channels
Get PRO
May '23
+166
in 0 channels
Get PRO
April '23
+142
in 0 channels
Get PRO
March '23
+172
in 0 channels
Get PRO
February '23
+109
in 0 channels
Get PRO
January '23
+131
in 0 channels
Get PRO
December '22
+121
in 0 channels
Get PRO
November '22
+81
in 0 channels
Get PRO
October '22
+70
in 0 channels
Get PRO
September '22
+118
in 0 channels
Get PRO
August '22
+51
in 0 channels
Get PRO
July '22
+98
in 0 channels
Get PRO
June '22
+72
in 0 channels
Get PRO
May '22
+68
in 0 channels
Get PRO
April '22
+186
in 0 channels
Get PRO
March '22
+78
in 0 channels
Get PRO
February '22
+85
in 0 channels
Get PRO
January '22
+83
in 0 channels
Get PRO
December '21
+116
in 0 channels
Get PRO
November '21
+60
in 0 channels
Get PRO
October '21
+54
in 0 channels
Get PRO
September '21
+75
in 0 channels
Get PRO
August '21
+76
in 0 channels
Get PRO
July '21
+130
in 0 channels
Get PRO
June '21
+13
in 0 channels
Get PRO
May '21
+45
in 0 channels
Get PRO
April '21
+100
in 0 channels
Get PRO
March '21
+117
in 0 channels
Get PRO
February '21
+29
in 0 channels
Get PRO
January '21
+26
in 0 channels
Get PRO
December '20
+2 820
in 0 channels
Date
Subscriber Growth
Mentions
Channels
25 August0
24 August0
23 August0
22 August0
21 August0
20 August+2
19 August0
18 August+2
17 August+1
16 August0
15 August+1
14 August+1
13 August+3
12 August0
11 August0
10 August0
09 August+3
08 August+1
07 August+2
06 August0
05 August+1
04 August0
03 August0
02 August0
01 August0
Channel Posts
Құрметті арнамыздың оқырмандары! Назарларыңызға жаңа pdf нұсқадағы кітапшаны ұсынамыз. Құрбандық шалу: үкімдері мен шарттары

2
Қадірменді мұсылман ағайын! «Мұсылман естеліктері» арнасы атынан баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Аллаһ Тағала баршамыздың жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етіп, еліміз бен жерімізге тыныштық, ынтымақ пен береке нәсіп етсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен амандық сыйлап, келесі айттарға аман-есен жеткізе берсін!
979
3
Арафа күні ораза ұстаудың артықшылығы Әбу Қатәдә (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Арафа күні ораза ұстау – өткен жылғы және келесі жылдың күнәлары үшін өтеуі болады деп Аллаһтан үміт етемін» [1]. Басқа риуаятында: «Аллаһ Елшісінен ﷺ Арафа күнінің оразасы жайында сұралғанда: «Бұл күннің оразасы өткен бір жылғы және келер бір жылғы күнәларға кәффарат (кешірім) болады», - деп жауап берген [2]. Хафиз Нәуәуи (Аллаһ оны рақымына бөлесін) осы хадисті былай түсіндірген: «Ғалымдар айтады: Бұл жерде кіші күнәлар меңзелген [үлкен күнәлардың кешірілуі үшін бұл жеткіліксіз, міндетті түрде бөлек тәубе ету керек]. Алайда, егер оның кіші күнәлары болмаса, үлкен күнәлары жеңілдетуі үміт етіледі. Ал егер үлкен де, кіші де күнәлары болмаса, оған сауаптар жазылып, дәрежелері көтеріледі» [3]. Дегенмен, Арафа күні оразасының артықшылығы тек осы бір хадиспен шектелмейді. Бұл күннің оразасы — Құран аяттары мен басқа хадистерде келтірілген жалпы ораза ұстаудың ұлы артықшылықтарына да кіретіні есте болғаны жөн. [1] Муслим 1162 [2] Муслим 1162 [3] Қараңыз: Нәуәуидің "المنهاج" кітабы (8-том, 51-бет) @muslimsnotes
1 120
4
Имам Ибн Ражәб (795 һ.ж.; Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады: "Арафа күні – тозақтан азат етілу күні. Осы күні Аллаһ Тағала Арафат алқабында тұрғандарды да, Арафатта бола алмаған өз еліндегі мұсылмандарды да тозақтан босатады. Сондықтан да Арафадан кейінгі күн (Құрбан айт күні) – қажылыққа барғандар мен бара алмаған барлық мұсылмандар үшін ортақ мейрамға алналды. Өйткені Арафа күні – олардың барлығы үшін тозақтан азат етілу мен Аллаһтың кешіріміне бөлену мүмкіндігі берілген ортақ күн болды". Қайнаркөз: Ибн Ражәбтың "لطائف المعارف" кітабы (482-бет) @muslimsnotes
906
5
Құлдар тозақтан ең көп босатылатын күн – Арафа күні Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елішісі ﷺ айтады: «Аллаһ Тағала пенделерін тозақтан ең көп құтқаратын күн – Арафа күні. Сол күні Аллаһ Тағала пенделеріне жақындап, періштелерінің алдында оларды мақтаныш етіп: "Мына құлдарым не қалайды?" – дейді» [1]. Абдулла ибн Амрдің (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) риуаятында бұл мағына былайша толықтырылған: «Аллаһ Тағала Арафа алқабындағы құлдарымен періштелердің алдында мақтанып: "Қараңдаршы! Олар шаштары ұйпаланған, үсті-басы шаң болып, арнайы Маған келді. Олар Мені көрмесе де, мейірімімді үміт етіп, азабымнан қорқады", – дейді» [2]. Хадистен алынатын пайдалар: Бірінші пайда: Бұл хадис – Арафа күнінің ерекше артықшылығына дәлел. Осы күні Аллаһ Тағала құлдарына ерекше мейірім мен кеңшілік танытады. Арафа күні Аллаһ құлдарын тозақтан ең көп құтқарады, оларға жақындайды, періштелерге олардың кешірілгенін жария етеді әрі олармен мақтанады. Бізді де Аллаһ Тағала осы құлдарының қатарына қоссын! Екінші пайда: Бұл хадис Аллаһтың «жақындау» (الدُّنُوُّ) деген сипатына дәлел. Бұл – Аллаһ Тағаланың Өз еркімен жүзеге асыратын іс-әрекет сипаттарының бірі. Әһлу-Суннә уәл-Жамаға бұл сипатқа былай иман келтіреді: - ешбір жаратылысқа ұқсатпайды; - қалай екеніне кіріспейді; - мағынасын жоққа шығармайды; - мағынасын өзгертіп, бұрмаламайды. Сондықтан Аллаһтың көркем есімдерінің бірі — «әл-Қариб» (Жақын). [1] Муслим 1348 [2] Ахмад 7089 @muslimsnotes
1 020
6
No text...
1 279
7
@muslimsnotes редакциясы pdf нұсқада жаңа кітапшаны ұсынады 📖 Қажылық жолбасшысы
1 237
8
Зекет Зекет — бұл пайдасы тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға тиетін ұлы парыз. Ол мүмін адамға Исламның биік мақсаттарын сездіреді: мейірім, жанашырлық, сүйіспеншілік және мұсылмандардың өзара жәрдемдесуі. Мұсылман адам берген малына «мен жақсылық жасап жатырмын» деп міндетсіне қарамауы керек. Өйткені зекет беру — Аллаһтың оның мойнына жүктеген міндеті. Екіншіден, оның барлық мал-мүлкі — шын мәнінде, Аллаһтың иелігіндегі нәрсе, ал адам сол дүниеге уақытша ие етілген. Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһтың сендерге берген байлығынан оларға [жәрдем ретінде зекет, садақа] беріңдер» [Нұр сүресі, 33]. Тағы бір аятта: «Аллаһқа және Оның елшісіне иман келтіріңдер әрі сендерді иелік етуші етіп қойған мал-дүниелеріңнен [ізгі амалдарға] жұмсаңдар. Расында, араларыңдағы иман келтіріп, садақа берген жандарға үлкен сауап дайындалған» [Хадид сүресі, 7]. https://t.me/mulimsnotes
2 064
9
Имам Хасан әл-Басри (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Расында, Аллаһқа күнә жасамай өткізген әр күнің — сен үшін айт (мейрам)». Дереккөз: Ибн Ражәбтың “لطائف المعارف” кітабы (512-бет) @muslimsnotes
0
10
Айт — шариғат бекіткен ұлы мейрам Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Әрбір қауымның өз мейрамы бар, ал (Ораза айт пен Құрбан айт) бұл — біздің мейрам» [1]. Хафиз Ибн Хажар (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Айт күндері қуаныш пен шаттық білдіру — бұл діннің ұлы нышандарының бірі» [2]. [1] Бухари 952, Муслим 895 [2] Ибн Хажәрдің “فتح الباري” кітабы (2-том, 443-бет) @muslimsnotes
0
11
Құрметті «Мұсылман естеліктері» оқырмандары. Сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз. Алла Тағала баршамыздың Рамазан айында жасаған ғибадаттарымызды қабыл етіп, елімізге тыныштық пен береке нәсіп етсін!
0
12
Назарларыңызға «Қадір түні» атты қысқа мақаламызды ұсынамыз. Бұл мақалада осы ұлы түннің қадірі, мүмкіндікті жіберіп алмаудың маңызы және мұсылман жүрегіне арналған естеліктер баяндалады. «Мұсылман естеліктері» арнасы оқырмандарына пайдалы болады деп үміттенеміз.
0
13
Qadr_tuny.pdf
0
14
Рамазан айының соңғы он түні Рамазан айының соңғы он түні — мұсылмандар үшін ең қадірлі әрі ең берекелі уақыттардың бірі. Бұл түндердің ерекше маңызға ие болуының бір себебі — олардың қасиетті Рамазан айының соңына сәйкес келуі. Себебі амалдың шынайы қадірі оның қалай аяқталғанымен бағаланады. Бұл жайында Аллаһ Елшісі ﷺ: «Шын мәнінде, амалдар соңымен бағаланады» [1], – деген. Сондықтан Рамазан айының алғашқы күндерін Аллаһ талап еткендей лайықты түрде өткізе алмаған пенде үшін жіберген кемшіліктерін өтеуге үлкен мүмкіндік бар. Ол — соңғы он түнді бар ықыласымен құлшылыққа арнау. Пайғамбарымыз ﷺ бұл түндердің қадірін ерекше бағалап, оларды өзгеше құлшылықпен өткізетін болған. Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Аллаһ Елшісі ﷺ Рамазанның соңғы он түнінде басқа кездерге қарағанда, құлшылыққа әлдеқайда ерекше күш салатын» [2]. Cөзсіз, бұл — мүміндерге үлкен өнеге. Өйткені Аллаһтың ең соңғы елшісі әрі ең сүйікті құлы, тақуалар мен мүміндердің ең алдыңғысы болған және өткен-келер күнәларының барлығы кешірілген Пайғамбарымыздың өзі Рамазан айының соңғы он түнін осындай дәрежеде өткізген болса, біз секілді күнәға батқан құлдар үшін бұл уақытты қалай бағалау керектігі айтпаса да түсінікті. Бұған қоса, Пайғамбарымыз ﷺ бұл түндерде құлшылықты тек өзі орындаумен шектелмей, отбасын да соған ынталандырып, оларды ұйқыларынан оятып, ғибадатқа шақыратын еді. Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Рамазанның соңғы он түні кіргенде Пайғамбарымыз белін байлап, түнін [құлшылықпен] тірілтіп, отбасын оятатын» [2]. “Белін байлайтын” — яғни, әйелдерінен оқшауланып, ғибадатқа ерекше көңіл бөлетін. Мейірімді АллаһТағала баршамызды бұл қасиетті түндерді бос жіберуден сақтап, оларды ықыласпен құлшылық жасап өткізуге жәрдем еткей. [1] Бухари 6607 — Сәһл ибн Сағттан [2] Муслим 1175 [3] Бухари 2024, Муслим 1124 https://t.me/mulimsnotes
0
15
Ел амандығы — баға жетпес ұлы нығмет Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен сәлеметі болсын) Аллаһ Тағалаға былай деп дұға еткен: ﴿رَبِّ ٱجۡعَلۡ هَٰذَا ٱلۡبَلَدَ ءَامِنٗا وَٱجۡنُبۡنِي وَبَنِيَّ أَن نَّعۡبُدَ ٱلۡأَصۡنَامَ...﴾ «Уа, Раббым! Бұл елді-мекенді бейбіт әрі аман қыла көр! Сондай-ақ мені де, ұрпағымды да пұттарға табынудан аулақ ет…» [1] Содан кейін ол басқа да түрлі тілектерін сұрады. Имам Шәукәни (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) осы аяттардың тәпсірінде былай дейді: «Ибраһим пайғамбар көптеген тілектерінің алдына ең әуелі елінің амандығын бірінші қойып сұрады. Себебі елден тыныштық пен бейбітшілік кетсе, адам баласы діні мен дүниесінің ешбір ісіне көңіл бөле алмайды» [2]. Уа, Раббымыз! Қазақ елімізге және басқа да мұсылман елдеріне мәңгі бейбітшілік пен аманшылық нығметін нәсіп ет! [1]Ибраһим сүресі, 35-аят [2] Шәукәнидің “فتح القدير” кітабы 3-т., 134-бет @muslimsnotes
0
16
Мұқтаж адамның садақасы Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Бір дирһам (сауабы жағынан) жүз мың дирһамнен асып түсті». Сонда сахабалар: — Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл қалай? — деп сұрағанда, Ол ﷺ: «Бір адамның екі-ақ дирһамы бар еді, ол соның біреуін [қиып] садақаға берді. Ал екінші бір адамның мол дүниесі бар еді, сол байлығының бір шетінен [қиналмастан] жүз мың дирһам садақа етті», — деп жауап берді [1]. Тағы бір хадисте: — Уа, Аллаһтың Елшісі, садақаның ең абзалы қайсысы? — деп сұралғанда, Ол ﷺ: «Дүниесі аз бола тұра, шамасы келгенше, нәпсісімен күресіп шығарған садақа», — деген [2]. Имам Ибн Қайим (Аллаһ оны рақымына бөлесін) бұл хадистерді түсіндіре келе былай дейді: «Бұл хадистердің барлығы кедей адамның барын салып берген садақасы — дәулетті адамның мал-мүлкінің аз ғана бөлігінен берген көп садақасынан артық болатынын көрсетеді. Өйткені Аллаһтың алдында амалдар олардың санына не сыртқы көрінісіне қарай емес, оған түрткі болған ықыластың күшіне, орындаушының адалдығы мен шынайылығына, әрі Аллаһты өз нәпсісінен жоғары қоюына қарай таразыланып, бағаланады. [Ойлап қараңызшы:] Өзіне азық болып тұрған жалғыз нанын Аллаһ разылығы үшін берген адамның садақасы мен байлығының бір шетінен ғана жүз мың дирһамды еш қиналмай шығарған адамның садақасы тең бола ма?! Әлбетте, әлгі адамның бір тілім наны мен бір дирһамы таразыда екінші адамның жүз мыңынан ауыр түседі. Аллаһтан ғана жәрдем тілейміз» [3]. [1] Нәсәи 2527 — Әбу Һурайрадан [2] Әбу Дәуд 1677, Ахмад 8702 — Әбу Һурайрадан [3] Ибн Қайим عدة الصابرين кітабы, 235-бет https://t.me/mulimsnotes
0
17
Кез келген құлшылықтың өзегі әрі ең маңызды бөлігі — Аллаһты еске алу. Ол қаншалықты көбейсе, амалдың салмағы да соншалықты ауырлап, сауабы артып, құлдың дәрежесі биіктей түседі. Сондықтан ораза ұстаушылар ішіндегі ең абзал адам — оразасы кезінде Аллаһты ең көп еске алып, тілі мен жүрегін көркейткен жан. Қараңыз: Ибн Қайим әл-Жәузия الوابل الصيب (әл-Уәбил әс-Саййиб) 181-бет.
0
18
Түңгі намаздарда ата-ана үшін дұға жасаудың маңыздылығы Аса көрнекті ғалым шейх Ибн Усәймин (Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады: «Тарауих немесе түңгі намазда әкең үшін [Аллаһқа] дұға жасағаның — оның атынан он түйе сойғаныңа қарағанда әлдеқайда абзал» [1]. ﴿رَبَّنَا ٱغۡفِرۡ لِی وَلِوَ ٰ⁠لِدَیَّ وَلِلۡمُؤۡمِنِینَ یَوۡمَ یَقُومُ ٱلۡحِسَابُ﴾ «Уа, Раббымыз! [Алдыңа тұрып] есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре көр» [2]. ﴿رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّیَانِی صَغِیرࣰا﴾ «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр» [3]. [1] Шейхтің الباب المفتوح атты жүздесуі (115) [2] Ибраһим сүресі, 41-аят [3] Исра сүресі, 24-аят @muslimsnotes
0
19
Түңгі намаздарда ата-ана үшін дұға жасаудың маңыздылығы Аса көрнекті ғалым шейх Ибн Усәймин (Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады: «Тарауих немесе түңгі намазда әкең үшін [Аллаһқа] дұға жасағаның — оның атынан он түйе сойғаныңа қарағанда әлдеқайда абзал» [1]. ﴿رَبَّنَا ٱغۡفِرۡ لِی وَلِوَ ٰ⁠لِدَیَّ وَلِلۡمُؤۡمِنِینَ یَوۡمَ یَقُومُ ٱلۡحِسَابُ﴾ «Уа, Раббымыз! [Алдыңа тұрып] есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре көр» [2]. ﴿رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّیَانِی صَغِیرࣰا﴾ «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр» [3]. [1] Шейхтің الباب المفتوح атты жүздесуі (115) [2] Ибраһим сүресі 41-аят [3] Исра сүресі 24 @muslimsnotes
0
20
Ораза ұстаушының ауыз иіс жайында Аллаһ Елшісі ﷺ айтады: «Расында, ораза ұстаушының ауыз иісі Қиямет күні Аллаһтың алдында мисктен (жұпар иісінен) де жағымды» [1]. Имам Ибн Ражәб (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Бұл жерде екі маңызды мағына бар: Біріншісі, ораза — бұл дүниедегі құл мен Аллаһтың арасындағы құпия құлшылық. Аллаһ Тағала оны Ақырет күнінде адамдардың алдында айқын етеді. Осылайша, дүниеде ораза ұстағандар ел арасында оразаларымен [және ерекше жұпар иістерімен] танылады. Бұл - олардың дүниеде оразаларын жасырғандарының сыйы. Екіншісі, кім бұл дүниеде Аллаһқа құлшылық етіп, әміріне құлақ асып, Оның разылығын ізгі амал арқылы іздесе, сол амалының нәтижесінде адамдарға ұнамсыз көрінетін кейбір нәрселер байқалуы мүмкін. Алайда оның барлығы Аллаһтың алдында сүйікті де жағымды болады. Себебі бұл көріністер Аллаһқа деген мойынсұну мен Оның разылығын іздеудің нәтижесінен пайда болды. Ақиқатында, Пайғамбарымыздың ﷺ бұл хадисі — Аллаһ үшін жасалған амалдарының нәтежесінде пайда болған кейбір ұнамсыз көріністерді жек көрмеу үшін, амал етушілердің жүректеріне жұбату болып есептеледі» [2]. [1] Муслим, 1151 - Әбу Һурайрадан [2] Ибн Ражәб لطائف المعارف кітабы (288-бет) @muslimsnotes)
0